Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМейірімділік-асыл қасиет сынып сағаты

Мейірімділік-асыл қасиет сынып сағаты

Скачать материал

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары

Мектеп: №44                  Сынып: 4 «Ә»                      Оқушылар саны: 21

Мерзімі: 03.02.16                        Мұғалім: Калменбаева К.М.

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: сыныпта

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. Жақсылық жасау, мейірімді болу, ізгі істердің адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

2. Өнерлерін шыңдай білу, терең ойлау, жасампаздық қабілеттерінің дамуына, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

3. Сыйластыққа, бірлікке, мейірімділікке, қамқорлыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

(Интерактивті тақта, плакат, ребус суреттері, сөзжұмбақ).

  Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1. С.А.Назарбаева «Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру Бағдарламасының негізін қалағандығы, Әл-Фарабидің сөзінен «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген кіріспе сөзден басталады.  Түстерге байланысты топқа бөліну, «Жылы сөз-жанға шипа» кезеңінде топтар өздерін таныстырады. Эмблеманың маңызын түсіндіреді. Түсініктемелері адамгершілік құндылықтарға сай болуы керек.

2. «Білім ақиқат бастауы» кезеңі 3 кезеңнен тұрады: Ребус, сөзжұмбақ шешу, шығармашылық жұмыс. Ребус шешу- балалардың  өзінің ойы мен ісіне жауапкершілігін қалыптастыруға, ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділіктері артады. Сөзжұмбақ шешу-оқушылар қасиеттердің маңызын түсінеді. Шығармашылық жұмыста-берілген жағдаятты шешу арқылы оқушылар сахналайды.

3. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты өз өнерлерін көрсетеді.

4. «Жылы жүрек-жақсы тілек» кезеңі оқушылар бір-біріне, ата-аналар, әже-аталар жақсы тілектер білдіріп, «Бала тілегі» атты әнін тілектерінің қабыл болуларына байланысты бірлесіп шырқайды.

Талдау

Іс-шараны өткізудің жоспары

Оңтайлы күйге келтіру сәті:

Токио. Классикалық ән.

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар,мұғалімдер, балалар «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейтін  Әл –Фараби бабамыздың сөзі әр заманға да өзекті бір мәселенің түйіні іспеттес.Тәрбие дегенде бірінші ойға келетін ұғымдар – адамгершілік, тазалық жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым – қатынас және мәдениет пен жауапкершілік. Ал осы тәрбие мен оқытудың ордасы мектеп десек, 2010 – 2011 оқу жылынан бастап  «Бөбек» қорының президенті С.Алпысқызының «Өзін – өзі тану»  рухани- адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру  мекемелерінде  пән ретінде енгізіліп жүргізілуде.Бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі –  баланың санасын тазалайды, көңілін сергітеді, жалпыадамзаттық құндылықтарды  ұлықтай білуге үйретеді.

 Бүгін осындай игі істерді жалғастырушы 4 сынып оқушылары, «Мейірімге толы жүрек»  атты сыныптан тыс іс-шараны ашық деп жариялаймын. 

 Қызыл, жасыл, сары түстерді таңдап, әр топтың сәйкес түстеріне байланысты орналасу. «Мейірімділік», «Жақсылық», «Әдептілік» деген 3 топқа бөлінеді. Әділ қазылар алқасы сайланады. Әрбір дұрыс жауап берілген кезеңге оқушыларға жүрекше беріледі. Әділ қазылар алқасы мағыналы жауаптарына, жақсы қатысуына,жүрекшелерінің санына байланысты топтарды мадақтайды.

1.«Жылы сөз -жанға шипа» кезеңі.

  Топтар өздерін топтың тақырыбына байланысты таныстырып өтеді.

 «Жақсылық» тобы                   «Мейірімділік» тобы Жақсылық – күннің шуағы        Күн нұрындай көңілім

Өмірді сәнді қылады                  Даламдай кең пейілім

Шуақ шашқан сәулесі               Жүрегім толы мейірім

Нұрын шашып тұрады              Бәріне ортақ шуағым.

 

«Әдептілік» тобы

Әдептілік бұлақтай,

Тазалығы арыңның.

 Өлшемі ол сынаптай

Бойыңдағы барыңның.

  Эмблема салып, олардың топтарына оның маңызын түсіндіріп өту.

2. «Білім-ақиқат бастауы» кезеңі.

а) Ребус шешу.

  Ребустың шешімі: «Сүйіспеншілік», «Тыныштық», «Дұрыс әрекет».

ә) Сөзжұмбақ шешу.

1. Адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет (адалдық);

2. Адамдардың бір-біріне сеніп, адал болып, бірлесіп, ортақ көзқараста болатын қасиет (достық);

3. Адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім (сенім);

4. «Сіз, бізден» басталып, шынайы адал қарым-қатынасқа, сырластыққа, достыққа ұласатын қасиет (сыйластық); 

5. Көмек,қолдау көрсету қасиеті (қамқорлық).

б) Шығармашылық жұмыс (сахналау).

3 топқа жағдаяттар беріледі, әр топ жағдаяттың шешімін тауып, сахналап беруі қажет.

«Жақсылық» тобы- Демалыс күні достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.

-Сен неге дастарқан басына жақындамай тұрсың,-деді Қайрат.

-Дайындап қойған тамағымды үйде ұмытып кетіппін.

-Қиын болған екен,-деді Досан нанын аузына қомағайлана тығып жатып...

«Мейірімділік» тобы-Самат пен Жарас спорт кешенінен үйге қайтып келе жатыр еді. Шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды. Қараса, кішкентай күшік, үсті су-су. Балаларға аянышты көзбен қарап, қыңсылап тұр.  Балалар мысықты аяп, үйлеріне алып келді. Оны орап, пештің жанына жатқызды.Жылы үйге кірген күшік, маужырап ұйқыға кетті.Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырлады. Ашса, көршісі Асылхан екен.Ол күшігін жоғалтып, таппай балаларға келген еді.Пештің түбінде ораулы күшігін көріп,балаларға күдікті көзбен қарап, күшігін құшақтап кетті...

«Әдептілік тобы»-Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде:

-Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,-деп тапсырды.Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп,Ұланды футбол ойнауға шақырды...

3. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңі.

Топтар өз өнерлерін көрсетеді.

Жақсы адам-елдің ырысы.
Жақсы сөз – жанның тынысы.
Жақсы келсін қасына.
Дәулетін көрсең біреудің,
Қарама оған таңданып.
«Өзімде жоқ» деп опынып,
Күрсінбе әрі арман ғып.

 

Жақсы болу өзіңнен,
Мен қандаймын деп ойла.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Жаман болу өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.

 

Ана

Анам менің – аялаған ақ гүлім 
Анам менің – бақытым мен шаттығым 
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған 
Неге ғана естімеген тәтті үнін 
Анам менің – өмірдегі тірегім 
Анам менің – кеудемдегі жүрегім 
Егер менің қасымда сен болмасаң 
Бұл өмірде қалай ғана жүремін. 
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап 
Ана деген-бәйтерегі өмірдің. 
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ. 
Ана деген- асыл жандар болаттай 
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай. 
О, адамдар қадірлей біл ананы 
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

«Қарлығаш» әні.

«Асыл әже» әні.

Қазақша би.

Домбырамен күй орындау.

4. «Жылы жүрек-жақсы тілек» кезеңі.

Жеңімпаз топты мадақтап мадақтама қағазын беріп, жақсы тілектер білдіруге әжелерге-аталарға,ата-аналарға сөз беру.

5.Топпен ән айту.

  Тілегіміз қабыл болсын деген ниетпен «Бала тілегі» әнін орындайық.

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, сан арман

Барлық бала армандауға жаралған, жаралған,

Кел достарым, әндетіңдер, билеңдер, билеңдер,

Көл бетінде атамекен, қара орман, қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз, бәріміз,

Туған жерді түрлендірер бәріміз, бәріміз.

Алтын бесік, ұлан байтақ елімде, елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз, әніміз.

Қорытынды сәті:

-Құрметті оқушылар, бүгінгі сабаққа қатысып, бар ойларыңызбен бөлісіп, өнерлеріңізді көрсеткендеріңізге рахмет! Осылай тоқтамай, биік белестерден көрініп, өз еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, барлық жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттері сіздердің бойларыңызда тұнып тұрсын! Барша адамзатқа жақсылық жасап, мейірімділікпен, қамқорлықпен, кешірімділікпен қараңыздар, сонда өміріміз мәнді де сәнді де болады, бақытқа кенелеміз!

 

 

 

 

 

 

                

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мейірімділік-асыл қасиет сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 010 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 1626
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калменбаева Кунсулу Мирамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калменбаева Кунсулу Мирамовна
    Калменбаева Кунсулу Мирамовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31904
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 310 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе