Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨнерлі бала сүйкімді ашық сабақ

Өнерлі бала сүйкімді ашық сабақ

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп: 44               Мерзім:  04.02.17           №20 сабақ

Тақырып: «Өнерлі бала сүйкімді».

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: зеректілік, өнерпаздық, түсіністік.

Мұғалім: Калменбаева К.М.     Сынып: 3 «Б»         Оқушылар саны: 19

 

Сабақ мақсаты:

Дұрыс әрекет құндылығы арқылы «Өнерлі бала сүйкімді» тақырыбының мәнін ашу.  

Міндеттері:

1. Зеректілік қасиетін ашу;

2. Өнерпаздық қабілетін дамыту;

3. Түсіністікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер) (Парақ).

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  Оңтайлы күйге келтіру сәті.

Вольфган Амадей Моцарт. «Музыка ангелов».

-Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді  жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

Сабақ барысын талдау.

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

3.Дәйексөз.

«Адамның сәні-өнер, білім, ақылы».

                                                                 Жетес шешен.

1.Өнерге, білімге байланысты қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?

2. Қандай адамды өнерлі дейді?

3 минут

4.Оқиға айту (әңгімелеу)

 «Өнерліге өлім жоқ». Ертегі

   Ерте заманда бір жас хан болыпты. Ол халықтың қамын көп ойлап, қамқорлықты көп жасапты. Бірақ бір күні, бір байдың сұлу қызына ғашық болыпты. Бас уәзірін қыздың әкесіне құдалыққа жіберіпті. Қыздың әкесі: "Қызым кімге шығатынын өзі біледі» депті. Бас уәзір байдың қызына жеке жолығыпты.

   Сонда қыз:

-Ханның қандай өнері бар екен?-деп сұрапты.

Уәзір:

-Е, ханда қырық кісінің ақылы бар. Одан артық өнер бар ма?-депті.

Қыз:

  -Өнерсіз ақыл өлімге душар етеді. Өнерлі адам өлімнен құтылады,-деп жауап береді. Ханның өнері болса, қарсы емеспін. Өнерсіз болса, соны әбден үйреніп барып келсін,-дейді.

  Хан бұл жауапты естіп, ойланып:

-Ой, мына қыз ақылгөй ғой. Ұсынысын қабылдау керек шығар,-дейді.

   Ол аз уақытта ұсталықты, ағаш шеберлігін, өрмек тоқуды үйренеді. Күндер өте береді. Бір жылы адамдары біртіндеп жоғала бастайды. Жұма сайын бір адам із-түзсіз жоғалып отырады.

   Хан соның сырын білмек болып, түн ішінде көшені аралауға шығады. Жұпыны киініп, көшені жаяу аралап келе жатқанда, екі дәу ханды шап беріп ұстап алып, заңғар биік тауға ала жөнеледі.  Тауға келгеннен кейін біреуі ханды ұстап тұрып, екіншісі жүз адам көтере алмастай қақпақ тасты аударып тастайды. Ханды ұстап тұрған дәу тау асты үңгірге кіріп кетіп, әлгі қақпақ тасты екінші дәу қайтадан жауып қояды. Үңгірдің екінші қуысындағы бір тасты тағы да ашып, үшеуі де кіріп барады. Барса, отыз шақты адам жылап отыр екен. Енді ханды соларға қосып,  екі дәу шығып кетеді.

   Әлден уақытта екеуі қайтып келеді. Хан тұрып:

-Ей, дәулер! Сендер маған тимеңдер. Өздеріңде киім-кешек, төсек-орын жоқ екен. Соның бәрін мен тауып беремін. Ол үшін сендер ертең базарға барып, мына бес ділдаға –ақ, көк, жасыл, қызыл, сары, жібек жіптер сатып әкеліңдер, -деп оларға ақша береді.

   Дәулер түрлі –түсті жіптер сатып алу үшін базарға барады.

   Хан бірнеше күн ұйықтамай, әлгі жіптерден алаша тоқиды да, ортасына: «Хан осыны  апарған адамдардың тұтқынында отыр» деп жазып қояды. Алашаны бітіргеннен кейін хан екі дәуге:

-Осыны шаһардың ханына апарып тарту жасаңдар. Сонда ол сендерге көп киім-кешек, сыйлық, төсек-жабдық береді,-дейді.

   Алашаның түсі бірнеше құбылады, оюы да, өрнегі де өте әдемі. Алашаны алып, екі дәу хан сарайына жөнеледі.

   Хан жоғалғалы көп болған, бірақ бас уәзір ханның жоқтығын ешкімге білдірмей, сарайда билік жасап отыра береді. Сол күні хан сарайына алашаны алып, екі дәу келеді.

   Бас уәзір  алашаны көріп, таң қалып, қабырғаға іліп, зер сала қарап отырып: «Хан осыны апарған адамдардың тұтқынында отыр» деген сөзді оқиды.

   Уәзір әлгі дәулерге:

-Мен сендерге көп сыйлық беремін. Басқа серіктерін болса, ертіп келіңдер, оларды да риза етемін. Ертең келіңдер,-деп шығарып салады.

  Екі дәу қатты қуанып, өздерінің таудағы мекеніне тартады. Ал уәзір бүкіл әскерлеріне, батырларына екі дәудің соңынан жасырын жүріп отырып, ханды құтқаруға билік береді.Олар ханды, қамаудағы отыз адамды ажалдан құтқарып, аман-есен елдеріне оралады. Сөйтіп, қыздың ақылын алған жас хан өнерімен бір ажалдан қалып, ұнатқан бойжеткенге үйленіп, мұратына жетіпті.

1. Хан кімге ғашық болады?

2. Ол бойжеткен ханға қандай зеректі сөзін айтады?

3. Хан қандай өнер үйренеді?

4. Хан ажалдан қалай өзін және өзгелерді құтқарып қалады?

5. Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

6 минут

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сергіту сәті. «Өнер».

Домбырам күмбірлеп, (Сол қолын жанына көтеріп, домбыра тартады).

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп, (Екі қолын кезекпен көтеріп би қимылдарын жасайды).

Сурет те саламын. (Қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді).

Ұқсатып кілемге, (Ауада төртбұрышты сызады).

Кесте де тігемін. (Ине ұстап, тігін тіккен қимыл жасайды).

Актерше рөлдерде, (Күліп, қабағын шытып, әдемілеп, киімін қолымен шашын түзейді).

Ойнай да білемін.

Жалықпай талай күн, (Ермексаз илегенді қимылмен көрсетеді).

Жасаймын мүсін де.

Өнер көп бойымда,(Екі қолын жаяды).

Мақтану маған жат. (Өзін көрсетеді).

    Ребус шешу арқылы, мақал-мәтелді тауып, әр мақалдың мағынасын түсіндіру.   

1-топ: «Өнер алды-қызыл тіл».

2-топ: «Өнерлінің қолы алтын,

3-топ: Өлеңшінің сөзі алтын».

«Өнерлі бала-сүйкімді».

Сурет салу. Әр топқа сөздер жазылған парақтар таратылады, сол сөздерді пайдаланып, оқушылар сурет салу керек.

1-топ: (Гүл, көбелек, күн, өзен, аспан, таулар).

2-топ: (Ағаштар, құстар, тастар, шөптер, күн, аспан).

3-топ: (Ағаштар, гүлдер, шөптер, күн, жануарлар, аспан).

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

13 минут

 

6.Топпен ән айту

«Үйретеді».

1.     Әріптерді санауды, суреттерді қарайды,

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

Көбейту мен алуды, жақын досты тануды.

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

2.     Кітаптарды сүюді, үлкенге бас июді,

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

Болу үшін ақылды, алыс пенен жақынды,

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

3.     Қалалардың аттарын, ғалымдардың хаттарын,

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

Нүкте менен үтірді, жарты менен бүтінді,

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

4.     Сөзбен сөзді жалғауды, сабақтардан қалмауды,

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

Ата-анаңды тыңдауды, белестерді шыңдауды,   2 рет

Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

5 минут

7.Үй тапсырмасы:

88-89 бет оқу.

1 минут

8.Сабақтың қорытынды сәті:

Өмір таны, өнер қу.

Өнер табу-ол да оқу.

Талаптансаң тартынба,

Өз күшіңде жол табу.

 

Өнер сүйсең жиренбе,

Дамыта бер, үйрен де!

«Өнер алды кең»,-деп біл,

Қалсын үлгі кейінге!

-Оқушылар дұрыс әрекетпен өмір сүріп, зерек, өнерпаз болыңдар. Бір-біріңмен түсінісіп, өнерлерің өрге жүзсін!

3 минут

 

 

https://pp.vk.me/c638025/v638025965/1f255/uTaPHX_THk8.jpg

 https://pp.vk.me/c638025/v638025965/1f23a/JPEiIOoe_Go.jpghttps://pp.vk.me/c638025/v638025965/1f2f7/AtMHYcMppzs.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік есеп

   Астана қаласы № 44 орта мектебінде 04.02.17 жылы «Өнерлі бала сүйкімді» атты ашық сабақ өткіздім. Сабақ өз мақсатына, міндеттеріне жетті. Құндылығы дұрыс әрекет болды, қасиеттері зеректілік, өнерпаздық, түсіністік. Әр қасиет сабақтың әр деңгейінде ашылып отырды.

  Оңтайлы күйге келтіру сәтінде Вольфган Амадей Моцарттың  «Музыка ангелов»әнін пайдаландым. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде

1. «Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?  Деген сияқты сұрақтарды пайдаландым. Дәйексөз кезеңінде «Адамның сәні-өнер, білім, ақылы». Жетес шешен. 1.Өнерге, білімге байланысты қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?2. Қандай адамды өнерлі дейді? Оқушылар мақал-мәтелдерді айтып, өнерлі адамдардың түрлерін айтып өтті (суретші, әнші, биші).Оқиға айту (әңгімелеу) кезеңінде  «Өнерліге өлім жоқ»атты ертегінің мазмұнын оқушылармен таныстырып өттім.1. Хан кімге ғашық болады? 2. Ол бойжеткен ханға қандай зеректі сөзін айтады?3. Хан қандай өнер үйренеді?4. Хан ажалдан қалай өзін және өзгелерді құтқарып қалады?5. Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар? Деген сұрақтарға жауаптар айтылды. Өнерлі адамның бойында талаптылық, шыдамдылық, өнерпаздық, ізденімпаздық сияқты қасиеттер болуы керек екендігін оқушылар айтып өтті. Өнердің арқасында хан өзінің халқын қорғап қалып, өнердің пайдасы  жайлы баян етілді. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс кезеңінде  сергіту сәті өткізілген соң, ребус шешу арқылы, мақал-мәтелді тауып, әр мақалдың мағынасын түсіндірді,  сурет салынды. Әр топқа сөздер жазылған парақтар таратылып, сол сөздерді пайдаланып, оқушылар сурет салып, түсіндіріп берді. «Үйретеді» әні айтылды. Үй тапсырмасы беріліп, соңғы тыныштық сәті орындалды. Оқушылар сабақтың мазмұнын түсініп, сабақтың мазмұны ашылды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өнерлі бала сүйкімді ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 021 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 2873
    • DOCX 339.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калменбаева Кунсулу Мирамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калменбаева Кунсулу Мирамовна
    Калменбаева Кунсулу Мирамовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31906
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе