Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚұмырсқаның қанағаты 3 сынып

Құмырсқаның қанағаты 3 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.

Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: Ертегені түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негігі идеясын ашуға көмектесу.

2.Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде  өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе  алуға дағдыландыру. Оқушылардың  шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен  жұмыс жасауға,қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай туғызу.

3. Тәрбиелік: Құмырсқаның  қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Ақпараттық құрал: Интерактивті  тақта.

Көрнекілігі: Құмырсқаның суреті, құмырсқа илеуінің суреті, шығарманы талдау алгоритмінің, шығарманың композициялық құрылымың карточкалары,  сюжетті суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Білімдерін жетілдіру.

Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке-дара, жұптық.

Сабақтың технологиясы: Ұжымдық оқыту.

Әдістері: энциклопедиялық әдіс,баяндау, сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік, проблемалық оқыту, салыстыру, талдау,жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1/ Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2/ Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда жан – жағым.

 

3/ Ауызбірлік.

Жолда жатқан нанның қиқымын жалғыз құмырсқа ініне жеткізуге қанша талаптанса да, орнынан  қозғалтуға күші жетпеді.

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS1vyNkPmsJbYuDzEFrW669-q420blUij-HW_mejLnpoPxgVqXc

 -Балалар құмырсқа сендерді көмекке шақырады.

- Ол үшін балалар  сабақ соңына дейін  бәріміз қосылып  жұмыс жасайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 Үйге қандай тапсырма берілді? «Алтын балта.»   Баяндау. 

Венн диаграммасы:

1
2
3
4
1
2
3
4
Кедей                              Ортақ қасиеті                  Бай

 

 

 

Ойын: «Көбелекті гүлге қондыр»

Сұрақ-жауап әдісі бойынша:
-Ертегіде кімдер туралы айтылады?
-Кедейге сипаттама бер?
-Бай қандай адам?
-Диірменші кімге ,не үшін риза болып алтын балтасын ұсынады?
-Осы ертегі арқылы қай кейіпкердің бойындағы қасиетті өзіңі керек етер едің?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.  «Ой қозғау» Жұмбақ шешу
Бір балуан өзі күшті,қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр,мейлі жота,мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.

Екі ұшы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

-Балалар  бүгін біз «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегені түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу.  Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде  өз ойыңды көркем тілмен жеткізе  алу, өз бетімізбен  жұмыс жасаймыз. Құмырсқаның  қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі етеміз. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тоқталамыз.

2. Оқулықпен жұмыс.

 а) Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.

1) Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.

2) Құмырсқаға сұрақтар қоюы.

3) Бір жыл өткен соң.

Әр бөлімді  жекелей оқыған оқушы ретімен бір-біріне сұрақ қояды.Сұрақ қою арқылы оқыған оқушы түсіндіреді.

ә) Ертегіні рөлге бөліп оқыту.

3. Сөздікпен жұмыс.

Оқымысты-ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.

Қанағат-барға риза болу, місе тұту.

4. Қосымша мағлұмат.

Құмырсқалардың жер бетінде  6000 түрі болады екен. 

Илеу құмырсқалардың  күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ-топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді. Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққанннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!

5. Сергіту сәті

Балалар құмырсқаның  қимылын келтіріп сергіту сәтін жа-сайық.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

6. Дәптермен жұмыс.

 Бүгінгі күнді жазамыз. Жиырма бесінші сәуір.

Шығарманы төмендегі алгоритм бойынша талда. (интерактивті  тақтада)

Шығарманы талдау.

1. Жанр түрі. ( Ертегі)

2. Ертегінің түрі:  (қиял-ғажайып ертегісі)

3. Тақырыбы:  (Құмырсқаның қанағаты.)

4. Негізгі идеясы: (Адам бойындағы жақсы қасиет)

5.Бейнелі сөздер: бүктісіп

6. Кейіпкерлер: ( Ғұлама адам, құмырсқа)

Шығарманың композициялық құрылымы:

1.     Басталуы ( Оқымысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы)

2.     Байланыс: ( құмырсқаны ұстап алуы)

3.     Дамуы : (Құмырсқа сауыт ішінде ашығуы )

4.     Шарықтау шегі: (4-5 жылға жеткізер еді)

5.     Шешімі: (Құмырқаның қанағат тұтып ойлағанына жетуі)

 ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.  

Құмырсқаның түрлері

Қоректенуі

Пайдасы

Зияны

Ертегі- адам өмірінде, хайуанаттар дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баяндалған шығарма. Ертегілерді оқу арқылы халқымыздың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын білеміз. Ертегіде халықтың арман-тілегі, даналығы баяндалады.Ертегі кейіпкері арқылы адам бойындағы батырлық, тапқырлық, шешендік, адамгершілік, тағы басқа ізгі қасиеттерді көреміз. Қазақ ертегілері-әдебиетіміздің бай қазынасы.

Топтастыру

Төзімді                                     Еңбекқор                    Ақылды

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS1vyNkPmsJbYuDzEFrW669-q420blUij-HW_mejLnpoPxgVqXc

            Қанағатшыл                  Шыдамды                      Ұйымшыл

Ү.Қорытындылау. 

Адам болам десеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай.

-Сонымен балалар құмырсқаның қанағаты ертегісін оқи отыра, көңілімізге не түйдік?

- адамгершілік қасиеттерді, шешендігін, тапқырлығын, еңбекқорлығын, ынтымақтығын, қанағаттылығын білдік.

ҮІ.Үйге тапсырма беру. Құмырсқаға топтастыру арқылы мінездеме жазып келу. Ертегіні түсініп оқу, мазмұнын әңгімелеу.

ҮІІ. Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құмырсқаның қанағаты 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2017 6193
    • DOCX 53.4 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кесикбаева Перизат Беделбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23117
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек