Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Музыка сабаға тақырыбы: "Аңыздан жаралған жетіген"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Музыка сабаға тақырыбы: "Аңыздан жаралған жетіген"

библиотека
материалов

Күні: 10.12-1 «А», 1 «Б»,1 «В»

11.12 - 1 «Ә»

Пәні:Музыка.

Тақырыбы: «Аңыздан жаралған аспап – жетіген».

Мақсаты:

  1. Біліміділік: Балалардың жетіген аспабы туралы білімдерін кеңейту және жан – жақты жетілдіру.

  2. Дамытушылық: Балалардың ойлау, тіл байлығын кеңейту және дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту

  3. Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, бір – бірін тыңдай білуге, музыкалық аспаптарды құрмет тұтуға, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрсіз, ертегі сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, эвристикалық сұрақтар, әңгіме, иллюстрация және демонстрация.

Көрнекілігі: бейне-ролик,, тақырыпқа байланысты суреттер, үнтаспа


Кезеңдері

Өту барысы



Ұйымдастыру кезеңі





Психологиялық дайындық









Кіріспе

Ой қозғау



























Жаңа сабақ
















































Сергіту сәті














































Ән айту


















Қорытынды

(Балалар сыныпқа саптық әуенмен кіреді)

- Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар. Бүгінгі сабақты мен өткіземін. Аты – жөнім: Жаилғанова А.М.

Психологиялық дайындық:

Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

Дауысымызды жаттықтырып

Ән сабағын бастаймыз

- Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Өте жақсы

Бүгінгі сабағымыз өзгеше болады біз бүгін жайлауға ежелгі ауылға жол тартамыз. Балалар қараңдаршы жолда бізде не кездесті? (асық)

- Дұрыс айтасыңдар, асық екен.

Балалар Асық – қазақ балаларының ертеден келе жатқан ойыны.Ендеше асық ойының ойнау ережесін мына бейне – баяннан көрейік. (ойын ережесі көрсетіледі).

- Асық Ойыны қалай ойнатылады екен?

- Жақсы, сендер асық ойынын ойналасыңдар ма?

- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы асықтарға байланысты шыққан көне ұлттық музыкалық аспап туралы болмақ.

- Қараңдаршы асықтың саны нешеу?

Жетеу. 

- Ендеше оның қандай аспап екенін білгілерін келе ма?

- Онда жолымызды бөгпей, жол тартайық. Кімді көріп тұрмыз?

- Дұрыс айтасыңдар, ақсақалды. Ақсақал бізге жұмбақ жасырайын деп тұр? Ақсақалдың жұмбағын шешіп көреміз бе?

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қандай аспап?

(Жетіген)

- Дұрыс айтасыңдар, ендеше бұл қандай аспап? жетіген аспабы екен.

Балалар Жетіген  - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.

(Тақтада жетіген суреті көрсетіледі)

Ақсақал атамызға көмектесіп, жұмбағын да шештік. Ақсақал атамыз сендерге рахметін айтып жатыр.

- Енді әрі қарай жол тартайық, тау арасында не көрінеді?

- Ауыл, киіз үй көрінеді.

- Кімді көріп тұрмыз киіз үйдің жанында? Дұрыс айтасыңдар атаны, ата бізді киіз үйдің ішіне шақырып жатыр, енді балалар киіз үйдің ішінде отырмыз. Қазір балалар ата бізге осы жетіген аспабы туралы аңыз айтып береді. Барлығымыз мұқият тыңдаймыз.

Өте ертеде, жаугершілік заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың жеті ұлы болыпты. Ұлдары кішкентай кезінде асық ойнағанды жақсы көріпті. Күндердің күнінде жеті ұлы ел қорғайтын үлкен азамат, батыр болып өседі. Әкесі ұлдарының ойнаған асықтарын сақтап қойыпты. Бір күні сол ауылда жұт болады. Адамдар ашығып, малдар өліп, қиыншылық заман болады. Сонда шалдың жеті ұлы малдарын аман алып қалу үшін суы, шөбі мол жер іздеп кетеді. Сол кеткеннен оралмай мол кетеді. Шал мен кемпір ұлдарын сағынып қайғырады. Содан шал ағаштан ойып бір аспап жасайды. Оған жеті ұлына арнап жеті ішек тағады. Одан дыбыс шығу үшін ұлдарының ойнаған асықтарын тағады. Сөйтіп, ұлдарына арнап күй тартады. Ол күй ел арасына тез тарап кетеді. 
Халық оны «Жетігеннің жетеуі» деп атапты. Ал аспапқа «Жетіген» деп ат қойыпты. Содан бері бұл аспапта шалдың жеті ұлының асықтары қалған екен деседі.»  (сонын барысында сюжеттік суреттер көрсетіледі)

- Балалар ақсақал ата бізге қандай аспаптың аңызы туралы айтып берді?

- Иә, жетіген аспабы

- Бұл аңыздың кейіпкерлері кімдер?

- Халық күйді қалай атап кеткен?Ал аспапқа болса қандай ат қойған?

- Дұрыс айтасыңдар, жетіген.

- Ал енді балалар барлығымыз бірге жайлауға шығайық, қараңдаршы айнала қандай тамаша, ендеше бойымызды бір сергітіп алайық, жайлауымызда қара жорға биін бір билеп жүрейік.

- Жақсы балалар, қараңдаршы көрші киіз үйде кімді көріп тұрмыз? Дұрыс айтасыңдар, әжейді. Әжей бізді қонаққа шақырып жатыр екен. Кәне барлығымыз қонаққа барайық. Әжей бізге осы жетіген аспабының түрлері туралы айтқысы келіп тұр:

- Жетіген аспабы балалар екі түрге бөлінеді. 1. Көне түрі – тұтас ағаштан ойып жасалады, 7 ішегі бар, 7 асық тағылып, ол тиек қызметін атқарады және ары-бері қозғалмалы болады. Бұл аспапта халық әндері мен күйлерін орындаған. 

- Ал енді жетіген аспабының көне түрін мына бейне – баяннан көре аламыз. (бейне – баян көрсетіледі)

- Қандай аспапты тамашаладық?

- Бұл аспаптың дауыс ырғағы қандай?

- Ал түрі болса қандай болып келген?

- Жақсы, жарайсыңдар!

-Ал енді жетіген аспабының екінші түрі: Жаңа түрі – жұқа тақтайшалардан желімдеп құрастырылады, 14-тен жоғары ішектері болады, барлық ішектеріне тұтас үлкен тиек тағылады және күйін келтіретін құлақтары болады. Халық және халық композиторларының әндері мен күйлері орындалады, оркестр құрамында да, жеке де тартылады. 

- Ал енді балалар жетіген аспабының жаңа түрін мына бейне – баяннан көре аламыз. (бейне – баян көрсетіледі)

- Бұл жетіген аспабының қандай түрі?

- Қандай болып келген?Дауыс ырғағы, биіктігі қандай?

- Ал енді балалар әжеміз бізге жетіген аспабының Қарақат Абдилдинаның орындауындағы «Агугай» әнін тыңдатқысы келіп жатыр,тыңдаймыз ба балалар?

Онда мына бейне баянға назарымызды аударамыз.(бейне – баян көрсетіледі)

- Өлеңде қанша аспаптың дыбысы естіледі? 
- 1 аспап, яғни жеке аспап. 
- Жетіген аспабының дыбыс бояуы, дыбыс биіктігі қалай естіледі? 
- Ашық және биік, яғни жіңішке болып естіледі. 
- Жетіген аспабы қалай тартылды? 
- Саусақпен шертіліп тартылды. 

-Жақсы балалар, жарайсыңдар.

- Балалар кеште батып қалды, үйге жол тартайық. Жолымыз қызықты болу үшін, барлығымыз бірге ән айтайық.

Бірақ ән айтпас бұрын жаттығуларды орындаймыз, бірінші бізде тыныс алу жаттығулары, барлығымыз орындаймыз.Ал енді ма-ме-ми-мо-му жаттығуын орындаймыз, менің артымнан қайталап отырамыз.(Жаттығу бірнеше рет орындалады)

- Енді оқушылар ән айтқан кезінде отыру ережесін сақтау керекпіз, яғни қолымыз аяқ үстінде, бойымыз тік, түзу отырамыз.

- Балалар осы Әліппе сендерге не үйретті, не білдіңдер?

- Иә, дұрыс айтасыңдар әліппе бізге әріптер үйретті.

- Ендеше балалар әліппеге алғысымызды айтып, «Рахмет әліппе» атты әнін орындаймыз. Біріншіден мен мәнерлеп оқып шығам,содан кейін барлығымыз бірге оқып шығамыз. Содан кейін әнін айтамыз.

- Жарайсыңдар балалар!

Балалар жарайсыңдар дауыс ырғағтарын жақсы екен.

- Енді мектепке келіп те қалдық, онда бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін әр қатар мына асықты лақтыру арқылы берілген санға байланысты сұрақтарға жауап бересіңдер. Сұрақтар:

- Бүгін қандай аспаппен таныстық?

- Жетіген аспабының дауыс ырғағы қандай?

- Жетіген аспабының неше түрі бар екен?

- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатысқандар үшін мен сендергесыйлыққа асық суреттерін сыйға тартам. Әрқашанда біздің ежелгі мәдениетімізді, яғни ежелгі ойындарды, ежелгі аспаптарды құрметтеп жүріңдер.

- Сабақ аяқталды, сау болыңдар!


Аты жөні:

Баға:

Қолы:

Мұғалім: Смайлова Г.С



Әдіскер: Қыпшақбаева А.С





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

(Балалар сыныпқа саптық әуенмен кіреді)

- Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар. Бүгінгі сабақты мен өткіземін. Аты – жөнім: Жаилғанова А.М.

Психологиялық дайындық:

Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

Дауысымызды жаттықтырып

Ән сабағын бастаймыз

- Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Өте жақсы

Бүгінгі сабағымыз өзгеше болады біз бүгін жайлауға ежелгі ауылға жол тартамыз. Балалар қараңдаршы жолда бізде не кездесті? (асық)

- Дұрыс айтасыңдар, асық екен.

Балалар Асық – қазақ балаларының ертеден келе жатқан ойыны.Ендеше асық ойының ойнау ережесін мына бейне – баяннан көрейік. (ойын ережесі көрсетіледі).

- Асық Ойыны қалай ойнатылады екен?

- Жақсы, сендер асық ойынын ойналасыңдар ма?

- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы асықтарға байланысты шыққан көне ұлттық музыкалық аспап туралы болмақ.

- Қараңдаршы асықтың саны нешеу?

Жетеу.

- Ендеше оның қандай аспап екенін білгілерін келе ма?

- Онда жолымызды бөгпей, жол тартайық. Кімді көріп тұрмыз?

- Дұрыс айтасыңдар, ақсақалды. Ақсақал бізге жұмбақ жасырайын деп тұр? Ақсақалдың жұмбағын шешіп көреміз бе?

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қандай аспап?

(Жетіген)

Автор
Дата добавления 21.05.2015
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров731
Номер материала 289925
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх