Инфоурок / Другое / Научные работы / Некенің құқытық табиғатының қазіргі таңдағы өзекті мәселелері
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Некенің құқытық табиғатының қазіргі таңдағы өзекті мәселелері

библиотека
материалов

Нурекешов Т.К.

Магистрант (2 года) КазГЮИУ

Резюме

Актуальное проблемы правовой природы брака на современном этапе

Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет.

Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.


Некенің құқытық табиғатының қазіргі таңдағы өзекті мәселелері

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.

Некенің құқықтық жағдайы: Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет.

Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.

Қазіргі уақытта жастардың отбасыға және некеге деген қатынастары ерекше сипатта болып отыр. Өйткені көптеген бүгінгі жастар өз әріптестерімен қарым–қатынасқа түсуге, істі жауапкершілікпен орындауға үйренбей жатып, ойланбастан немесе неке құруға асығыс шешім қабылдайды. Нәтижесінде неке туралы пікірлері мен сенімдері дұрыс болып шықпайды. Көптеген зерттеулерде көрсеткендей, неке сәтті болуы үшін жастар жауапкершілікті ең басты орынға қоюлары керек. Кейбір жастар ерлі–зайыпты өмірдің бірінші жылында стресстік жағдайларға ұшырап, өмірлік қиындықтарға толық дайын емес болып шығады. Мұның салдарынан жас отбасылар дағдарысқа ұшырап, ажырасулар көптеп белең алып кетеді. Осы орайда, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі. Алып ұшпа-сезімдерінің салдарынан жастардың бір-бірінің өміріне жауапсыздығы белең алып, «әкесіз бала», «жалғызбасты ана» деген ұғымдар белең алып отырғаны кімді де болса ойландырады.

Осыған сәйкес қазіргі таңда неке және отбасы заңнамасын жетілдірудің маңызы зор екені барлығымызға аян.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы жаңа Кодексі қабылданды 2011ж. 26 желтоқсанда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне қол қойды. Қазақстан Республикасы Неке-отбасы заңнамасы:

- отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттері, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;
- некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;

- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.

«Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен отбасы мүдделері мен құқықтар қорғауды қамтамасыз ететін, оның дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде анықтай келе, неке-отбасылық (ерлі-зайыптылық) қатынастарын реттейтін мақсаттар, міндетер, принциптер және құқыктық негіздер анықталды.

- «неке (ерлі-зайыптылық)» – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ;

- «патронат» - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адам жасайтын шар бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны;
- «ата - анасы бас тартқан бала» (ата-анасы бас тартқан балалар) – тиісті заңды құжаттарды ресімдеу жолымен оны одан әрі тәрбиленуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз етуден ата-аналары (ата-анасы) бас тартқан бала;
- «жетім бала(балалар)» - ата- анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);

- «суррогат ана - суррогат» - суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел;
- «суррогат ана болу» - сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылпар арасындағы шарт бойынша, күн жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу;
- «суррогат ана болу шарты» - некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетін адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келісімін берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келісім;
- «бала (қыз) асырап алу жөніндегі агенттіктер» - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;

Осылайша, баланың ата-аналарының, қорғаншы және қамқоршы органдардың, сот пен прокурордың емес, сонымен қатар өздерінің құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың қорғауынада құқықтары туралы нормалар заңнамалық түрде бекітілген.

Асырап алушылар бола алмайтын тұлғалардың тізімі ұзартылды, оларға дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды; анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысы адамдар қосылды.

Асырап алу тәртібі механизмін жүзеге асыру бөлігінде жаңашылық енгізілді. Сонымен, балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.

Жұбайлардың балалардың мүліктік құқықтарын, соның ішінде алименттік міндеттемелерін қозғайтын нормалар реттелген, кейбір жағдайларда алименттік нормалар қатаңдатылды. Мысалы, Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша қандай мүліктің ерлі-зайыптылардың әрқайсында берілуге тиіс екендігін айқындайды. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайда қалдырса немесе осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзса, сот ерлі-зайыптылардың осы біреуінің талап етуі бойынша неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы да мүмкін.

Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді. Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап айтқан жөн. Осыдан шығатын қорытыды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік-мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын арнайы атап көрсетілген.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-083105

Похожие материалы