Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"ҚОРҚЫНЫШТАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР"

"ҚОРҚЫНЫШТАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР"

Скачать материал

  Қорқыныштан құтылу үшін ойналатын ойындар

 

1.     Неден қорқасың?  Суретін сал, оны жең!

     Баламен әңгімелесу барысында  «Сен неден қорқасың?» деген сұрақтар төңірегінде әңгімелесу. Балаға қағаз беріп, қорқатын затының суретін салуды ұсыну. Сурет салып болғаннан кейін баладан қайтадан анықтап сұрап алып,  баланың қолына қайшы беріп, қорқынышты (суретті) қиып, ұсақ бөлшектерге бөліп тастауды ұсыныңыз. Қиылған суреттерді қайтадан құрастырып көрсетіңіз, бірақ ол құрастырылмайды. Баланың көзінше қиылған суреттерді қоқысқа тастап, жағып жіберіңіз де, балаға қорқыныш кеткенін, енді ол болмайтынын түсіндіріңіз.

Ескерту: 1-2 аптадан кейін осы әрекетті қайталау керек. Суретте не өзгергенін бақылап отырыңыз.

 

Суретші

      Көлемі үлкен плакатты жерге қойып, бір ыдысқа сұйық етіп бояу езіп, баланың алдына қойыңыз. Бала алдындағы бояуға аяғын, саусақтарын  малып алып, қағазға басады. «Жапырақтар түсіп жатыр», «Жануарлардың іздері», «Мозайкалар» т.б. тақырыптар төңірегінде салуға болады.

  

Бет перделер (Маскалар

     Үлкендер мен балалар әртүрлі қорқынышты маскалар киіп алып  билейді.

Одан кейін маскаларын шешіп, бір-бірінің қолын алады. Мұндай ойындарды ойнағаннан кейін балада қорқыныш сейіледі.

 

Ұялшақ балалармен ойналатын ойындар

 

Сен қандайсың?

Бала айнаға қарап тұрып, өз-өзін мақтайды. Мысалы: Мен қандай әдемімін, шашым да әдемі, көйлегім де әдемі. Жарасып тұр екен. т.б.

 

Өзіңді мақта

Бала балалардың және үлкендердің алдында өзін мақтайды: Мен өте ақылдымын, әдемімін, батылмын, сұлумын. т.б.

 

Жан-жануарлардың әрекетін жаса

Бала жан-жануарлардың даусын айнытпай салып, әрекеттерін көрсету керек.

 

Тұйық балалармен ойналатын ойындар

 

Қолғап

        Әр ойыншыға қағаздан жасалған қолғаптардың сыңарлары таратылып беріледі. Ойыншылар қолғаптың сыңарына қарай жұптарын тауып, қолғапты үш түспен бірдей етіп әшекелейді. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін қолғапты бірігіп қалай әшекейлегендері жөнінде әңгімелеп айтып береді.

 

Ойыншықты тауып ал

      Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншының  қолында кішкентай ойыншық болады. Ойын жүргізуші теріс қарап тұрып, онға дейін санайды. Осы уақытта ойыншық ұстаған ойыншы қолындағы ойыншығын келесі балаға, ол одан кейінгі балаға жалғастырып бере бастайды. Ойын жүргізуші санап болған кезде ойыншық ұстаған ойыншы ойыншықты алақанына жасырып, қолын алға соза қояды, басқа балалар да, алақандарын жұмып, қолдарын алға созады. Ойын жүргізуші кімде екенін табады.

 

Көкөністермен ұрыс

     Балалардың ашу, ызасын тарқату, ұжыммен қарым-қатынас жасауға үйрету мақсатында ойналады. Балалар шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізуші бір балаға допты лақтырып, бір көкөніске теңеп айтады. Допты ұстап алған бала бір ойыншыны тағы бір көкөніске теңеп допты лақтырады. Мысалы: Сен сәбізсің. Сен картопсың. Сен қызылшасың. т.б. Ойын баланың ызасын тарқату үшін жылдамдықпен ойналады.

 

Еліктеу

      Ойын жүргізуші  шапалақты қатты ұрған кезде балалар «у» деп қатты дыбыстап,  саусақтарын кере ашып қорқытады. Егер ойын жүргізуші ақырын шапалақтаса «у» деп ақырын дыбыстайды. Ойын барысында ақырын шапалақтауды көбейте отырып, балаларға өте жақсы, ақкөңіл бала екендерін айтып, қатты қорқытпай, ойынды қызыға ойнауға жетелейді.

 

Қырықаяқ

     Балалар бірінің артынан бірі  тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша бір-бірінің белінен ұстап, шеңбер бойымен жүреді, жартылай отырып жүреді, бір аяқпен секіреді. т.б. Қимылдарды жасау барысында тізбек үзілмей, барлығы бір адамдай жасау керек.

 

Баланың ашу- ызасын басудын әдіс- тәсілдері:

   Бала кейде достарына немесе үлкендердің ескертулеріне ренжіп, қатты ашулануы мүмкін. Мұндай кезде бала ренішін ұмытып кетуі үшін бойындағы ашу-ызаны басқа әрекетпен алмастыруға тырысу керек:

1.     Өзінің жақсы көретін әнін қатты дауыстап айтқызу;

2.     Нысананы көздеп атқызу;

3.     Ағасымен немесе қарындасымен пікірлестіру;

4.     Сабын көпіршіктерімен үрлеп ойнату;

5.     Боксерлердің соғатын құралдарымен ойнату;

6.     Гүлді суарту;

7.     Мысықтың немесе күшіктің соңынан жүгірту;

8.     Үйді бірнеше рет айналып жүгірту;

9.     Пәтердегі жиһаздың орнын ауыстыру ( орындықтар, журнал қоятын үстел т. б.)

10. Үстел үсті ойындарын ойнату ( футбол, баскетбол, хоккей);

11. Киімдерін немесе төсек орындарын жинату;

12. Жерге жатып – тұрып тартылу ( қанша рет болса да);

13. Тез қимыл- қозғалыспен ызаландырған адамның суретін салып  және оны шимайлап тастау;

 

Өте белсенді балалармен ойналатын ойындар

 

Тасбақа

     Бөлменің ортасында тасбақа ұйықтап жатады. Балалар тасбақаны оятып алмас үшін бөлменің шет жағынан ойын жүргізушінің белгісі бойынша ақырын-ақырын жылжып тасбақаның қасына барады. Тасбақаға жайлап қолдарын тигізеді, ақырын сипайды.

 

 

Саусақты ұста

      Ойынға екі бала қатысады. Екі бала сол қолдарының саусақтарын оң қолдарымен бүрістіріп, ұстап отырады. Ойын жүргізуші «бастаймыз» деген кезде бір бала екінші баланың саусағын ұстап қалуы керек. Саусақтарын ұстап, орындарын орындарын ауыстырады.

 

Көбелек

     Балалар қарындашты екі саусақтың арасына қысып ұстайды. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша қарындашты айналдырып отырады. Егер балаға қарындашты екі саусақпен айналдыру қиын болса,  қосымша үлкен саусақтың көмегімен айналдыруға болады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ҚОРҚЫНЫШТАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 1660
    • DOCX 133.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтабаева Роза Есенгозыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балтабаева Роза Есенгозыновна
    Балтабаева Роза Есенгозыновна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25707
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация музыкального воспитания детей в дошкольной организации

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 715 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в условиях среднего профессионального образования

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Игропедагогика для современных родителей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов