Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қош сүйікті әліппем

Қош сүйікті әліппем

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Қош, сүйікті әліппем!»

Мақсаты:
1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы сүйікті «Әліппені» тәмамдады. 1 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Қош, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды екі-екіден шақыру. (Музыка ойнап тұрады)
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған,
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Адина: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер соған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар,
Ол – сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! (Әліппе ортаға шығады)

Әліппе:Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Айзара:

Бар әріпті үйреткен –
Міне, менің әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Аяжан: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Нурали:

Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мадина:

Әліппе – білім анасы,
Әліппе – кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

Усенова Гулденннің орындауында «Мектебім» әні

Ерасыл:

Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың,
Басы болған Әліппем.

Айдын:

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны – Әліппе!

Жамиля:

Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды құп алып.

Ерлан:

Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!

Жамбы: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.

Нургалиева Мадинаның орындауында «Шығыс» биі

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Сендер менен тағы не үйрендіңдер

Каусар:

Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.
Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.

Аяла: Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс» деген өлеңдерін жаттадық.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.

Сұлтан:Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба? Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде,түсінші?
Маржан: А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты.
Б деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Екеуі: Сондықтан да, алшақ кетпей, расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

Амир: Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.

Аян: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

Аяулым:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақты бұл кітаптың,
Ұстазым кілтін маған алып берді.

Айгерім: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені әріптердің бәрін танып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Енді өзіміз оқып, жаза алатын болдық.

Мұғалім: Біздің оқушыларымыз Әліппені меңгерумен қатар басқа пәндерді де оқып үйренді. Математика пәнінен есеп шығаруды, санамақ үйрендік.

Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы.
Математика – өмірде,
Ғылымдардың патшасы.
Санамақ.
Ағылшын тілінен үйренген өлең, тақпақтарын айту.

Бек: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

Бағдат: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Гүлден:Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.

Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айтасыңдар?

Хормен:
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет!
Ән: «Қош бол, құтты әліппе!»

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Ал достар, енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ.
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар.
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Алда ұзақ жасым бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Барлығы: Қош бол, құтты Әліппе!

Ән: «Қош бол, құтты әліппе!
Бәріміз қол соғып, Ана тілін қарсы алайық! (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер.
Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.

Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?
Бек: Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Айгерім: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі: Рахмет саған достарым,
Бүгін ниет қосқан күн.
Аянбаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.

Адина: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз!

«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Мұғалім: Балалар, «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға,
Тілек айтар қонақтар.

Үлкен әжелерге шашу шашқызу.
Мектеп басшыларына сөз беру.

Балаларға сыйлықтар тарату
Ата-аналарға сөз беру.

Бүгінгі біздің «Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!

Краткое описание документа:

Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.

Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?
Бек: Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Айгерім: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі: Рахмет саған достарым,
Бүгін ниет қосқан күн.
Аянбаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.

Адина: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз!

«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Мұғалім: Балалар, «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға,
Тілек айтар қонақтар.

Үлкен әжелерге шашу шашқызу.
Мектеп басшыларына сөз беру.

Балаларға сыйлықтар тарату
Ата-аналарға сөз беру.

Бүгінгі біздің «Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров199
Номер материала 275386
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх