Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок на тему " Құқық әлемінде"

Открытый урок на тему " Құқық әлемінде"

Скачать материал

 

 

Сабақтың түрі:   (ашық тәрбие сабағы)

 

 

Сыныбы:     6 Б

Тақырыбы:«Құқық әлемінде».

Мақсаты:

а)Білімділігі:Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның өзіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру.

ә)Дамытушылығы:оқушылардың ой-өрістерін дамыту, белгілі бір пікір айтуға үйрету, сөздік қорларын молайту.

б) Тәрбиелілігі:оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру, Ата Заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрден тыс

Әдісі: жоба қорғау,

Көрнекілігі: нақыл сөздер, кеспе әріптер, суреттер, газет, буклет, көрме т.б

Барысы:

Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.
Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.

1-топ. Ата-Заң.

2-топ. Заң қорғаушылар

Сайыс жоспары:

1.Топтың аты,ұраны

2. «Тікелей сұрақ » 10 сұрақ беріледі екі топқа қолдарын көтеріп жауап береді.

3. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс».(Өз құқтарыңызды айтасыздар)

4. «Әріптер сыры» (әріп таңдап берілген сұраққа жауап бересіздер)

5. «Жағдайаттық сұрақтар» (Екі топ бір-біріңізге жағдайат қойып жасырасыздар)

6. Үй тапсырмасы. «Сурет қорғау»

Үйден дайындап келген сұрақтарыңыз. Суреттеріңізді қорғайсыздар.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Мектептің психологы:

2.Құқ пәнінің мұғалімі:

3.Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Енді, сіздерге құқтану пәнінің мұғалімі                          шағын мағұлмат беріп өтеді.

І кезең. «Таныстыру».

 1-топ. «Заң қорғаушылар»

Ұраны: Тәртіпке бас имеген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.

2-топ. Ата Заң.

Ұраны: Ата Заңым

             Алтын Заңым

            

 

 

 

 ІІ кезең. «Тікелей сұрақ»

1.      Қ.Р Заң шығарушы органы? (Парламент)

2.      Қ.Р құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы)

3.      Құқық деген не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі).

4.      Қ.Р Конституцисы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады? (9 бөлім,98 баптан)

5.      Қ.Р Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991жылы 16 желтоқсан)

6.      Ең алғаш Конститутция қашан қабылданды? (1993 жылы 28 қаңтар)

7.      «Балалар құқығы» туралы заң қашан қабылданды ?(1989 жылы 20 қараша)

8.      Кәмілеттік жасты ата? (18 жас)

9.      Ата Заң бойынша қылмыскер неше жастан бастап жауапқа тартылады? (14 жас)

10.  Қазақстанды ең алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел? (Түркия)

 ІІІ кезең. «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс».

   Әрбір оқушы өз құқтары туралы айтып өтеді.

 ІV кезең. «Әріптер сыры».

А- Адам мәселесімен айналысатын ғылым. (Антропология).

Б- 18 жасқа толмаған баланы қалай атайды? (Бала)

В- 1993 жылы 15-қарашада болған оқиғаны ата? (Валюта енгізілді).

Г- Елтаңбаны зерттейтін ғылымды ата? (Геральдика)

Д- халық еркі немесе билігі (Демократия)

Е- ақша белгілерінде бейнеленген мемлекеттік эмблема  (Елтаңба)

Ж- Тәуке ханның заңдар жинағы (Жеті жарғы)

З- Мемлекеттік белгіленген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы қалай аталады? (Заң)

К- Ата Заңымыз қалай аталады?   (Конституция)

М-Балаларды қорғау күні қай айда?  (Мамырда)

П- Мемлекет басшысы  (Президент)

О- Қоғамның  бастапқы ұясы   (Отбасы)

Р- Бүкіл халықтық дауысқа салу  (Референдум)

С- Қылмыскерлердің жазасына байланысты үкім шығарады  (Сот)

Т-  Құжат ( Төлқұжат)

У- Қ.Р мемлекеттік құрылымы (Унитарлы)

Ұ- Біреудің дүние мүлкін құпия түрде алу   (Ұрлау)

Х- Мемлекеттік биліктің қайнар көзі?   (Халық)

Ш- Құран кітабының заңдары қалай аталады?  (Шарихат)

Э- Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердізерттейтін ғылым?    (Этнография)

V кезең «Жағдаяттық сұрақтар»

1-топ. Арман мен Дархан компьютер ойнауға ақша таба алмай біраз қиналды. Екеуі біраз отырған соң көшеде кетіп бара жатқан баланы алдап шақырып, ақша беруінталап етеді. Баланы қорқытып ақшасын тартып алды. Егер басқа біреуге айтса жақсы болмайтынын ескертті.

2-топ. Майра дос жігітінен хат алды. Сыныптастары Ербол мен Ерлан бұл жөнінде білетін еді. Екеуі хатты оқуға қызықты. Майраға сездірмей хатты алып оқыды.

VІ кезең.  «Үй тапсырмасы».

Суреттерін қорғайды.

1-топ.

Тік тұрған үймен бұзылайын деп тұрған үйдің суреті.

2-топ.

Қызыл, көк, жасыл түспен салынған ауылдар суреті.

Әділ-қазылар сөйлеп жеңген топқа депломдарын беріп,өз пікірлерін айтады.

«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»

- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.

«Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.

Қорытынды:

-Бүгінгі таңда жастар арасында құқық бұзушылық өріс алып отыр, сол құқық бұзушылыққа біз қарсы шығып құқықтық тәрбиені күшейтуіміз қажет.Ендеше өзімізге жауапкершілікпен қарап, тәуелсіз  мемлекетіміздің мәртебесін жоғары ұстайық деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымды аяқтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамның

бастапқы ұясы қалай аталады?

 

 

 

 

 

Бүкіл халықтық дауысқа салу қалай аталады?

 

 

 

 

 

 

Қылмыскерлер

дің жазасына байланысты кім үкім шығарады

 

 

 

 

Адамның жеке басына берілетін  құжат қалай аталады?

 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік құрылымы

 

 

 

 

 

 

Біреудің дүние мүлкін құпия түрде алу

 

 

 

 

 

Мемлекеттік биліктің қайнар көзі кімдер?

 

 

 

 

 

Құран кітабының заңдары қалай аталады?

 

Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді

зерттейтін ғылым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Қ.Р Заң шығарушы органы? (Парламент)

2.      Қ.Р құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы)

3.      Құқық деген не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі).

4.      Қ.Р Конституцисы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады? (9 бөлім,98 баптан)

5.      Қ.Р Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991жылы 16 желтоқсан)

6.      Ең алғаш Конститутция қашан қабылданды? (1993 жылы 28 қаңтар)

7.      «Балалар құқығы» туралы заң қашан қабылданды ?(1989 жылы 20 қараша)

8.      Кәмілеттік жасты ата? (18 жас)

9.      Ата Заң бойынша қылмыскер неше жастан бастап жауапқа тартылады? (14 жас)

10.  Қазақстанды ең алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел? (Түркия)

 

 

 

1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
5 – ба
П.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығы
п өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15 – бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

§  Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

§  Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

§  Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

§  Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

§  Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

§  Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

§  Әрбір баланың ой – пікір, ар — ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

§  Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

§  Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

§  Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»

- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему " Құқық әлемінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 715
    • DOCX 34.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исаева Динара Асқарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исаева Динара Асқарқызы
    Исаева Динара Асқарқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6986
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой