Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок по НВП "Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы,оны бұзу,жинау.Оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы,оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы"

Открытый урок по НВП "Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы,оны бұзу,жинау.Оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы,оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы"

Скачать материал

                                                                                                              

Тасқала колледжі

                    

 

 

                    

«Бекітемін»

                                                                                             Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

                                 _____________Адырова С.М.

     

 

 

 

 

 

 

 

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы,оны бұзу,жинау.Оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы,оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы.

 

 

 

 

 

 

 

                    

“Келісемін”

                                 Әдістемелік кабинет әдіскері

                                 __________Сагидулина.Т.К.

АӘД пәнінің оқытушысы

 ___________Сапаров.А.Г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таскала-2017

 

 

 «Бекітемін»

                                                                       Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары                  С.М.Адырова

 

1.      Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы,оны бұзу,жинау.Оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы,оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы.

2.      Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысын ұғындыру..

3.  Уақыты: 45 минут.

4.      Өткізілетін орны:  1 курс, АӘД бөлмесі.

5.      Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар., автоматтың макеті.

6.      Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

-           Бекітпе не үшін арналған?

-           Қайтармалы механизм не үшін арналған?

-           Соққыш – ағытқыш механизм не үшін арналған?

-           Оқжатарды қалай пайдаланады?

-           Сүңгі-пышақ жайлы айтып беріңдер.

 

     б) Негізгі бөлім – 25 минут. 

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы. Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

 Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен

механизмдерінің жұмысы.

Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы.

Газ поршені және бекітпесі бар бекітпе жақтауы қайтармалы механизм әсерінен алдыңғы жағдайда болады, газ поршені - газ камерасының келте түтігінде орналасады, ұңғы арнасы бекітпемен жабылады. Бекітпе бойлық ось бойымен оңға қарай бұрылып, оның ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабы ойықтарында болады – бекітпе жабылады. Қайтармалы серіппеде ең төменгі қысым болады.

Автоағытқыш тұтқасы бекітпе жақтауы шығыңқысының әсерінен алға және төменге бұралады.

Шүріппе босатылып, бекітпеге тіреледі. Соққыш шүріппе күшімен алға бекітіледі. Ұрыстық серіппе ең төмен қысымда болып, өз ілмегімен шүріппені бекітпеге қысады, ал берілген ұштарымен ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларын ұңғы қорабының түбіне қысады. Бұл кезде ағытқыш ілмек құйрықшасы алдыңғы жағдайда болады.

Шүріппе баяулатқышы өз серіппесінің алдыңғы шығыңқысы әсерінен ұңғы қорабының түбіне қысылады.

Ауыстырғыш ең биік жағдайда болып, ұңғы қорабының қақпағындағы сатылы ойықты жабады. Ауыстырғыш тежегішке қойылады; ауыстырғыш секторы жекелей ату дөңесінің ойығына кіріп, ағытқыш ілмектің оң жақтағы тік бұрышты шығыңқысының үстінде болады (ағытқыш ілмекті жабады).

Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

Автоматты (пулеметті) оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты АВ немсе ОВ-ға келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда автомат (пулемет) оқталады. Егер дереу оқ ату міндеті туса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.

Оқжатарды қосқан кезде жоғарғы оқсауыт астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Ауыстырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қақпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық босайды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс дөңесінің ойықында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұралуына кедергі жасамайды.

Бекітпе жақтауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады да, бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоатқыш иінтіпегін босатады да, автоағытқыштың дөңесі серіппенің әсерінен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.

Бекітпе жақтауын одан ары шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп, ұңғы арнасын ашады, қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауы әсерінен өз осьінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық шығыңқысының сыртына шығып, шүріппе баяулатқышының астына келеді де, шүріппе автоағытқыштың дөңесіне тұрады; автоағытқыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп, бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға тұрады.

Бекітпе жақтауының төменгі жазығы оқжатарға арналған терезеден өте салысымен, оқсауыттар оқжатар серіппесі әсерінен жоғарғы оқсауытпен бірге оқжатар қабырғасының йілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.

Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтармалы механизм әсерінен ілгері жылжиды; бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты алып шығып оқтыққа кіргізеді де, ұңғы арнасын жабады. Бекітпе ұңғының оқталатын ойығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерінен бойлық осін айнала оңға бұрады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп, бекітпені жабады.

Бекітпе жақтауы алға қарай қозғалысын жалғастырып, өз шығыңқысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың дөңесі шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұралады да, баяулатқыш ілмегінен шығып, ұрыстық қайырмаға тұрады.

Оқсауыттар оқжатарда серіппенің әсерінен жоғарғы оқсауыт бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі.

Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда, ол ұңғы қорабы қақпағының сатылы ойығын жабады да, бекітпе жақтауының тұтқасын артқа жылжыту жолында болады; ауыстырғыш секторы алға бұрылып, ағытқыш ілмектің оң жағындағы тік бұрыш шығыңқысының үстіне барып тұрады (ағытқыш ілмекті жауып тастайды).

 

Автоматты атыс жүргізу үшін ауыстырғышты АВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басу керек, егер ол оқталмаған болса, ағытқыш ілмекті де басу керек.

Ауыстырғышты АВ-ға қойғанда – ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрыш шығыңқысын босатады да, жекелей ату дөңесінің ойығында қалады. ағытқыш ілмек өз осьінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмекпен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрады.

Ағытқыш ілмектің  құйрықшасын басқан кезде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппе әсерінен өз осінде айналып, соққышқа қатты соғылады. Соққыш бұзғыш пен оқсауыттың капсюлін қиратады. Оқсауыттың капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады.

Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен қозғалады, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ камерасынан өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді.

Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегергендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы ось бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқыға шығарады – бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашылып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағытқыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысына тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады.

Автоматтың ұңғы арнасынан шыққан дәрілі газдар ұңғылық тежеуіш компенсатордың артқы камерасына түсіп, кеңейеді де, компенсациялық саңылау арқылы өтіп, реактивті күш жасайды, ол автоматтың ұңғы бөлігін саңылау орналасуына қарсы жаққабұрады. Дәрілік газдардың бір бөлігі алдыңғы және артқы камераның алдыңғы қабырғасына соғыла отырып, кері соғуды азайтады. Артқы камера саңылауынан шыққан газдардың алдыңғы камераның алдыңғы қабырғасына шағылысқан газдармен түйісуі атыс дыбысын бәсеңдетеді.

Бекітпесі бар бекітпе жақтауы екпінмен бірге артқа қарай жылжуды жалғастырады; лақтырғыш ілмегімен ұсталып тұрған оқсауыт ұңғы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысына түйісіп, оқсауыт сыртқа лақтырылады.

Бұдан әрі шүріппе автоағытқыш дөңесінің жоғарғы бөлігіне қойылады да, онда бекітпесі бар бекітпелі жақтауы бұрынғы орынға қайтып келгенше ұсталады. Бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты оқсауыт салғышқа жібергеннен кейін ұңғы арнасы жабылады және бекітіледі, ал бекітпе жақтауы алға қарай жылжи отырып, автоағытқыш дөңесін шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады. Шүріппе ұрыстық шүріппе әсерінен айналады да, шүріппені баяулатқыш саңылауына соғады; баяулатқыш алдыңғы шығыңқыны шүріппе соққысына қалдыра отырып, артқа айнналады; бұл соққылардан соң шүріппенің алға жылжуы сәл бәсеңдейді, бұл ұңғыға бекітпесі бар бекітпе жақтауы соғылуынан соң оның бастапқыға жақын жағдайға келуіне мүмкіндік береді және  осы арқылы ұрыс шоғырын арттырады. Баяулатқыш шығыңқысының алдына соғылған соң, шүріппе соққышқа соққы береді. Ату басталады. Автомат (пулемет)  бөліктері мен механизмдерінің жұмысы қайталанады. Ағытқыш ілмек басылып, оқжатарда оқ таусылғанша атыс жүреді.

Атысты тоқтату үшін ағытқыш ілмекті босату керек. Бұл ретте ағытқыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерінен бұзылады да, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқтатылады, бірақ автомат (пулемет) одан әрі атыс жүргізуге дайын болып оқталып тұрады.

Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы.

Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа (ОВ) қойып ағытқыш ілмекті басу керек.

Ауыстырғышты «ОВ» жағдайына қойған кезде – ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол жекелей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмнің жұмысына қатыспайды.

 Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс  болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс істейді, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының қозғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады.

Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесі бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулатқыш ілгешегіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.

      в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

-     автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.

-                 автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.

 

 

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы      оқытушысы:                                    А.Г.Сапаров

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по НВП "Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы,оны бұзу,жинау.Оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы,оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 836
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапаров Асхат Гайдарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапаров Асхат Гайдарович
    Сапаров Асхат Гайдарович
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2819
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов