Инфоурок Информатика Другие методич. материалыPaint графикалық редакторы 5 сынып

«Графикалық редактор» жұмыс парағы

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
3241
9
05.08.2024
«InfoLesson»‎
Құрылымдалған, қызықты, көп ақпарат беретін жұмыс парағы. Әртүрлі тапсырмалар оқушылардың оқуға белсенділігін және қызығушылығын арттыруға көмектеседі. 4 беттен, 9 тапсырмадан тұрады. 5-ші бетте жауаптары берілген.5,6,7,8 сыныптарында қолдануға арналған. Өткен тақырыпты бекіту үшін қолдануға болады.

Краткое описание методической разработки

Құрылымдалған, қызықты, көп ақпарат беретін жұмыс парағы. 

Әртүрлі тапсырмалар оқушылардың оқуға белсенділігін және қызығушылығын арттыруға көмектеседі. 

4 беттен, 9 тапсырмадан тұрады. 
5-ші бетте жауаптары берілген.
5,6,7,8 сыныптарында қолдануға арналған. 
Өткен тақырыпты бекіту үшін қолдануға болады. 

Paint графикалық редакторы 5 сынып

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ашык сабак Cабақтың тақырыбы Пайнт.docx

Cабақтың тақырыбы:  Paint графикалық редакторы.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік мақсаты:

Оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

Дамытушылық мақсаты:

а) оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде  жұмыс  істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

ә) жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік.

Көрнекіліктер:  ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, таратпа карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, орнындарына отырғызып, тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

    «Миға шабуыл»

1.             Компьютер жанындағы өсімдік «Кактус»

2.             Баспаға шығару құрылғысы  «Принтер»

3.             Ақпарат (информация) қай тілден шыққан? «Латын»

4.             Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?

«Корзинадан оны жойғанша немесе қайта қалпына келтіргенше.»

5.      Жарлық дегеніміз не?  Нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтемесі , яғни көшірмесі.

 ІII. Жаңа тақырып.

Paint графикалық редакторы

Paint сурет салу программасы. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

 Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Раint -  (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерде тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор

Графикалық редактор -  графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа

 

Paint программасын іске қосу

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

1.     Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.

2.     Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.

3.     Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.

4.     Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.

Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.

         Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты,

1.      Ашылған терезенің тақырыбы және жинау, улкейтіп кішірейту терезені жабу батырмалары орналасқан.

2.      Мәзір жолы және де осы мәзір жолында жұмыс істеуге ыңғайлы жеті бөлікке бөлініп құралдар орналасқан

3.      Палитралық түстер, мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы да қосылған. Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады. Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.

4.      Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады.  

 

 

Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

 

 Сурет салу кезеңі

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1.     Құралды таңдап алу керек.

Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:

 

     Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні  

                    таңдау қызметін атқарады.

     Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін   таңдау

                   қызметін атқарады.

     Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір

                   бөліктерін өшіруге арналған құрал.

     Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін

                   немесе фон түсін бояйды.

     Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің

                   кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

      Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,

                    кішірейтуге мүмкіндік береді.

      Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта

                   сызуға арналған.

      Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті

                   түрін таңдап алуға болады.

      Бүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік

                    береді.

      Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

      Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

       Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

      Және де әр түрлі геометриялық фигуралар берілген

 

 2. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

3.Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.

4.Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).

     5.Ал, енді сурет саламыз.

         Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

1.     Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

2.     Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

3.     Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.

4.     Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.

5.     Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.

Суретті сақтау үшін

Бірінші рет сақтау: 

Файл => Сохранить как => бума таңдау => атын жазу => сохранить батырмасын басу

 Қайталап сақтау:    Файл => Сохранить

 

IV. Практикалық жұмыс. 

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындайық.

 

Жұмбақтар шешеміз:

 

№1 тапсырма

1 . Берілген  фигуралардан  жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint   терезесінде  сал.

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді  (Бағдаршам)

№2 тапсырма:

Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.                  (Шырша)

№3 тапсырма:

Ұзынды-қысқа қос тіл

Он екі цифрмен дос бұл. (Сагат)

№4 тапсырма:

Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей.               (Ай)

5 тапсырма:
Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап - қурап түсем           (Жапырақ)

 

V. Сабақты бекіту.

Техникалық диктант
Paint  бұл __графикалық _  редактор. Paint графикалық редакторында  _екі_ түспен сурет салынады. Олар _негізгі және фондық_  түстер. Paint графикалық редакторында құралдар  _жеті  бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында  терезенің тақырыбы және жинау, улкейтіп- кішірейту терезені жабу батырмалары орналасқан.
 

 

 

 

 

 

 

 

 


VI. Үй тапсырмасы.

1.     §22оқу, 117-120 бет.

2.     Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.

3.     «Жаңа жыл шыршасы» тақырыбына сурет салып келу.

                    

VІІ. Бағалау.      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Paint графикалық редакторы 5 сынып" Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Выбранный для просмотра документ жадыра.ppt

Скачать материал "Paint графикалық редакторы 5 сынып"

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Информатика пәнінің мұғалімі Сағынышқызы ЖадыраPaint графикалық редакторы....

    1 слайд


    Информатика пәнінің мұғалімі
    Сағынышқызы Жадыра
    Paint графикалық редакторы.
    10.12.2015ж
    Сабақтың тақырыбы:
    5а сынып

  • Үй жұмысын тексеруКомпьютер жанындағы өсімдік? 
Баспаға шығару құрылғысы?  
А...

    2 слайд

    Үй жұмысын тексеру
    Компьютер жанындағы өсімдік?
    Баспаға шығару құрылғысы?
    Ақпарат (информация) қай тілден шыққан?
    Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?
    Жарлық дегеніміз не?  

  • Paint-сурет салу бағдарламасы әр түрлі 
графикалық кескіндерді салуға, өңдеуг...

    3 слайд

    Paint-сурет салу бағдарламасы әр түрлі
    графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге
    мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның
    көмегімен қарапайым суреттен бастап,
    күрделі графикалық шығармаларға дейін
    жасауға болады.

    Paint программасында өзіміз сурет салуымызға,
    Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу
    буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге
    қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған
    күрделі кескіндерді енгізуге болады.

  • Раint -  (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерде тұратын) бе...

    4 слайд

    Раint - (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерде тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор
    Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа

  • Іске қосу батырмасын шертіңдерБас менюден Программалар (Программы) командасын...

    5 слайд

    Іске қосу батырмасын шертіңдер
    Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар
    Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар
    Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар

  • 6 слайд

  • Тақырып жолыМеню жолыҚұралдар
жиыныСурет салу алаңыТүстер палитрасы

    7 слайд

    Тақырып жолы
    Меню жолы
    Құралдар
    жиыны
    Сурет салу алаңы
    Түстер палитрасы

  • Рaint бағдарламасында құрал сайман бар

    8 слайд

    Рaint бағдарламасында құрал сайман бар

  • Түстер палитрасы

Екі түспен жұмыс жасаймыз. 
Фондық және негізгі түс.
 Фонды...

    9 слайд

    Түстер палитрасы

    Екі түспен жұмыс жасаймыз.
    Фондық және негізгі түс.
    Фондық түсті тышқанның оң жақ батырмасымен, негізгі түсті тышқанның сол жақ батырмасымен таңдаймыз.

  • Суреттерді сақтауБірінші рет сақтау: 
 Файл => Сохранить как

 Қайталап сақта...

    10 слайд

    Суреттерді сақтау
    Бірінші рет сақтау:
    Файл => Сохранить как

    Қайталап сақтау:
    Файл => Сохранить

  • Техникалық диктант
Paint  бұл ______________редактор. Paint графикалық редакт...

    11 слайд

    Техникалық диктант
    Paint бұл ______________редактор. Paint графикалық редакторында _____түспен сурет салынады. Олар ____________түстер. Paint графикалық редакторында құралдар ______бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында _________________________________________________батырмалары орналасқан.

  • Техникалық диктант
Paint  бұл __графикалық _  редактор. Paint графикалық реда...

    12 слайд

    Техникалық диктант
    Paint бұл __графикалық _ редактор. Paint графикалық редакторында _екі_ түспен сурет салынады. Олар _негізгі және фондық_ түстер. Paint графикалық редакторында құралдар _жеті бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезенің тақырыбы жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.

  • Үйге тапсырма:
“Paint графиктік редакторы” тақырыптарын оқып, құралдарды...

    13 слайд

    Үйге тапсырма:
    “Paint графиктік редакторы” тақырыптарын оқып, құралдардың міндетін жаттау.
    «Жаңа жыл шыршасы» тақырыбына сурет салып келу.

Выбранный для просмотра документ 1 тапсырма.docx

1 тапсырма

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


№2 тапсырма:

Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.  

 

 

 

 


                

 

 

№3 тапсырма:

Ұзынды-қысқа қос тіл

Он екі цифрмен дос бұл.

 

 

 

 

 


№4 тапсырма:

Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей.               

 

 

 

 


5 тапсырма:
Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап - қурап түсем    

 

 

 

6 тапсырма:

 

       

7 тапсырма:

 

8 тапсырма: геометриялық фигураларды пайдаланып сурет сал

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Paint графикалық редакторы 5 сынып"

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Cабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

Оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

Дамытушылық мақсаты:

а) оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

ә) жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік.

Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, таратпа карточкалар.

Пәнаралық байланыс:Геометрия, бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 347 618 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 12.12.2015 3252
    • RAR 2.6 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагынышкызы Жадыра . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагынышкызы Жадыра
    Сагынышкызы Жадыра

    Физика -информатика

    • На сайте: 9 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 19265
    • Всего материалов: 6

    Об авторе

    Категория/ученая степень: Первая категория
    Место работы: Общеобразовательная средняя школа №2 имени С. Сейфуллина
    Мен Сағынышқызы Жадыра. Алматы облысы, Талғар ауданы Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №8 арнаулы гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеймін. Отбасылы,6 балам бар. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Балаларды жақсы көремін. Жолдасым да осы салада қызмет етеді. Бала тілі-бал демекші балалармен жұмыс істеген өте қызықты.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 326 266 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Культура поведения в общественных местах и на отдыхе

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Устойчивое развитие и корпоративная социальная ответственность: принципы, стандарты, стратегии

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к дизайну интерьера

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов