Инфоурок Геометрия КонспектыПараллель түзулер. Түзулердің параллельдік белгілері

Параллель түзулер. Түзулердің параллельдік белгілері

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Параллель түзулер. Түзулердің параллельдік         

                                          белгілері

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі: Параллель түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, параллель түзулер ұғымын кеңейте түсу, екі параллель түзуді үшінші параллель түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың түрлерін білу.

 

Дамытушылық: Параллель түзулердің өзара байланысын түсіне білуге, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра білуге, параллельдік белгісін пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.

 

Тәрбиелік: Параллель түзулердің сызбаларын дұрыс түсініп, сауатты сала білуге дағдыландыру.Тақырыптың нақтылығына көз жеткізу.

 

Көрнекілігі: 1. Слайдтар, флипчарт

                       2. Қоршаған ортаға байланысты көрнекілік

                       3. Жеке оқушыларға арналған таратпа қағаздары

 

Әдісі: (визуалдық лекция). Түсіндірмелі баяндау (сұрақ-жауап, салыстыру, иллюстрациялық және репродуктивті).

 

Сабақтың түрі: Блок сабағы

 

Сабақтың жүру барысы:

І- кезең. Ұйымдастыру

Сызбаларды орындауға қажетті құрал аспаптардың толық болуына назар аудару және көңіл –күйлерін бір ортаға тоғыстыру

ІІ- кезең.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ- кезең. Жаңа оқу материалын белсене де саналы игеруге дайындық немесе мақсат қою. (не оқытылады, жаңа материалды тиянақты игеру үшін не қажет екенінің мәнін түсіндіремін).

ІV- кезең. Оқушының білімін жан- жақты тексеру. (жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын, өткен тақырыптар мен байланыстыра отырып, жазықтықтың бетінде қиылыспайтын түзулер параллель түзулер болатынын тұжырымдаймын. Жаңа материалды түсіндіру үшін осылай алдын- ала дайындық жасаймын).

V- кезең.  Жаңа білімді игерту. Слайдтарды пайдаланамын (жоспар бойынша), сызба жұмыстары флипчартта көрсетіледі.

Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі.

Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі.

Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б. /слайд-3/

Параллель түзулерді салу үшін сызба бұрыштық пен сызғыш пайдаланылады.

Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін:

1/. Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз.

2/. Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз. / слайд-4/

    Бір жазықтықта жататын бір- бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. ||-параллельдік белгі.    a ||b

 Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель /слайд-1/

          Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де  өзара параллель болады./слайд-6/

Параллель түзулердің негізгі қасиеті: Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана парралель түзу жүргізуге болады. /параллельдік аксиомасы/ /слайд-7/

   Параллель екі түзудің  біреуін қиып өтетін түзу екіншісін де қиятындығы туралы теореманың дәлелдеуі  слайдта көрсетіледі /слайд-8/

        Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштармен /айқыш, сәйкес, тұстас/ таныстыра келе, түзулердің параллельдік белгілері беріледі /слайд-9/

Түзулердің параллельдік белгілері: 1.Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.

2. Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса, бұл түзулер параллель болады. /дәлелднеуі слайдта көрсетіледі/

3. Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда  1) ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады.

VІ- кезең. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгенін тексеру (жеке оқушыларға арналған үлестірмені таратамын).

Блок сабақта бүкіл материал түгел өтілгендіктен есеп шығаруға көңіл бөлмейміз.(есеп келесі сабақтарда шығарылады).

№89,90 (ауызша),

№88,93 (салу есептері)./флипчартта орындау /

VІІ кезең. Жаңа білімді бекіту кезеңі (сұрақтар қойылады және оқушы білімі бағаланады)

1.      Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

2.      Екі түзуді үшінші бір түзу қиғанда қандай бұрыштар пайда болады?

3.      Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

4.      Егер түзу берілген түзулердің әрқайсысына параллель болса, онда қандай түзулер берілген?

 

 

VІІІ кезең. Үйге тапсырма: №98, №101

 

ІХ. Оқушы білімін бағалау.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Параллель түзулер. Түзулердің параллельдік белгілері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2018 1886
    • DOCX 16.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Машанова Нуртолкын Гиниятовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Машанова Нуртолкын Гиниятовна
    Машанова Нуртолкын Гиниятовна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5028
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1257 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 807 человек

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 864 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов