Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Педагогикалық терминология" жалпы ұісінік

"Педагогикалық терминология" жалпы ұісінік

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық 
терминология 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Акмеология- грек  тілінен  аударғанда  «шың», «биіктік»  деген  мағынаны  береді. Адамның  дамуы  мен  тіршілік  әрекет  барысындағы  биіктіктерге  шығуын  қарастыратын  ілім. Акмеологияда  адам  өзін-өзі  дамыту  мен  шығармашылық  қабілетті, өзінің  өмірі  мен  кәсіби  әрекетін  ұйымдастыра  алатын  өз  әрекетінің  субъектісі  ретінде  танылады.

 

            Аксиология- құндылықтар  және  құндылық  мінез-құлық  жайлы  ілім, адамдар  ісіндегі  мотивация,адами  әрекеттердің  мәнді  ұстанымдары  жайлы  философиялық  теория.

           

         Андрагогика- ересектерге  білім  берудің  теориялық  және практикалық  мәселелерін 

қарастыратын  педагогика  ғылымының   бір  саласының  аталымы. Андрагогиканың  жүйеге  келтірілуі  ХХ ғасырдың  екінші  жартысынан   басталады.

         

        Әдіс- (грек  тілінен  аударғанда- теория, ілім, зерттеу  жолы)- көздеген  мақсатқа  жетудің  біріңғайланған  тәсілдері,  тәртіпке  келтірілген  қызмет  жүйесі.  Жаңа  мағлұматтар  алудың  аса  маңызды  шарты. Әдістер   әрекет  мақсатына, түріне  қарай  таңдалады.

           Әдіскер- оқу-тәрбие  әдістерін  жетік  меңгерген  ұстаз.  Әдіскредің   мінденті- мұғалімдерге  ғылым  мен  озат  тәжірибеге  негіздей  отырып,  пәннің  оқытылу  жайы, тәрбие   мәселелер  турасында  көмектер  ұйымдастыру, жаңашылдық  тәжірибені  зерттеу,тарату.

         

      Синергетика- бірлесіп   әрекеттесу, ынтымақтасу  немесе  өзін-өзі  дамыту  педагогикасына  бағытталған  күрделі  жүйе.

         

       Білім-  адам  ойлауындағы  шындықтың  нақты  көрінісі; қоғамдық  тәжірибе  негізінде  тексерілген  танымдық  үрдістің  нәтижесі.

       

      Білімдер- ұғым,ұстаным,теория  түрінде  көрінетін  және  табиғи  және  жасанды  тілдердің  белгілік  жүйесінде  тіркелген, айнала  қоршаған  орта  шындығы  туралы  мағлұматтардың  жиынтығы.

       

     Жаңашыл- жүйеге, үрдіске,құбылысқа  ілгерінді  бір  жаңалық  енгізуші  адам; көптеген  іс-шараларды  ұйымдастыруда  адамдардың  өзіндік  жаңашылдық  іс-әрекетін  көрсете  алушылық.

       

     Кәсіби  дайындық- белгілі  кәсіб  бойынша  арнаулы  білім,  білік, дағды, шеберлік  және  еңбек  тәжірибесін  қалыптастыру.

        Креативтілік- өнімді  әрекет  етуге  дайын  болу, жаңалық  ашуға  дайындығын  көрсететін  индивидтің  тұлғалық  сапасы.

      

       Құзырлылық- «істі  білу»  іс-әрекетіне  деген  қабілеттілікті  білдіретін  жалпы  бағалау  термині.

    

      Мониторинг- қоғамда  немесе  оның  қайсібір  топтарында  болып  жатқан  өзгерістерді  жүйелі  түрде  өлшеу  жүйесі.

      

       Педагогикалық   диагностика- ұстаздың  кәсібилік  деңгейі  мен  әрекетінің  нәтижелілігін  анықтаудың  жеке, топтық,  ұжымдық  құралдары, әдістер  жүйесі.

       

      Педагогикалық  жүйе- педагогикалық  ақиқаттың  қызметтік  мәнін, оның  ұйымдастыру-әрекетін  құрылымын,  үрдісі  мен  морфологиясын   сипаттаудың  құралы.

      

      Праксеология- әлеуметтік  іс-қимыл   мен  әрекет  жайлы  философиялық  және  әлеуметтанымдық  ілім.

       

      Рефлексия- субъектінің  психикалық  акты  мен  күйлерді  өзінше  талдауы  және  тануы.

       

      Тұлға-  дербес  әрекет  ететін  субъект  ретіндегі  нақты  жеке  адам  болмысының  қайталанбас, ерекше   әдісі,  адамның  қоғамдық  өмірінің   жеке  нысаны.

       

         Тұжырымдама- белгілі  бір  құбылыстар  жайындағы  көзқарас  жүйесі,  бір  нәрсе  туралы  негізгі  пікір.

      

        Үздіксіз  білім-  білімдегі  бір  саты  мен  келесі  сатының  жалғасып  келуі,  толассыздық.

 

        Фасилитация- топтың  іс-әрекетін  жеңілдету  үрдісі.

Білім  беруді  жаңғырту- білім  беру  жүйесін   жетілдіру, жақсарту, жаңарту,  оны  жаңа  талаптар  мен  нормаларға, техникалық  шарттарға, сапа  көрсеткіштеріне  сәйкестендіру.

 

        Бейін- оқу  жүктемесінің  нормаларына  қатысты  талаптарға  сәйкес  келетін  базалық, бейіндік  және  элективті  курстардың  үйлесімі.

     

          Бейіндік  саралау-  әрбір пәннің  оқытылу  мақсаттарына  орай  мазмұндық  айырмашылық, яғни   түрлі  бейіндігі  сыныптарда  немесе  білім  беру  ұйымдарында  қайсыбір  пәннің  тереңдетіле  оқытылуын  немесе  кеңейтілуін  қарастыратын  құжат.

       Бейіндік  білім  беру  бағдарламасы- бейіндік   пән  бойынша  білім  беру  мазмұннын  анықтайтын  және  берілген  пәннің  тереңдетіле  оқытылуын  немесе  

    кеңейтілуін  қарастыратын  құжат.

 

            Білімдегі  менеджмент- білім  беру  процесінің  тиімдлігін  көтеруге  бағытталған  білім  беру  процесінің  ұстанымдары, әдістері, ұйымдастыру  формалары  мен  технологиялық  тәсілдердің  кешені; адамдарды  бірлескен  жұмысқа  қабілетті  ету  мақсатында   адамның   айналасында  жүретін   басқару  іс-әрекетінің  бір  түрі.

          Бейіндік  пән-  жалпы  орта  білім  берудің  жоғарғы  деңгейіндегі  бейіндік  оқыту  бағытының  сипатын   анықтайтын  оқу  пәні.

         Құзіреттілік- оқушылардың  іс-әрекеттің  әмбебап  тәсілдерін  меңгеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі.

        Құзіреттілікті  тәсіл- оқу  процесінің  түпкіліктіқұзіреттерді  қалыптастыруға  бағдарлануы.

       Ресурстық  орталық- бейіндік  оқытуды  жүргізу  үшін  ресурстарын  өзге  мектептер  пайдаланатын, жеткілікті   материалдық  және  кадрлық әлеуетке  ие  білім  беру  ұйымы.

 

 

 

       Тұлғаға  бағытталған  тәсіл-   мұғалімнің   оқушыға  тұлға,  тәрбиелік  әрекеттестік   етудің  саналы, жауапкершіл  субъектісі  ретінде   бірізді  қарым-қатынасы.

 

        Тұлғаның  әлеуметтенуі- кең   мағынада  алғанда  адамның  қоғамдық  қатынастар  жүйесіне  қамтылуын және  оның  осы  қатынастарды  өз  бетімен  қайта  жаңғыртуын  көздейтін  адамның  әлеуметтік  нормалары  мен  мәдени  құндылықтарды  меңгеру  процесі.

 

        Ықпалдасу- ғылымдардың  жіктелу  процесімен  қатар  жүретін, олардың  жақындасуы  мен  байланысу  процесі.

 

       Элективті  курстар-  мемлекеттік  білім  беру  стандартының аясынан  шығатын  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруды  ұйымдастыру  формасы.

 

       Баға- бағалау  процесі  нәтижесінің  шартты- формальды  (белгілік) көрінісі; оқушылардың  оқу  жетістіктері  бағасының  сандар   мен  ұпайлар  түріндегі  сандық  көрінісі.

 

           Бағалау- бұл  оушының  қол  жеткізген  іс-әрекет  нәтижелерін  жоспарланған  мақсаттармен  салыстыру  процесі.

           Базистік  оқу  жоспары - жалпы  орта  білім  беру  сатыларына  сәйкес  мазмұн  көлемі  мен  тізімін, оқыту  тәртібін  реттейтін  негізгі  құжат.

 

           Бейіндік  оқыту-  білім  беру   процесінің  мазмұнындағы, құрылымындағы  және  ұйымдастырылуындағы  өзгерістер  есебінен оқушылардың  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  неғұрлым  толық  ескеруге  мүмкіндік  беретін  оқуды  саралау  мен  даралау  құралы.

          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Педагогикалық терминология" жалпы ұісінік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 3827
    • DOCX 43 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Гульмира Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Гульмира Куандыковна
    Калиева Гульмира Куандыковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 127185
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и практические основы проведения творческих занятий с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 219 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек