Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / План урока на ом языке "Атомдар мен молекулалар"

План урока на ом языке "Атомдар мен молекулалар"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

7 сынып № 9 сабақ

Сабақтың тақырыбы: §14, 15.Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыға атомдар мен молекулалар заттардың молекулалық құрылысы туралы танымдық белсенділікпен түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, шыны түтік, резеңке тығын, стакан, су, спирт

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

А) Атом және молекула туралы не естідіңдер?

Ә) Өз ойларыңды айтыңдар.

ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Ең ұсақ бөлшектер.

  2. Химиялық элемент.

  3. Ең қатты элемент.

  4. Ең жұмсақ элемент

  5. Ең ауыр элемент

  6. Ең жеңіл элемент.

Бhello_html_3660c909.pngарлық заттар кіші бөлшектерден құралатыны туралы болжамды ерте грек ғалымдары айтқан. Олар иістің тарауын,сұйықтардың булануын, толқындардың әсерінен тастың көлемінің кемуін олардан кіші бөлшектердің бөлінуімен түсіндірген. Онда неге барлық заттар — су, болат, ағаш — бізге тұтас болып көрінеді. Себебі, денені құрайтын бөлшектер, өте кіші жєне олар бір-біріне өте жақын орналасқан.Бұл бөлшектердің өлшемдері туралы мағлұмат мына тәжірибеден көрінеді (67-сурет). Кішігірім бояуды ыдыстағы суда ерітеді. Сосын біршама боялған суды басқа ыдысқа құйып, оған таза су құяды. Екінші ыдыста ерітінді, бірінші ыдысқа қарағанда әлсіздеу боялған. Екінші ыдыстағы ерітіндіні үшінші ыдысқа құйып, оған тағы да таза су құяды. Осылай етіп бірнеше рет жасаған кезде ерітіндінің ағара тсетіні байқалады.Соңғы ерітіндіні қарастырайық. Ол әлсіз болғанымен біртекті боялған. Оның әр тамшысында бояудың бөлшектері болады. Біз бояудың кішігірім мөлшерін ғана еріттік, ал оның тек өте аз бөлігі ғана соңғы ерітіндіге ауысты. Олай болса, бояу, өлшемдері өте кіші, орасан зор бұлшектер санынан құралған.Осы жєне көптеген басқа құбылыстар, тәжірибелер дене өте кіші бөлшектерден құралады деген тұжырымды, болжамды дәлелдейді. Бұл не бөлшектер? Осы туралы келесі параграфта айтылады.

hello_html_2a2b3507.pngМолекулалар мен атомдар. Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бҒл қандай бөлшектер жєне олар қандай қасиеттерге ие екендігі тағайындалған. Заттар құралатын бөлшектерді молекулалар деп атайды. Мысалы, ең кіші бөлшегі — судың молекуласы, ал қанттың ең кіші бөлшегі — қанттың молекуласы жєне т.б. Молекулалардың Ұлшемдері қандай?Қант кесегін Ұте майда етіп үгітуге болатыны белгілі, бидай дєнінен диірменмен тартып ұн алады. Май тамшысы су бетінде жайыла отырып, қалыңдығы адам шашының диаметрінен оңдаған мың есе кіші қабыршық түзеді. Бірақ Ғнның түйіршігі мен май қабаты бір немесе көп молекулаға ие. Яғни, бұл заттардың молекулаларының Ұлшемі, ұн түйіршігі мен қабыршақтың қалыңдығынан кіші. Мынадай салыстыруды келтірейік: орташа алма жер шарынан қанша есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші. Егер барлық денелердің Ұлшемі миллион есе өссе (бұл кезде адамның саусағының қалыңдығы 10 км тең болар еді), онда молекуланың Ұлшемі осы оқулықтағы нүктенің жартысына теңелер еді.Қарусыз көзбен молекуланы көру мүмкін емес. Молекулалардың кішілігі сонша, олардың 1000 есе үлкейтетін микроскоппен де көруге болмайды.Биологтарға Ұлшемдері 0,001 мм микроорганизмдер (мысалы, бактериалар) белгілі. Молекулалар олардан жүздеген, мыңдаған есе кіші. Молекулалардың Ұлшемдерін анықтау үшін әр түрлі тєжірибелер жасалған. Олардың бірін келтірейік.Таза жуылған үлкен ыдысқа су құйылып, оның үстіне май тамшысы тамызылған. Май су бетіне жайылып қабыршақ түзеді жєне неғҒрлым кҰп жайылған сайын оның қалыңдығы кеми береді. Біршама уақыттан соң майдың жайылуы тоқтаған. Егер, майдың барлық молекулалары су бетінде орналасты деп санасақ (қалыңдығы қабыршақ т‰зсе), онда молекуланың диаметрін табу ‰шін, т‰зілген қабыршақтың қалыңдығын тапса жеткілікті.

Қhello_html_695eeafd.gifабыршақтың қалыңдығы h оның кҰлемінің V ауданына S қатынасына тең. h = V/ SҚабыршақтың кҰлемі судың бетіне тамызылған тамшының көлемі. Оны алдын-ала Ұлшейді: ол үшін өлшеуіш цилиндрді — мензурканы падаланады. Пипеткамен бос мензуркаға ондаған тамшы май тамызып, олардың жалпы кҰлемін Ұлшейді. Осы көлемді тамшылар санына бөліп бір тамшының кҰлемін анықтайды.Келтірілген тєжірибеде тамшының кҰлемі V = 0,0009 см3, ал қабыршақтың ауданы S = 5500 см2 болған. Осы мєндерді формулаға (26.1) қойып h = 0,00000016 см екені табылған.БҒл сан, шамамен, май молекуласының Ұлшеміне тең. Молекулалар өте кіші болғандықтан, кез келген дене олардың өте көп мөлшеріне ие. Олардың саны жөнінде түсінік тудыру үшін мысал келтірейік. Егер, сутегімен толтырылған баланың резина добында өте тар тесік жасаса, одан єр секундтта миллион молекула шығатын болса, онда барлық молекула шығып бітуі үшін 30 миллиард жыл керек болар еді. БҒл кездегі шардағы сутегінің массасы бар болғаны 3 г екен. үте кіші екендігіне қарамастан молекулалар да бөлінеді. Олар құралатын бөлшектер атомдар деп аталады. Атомның кез-келген түрін арнайы символдармен белгілейді. Мысалы, оттегі атомы — О, сутек атомы — Н, көміртек атомы — С.

Арнайы символдар (химиялық формулалар) молекулаларды белгілеуге де қолданылады. Мысалы, оттегі молекуласы оның екі бірдей атомынан құралады, сондықтан оны белгілеу ‰шін мынадай химиялық формула қолданылады: О2. Су молекуласы, үш атомнан құралады: бір оттек жєне екі сутек атомдарынан, сондықтан оны Н2О деп белгілейді.

6hello_html_m77e8aa6a.pnghello_html_4d200235.png8-суретте екі су молекуласының шартты кескіні келтірілген. Судың екі молекуласын бөлгенде оттегінің екі жєне сутектің 4 атомдары пайда болады. Сутектің екі атомы бірігіп оның молекуласына, ал оттегі атомдары – оттегі молекулаларына айналады. Бұл сызба түрінде 69-суретте көрсетілген. Қазіргі техника жеке атомдар мен молекулалардың суретін алуға мүмкіндік береді. 70-суретте мышьяк фторидінің суреті келтірілген. Ол 70 миллион есе үлкейтетін электронды –голографиялық микроскоптың көмегімен алынған. Жеке атомның суретін 71-суреттен көруге болады. Аргон атомының бұл кескіні 260 миллион есе үлкейтілген.Атомдар өте кіші бөлшектер болғанымен, олар да күрделі құрылымға ие. Бұлардан да кіші бөлшектер болады. Олармен кейінірек танысасыңыздар.

Дhello_html_6fc668ac.pnghello_html_m7046f9c1.pngиффузияЕгер бөлмеге қайсыбір иісті зат єкелсе, мысалы эфирді, біраз уақыттан соң оның иісі бүкіл бөлмеге тарайды. Неге? Иістің таралуы молекулалардың қозғалысымен түсіндіріледі. Бұл қозғалыстың үздіксіз жєне бейберекет сипаты бар. Ауаның құрамына кіретін газ молекулаларымен соқтығыса отырып, эфир молекуласы өзінің қозғалыс бағытын көп рет өзгертеді және бейберекет орын ауыстырып, бүкіл бөлмеге тарайды. Барлық денелердің молекулаларының үздіксіз жєне бейберекет қозғалатыны басқада сан алуан тәжірибелермен дєлелденеді. Соның бірін қарастырайық. Шыны ыдысқа мыс купоросының судағы ерітіндісі құйылады. Бұл ерітінді қою көгілдір түске ие. Ерітіндінің үстіне сұйықтар араласпайтындай етіп, аса сақтықпен таза су құяды. Мыс купоросы судан ауыр болғандықтан ыдыстың түбінде қалады. Тәжірибенің басында екі сұйықтың арасындағы шекара анық көрінеді. Бірнеше күннен кейін ыдыстағы сұйықтарды бҰлетін шекараның жайыла бастағаны байқалады. Екі аптадан соң шекара жойылады, ал ыдыста ашық көгілдір түсті біртекті сұйық пайда болады (72-сурет). Бұл сұйықтардың араласқандығын білдіреді. Заттардың Ұздігінен араласуы диффузия деп аталады.Диффузия былай түсіндіріледі (73-сурет). Бастапқыда, су мен мыс купоросының олардың шекарасына жақын орналасқан молекулалары бейберекет қозғала отырып, орын ауыстырады. Мыс купоросының молекуласы төменгі қабатына ал судың молекуласы-ерітіндінің үстіне орналасады. Осыдан шекара жайылады. “Бөтен сұйыққа енген молекулалар оның төменгі қабатындағы молекулалармен орын ауыса бастайды. Суйықтардың шекарасын бөлетін шекара одан єрі жайылады. Бұл процесс, молекулалардың үздіксіз бейберекет қозғалысының арқасында, біршама уақыттан соң ыдыстағы барлық сұйықты біртекті күйге єкеледі.”Сонымен диффузия, зат бҰлшектерінің үздіксіз жєне бейберекет қозғалысының себебінен болады. Диффузияда бір заттың бөлшектері екінші зат бөлшектерінің арасына енеді де олар араласады.Диффузия газдарда да, сұйықтарда да, қатты денелерде де жүреді. Диффузия газдарда тез тарайды (сондықтан, ауада иіс өте тез тарайды). Сұйықтарда, диффузия газдарға қарағанда баяу жүреді, себебі, сҒйық молекулалары жиі орналасқандықтан, олардан “Ұту” айтарлықтай қиындық тудырады.Қатты денелерде диффузия өте баяу жреді. Тєжірибелердің бірінде, өте тегістелген қорғасын жєне алтын қабаттары бірінің үстіне бірі қойылып, сығылған. Бес үжылдан соң ол екеуі бір-біріне 1 мм енген.Температура өскен сайын диффузияның жүру жылдамдығы артады. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін процестерде диффузияның үлкен маңызы бар. Мысалы, дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына, ал қаннан теріге енеді.

ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

1. Ең ұсақ бөлшек деген не?

2. Молекула неден тұрады?

3. Элементтер туралы мәлімет.

V. ДК. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты меңгеруін тексеру.

А) атомдар мен молекулалардың крситалдағы орналасу реті.

Ә) Электрондық микроскоппен қарап, тамашалау.

VІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру.

1 тараудың ең маңызды мәселелері бойынша сұрақтар.

А) табиғат құбылыстар.

Ә) физика деген не?

Б) Астраномия нені зерттейді?

В) материя деген не?

Г) табиғатты зерттеудің негізгі әдістері.

Ғ) гипотеза.

Д) физикалық теория.

Е) өлшеу.

VІІ.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

  1. 5 жаттығудың 1-ші есебін шығарып, жекелей шығарту, 4 жаттығудың қалған есебін шығарту.

  2. С тобының есесбін шығарту. (дидактикалық материал)

1. Көлемі 0,002 мм2 бір тамшы май судың бетіне тамып ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылады. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықта.

  1. Өзіндік жұмыс.

А) төмендегі сөздердің «физикалық дене затң ұғымдарына қатыстығын ата. Ұшақ, кітап, мыс, қалам, фрафор, су.

Ә) Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсінесің?

Б) 0,8=? см; 2,9 дм =? м; 380м=? км;

VІІІ.ДК.Үйге тапсырма: 5-жаттығу өзін-өзі тексеру сұратары.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров6
Номер материала ДБ-345434
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх