Инфоурок Другое Другие методич. материалыПойрочный план на тему "Қыс"

Пойрочный план на тему "Қыс"

Скачать материал

Топ: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қыс

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, эксперемент көрсету.

Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.

Ұйымдастыру барысы: Тәрбиешінің іс әрекеті - Шаттық шеңбер құру.

Үлкенге де - Сіз,

Кішіге де – Сіз.

Барша жұртты құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Әдептен озбай, бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Баланың іс әрекеті - Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу апрқылы жібереді.

Ізденуші үйымдастырушы:

  • Балалар, көңіл күйлерің қалай?

  • Тамаша!

  • Ендеше біз Тамаша ойынын ойнап жіберейік. Ойын шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы-жақсы, тамаша деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп, бір бірлеріңе көрсетесіңдер. Тамаша!

  • Күншуақ тобының балалары қандай?

  • Тамаша!

  • Қыс мезгілі қандай?

  • Тамаша!

  • Қар жауған ше?

  • Тамаша!

  • Даниялдың күлгені қандай?

  • Тамаша!

  • Бүгін келген қонақтар қандай?

  • Тамаша!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қанеки, орнымызға отырайық. Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.

Кеше ғана жерді жапты ақ мақта,

Балалар жүр шаңғы теуіп сол жақта.

  • Қар!

  • Дұрыс!

  • Ал қар қай жыл мезгілінде жауады?

  • Қыста.

  • Дұрыс. Сонымен, біздің тіл дамыту сабағының тақырыбы – Қыс.

Балалар, барлығымыз терезеден далаға қарайықшы. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс.

  • Қыста ауарайы қандай болады?

  • Суық болады, үскірік аяз болады, гуілдеп боран соғады, қар жауады.

  • Ендеше боран соққаның қимылмен қалай көрсетеміз? Үскірік аяз болып, тоңғанда не істейміз?

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып, ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады. Балалар қолдарын құыстырып, аяқтарын таптырлатады. Тәрбиеші: Тақтадағы суреттерді көрсете отырып әңгімелеу.

  • Қыс суық, қарлы, боранды, қалың киім киеміз.

Қыстың өзгерістері жайлы әңгімелеу.

  • Қыс мезгілінде неше ай бар? (Атап шығу.) Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

  • Қыста балалар қалай ойнайды?

  • Қыста балалар коньки тебеді, аққала жасайды, қармен ойнайды.

  • Қыста қандай мерекелер бар?

  • Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда, 31 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесі өтіледі. Біз қуана-қуана Аяз ата мен Ақша қарды тосамыз.

  • Балалар, қанеки, мұқият тындап отырындар, мен сендерге әңгіме оқып берейін. Ерте ерте, ертеде Жыл ақсақалдың төрт баласы болыпты. Оның екі ұлы, екі қызы болыпты, үлкен ұлының аты – Қыс, тентек қатты, суық болып өсіпті. Одан кішісі Көктемгүл көңілді, ашық жарқын, сұлулығымен елдің аузында жүріпті. Екінші қызы Жазгүлдің даңқы жайдары, салмақты мінезімен шығыпты. Кенжесі – Күз, сылбыр, ерке болып өскендіктен көңілшек, көзінің жасы бырт-бырт жас тамшылап шыға келеді. Бір жақсысы қолы ашық жомарт болыпты. Жыл ақсақал төртеуінде өте жақсы көрген. Балалары да оны қатты құрметтеп, сыйлапты Жыл ақсақал балаларын өскен кезде шақырып: «Ұлдарым мен қыздарым, ақылдарын толысты, енді мен сендерге төрт мезгілді бөліп беремін, келешектеріңе үлкен сенім артып отырмын, дайынсыңдар ма?» Балалары: «Дайынбыз!» Содан бері Жыл ақсақалдың төрт баласы халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.

Балалар қыстың мінезі қандай?

  • Қатал, тентек.

  • Жыл ақсақалдың үлкен үлының аты кім екен?

  • Қыс.

  • Қыста күн қандай болады? Айнала ағаштар, жер не жамылған? Қыста қардан не жасаймыз? Балалар мен сендерге табиғатқа байланысты халық болжамдарын айтып шығамын. Аспанада жұлдыз көп болса, қыс ұзақ болады. Түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады. Тұман түссе, күн жылынады. Мысық жылы жерді паналаса, аяз болады.

1.Қандай қызық қыс деген!

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен. .

2. Ауа райы құбылды,

Күн қабығы суынды.

Шығыс жақтан жел шығып,

Жауған қарды суырды.

Аяз келіп каһарлы,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

Жерге көрпе жазылды,

Қаймақтанды су беті.

Терезеге салынды

Талай гүлдің суреті.

Тәрбиеші: Балалар, мен қазір сендерге эксперемент жасап көрсетемін. Қардың мұзға, мұздың суға айналатынын көрсетемін. (Балалар алақандарына кішкене мұзды қысып тұрып, мұздың суға айналуын өздері бақылайды.)

Сергіту сәті

Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел есейді.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік биік өседі.

Жұмбақ шешеді және тапсырма орындайды.

Шелек екен қалпағы,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туады,

Тауып көрші сен оны. (Аққала)

Бірінші топ Аққала құрастырады.

Екінші топ Шыршаны бояйды.

Үшінші топ Қысқы заттарды белгілейді.

Сұрақтар: Шыршаның түсі қандай? Шыршаны қай мерекеде құрамыз?

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны - сәбіз үп-үшкір.

Көзі - көмір қап-қара.

  • Аққала неше бөліктерден тұрады?

  • Үш бөліктерден тұрады.

Дидактикалық ойындар: Қар қиыршықтарын кім тез жылдам жинайды?

Сыңарын тап.

Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

Бағалау: Мадақтау.Сыйлықтар беру.

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білуі.

Меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуі, жаңа сөздерінің мәнін түсінуі.

Жасай алуы: Жауап бере білу. Аққаланы құрастырып жасау және шыршаны бояу.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пойрочный план на тему "Қыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 122 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 724
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аймишева Лайла Бекмухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4111
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 313 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 232 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек