Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииПрезентация: Қазақтың атақты күйші, композиторлары

Презентация: Қазақтың атақты күйші, композиторлары

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСГІУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

№14 «Малышок» бөбектер бақшасы КМҚК

 

 

 

 

 

 

Қазақтың атақты

күйші, композиторлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екібастұз қаласы

Коркыт

Коркыт

 

Қорқыт - тарихи тұлға, аҚын жӘне композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені ойып, терісінен қобыз жасайды.

“Қорқыт атаның кітабы” түрік халықтарының эпикалық жазба ескерткіші. Әрбір аңыздың өзіндік сюжеті және олардың әрқайсысының басты қаһарманы Қорқыт ата дана, көсем, басшы, тағдыр туралы болжап пісуші. Аңыз бойынша және Қорқыттың өзінің өтінішімен, оның қабіріне денесімен бірге, желмен дыбысталып тұратын қобыз бірге салынады. Қорқыт атаның құрметіне 1980 жылы Қызылорда облысында архитектуралық ескерткіш салынған. Белгілі қазақ жазушысы, академик Мұхтар Әуезов арқылы әңгімеленетін “Қорқыт туралы аңыздардың” мәні аса жоғары, себебі, ол адамға қызмет ету арқылы өнердің өлмейтіндігін, мәңгіліктігін көрсетеді.

 

 

 

 

Ахмет Жұбанов

Ахмет  Жұбанов

Жұбанов Ахмет (1906-1968)- композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты.

1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды.

Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л.Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жез киік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

Кеңес Дүйсекеев

Кеңес  Дүйсекеев

 

Дүйсекеев Кеңес- композитор. 1946 жылы Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген.

Дүйсекеевтің музыкасында қазақтың ұлттық дәстүрі қазіргі замандық музыка тілімен үндесіп, жаңа сипатқа ие болады. Композитор қолтаңбасының айрықша қасиеттері көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде. Оның шығармашылығының бұл ерекшеліктері мына дүниелерінде анық белгі береді: Камералық оркестрге арналған “Жайлаудағы таң”, “Көшу”, хор капелласына арналған “О, туған жер”. Дүйсекеев ән жанрында да өз бағын сынап, халық жүрегінен жол тапты. Оның әндерін жас та, кәрі де ықыласпен тыңдайды. Оның “Сәлем саған, туған ел” әні эстрада жұлдыздары Р. Рымбаева мен Н.Есқалиеваның репертуарынан белді орын алған.

 

 

 

 

Илья Жақанов

Илья  Жақанов

 

Жақанов Илья - композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С.М. Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. І. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол “Алматы кешінде”, “Асылым”, “Жайлаукөл кештері” және т.б. әндердің авторы “Екі жирен”, “Бірінші концерт” әңгімелер жинағының, “Аққулар қонған айдын көл”, “Ықылас” романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы. «Асылым» әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов.

 

 

 

Ғазиза Жұбанова

Ғазиза  Жұбанова

 

Жұбанова Ғазиза (1927-1993)- композитор, Қазақстанның және ССРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген.

 Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар.

 Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді..

Сыдық Мұхамеджанов

Сыдық  Мұхамеджанов

 

Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991)- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Мұхамеджановтың қаламынан ірі хорлық және вокальды - симфониялық, шығармалар, поэмалар мен сюиталар, камералық шығармалар, әндер, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған әуендер туындады. Оның музыкалық шығармашылығының шоқтығы - “Айсұлу”, “ЖұмбаҚ қыз”, “Ақан сері- Ақтоқты” опералары, “Ғасырлар үні” “Шаттық Отаны” симфониялары, әртүрлі аспаптарға арналған концерттер. С. Мұхамеджанов қандай жанрға қалам тартпасын, оның өзіндік көркемдік қағидасы, фольклормен байланысы, қазақ музыкасының лирикалық-эпикалық дәстүріне сүйенуі анық аңғарылып тұрады.

 

 

Дина Нұрпеисова

Дина  Нұрпеисова

Нурпеисова Дина (1861-1955)- выдающийся представитель традиционного искусства, композитор и исполнитель, ученица великого Курмангазы, народная артистка КазССР. Творчество Дины смыкает прошлое с современностью.

В этом смысле ее творческий путь представляет собой своего рода переходный этап, связующее звено между классическим прошлым и современным состоянием домбровой музыки. Данный переходный этап характеризуется сложностью и противоречивостью, он отмечен крупными событиями в общественно-политической жизни народа (освободительное движение 1916 года, революция, Великая Отечественная война, послевоенный восстановительный период).

Дина, начав свою деятельность в окружении любимых учителей и наставников, прошла через все эти испытания, и в мирное послевоенное время как бы из рук в руки передала великое достижение классиков домбрового искусства. В своих интерпретациях Дина точно сохраняла темы кюев, все особенности формы, но в то же время она драматизировала все музыкальные образы и исполняла кюи в присущей ей яркой, виртуозной, психологически напряженной манере, ломая присущую кюям у равновешенность, делая их ритмически-обостренными, темпово-неустойчивыми, с более активным развитием.

Долгую и трудную жизнь прожила Дина. Но никакие лишения не могли сломить эту гордую и мужественную женщину. Несмотря на трудности, Дина никогда не оставляла своего “старого друга” - домбру. Всю жизнь она совершенствовала свою игру, достигнув того высочайшего мастерства, которое позволяет по словам очевидцев, говорить о ее непревзойденной домбровой технике. Сочинения Дины стали классикой казахской домбровой музыки: кюи “Булбул”, “Коген туп”, “Байжума”, “16 жыл”, “Асем коныр”, “Той бастар”, “Наказ матери”, “Сауыншы”,“8 Марта” и другие. В главе “Легенды” рассказана удивительная история создания кюя “16 жыл” (“16 год”).

Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы  Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат-тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе Құрманғазы күйін тыңдаңыз.

Оның “Сары-Арқа”, “Балбырауын”, “Серпер”, “Адай” сынды күйлері қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады.Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ тойларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы жазыҚсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның “Сары-Арқа”, “Алатау”, “Бұлбұлдың құрқұры” атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, “Кішкентай”, “Төремұрат”, “Адай” күйлері батырлар бейнесін “Қайран шешем”, “Қызыл қайың”, “Кісен ашқан” күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған.

Құрманғазының көптеген күйлері мінезді, шапшаң ырғақты, кең көлемді, домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Күйші батыс Қазақстандық күй өнері мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол өз күйлерінде осы аймаққа тән батырлық тақырыпқа да баса назар аударған. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді. “Аңыздар” тарихында Құрманғазының “Сары-Арқа” күйінің шығу тарихы берілген.

Нұрғиса Тілендиев

Нұрғиса  Тілендиев

 

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998)- дирижер, композитор, домбырашы, ССРО және ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы) бітірген.

1981 жылы “Отырар сазы” қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған жетекшілік етті. Тілендиев - “Алтын таулар” (Қ. Қожамияровпен бірлесіп) операсының, “Достық жолымен” (Л. Степановпен бірлесіп) балетінің, “Ата толғау”, “Аққу” оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы. Тілендиев 100 спектакльге, көркемдік құжатты және мультипликациялық фильмдерге музыка жазды. Тілендиев шығармаларынан қазақтың халық музыкасына тән әуезділік, лиризм,азаматтық пафос пен динамизм ерекше үндестік тапқан.

 

 

Латиф Хамиди

Латиф  Хамиди

 

Хамиди Латыф (1906-1983)- композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің класы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген.

Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “ Жамбыл ” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы-этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды.

 

 

Ескендір Хасанғалиев

Ескендір  Хасанғалиев

 

Хасанғалиев Ескендір- әнші (лирикалыҚ баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі. 1940ж. Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класы бойынша курсты, Әль- Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді.

1970 жылдан бастап, қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің “Әдемі”, “Асыл арман”, “Өмірімнің жазы”, “Атамекен” әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.

Евгений Григорьевич Брусиловский

Евгений Григорьевич Брусиловский

 

Брусиловский Евгений Григорьевич (1905-1982)- композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант.

Ол - “Қыз Жібек”,“Жалбыр”, “Ер Тарғын” операларының, “Сары-арқа”, “Целинная”, “Құрманғазы” симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50 - ден аса әндер мен романстардың авторы. Е.Г. Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация: Қазақтың атақты күйші, композиторлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Презентация: Қазақтың атақты күйші, композиторлары

Қорқыт - тарихи тұлға, аҚын жӘне композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені ойып, терісінен қобыз жасайды.

“Қорқыт атаның кітабы” түрік халықтарының эпикалық жазба ескерткіші. Әрбір аңыздың өзіндік сюжеті және олардың әрқайсысының басты қаһарманы Қорқыт ата дана, көсем, басшы, тағдыр туралы болжап пісуші. Аңыз бойынша және Қорқыттың өзінің өтінішімен, оның қабіріне денесімен бірге, желмен дыбысталып тұратын қобыз бірге салынады. Қорқыт атаның құрметіне 1980 жылы Қызылорда облысында архитектуралық ескерткіш салынған. Белгілі қазақ жазушысы, академик Мұхтар Әуезов арқылы әңгімеленетін “Қорқыт туралы аңыздардың” мәні аса жоғары, себебі, ол адамға қызмет ету арқылы өнердің өлмейтіндігін, мәңгіліктігін көрсетеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2018 11625
    • DOCX 181.5 кбайт
    • 175 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Айгул Бесембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимжанова Айгул Бесембаевна
    Рахимжанова Айгул Бесембаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37137
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с расстройствами аутистического спектра

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование физкультурно-образовательной среды дошкольной организации в соответствии с ФГОС ДО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 123 человека

Курс повышения квалификации

Развитие мышления и речи детей старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе