Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПрезентация Бастауышпен қоштасу. Ертеңгілік

Презентация Бастауышпен қоштасу. Ертеңгілік

Скачать материал

« Бастауышым- балбұлағым!»

Ернұр:  

Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. « Бастауышым- балбұлағым!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті

Енді бастауыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.

( музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға шығады)

 

Ернұр: Бүгін бізге қуанышты және өте қимастықпен білім нәрімен сусындатып 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасатын күн де келген сияқты.Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған  едік. Бүгін бастауыш сыныпты аяқтап,орта буынға көшкелі отырмыз.Осынау қимаста қуанышты сәтте бізбен бірге болғандарыңызға қуаныштымыз.

Бауыржан: Ия, Ернұр дұрыс айтасың. Алғашқы ұстаз! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланы жылы жүзбен қарсы алады.Қолынан жетектеп алып партаға отырғызды.

Ернұр: Достар естеріңе түсіріңдерші.Біз  ұстаз- ананың  көмегімен қағазға алғашқы әріптерді түсірдік, сан санауға үйрендік.Ол бізге қаламсапты қалай ұстау керек екенін көрсетті.Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, онан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандырды. Біз оның көмегімен   қарым-қатынас жасау ережелерін игердік. Тіпті, дұрыс амандасып, дұрыс қоштасуды да  үйрендік.

Ақылжан:  Дұрыс айтасың, Ернұр. Шынында ұстаз- ана таңқаларлық төзімділікпен бізді жан-жақты үйретті.Әр оқушының қасына келіп, қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетті.Содан кейін түсініксіз сөздерді зор ынта қойып ұғындырды.

Нұрасыл: Ұстаз  өзі байқамастан, асқан ерлік жасады.Кенет, біздің алдымызға жаңа, бұрын-соңды естіп, көз көрмеген әлемді жайып салды.Одан біз тап сол кезде Қазақстандай үлкен тәуелсіз  мемлекет бар екендігін естідік.

Ерасыл: Әлемде ғаламат үлкен теңіздер бар екенін, ол теңіздерде таудай кемелер жүретінін білдік.Кәдімгі базардан әкелетін жермайды жер астынан өндіріп алатынына  да көз жеткіздік.

 

Бекзат: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар жиналған болса , ертеңгілігімізді бастайық.Біздікі не тұрыс?

Бауыржан:Дұрыс  айтасыңдар, бастайық  4 жыл тынығуды білмей тыным таппаған ,Ұстазымызда бір дем алып біздің өнерлерімізді тамашаласын.

Сол кезде алып ұшып , алқа –салқа Данияр кіріп келеді

 

Данияр: Ой ,достар, бастап қойдыңдар ма? Мен, не кешігіп қалдым ба?

 

Ернұр:Ия,  Данияр сенің әдетің емеспе әрдайым кешігіп жүретін. Дәл осы жолы үлгердің .

Данияр: Кешіріңдер,достар көңілімді түсірмеңдерші! Бастауышымызбен қоштасу сәтін кереметтей өткізейік.  Жарайды, олай болса, бастайық.

Барлығы бірге тұрып   сәлем береді.

Ұлдар:Ассалаумағалейкум, ағайындар!

Қыздар:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Барлығы:Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

 

Бауыржан :

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!

 

Ернұр:

Армысың сен, алтын ұям мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

 

 Бәрі қосылып бірге:

 Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам.

Сенен өсіп,сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып сан тарапқа тараған.

 

Ернұр:

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған. Келесі кезекте шырқалар  «  Мектебім» әнін сүйікті мектебімізге арнаймыз.

Хор : Мектебім

 

 

Бауыржан:

Ернұр, біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.

 

 Ернұр

Дұрыс айтасың, Бауыржан! Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!

 

5 оқушы шығады:  

Ұ – ұлағатты            Балғындарға баянды,

Мұханбетали           Сырын төккен ұстазым!

С – салмақты            Шәкіртіне аяулы,

     Ерасыл                Нұрын төккен ұстазым!

Т – танымал             Есейіп ертең кетсең де,

    Нұрасыл               Шәкіртпін ұстаз алдында.

А – ардақты              Білім – ойдың сұлуын

      Мадияр                Асу еткен ұстазым. 

З – зиялы                  Жүрегінің жылуын

    Мансұр                Шашу еткен ұстазым.

 

Бауыржан:

Біз ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде басымыздан сипап қалам ұстатып, партаға түзу отыру мен жүріс тұрысымызды үйреткен Үрзада  апайға басымызды иеміз.Апай жүз жасаңыз. Ендігі сөз кезегін Үрзада апайға береміз.

Ернұр:

Жібек мінез салмақты.

Бәрімізге ардақты,

Үйреткен  ұқыптылықты,

Рахмет Алтын  апайға.

Бауыржан

Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен алғашқы ұстазымызға арнап «Алғашқы ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Хор: «Алғашқы ұстазым»

 Ернұр: біздің сынып оқушылары қай сайыстан болсада орынсыз қайтпайды. Соның бәрі осы ұстаздарымыздың арқасы. Біздің сыныптың тең жартысы түрлі үйірмелерге қатысып республикалық, облыстық, аудандық сайыстардан жүлделі орынмен келип жүр. Ендеше сол оқушылардың өнерімен танысайық.

(Үйірмеге қатысатындар өнерлерін көрсетеді. Мансұр, А.Нұрай, Ә.Нұрай,  Бауыржан мен Нұрасыл)

 

Би: Қазақ биі

 

Бауыржан: Иа, Ернұр дұрыс айтасың біздің сынып тіпті интернет олимпиадан да, мектепішілік олимпиаданда, аудандық олимпиаданда орынсыз қайтпайды. Құтттықтаймыз сыныптастар осы қарқынымыздан қайтпай әліде талай сайыстардан орын алып мектеп абыройын асқақтатамыз .

 

Ән:                                      орындайтын Рабия

Би: флешмоб ұлдар тобы

Күй:                                       орындайтын Зарина

 

Ернұр:   Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Бауыржан  Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді сіздерге арнаймыз.

Ән: «Әке- ана»  орындайтын

Күй:                              орындайтын Бекзат

Би:  Флешмоб қыздар

Пародия: Алло әніне, Заттыбекке

Би: Стюардесса

 

Ернұр:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Әрбір қателігімізді кешіре білген,жүзі жылы, құшағы кең , ойлылық пен парасаттылыққа жетелеген.әрбір балдырғанды тура жолды таңдай білсе,бақытым сол деп қуанған –ұстазымыз, жанашырымыз Алтын апайды қошаметтеп ортаға шақырамыз.

Алтын апай сөз сйлейді

 

Хормен:

Берген білім. Ерен күш.

Ұстазыма мың алғыс!

Бауыржан:

Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.

Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз

 

Хор «Сыныптастар, құрдастар»

 

Ернұр: Ендігі сөз кезегін бастауыш сынып бойынша оқу ісінің меңгерушісі Рахова Клара апайға беріледі.

 

Бауыржан:

Жаңбырменен жер көгерер

Батаменен ел көгерер – дегендей, ендігі кезекте ата-аналардан бата алсақ

 

Ернұр

Сыныптастап, құрдастар

Жүктелер бар аманат.

Айтылды ізгі тілектер

Болмасын еш жаманат

Бастауышта оқыдық.

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Бауыржан:

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар!

Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құттықтау сөз

1.Мектеп басшылары

2.Ата- аналарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          ҚҰРМЕТТІ АТА- АНА!!!

 

 

 


Сіздерге мектеп ішіндегі қоғамдық жұмыстарға

белсене қатысқандарыңызға   және

балаңызға ұлағатты тәрбие мен үлгілі өнеге

көрсеткендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз

 

 

                   Мектеп директоры:             Г.Т.Хасенова             

                   Сынып жетекшісі:                А.А.Косетова

 

 

                                         Үшарал қаласы

                                               2015 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жанельдің мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Қиындыққа кездеспей болсын  жайлы.

 

2.Асия адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

 

3.Еңбекқор, әзілкештік бойында бар,

Қате істі әрқашан мойындатар.

Әр ісіне жауапты Даниял да

Арманың болашақта орындалар.

 

4. Әдепті ол сақтайды.

    Әділетті жақтайды.

    Алижанды  апайлар

   Тәртіпті деп мақтайды.

 

5.Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

Жұлдызай - сен елімінің ертеңісің

 

6.Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

Бекзат сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

 

7.Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Ернұржан болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

 

8.Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

  Мадияр   сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсың бақытыңды.

 

9.Дианадай әншіміз бар мақтанамыз,

Әніне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Дианаға ақ тілекті ақтарамыз.

 

10.Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайтын ойланбастан тыныпта

Мәди біздің өнегелі өнерлі

Арасында достарының беделді.

 

11. Бойында алаулаған жалын,

     Жақсылық толғандырып жанын.

     Аяулым біздің қайтпай үйге

     Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

  12.Жыр оқып, тарихын ол танытқан.

        Кітап оқып білімін де дамытқан.

        Сағи сыныбымыздың озаты.

        Білімін ол болаттай қып қорытқан.

    13. Аңқау, бірақ ақылды

       Сыйлап жүрер жақынды

       Данияр  біздің     ұлдарды,

       Тәртіпке әркез шақырды.

 

   14.   Білімді алғыр жан-жақты.

      Қыздарымыз сымбатты.

      Мадина біздің әрқашан

      Досымыз болар қымбатты.

 

15.    Келеді сонау қашықтан.

        Мектепке әркез асыққан.

        Али біздің ақкөңіл

        Көңілі дария тасыған.

 

 .

 

 

 

 

 

 

 

«Сыныптастар, құрдастар»

 ( Армандастар әнінің әуенімен)

 

1.Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз

Ұстаздар-ау жақсы істі қоштасаңыз

Үлкен сынып балалармен  достасамыз,

Сыныптастар, құрдастар.

 

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де өмір жолын бастап едік.

Білімменен алға, білімменен алға.

Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар

 

2.Білімменен көрсетелік біздер қызмет

Білім берген ұстазыма көп-көп рахмет.

Көрсетпесін өмір өзен еш тауқымет.

Сыныптастар, құрдастар.

 

3.Толқындай жатқан жаңа жағаны ұрып,

Ойыны балалардың қалды тынып,

Қоштасып сеніменен ақырғы рет,

Сыныптастар, құрдастар.

 

 

 


«Сыныптастар, құрдастар»

 ( Армандастар әнінің әуенімен)

 

1.Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз

Ұстаздар-ау жақсы істі қоштасаңыз

Үлкен сынып балалармен  достасамыз,

Сыныптастар, құрдастар.

 

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де өмір жолын бастап едік.

Білімменен алға, білімменен алға.

Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар

 

2.Білімменен көрсетелік біздер қызмет

Білім берген ұстазыма көп-көп рахмет.

Көрсетпесін өмір өзен еш тауқымет.

Балалық босағада қалды тұрып.

Сыныптастар, құрдастар.

 

3.Толқындай жатқан жаңа жағаны ұрып,

Ойыны балалардың қалды тынып,

Қоштасып сеніменен ақырғы рет,

Балалық босағада қалды тұрып.

Сыныптастар, құрдастар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектебім   сәулетті   мекенім.

 

1.Сәулесін  төгеді  көкте күн.
Жайнай түс  сүйікті мектебім.
Балауса  балдырған  шағымда,
Өзіңнен  аларым көп менің.

 

Қайырмасы:

Мектебім   сәулетті   мекенім.
Баурында  түлеймін  жетемін.
Сен   бұлақ,   мен  қайың  бүр ашқан,
Өзіңнен  нәр  алып   өсемін
.

2.Ұстаздың  мейрімі  тәрізді.
Жадымда  қалады  әр  ізгі  үн.
Елімнің  тарихын  танытқан.
Мектебім  өзіңе  қарызбын.

Қайырмасы.
 
3.Мектебім  мереке  ән  бердің.
Өзіңнен  арайлы  таң  көрдім.
Асылын  үйреттің  жалықпай,
Сан  түрлі  қызықты  әндердің.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анашым қартаймашы жалынамын

1.Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй – тәй қуанып 
Тұсауымды кестірген

Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұстазым»

 

1.Білім теңіздей сен едің мені жетелеген

Қарыз боп саған өмір бойы мен өте берем

Жемісім осы ұстазым саған берем,

Атяңды сенің әніме қосып өтемін мен

 

Қайырмасы:

Ардақты менің ұстазым,

Білімнің аштың есігін

Арманға мені жетелеген, ұстазым

Аяулы менің ұстазым

Өнеге бердің өмірде

Арм анға мені жетелеген сенсің

 

2.Биікке ұшсам сүйсініп маған көп қарадың

Ұстамдылық пен қайсарлығыңа таң қаламын

Шәкіртің үшін сен адал жансың, әрқашан

Өзіңе арнап ұстазым деп мен ән саламын

 

 Қайырмасы:

Ардақты менің ұстазым,

Білімнің аштың есігін

Арманға мені жетелеген, ұстазым

Аяулы менің ұстазым

Өнеге бердің өмірде

Арм анға мені жетелеген сенсің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация Бастауышпен қоштасу. Ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 666 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2018 2802
    • DOCX 88.5 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаненова Алтын Бурамбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаненова Алтын Бурамбаевна
    Шаненова Алтын Бурамбаевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26092
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 120 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека