Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация. Фольклор. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

Презентация. Фольклор. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

Скачать материал
Скачать материал "Презентация. Фольклор. Қазақ халқының ауыз әдебиеті."

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Халық даналығы-халық мұрасы”тақырыбына жасалған зерттеу жұмысының жобасы

    1 слайд

    “Халық даналығы-халық мұрасы”
    тақырыбына жасалған зерттеу жұмысының жобасы

  • І бөлім: Мақал-мәтелдер- халық мұрасы
ІІ бөлім: Тұрмыс-салт жырлары
ІІІ бөлім...

    2 слайд

    І бөлім: Мақал-мәтелдер- халық мұрасы
    ІІ бөлім: Тұрмыс-салт жырлары
    ІІІ бөлім: Қазақ ырымдары
    IV бөлім: Жұмбақтар
    V бөлім: Жаңылтпаштар
    VІ бөлім: Санамақтар
    VІІ бөлім: Ертегілер

  • Кез келген халықтың ауыз әдебиеті бар. Ауыз әдебиеті ғылымда “фольклор” деп а...

    3 слайд

    Кез келген халықтың ауыз әдебиеті бар. Ауыз әдебиеті ғылымда “фольклор” деп аталады.
    Фольклор-ағылшын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда “халық шығармасы”, “халықтың ауызша
    шығарған көркем сөздері” деген мағынаны білдіреді. Ауыз әдебиеті жазба әдебиетінен бұрын туған.
    Шығармалар ауыздан-ауызға ауызша тарап, біздің заманымызға дейін жетіп, өзгерістерге ұшыраған.
    Айтушылар өздерінің өзгертулерін енгізіп отырған. Сондықтан ауыз әдебиеті-көп нұсқалы болып
    келеді. Жазу болмағандықтан алғашқы шығарушылар ұмытылып қала берген. Ауыз әдебиетінің
    шығармаларының белгілі, нақты авторы жоқ.
    Ауыз әдебиеті-ұжымдық шығарма. Ауыз әдебиеті шығармаларында қайталаулар, тұрақты ұйқастар,
    қалыптасқан дағдылы сөздер жиі кездеседі. Мысалы: қазақ ертегілерінің басым көпшілігі:
    “Ерте, ерте, ерте мекен,
    Ешкі жүні бөрте екен,
    Қырғауылы қызыл екен,
    Құйрық жүні ұзын екен”-деген жолдарымен басталады.
    Қазақ халқының ауыз әдебиеті
    Кіріспе сөз

  • - халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдерін       тәрбиелеуге ықпал ету...

    4 слайд

    - халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдерін
    тәрбиелеуге ықпал ету:
    - оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке,
    халықтық мұраларды, салт-дәстүрлерді
    - құрметтеуге, ата-бабаларымыздың өсиетін, бізге
    қалдырған баға жетпес тәрбиесін
    оқушылардың бойына сіңіру;
    - шәкірттерге рухани-эстетикалық тәрбие беруге
    ықпал ету.
    -оқушылардың дүниетанымын қалыптасуына ықпал
    ету, халқының әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу;
    - оқушылардың бойында танымдық
    құзыреттілігін дмыту;
    -үлттық құндылықтарды оқушы бойына
    сіңіру;
    - оқушыларды жас ерекшелігі
    мүмкіндіктеріне қарай мәдени ортаңа
    баулу;
    - көпмәдениетті өзге ұлттар әдебиетін
    құрметтейтін тұлға тәрбиелеу.
    Мақсаты:
    Міндеті:

  • жобаларды іске асыруда  қазақ халқының ұлттық рухын, ұлттық мәдениетін танып...

    5 слайд

    жобаларды іске асыруда қазақ халқының ұлттық рухын, ұлттық мәдениетін танып білу, күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту;

    мақал-мәтелді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады;

    мақал-мәтелдер оқушыларды ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты;

    мақал-мәтелдерден керекті ақылдың бәрін таба аламыз, нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білеміз;

    адасқан уақытта адамға бағыт беріп отырады.
    Жобаның Өзектілігі:

  • Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеу;Ұлттық қазынаны   насихаттау:  Бала...

    6 слайд

    Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеу;

    Ұлттық қазынаны насихаттау:

    Бала бойындағы шығарашылық қабілетін ояту
    Зерттеу бағыттары:


  • Қазақ халқының ауыз-әдебиеті:Мақал-мәтелдерЖұмбақтарЕртегілерТұрмыс-салт 
жыр...

    7 слайд

    Қазақ халқының ауыз-әдебиеті:
    Мақал-мәтелдер
    Жұмбақтар
    Ертегілер
    Тұрмыс-салт
    жырлары
    Қазақ ырымдары
    Жаңылтпашатар
    Санамақтар

  • Қазақ ауыз әдебиетінің 
негізгі түрлеріЕртегілерМақал-мәтелдерЖұмбақтарАйтыс...

    8 слайд

    Қазақ ауыз әдебиетінің
    негізгі түрлері
    Ертегілер
    Мақал-мәтелдер
    Жұмбақтар
    Айтыс өлеңдері
    Тұрмыс-салт жырлары

  • Мақал-мәтел  халық өмірінен алынған. Ауыз әдебиетінің кең тараған түрі- мақал...

    9 слайд

    Мақал-мәтел халық өмірінен алынған. Ауыз әдебиетінің кең тараған түрі- мақал-мәтелдер.
    Оның көлемі шағын, ал мағынасы терең. Олардың тақырыптары әр-алуан: бірлікке,
    адамгершілікке, еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, Отанды сүюге, еңбектенуге, достық,
    өнер, білім, ғылымға шақырады.
    Мақал- мәтелдер талай замандар бойы қалаптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халық
    мұрасы. сондықтан халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Соның ішінде үлкен бір
    саласы оқу, білім, ғылымға арналып, ерекше орын алады.
    Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
    Мақал -мәтелдер – бізге ата-бабаларымыздың қалдырған мұрасы. Сондықтан оның авторы
    – халық. Мақал – мәтелдерден халқымыздың өсиетін үйрене аламыз. Әрбірінен баға жетпес
    үлгі өнеге көре аламыз. Мақал-мәтелдерді түсінген адам өмірде табысқа жетеді.
    Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні
    басымдау болатын халық мұрасы.
    І бөлім:
    Мақал-мәтелдер - халық даналығы.

  • Мақал-мәтелдер тақырыптары:Отан, туған жер, туған елБатырлық, ерлікЕңбек, өне...

    10 слайд

    Мақал-мәтелдер тақырыптары:
    Отан, туған жер, туған ел
    Батырлық, ерлік
    Еңбек, өнер, білім, оқу, ғылым
    Еңбек, өнер, білім, оқу, ғылым
    Ынтымақ, бірлік, достық

  • Мәтелдің мақалдан ерекшелігі:Көбіне бір бөлімді боладыКөбіне бір бөлімді бола...

    11 слайд

    Мәтелдің мақалдан ерекшелігі:
    Көбіне бір бөлімді болады
    Көбіне бір бөлімді болады
    Көбіне бір бөлімді болады

  • Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі маржан сөздер-мақал-мәтелдер.Отан, туған ж...

    12 слайд

    Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі маржан сөздер-мақал-мәтелдер.
    Отан, туған жер, атамекен туралы.

    Туған жердей жер болмас,
    Туған елдей ел болмас.

    Отан-оттан да ыстық
    Отансыз адам,
    Ормансыз бұлбұл.

    Отанды сүю- от басынан басталады

    Отан-елдің анасы,
    Ел-ердің анасы.

  • Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі маржан сөздер-мақал-мәтелдер.Оқу, білім, ғ...

    13 слайд

    Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі маржан сөздер-мақал-мәтелдер.
    Оқу, білім, ғылым туралы.

    Ақыл азбайды,
    Білім тозбайды.

    Ғылым-теңіз, білім-қайық
    Оқу-білім азығы,
    Білім-ырыс қазығы

    Оқу-білім бұлағы,
    Білім өнер шырағы

  • Тұрмыс-салт жырларының басты түрлеріне еңбек және шаруашылық кәсібінебайланы...

    14 слайд

    Тұрмыс-салт жырларының басты түрлеріне еңбек және шаруашылық кәсібіне
    байланысты өлең-жырлар және әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар жатады.
    Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туындаған өлең-жырларға жататындар-төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, аңшылық туралы өлеңдер мен наурыз жырлары.
    Әдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты туған өлең-жырларға жататындар-тойбастар, жар-жар, беташар.
    Тұрмыс-салт жырларының еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты түрі төрт түлік малға арналған. Төрт түлік малға қазақ халқы түйені, жылқыны, сиырды, қойды
    жатқызған. Кейде ұсақ мал ретінде ешкі де қоймен бірге түлік түріне саналған. Төрт түлік мал-қазақ халқының күнкөрісінің негізі. Ол сауса-сүт, сойса-ет, кисе-киім, мінсе-көлік.
    ІІ бөлім: Тұрмыс-салт жырлары

  • Төлдердің піріҚой атасы -Шопан ата
Ешкі атасы-Сексек атаТүйе атасы- Ойсыл қар...

    15 слайд

    Төлдердің пірі
    Қой атасы -Шопан ата
    Ешкі атасы-Сексек ата
    Түйе атасы- Ойсыл қара
    Жылқы атасы-Қамбар ата,
    Сиыр атасы- Зеңгі баба

  • Төрт түлік туралы өлеңдер.Төлді қалай шақырады?Қой баласы-қоңырым,
Ұя бұзбас...

    16 слайд

    Төрт түлік туралы өлеңдер.
    Төлді қалай шақырады?
    Қой баласы-қоңырым,
    Ұя бұзбас момыным,
    Шопан ата түлігі-
    Қошақаным қайдасың?
    Пұшайт, пұшайт!
    Қойдың жаңа туылған төлі-
    қозы,
    Ереке аты - қошақан.

  • Төрт түлік туралы өлеңдер.Төлді қалай шақырады?Жүнін жұлса бақырған,
Ешкі ат...

    17 слайд

    Төрт түлік туралы өлеңдер.
    Төлді қалай шақырады?
    Жүнін жұлса бақырған,
    Ешкі атасын шақырған.
    Өрісте өскен жануар-
    Шөкетайым, қайдасың?
    Шөре, шөре!
    Ешкі жаңа туылған төлі-лақ,
    Ереке аты-лакеш.

  • Төрт түлік туралы өлеңдер.Төлді қалай шақырады?Жолға шықсам көлігім,
Жапанда...

    18 слайд

    Төрт түлік туралы өлеңдер.
    Төлді қалай шақырады?
    Жолға шықсам көлігім,
    Жапанда жүрсем серігім,
    Қамбар ата өсірген
    Құла атым менің, қайдасың?
    Құрау, құрау!
    Жылқының жаңа туылған
    төлі-құлын,
    Ереке аты- құлыншақ.

  • Төрт түлік туралы өлеңдер.Төлді қалай шақырады?Тілімен мұрнын жалаған,
Тілім...

    19 слайд

    Төрт түлік туралы өлеңдер.
    Төлді қалай шақырады?
    Тілімен мұрнын жалаған,
    Тілімен бойын тараған.
    Көкке мұрнын шүйірген,
    Зеңгі баба өсірген
    Әукешім менің қайдасың?
    Аухау, аухау!
    Сиырдың жаңа туылған
    төлі-бұзау,
    Ереке аты- бұзауқан.

  • Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар

    20 слайд

    Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар

  • Бесік жайлы аңызЖоңғарлар шапқан  соң тоз-тоз болған
ел тау жаққа қарай босып...

    21 слайд

    Бесік жайлы аңыз
    Жоңғарлар шапқан соң тоз-тоз болған
    ел тау жаққа қарай босып көшкенде,
    жүкті жас келіншек бос бесікті арқалап
    бара жатқан көрінеді. Сонда Төле
    бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына
    бейшараның көрпе-жастығын тастап,
    бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай»,
    – дегенде, Төле би: «Баланың бесігі –
    кең дүниенің есігі ғой», – деген екен.
    ( «Балдырған» журналынан)

  • Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырларБесік жырыӘлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесік...

    22 слайд

    Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар
    Бесік жыры
    Әлди, әлди, ақ бөпем,
    Ақ бесікке жат, бөпем!
    Айналайын күн бөпем,
    Бурыл тайға мін, бөпем!
    Әлди, әлди, аппағым,
    Қойдың жүні қалпағың.
    Жұртқа жаман болса да,
    Өзім сүйген аппағым.

  • Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырларТұсау кесу жырыҚаз-қаз, балам, қаз, бала...

    23 слайд

    Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар
    Тұсау кесу жыры
    Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
    Қадам бассаң, мәз болам.
    Күрмеуінді шешейін,
    Тұсауынды кесейін.
    Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
    Тақымыңды жаз, балам.
    Қадамына қарайық,
    Басқанынды санайық.

  • Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырларБеташарБетіңді, келін,...

    24 слайд

    Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар
    Беташар
    Бетіңді, келін,
    ашқаным,
    Жаңа жұртқа
    қосқаным.
    Жасы үлкенді
    сыйлап жүр,
    Құрмет қылып
    жасқанып.
    Балалық күнің өтті
    енді,
    Аналық күнің жетті
    енді.
    Жаңа дәурен есігі
    Алдыңнан енді
    ашылды.

  • Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар.Наурыз өлеңдері.Жар-жарБұл өмірге ылайы...

    25 слайд

    Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар.
    Наурыз өлеңдері.
    Жар-жар
    Бұл өмірге ылайық
    Семья құрып жар-жар.
    Келеді әне екі жас
    Топты жарып жар- жар.
    Ұялмандар, келіңдер
    Күтудеміз жар-жар.
    Жас келінді көруге
    Асығуда жар-жар.

    Ұлы тойды бастайын,
    Той бастап, ой тастайын!
    Күн, Ай туды жаңаша,
    Күлкі, шаттық тамаша!
    Ұлыс оң болсын,
    Ақ мол болсын,
    Қайда барсаң жол болсын!
    Ұлыс бақты болсын,
    Төрт түлік ақты болсын,
    Ұлыс береке берсін,
    Пәле-жала жерге енсін!

  • Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі,өнеге түрлер...

    26 слайд

    Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі,
    өнеге түрлерінің бірі-тыйым, яғни тыйым сөздер. Бұл-балалар мен
    жастарға, “Жирен жаман әдеттен” дегендей жаман істерден
    сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза
    халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар әркімді теріс
    мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында
    тізені құшақтау-жалғыз қалудың, үлкеннің жолың кесу-әдепсіздіктің,
    қолды төбеге қою-жұрттан безінудің белгісі деп таныған қатаң тыйым
    салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
    Табу сөз (бұрмалау) - қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.
    Табу – Индонезия тіліндегі «тыйым салу» деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы.
    Табу сөздердің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.
    ІІІ бөлім: Тыйым (дәстүр, тәрбие). Қазақ ырымдары.

  • У казахов с древнейших времен существует такое понятие как табу(запрет). Как...

    27 слайд

    У казахов с древнейших времен существует такое понятие как табу
    (запрет). Как и у других народов, и у казахов существовали запреты, порой
    основанные на суевериях. Например: обнимают колени те, кому больше некого
    обнять; свистеть в доме - высвистывать благополучие; опираться о землю или
    подпирают руками бока-только женщины, оплакивающие погибших мужей и
    сыновей; наступать на порог, а также дарить близким людям нож или собаку-к
    вражде и т.д. Были запреты и этического характера. Считалось верхом
    невоспитанности пересекать доргу старшему. Табу накладывали на какие-нибудь
    предметы, зверей, птиц, имена людей, детали окружающей природы,
    космической планеты. Существует запрет убивать некоторых птиц: лебедей,
    орлов, кошек. Нельзя, если это ни к чему-топтать и рвать цветы, растения. У
    Европейцев цветы дарить-прекрасно, но в казахской психологии - цветы
    прекрасны там, где они растут.
    Табу. Тыйым-запрет.
    Қазақ ырымдары.

  • Табу. Қазақ ырымдарыАйды қолмен сілтеп көрсетпе. Себебі ай, күн, жұлдыз, жай...

    28 слайд

    Табу. Қазақ ырымдары
    Айды қолмен сілтеп көрсетпе. Себебі ай, күн, жұлдыз, жай халыққа сырлыдүние болып көрінген. Сондықтанкиелі нәрсені саусақпен шұқыпкөрсетуге болмайды.
    Жұлдыз санама.
    Бұл ұғым планетаға байланысты. Отқа су құйма, түкірме, күлді баспа. Кезінде ата-бабаларымыз отқа да табынған. От– өмір, тіршіліктің көзі саналған. Жас түскен келінді отқа шақыру, отқа май құю, от – ана, отта қасиет бар деген ұғымнан алынған.
    Шамды үрлеп сөндірме.
    Себебі, майшам – от, от – киелі жанып
    тұрған шам бақыт деп саналған. Оны
    үрлеп сөндіру өз бақытынды өзің
    өшіргенмен бірдей.

  • Күн шыққан соң ұйықтама. Күн
батарда ұйықтама. Ауру адамның өзі
күн батарда б...

    29 слайд

    Күн шыққан соң ұйықтама. Күн
    батарда ұйықтама. Ауру адамның өзі
    күн батарда басын көтеріп отырады.
    Күн – ұлы, киелі планета, оған батарда жол беру керек ұғымды білдіреді.
    Дастарқанды, тамақты баспа.
    Нанды шашпа, жерге тастама, нанды баспа, нанды рәсуа етпе, үстіне басқа зат қойма.
    Суды сыпырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
    Ас ішкен ыдысыңды төңкеріп қойма. Ол ырысыңнан таусылғандығын білдіреді.
    Дәмді табақтың ортасынан алма. Өз алдынан алып же.
    Нанды бір қолыңмен үзбе.
    Асты үрлеме, ішкен асынды жамандама.
    Асты қорлама.

  • Дастарқанды, тамақты, ыдысты аттама.
Тамақ үстінен аттамайды.
Таңертеңгі асты...

    30 слайд

    Дастарқанды, тамақты, ыдысты аттама.
    Тамақ үстінен аттамайды.
    Таңертеңгі асты тастама.
    Асты жамандамайды.
    Қол жумай, асты ішпейді.
    Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді, жаман сөз айтпайды.
    Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.
    Көшеде, түргеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді.
    Түнде тамақтың бетін жауып қояды.
    Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды.
    Әкесі бар адам бас ұстамайды.
    Суды қарызға сұрамайды.
    Дастарқанда бата сұрамай, ешкім орнына тұрмайды

    Босағаға сүйенбе, керме – деп те
    ескертеді. Бұл босаға, шаңырақ – киелі
    дүниелер. Қыз жағы отау көтеріп
    беретін жағдайда, ұл жағы тек босаға,
    шаңырақ апарады. Халық арасында:
    «Шаңырағын шайқалмасың, босағаң
    берік болсын!» - дейтін жақсы бата,
    тілек бар. Бұл киелі босағаны
    құрметтеу болса, екінші жағынан,
    басына күн туып, қайғы-зарға
    ұшырған адам босағаға сүйене
    зарлайды. Сол үшін босағаға сүйенуді
    халық жаман ырымға жориды. Босаға
    қашанда ашық, еркін тұруға тиіс.

  • Аққуды атпа.Құстардың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.Үйге кіріп кеткен жыланд...

    31 слайд

    Аққуды атпа.
    Құстардың ұясын бұзба,
    Жұмыртқасын жарма.
    Үйге кіріп кеткен жыланды өлтіруге болмайды,
    Басына ақ құйып шығарады.
    Жұлдыз санама

  • Жұмбақтар да – қазақ ауыз әдебиетінің өте ерте заманнан келе жатқан бір түрі....

    32 слайд

    Жұмбақтар да – қазақ ауыз әдебиетінің өте ерте заманнан келе жатқан бір түрі. Онда адам өмірі мен тіршілігі, табиғаттың барлық саласы жөнінде қысқа, көркем және қызықты, астарлы түрде айтылады. Қазақ жерінде балалар мен жастар жиналғанда жұмбақ айтысу өткізіп, ой жүйріктігін сынға салып отырған. Жұмбақты дұрыс шешу үшін бір затты екінші бір заттың түр-түсіне теңеп салыстыру, олардың ұқсас және еркеше жерлерін байқай
    білу қажет. Жұмбақ көп оқуды талап етеді. Адамды көркем сөзге үйретеді, адамның ой-қиялын дамытады.
    IV бөлім: Жұмбақтар

  • Хайуанаттар мен     
   жәндіктер, құстар         
   мен өсімдіктер...

    33 слайд


    Хайуанаттар мен
    жәндіктер, құстар
    мен өсімдіктер
    Құрал, үй,
    шаруашылық
    жабдықтары
    Адам және оның
    дене мүшелері,
    тамақ
    Табиғат,
    қоршаған орта
    Оқу, білім,
    уақыт, техника
    Жұмбақтар тақырыптары:

  • Жұмбақтар.Хайуанаттар мен жәндіктер  туралыЕрте тұрады,
Жар салады. 

Отбасы...

    34 слайд

    Жұмбақтар.
    Хайуанаттар мен жәндіктер туралы
    Ерте тұрады,
    Жар салады.

    Отбасында құмған,
    Екі көзін жұмған.


    Кішкентай ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.

    Жол үстінде қу қазық,
    Мергеншіге жол азық.


    Қанжардай тісі бар,
    Тасыған күші бар.
    Жалбыраған шашы,
    Білсең айт бұл аңды.
    ( а...................н)

  • Жұмбақтар.Өсімдіктер, жеміс-жидектер туралы.Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қа...

    35 слайд

    Жұмбақтар.
    Өсімдіктер, жеміс-жидектер туралы.
    Бұл не деген көп киім,
    Жетпіс қабат көк киім.
    Жаңбыр одан өтпейді,
    Қабат-қабат тоны бар,
    Түймелеуге жетпейді

    Қалың киім ұанатады,
    шешіндірсең, жылатады.

    Жер астында жез қазық,
    Жеуге болар ас қазық.

    Аласа тауда алуан алма,
    Алқызыл болмай, аузыңа салма.

  • Жұмбақтар.Жер, табиғат туралы.Жылт-жылт еткен,
Жырдан өткен.

Қанаты жоқ-ұша...

    36 слайд

    Жұмбақтар.
    Жер, табиғат туралы.
    Жылт-жылт еткен,
    Жырдан өткен.

    Қанаты жоқ-ұшады,
    Аяғы жоқ-қашады.

    Мамықтай ұлпа,
    Қанттай ақ.
    Қыста жер бетін басады,
    Жазда сайға қашады.

    Үй үстінде ұсақ тас

    Көтеріліп теңізден,
    Аспанға биік барамын.
    Биіктен қайта түскенде,
    Өңі кірер даланың.

    Аспандағы алып доп,
    Жарқырайды жарық боп.


  • Жаңылтпаштар да - халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Жаңылтпаштардың сөздері ұй...

    37 слайд

    Жаңылтпаштар да - халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Жаңылтпаштардың сөздері ұйқасып келеді, әр сөзі тез айту үшін құрылады. Жаңылтпашты жаңылмай, тез-тез айту үлкен өнер болып саналады. Олар тіл ширатуға, дыбыстарды дұрыс айтуға, есте сақтау қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Жаңылтпаштардың мазмұны әртүрлі болып келеді, олар да адам өмірінің барлық саласын қамтиды.
    V бөлім: Жаңылтпаштар

  • Ертегілер - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі. Алд...

    38 слайд

    Ертегілер - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді
    саласының бірі. Алдар көсе - өте қу , айлакер, шешен,
    ақылды адам ретінде суреттеледі.Ол ақылсыз байларды
    алдап, қулығын асырып, ақылының артық екенін көрсетеді.
    Қазақ аңыздарындағы Жиренше шешен, Алдар көсе,
    Қожанасыр, Қорқыт және тағы басқалар қарапайым адамдар
    ретінде суреттеледі. Олар ақылды, дана, әділ, шешен адамдар
    ретінде халықтың сүйікті кейіпкерлеріне айналды.
    VІІ бөлім: Ертегілер

  • Жұмбақтар.Оқу құралдар туралы.Бір үйде көп бала,
Біреуі-көк бала,
Біреуі-қыз...

    39 слайд

    Жұмбақтар.
    Оқу құралдар туралы.
    Бір үйде көп бала,
    Біреуі-көк бала,
    Біреуі-қызыл бала,
    Біреуі-қара бала,
    Біреуі-сары бала
    Жазу жазып жалықпаған,
    Жаза-жаза арықтаған.

    Қабат-қабат қаттама,
    Ақылың болса, аттама.

    Ойнақтаса қолыңда
    Із қалмайды соңында.

  • Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен...

    40 слайд

    Шелек қалпақ басында,
    Сәбіз екен танауы.
    Қыста қардан туатын,
    Тауып көрші сен оны.

    Аяғыма байладым,
    Қос таяқпен айдадым.
    (...........)
    Жаздай тынығады,
    Қыстай зымырайды.
    (...)

    Қыс айында, мұз айдында
    Жүгірсе зыр етеді.
    Бір адамды екеу ара
    Көтеріп ап кетеді.
    (...........)

  • ЖаңылтпаштарАқ шар бар
Көк шар бар
Көп шар бар
Төрт шар барТоп бала,топ бала,...

    41 слайд

    Жаңылтпаштар
    Ақ шар бар
    Көк шар бар
    Көп шар бар
    Төрт шар бар
    Топ бала,топ бала,
    Ойнап жүр топтала.
    Зымырап допты ала,
    Қуады көп бала
    Ұшты-ұшты, кім ұшты?
    Қысқыш ұшты, қыш ұшты.
    Қысқыш ұшпас, қыш та ұшпас.
    Ұшса ұшар, құс ұшар.
    Қашан қысқыш, қыш ұшты.
    Үйір-үйір үйректі
    Үйірге кім үйретті?
    Үйір-үйір үйректі
    Үйірге өзім үйреттім.

  • VІ бөлім: СанамақтарБіреу –деп, 
Екеу-деп,
Үшеу-деп,
Төртеу-деп,
Бесеу-деп
Ал...

    42 слайд

    VІ бөлім: Санамақтар
    Біреу –деп,
    Екеу-деп,
    Үшеу-деп,
    Төртеу-деп,
    Бесеу-деп
    Алтау-деп,
    Жетеу-деп,
    Сегіз-деп,
    Тоғыз-деп,
    Он-деп неге санайсың

    Бір, екі, үш деп,
    Орнымыздан тұрамыз.
    Аққу болып ұшамыз,
    Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп,
    Қайта келіп қонамыз.

    1
    5
    3
    7
    4
    9
    6
    10
    8
    2

  • Бір-таңертең тұр.
Екі-шынығып бекі.
Үш-тазала тіс.
Төрт-сабындап жу бет.
Бес-...

    43 слайд

    Бір-таңертең тұр.
    Екі-шынығып бекі.
    Үш-тазала тіс.
    Төрт-сабындап жу бет.
    Бес-сүртін тез.
    Алты-үйді жина тез.
    Жеті-киін енді.
    Сегіз-асынды жеп, іш.
    Тоғыз-ыдысты жу тегіс.
    Он-сабақ оқы
    Осыдаң соң.
    Бұл санамақ жаңа,
    Күнде осыны орында.

    Жүзім жедім,
    Үзіп жедім.
    Жіпке алтауын,
    Тізіп жедім.
    Екеу жедім,
    Бесеу жедім.
    Санаңдаршы,
    Нешеу жедім.
    Бес алманың үшеуін
    Досың сұрап алады.
    Айтшы, сонда нешеуі
    Өз қолыңда қалады?

  • “1” дегенім-бөрік,
“2” дегенім-етік,
“3” дегенім-ішік,
“4” дегенім-тымақ,
“5”...

    44 слайд

    “1” дегенім-бөрік,
    “2” дегенім-етік,
    “3” дегенім-ішік,
    “4” дегенім-тымақ,
    “5” дегенім-байпақ,
    “6” дегенім-алқа,
    “7” дегенім-жейде,
    “8” дегенім-тон,
    “9” дегенім-телпек,
    “10” дегенім-оймақ.

    Оң қолымда бес саусақ,
    Сол қолымда бес саусақ.
    Екі қолда барлығы,
    Бар екен ғой он саусақ.

    Сегіз-еу, демейсің,
    Тоғыз-ау,-демейсің,
    Он-ау, демейсің?
    Дегенің тура,
    Неге олай екенін
    Қазақ тілінен сұра.

  • Қиял-ғажайып ертегілерТұрмыс-салт ертегілерХайуанаттар туралы 
           ерт...

    45 слайд

    Қиял-ғажайып ертегілер
    Тұрмыс-салт ертегілер
    Хайуанаттар туралы
    ертегілер
    Шыншыл ертегілер
    Ертегілердің тақырыптары:

  • Қарныдаштар туралы ертегіБірде жасыл, қызыл, сары
қарындаштар кездесіп қалады...

    46 слайд

    Қарныдаштар туралы ертегі
    Бірде жасыл, қызыл, сары
    қарындаштар кездесіп қалады.
    Ұзындықтары әр түрлі
    қарындаштар бір-біріне таңдана
    қарайды.
    Мен бәріңнен ұзынмын,-дейді қызыл қарындаш. Ал жасыл қарындаш:
    Жапырақтарды жасыл түске бояй-бояй қысқарып қалдым,-деді. Сары түсті қарындаштар:
    Біздің ұзындықтарымыз бірдей,-дейді.

  • ДостарЕртеде аю, қасқыр, түлкі, қоян және тышқан
дос болыпты. Жазда аю бал жи...

    47 слайд

    Достар
    Ертеде аю, қасқыр, түлкі, қоян және тышқан
    дос болыпты. Жазда аю бал жинайды. Қоян
    Сәбіз жинайды. Ал түлкі мен қасқыр көп
    ойнайды екен. Тышқан аю мен қоянға тамақ
    дайындайды. Бір күні аю ашулынып, қасқыр
    мен түлкіні қуып жіберді. Содан бері аю, қоян
    және тышқан тату болып, бір үйде тұрады
    екен.

  • Ауыз әдебиетінің бір саласы-аңыз. Аңыз дегеніміз тарихта болған әйгілі адамда...

    48 слайд

    Ауыз әдебиетінің бір саласы-аңыз. Аңыз дегеніміз тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы, не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгіме. Аңыз әңгіме, кейде өлең, кейде жыр түрінде де болуы мүмкін.
    Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға араласып та отырады. Бұл аңыз бен ертегіні жаөындатады. Ертегіден аңыздыңм айырмасы-аңыз әңгіме тарихта болған адамға байланысты туады. Ол адам батыр немесе ел басшысы, шешен би немесе күрескер де болуы мүмкін.
    Аңыз әңгімелер де ертегі сияқты әңгіме, жыр ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қарашаш, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт және тағы басқалары қатардағы қарапайым адамадар ретінде суреттеледі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі көптеген аңыз әңгімелер Алдар көсе мен Қожанасыр туралы. Олар ақылды, дана, әділ, шешен адамдар ретінде халықтың сүйікті кейіпкерлеріне айналған.
    Халық ауыз әдебиетінде күлкі кеңінен пайдаланған. Күлкі арқылы өмірдің жағымсыз жақтары мінелген. Сондай аңыз әңгімелер Алдар көсе атымен байланысты. Алдар тапқырлығымен, айла-амалдарымен, кулық істерімен халыққа кең танымал.
    Аңыз-әңгімелер

  • Алдар Көсе мен тоңғақБір күні Алдар Көсе жол жүріп, тонып
келе жатады.Оның ал...

    49 слайд

    Алдар Көсе мен тоңғақ
    Бір күні Алдар Көсе жол жүріп, тонып
    келе жатады.Оның алдынан жаңа
    тоны бар адам кезігіпті.Ол да тоңып
    келе жатса керек. Жаңағы тоң киген
    кісі Алдар Көседен:
    - Әй, Алдар сен неге тоңбайсың?-депті.
    Алдар Көсе:
    - Менің тонымның бір жағынан кірген
    суық бір жағынан өтіп кетеді,-депті.
    Сонда әлгі кісі Алдар көсеге:
    -Тоныңды берші,-деп жабысыпты. Алдар
    көсе бермепті. Анау кісі жабысып, соңынан
    қалмаған соң, Алдар көсе үстіндегі ескі
    тонын шешіп беріп, жаңа тонды киіп алып
    ауылына қайтыпты.

  • Қожанасырдың тойға баруы.Бір бай той жасапты. Тойға Қожанасыр  да
келіпті. Қо...

    50 слайд

    Қожанасырдың тойға баруы.
    Бір бай той жасапты. Тойға Қожанасыр да
    келіпті. Қожанасырдың киімі жаман екен.
    Оны ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ
    іш” – демепті. Қожанасыр өз үйіне қайта
    барады. Жақсы киімін киіп, тойға келеді.
    Бұл жолы үй иесі Қожанасырды
    құрметтейді. Төрге отырғызады. Ет
    келгенде Қожанасыр етті жемейді. Табаққа
    шапанының жеңін малып:
    -Же, шапаным, же! – деп отыра береді.
    Үй иесі:
    Қожеке, бұныңыз не? Шапан ет жей ме?
    Сонда Қожанасыр:
    Сен адамды сыйламайды екенсің, киімді
    сыйлайсың. Сондықтан шапаныма жегізіп
    отырмын! – депті.

  • Түлкі мен жолбарысБұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс
жолдас болыпты. Екеуі бі...

    51 слайд

    Түлкі мен жолбарыс
    Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс
    жолдас болыпты. Екеуі бір жардың
    басына келіп қоныпты. Жолбарыс
    айтыпты:
    - Мен мына жардан құлап кетермін ,
    сен түлкі, менен төмен жат, - депті.
    Сөйтіп түлкі жолбарыстың аяқ жағына
    жатыпты. Жолбарыс ұйықтап
    қалғанда, түлкі жолбарыстын үстінгі
    жағына шығып жатып:- Әй, жолбарыс,
    мені басып кетесің, арырақ жат! – деп.
    Жолбарыс жылжи бере, жардан құлап
    кетті. Құлап барып, өліп қалыпты.

  • Ер ТөстікЕрте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі
бай болыпты....

    52 слайд

    Ер Төстік
    Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі
    бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Ерназардың
    сегіз ұлы болыпты. Бір күні елде үлкен жүт болыпты, Ел
    малын алысқа, отарға алып кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да
    соның ішінде кетіпті. Олар сол кетекеннен хабарсыз кетеді,
    айлар өтеді, келмейді, жылдар өтеді, келмейді. Ерназардың
    азығы таусылады, тұрмысы жаманға айналады. Бір күні
    кешке жақын кемпір төсегінен тұрып түндігін ашады.
    Төсекте жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың
    күлдіреуішінде тұрған биенің төстігі көзіне түседі. Ерназар
    қуанып кетеді. Кемпір-шал төстікті асып жейді. Ұзамай
    кемпір жүкті болады. Мезгілі толып босанады. Бір ұл туады,
    оның атын Төстік қояды. Төстік 1 айда бір жастағы баладай,
    3 айда үш жастағы баладай, 1 жылда он бестегі баладай
    болады. Ол садақ тартып үйренеді, аң аулап, құс атады, әкесі
    мен шешесін асырайды.

  • Назарларыңызға рахмет!!!

    53 слайд

    Назарларыңызға рахмет!!!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 15408
    • PPTX 12.6 мбайт
    • 275 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмишева Ляззат Шайзаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альмишева Ляззат Шайзаевна
    Альмишева Ляззат Шайзаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 305019
    • Всего материалов: 154

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе