Презентация к уроку по информатике на тему "Paint"
Предпросмотр материала:
Описание презентации по отдельным слайдам:
-
1 слайд
Сабақтың тақырыбы
«PAINT-графикалық редакторы»
-
2 слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Power Point презентациялары, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, интервью алу, көрнекілік стратегиялары , интербелсенді тақта.
-
3 слайд
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
-
4 слайд
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
PAINT графикалық редакторы
-
5 слайд
1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
Дербес компьютердің мәтіндік те, графикалық та ақпараттарды өңдеудің мүмкіндігі бар. PAINT графикалық редакторы растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі. Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Бұл редактор графикалық бейнелерді жасауға және оларды редакциялауға мүмкіндік береді. Яғни, редактор құрал саймандар мен бояуларды қолдана отырып, суретттерді салуға, суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға, суретке мәтіндер енгізуге, бар графикалық объектілерді түзетуге, схемаларды сызуға мүмкіндік береді.
-
6 слайд
2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск-Барлық бағдарламалар–Стандартты-PAINT
Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.
Терезесі мынадай элементтерден тұрады:
Тақырып жолы
Меню қатары
Жұмыс аймағы
Құралдар тақтасы
Түстер палитрасы
-
7 слайд
СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
Құралды таңдап алу
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шерту керек
Фонның түсін таңдау
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)
-
8 слайд
Практикалық жұмысты орындау:
PAINT-ті іске қосындар.
Парақты көкшіл (сизый) түспен бояңдар. Түстің атын тышқанның сілтемесін апарып біліге болады.
Бұлттың суретін салыңдар.Ол үшін:
-сопақ фигурасын таңдаңдар;
-1 түс – ақ түсін таңдаңдар.
-6 сопақ арқылы бұлттың суретін салыңдар.
-болғаннан кейін ақ түске бояңдар.
-
9 слайд
Айдың суретің суретін салыңдар. Ол үшін:
-1 түсін сары етіп белгілеңдер;
-сопақ фигарасын таңдап дөңгелекті салыңдар;
-дөңгелекті сары түске бояңдар;
-1 түсін көкшіл етіп белгілеңдер;
- сопақ фигарасын таңдап дөңгелекті салыңдар;
-көкшіл дөңгелекті сары дөңгелекке апарып айдың суретін салыңдар.
-
10 слайд
Демалыс сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
Соншалықты айналым солға қарай жаса.
-
11 слайд
Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретің салыңдар.
-
12 слайд
Қисық сызықты таңдап, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.
-
13 слайд
Суретті сақтау
Салынған суретті бірінші рет сақтағанда Файл – Сохранить как командасын орындау қажет.
Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек. Егер құжат қайталана сақталынатын болса, Сохранить командасын орындаса жеткілікті.
-
14 слайд
1. Графикалық редакторды іске қосу үшін неше әрекет жасалады?
а) 2ә) 4б) 3
2. Түзу сызық сызу үшін қандай құрал қолданылады?
а) сызық (линия) ә) өшіргіш (ластик) б) қисық сызық (кривая)
3. Компьютер жады нешеге бөлінеді?
а) магнитті, магнитсізә) қосымша және негізгі б) ішкі және сыртқы
4. Өшіргіш не үшін қажет?
а) бейнені көшіру үшін ә) бейнені өшіру үшін б) бейнені көбейту үшін
5. Графикалық редакторда суретті қай жерге саламыз?
а) құралдар тақтасында ә) Меню қатарындаб) жұмыс аймағында
Қорытынды
-
15 слайд
-
16 слайд
VІ.Үйге тапсырма
Төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыпты таңдау.
«Менің сүйікті жануарым»
Өзіндік жұмыс
-
17 слайд
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Краткое описание материала
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, компьютер, флипчарт, Power Point презентациялары, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, интервью алу, көрнекілік стратегиялары , интербелсенді тақта,
Күтілетін нәтиже:
- Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
- Редакторды іске қоса алады.
- Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
- Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
- Салынған суретті сақтап,ашып,қағазға басып шығара алады.
Презентация к уроку по информатике на тему "Paint"
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Найдите подходящий для Вас курс
В каталоге 7 946 курсов по разным направлениям
Другие материалы
-
Открытый урок в 7 классе: Информация и ее свойства. Информационные процессы. Сбор информации. Обработка информации. Поиск информации
Учебник: «Информатика», Босова Л.Л., Босова А.Ю.
Тема: § 1.1. Информация и её свойства
-
Конспект урока по информатике на тему "Защита информации, антивирусная защита" (11 класс)
Учебник: «Информатика (базовый уровень)», Угринович Н.Д.
Тема: 1.4. Защита от несанкционированного доступа к информации
Вам будут интересны эти курсы:
- Курс повышения квалификации «Введение в программирование на языке С (СИ)»
- Курс повышения квалификации «Использование компьютерных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Облачные технологии в образовании»
- Курс повышения квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»
- Курс повышения квалификации «Развитие информационно-коммуникационных компетенций учителя в процессе внедрения ФГОС: работа в Московской электронной школе»
- Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
- Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
- Курс профессиональной переподготовки «Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»