Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииПрезентация на конкурс "Бұрымды ару"

Презентация на конкурс "Бұрымды ару"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на конкурс "Бұрымды ару""

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • СҰЛУЛЫҚ СЫРЫНЫҢ 
 СЫРЛЫ  КІТАБЫ.

    1 слайд

    СҰЛУЛЫҚ СЫРЫНЫҢ
    СЫРЛЫ КІТАБЫ.

  • АУБАКИРОВА 
САЛТАНАТ
 ЕРҒАНАТҚЫЗЫ

10 “Б” СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
С.ТОРАЙҒЫРОВ А...

    2 слайд






    АУБАКИРОВА
    САЛТАНАТ
    ЕРҒАНАТҚЫЗЫ

    10 “Б” СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

    С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ
    №22 ГИМНАЗИЯ МЕКТЕБІ

  • ТАНЫСТЫРУ



«ҚАЗАҚТЫҢ ДАЛАСЫНДАЙ  БАЙТАҚ ЖЕРІМ,
ҚАРА АЛТЫНДЫ  МЕКЕН ҚЫЛҒАН,...

    3 слайд

    ТАНЫСТЫРУ




    «ҚАЗАҚТЫҢ ДАЛАСЫНДАЙ БАЙТАҚ ЖЕРІМ,
    ҚАРА АЛТЫНДЫ МЕКЕН ҚЫЛҒАН, ЖОМАРТ ЕЛІМ.
    АРМЫСЫЗ АҒАЛАРЫМ, АПАЛАРЫМ,
    ЕРЛЕРІ БЕК, СҰЛУЛАР ӨҢКЕЙ КЕРІМ.

    ТАЛ БЕСІК, ЖЕР БЕСІГІН ТЕРБЕТЕТІН,
    ҰЛЫ АНАСЫН АЗАМАТПЕН ТЕҢ КӨРЕТІН.
    АНАСЫН, АРУЛАРЫН ӘСПЕТТЕГЕН,
    САЛТЫНАН АЙНАЛАЙЫН КЕРБЕЗ ЕЛДІҢ.
     
    БІЛІМНІҢ АСЫЛ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ.
    МАХМҰТТЫҢ АРМАН ЕТКЕН ШАМШЫРАҒЫ.
    ҮШ ҚАЙТАРА ДҰҒАЙ СӘЛЕМ ЖОЛДАП ОТЫР,
    ҚАРА АЛТЫНДЫ ҚАЛАНЫҢ АҚ ПЫРАҒЫ.
     
    ЖАС ӨРКЕН СӘЛЕМ БЕРДІ БАСЫН ИІП,
    «ТЕК ХАЛҚЫ ҚОЛДАСЫН»- ДЕП, КӨҢІЛІ ҰЙЫП.
    ХОШ ДЕЛІК ӘДІЛ ТӨРЕ, ҰЛЫҚТАРҒА
    БҰРЫМДЫ СҰЛУЛАРЫН АЛҒАН ЖИЫП.
     
    АДАМДЫҚ ҚАСИЕТТІҢ СҰЛТАНАТЫ,
    ПАРАСАТ, АҚЫЛ, БІЛІМ –АР ЖАННАТЫ.
    СОЛ ЖАННАТТЫҢ ҚАСИЕТІНЕ ТАБЫНАТЫН
    МЕН БОЛАМ ЕРҒАНАТТЫҢ САЛТАНАТЫ.

  • Білектей арқасында өрген бұрым,Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.Кәмша...

    4 слайд






    Білектей арқасында өрген бұрым,
    Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
    Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
    Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
     
    Абай Құнанбаев.

    Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын ша- шын бұрым деп атайды. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша бұрым – сұлулық-тың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі 
    шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрым – жалғыз өрім, қос өрім болып бөлінеді. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Ал енді бұрым шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым болып есептеледі. Жуан бұрымды жеңді білектей деп, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеу – қазақтардың ежел-гі салты. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Қазақта Қос- бұрым деген де қыздың аты бар.























  • ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШАШ ҚОЮЫКекіл, айдар қою Қазақтың дәстүрлі қоғамын-да ер балағ...

    5 слайд

    ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШАШ ҚОЮЫ
    Кекіл, айдар қою Қазақтың дәстүрлі қоғамын-да ер балаға кекіл, шаш қою- дың, қыз баланың шашын өсірудің өзіндік қағидалары қалыптасқан.
    Біздің ата-бабаларымыз: «Айдарлы бала – айбарлы бала», – деп айтып кеткен-ді. Ойлап отырсаң, бұл сөзде үлкен ма-ңыз-мағына бар. Әжелеріміздің түсіндіруінше, айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайды. Сол себепті ата-анасы бауыр еті – баласы бір жасқа толғанында оның қарын шашын алып, төбесінде бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіреді де, оған көзі бар маржан, қаратас тағып, өріп тастайды. Және де айдар қойған баласына арнап мал сойып, үлкендердің батасын алады Айдарға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Солардың бірінде «Қазақтар әбден зарығып көрген ұлына ғана айдар қойған. Хандар, үлкен шонжарлар өздері-нің орнын басатын, ең жақсы көретін баласына ғана айдар қойып, одан үлкен үміт күткен», – деп айтылады
    Қазақтың бір халық өлеңінде: «Қарағым, айналайын, кекілдім-ай, Көгілдірі аққудың секілдім-ай», – деп жырланатынын кім білмейді. Балаға кекіл қойған да өте жарасымды. Ол үшін баланың шашын ұстарамен та-қырлап тұрып алады да маң-дайына таяу жерде бір шөкім шаш қалдырып, кекіл қояды. Кекілді бала өте сүйкімді болып көрінеді. Қариялар бала кекілінде ата-анасының мейірімі мен сүйіспеншілігі, арман-тілегі, ақ батасы тұнып тұр дейді.
    Қыздарға тұлымшақ өсіру
    Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, оны өсіреді. Ол – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп аталады. Тұлымды «көз тимесін, қызымыз көрікті болып өссін», – деп қояды.

  • ШАШҚА ҚАТЫСТЫ  ДАЛА   ЗАҢЫ


	Қазақ заңындағы шаш туралы баптар Қазақ халқыны...

    6 слайд

    ШАШҚА ҚАТЫСТЫ ДАЛА ЗАҢЫ



    Қазақ заңындағы шаш туралы баптар Қазақ халқының ежелгі қылмыс туралы заңында шаш-қа байланысты арнайы баптар да бар. Оны бұлжытпай орындау, бұзса жазалау берік те қатаң тәртіп, дәстүр болып саналған. Сондықтан да бұ-зық ойлылар, есерлер әйелдің шашын кесетін болса, ол әйелдің бір дене мүшесін кескен болып есептелген және соған сәйкес әлгі адам қатаң жазаға тартылған, үлкен ай-ып төлеген.
    Ал енді әйел-дер қылмыс жасаса, оларға қолданған жазаның ауыр бір түрі – шашын кесу болған. Ол кезінде әйелдер үшін өлім жазасына тең жаза ретінде қаралды. Егер жас қыздар шашының ұшын кесіп тастаса, әжелері шапалақтап жаза- лады. Мұның бәрі халқымыз-дың әйелдердің шашын баяғы кезден-ақ өте қатты ба-ғалағанын, қасиетін терең түсінгендігін көрсетеді.

  • ШАШҚА  ҚАТЫСТЫ  ТЫЙЫМ  СӨЗДЕР
Шашыңды отқа тастама. 
Шашыңды жайма, Шашыңд...

    7 слайд


    ШАШҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
    Шашыңды отқа тастама. 

    Шашыңды жайма, 
    Шашыңды қима 

    ЫРЫМДАР
    Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді. 

    НАҚЫЛ СӨЗДЕР МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
    Шашыңды кескенің- бақытыңды кескенің. 

    Ақ шашты ана: 
    «Жастығым балам» дейді. 
    Ақылды бала 
    « Ай- күнім анам» дейді 

    ШАШҚА ҚАТЫСТЫ ДӘСТҮРЛЕР

  • ШАШҚА  ҚАТЫСТЫ  ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ	
Шаш – әйелдерге Хауа...

    8 слайд

    ШАШҚА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ

    Шаш – әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген Аллах Та- ғаланың ғажайып сыйы, құр-меті, сәні, еншісі, сұлулығы.
    Шашбау,





    шолпы,






    шаштеңге,



    шашқап

    – әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні.
    Ол халқымыздың ұлттық сый- сипатына тұнып тұр.


  • ШАШ КҮТУДЕГІ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ
Шаш күтімінің  ең  алғашқысы  шашты жуу. Дұрыс...

    9 слайд

    ШАШ КҮТУДЕГІ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ




    Шаш күтімінің ең алғашқысы шашты жуу. Дұрысы шашты ағын сумен жуған. Егерде су ащы болса, жауын суын, қардың суын әйтпесе қайнаған суды пайдаланған.
    Шаш қалыпты жағдайда болса, басты 7 күннен кейін, құр- ғақ шашты 7-10 күнде
    1 рет, майлы шашты 5-7 күнде 1 рет жуу керек.
    Сабынның орнына айран, қымыз, бал, тас қына немесе жұмыртқаны қолданған
    Шашты әдемі сарғылт рең беретін түймедақ тұнбасымен шайған.
    Қайызғақ жиі түсетін шаштарға қазақ даласында ем болатын алабота, сора шөптері. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұнтақтайды да сиырдың айырған майымен қосып басқа жағады. Содан соң ысты сумен шаяды.






















  • ШАШ КҮТІМІНЕ  ТАБИҒАТТЫҢ  БЕРЕР СЫЙЫДӘСТҮРЛІ  ШАШ КҮТІМІСүт қоспалары тау өсі...

    10 слайд

    ШАШ КҮТІМІНЕ ТАБИҒАТТЫҢ БЕРЕР СЫЙЫ
    ДӘСТҮРЛІ ШАШ КҮТІМІ
    Сүт қоспалары тау өсімдіктері, шөптер
    табиғи майлар
    Қымыз, айран, бал, жұмыртқа,түйеошаған майы, қалақай, зімбір, жалбыз, зәйтүн майы
    ЗАМАНАУИ ШАШ КҮТІМІ
    Сусабындар
    кондиционерлер кератиндер
    Ыстық қайшы, түзеткіш, фен және т.б.

  • Шаш күтіміне қолданылатын  табиғи таза заттар.Аргин, жожоба...

    11 слайд

    Шаш күтіміне қолданылатын табиғи таза заттар.















    Аргин, жожоба, қалақай, ақ қайың, майсана,зәйтүн,үпілмәлік майлары мен шырындары.

























  • Заманауи   шаш  күтіміТүрлі  сусабындар, кондиционерлер,  бальз...

    12 слайд

    Заманауи шаш күтімі













    Түрлі сусабындар, кондиционерлер, бальзамдар, ыстық қайшылар.

  • Өз шашыма  табиғаттан алатыным.	Менің жиі  қоданатын табиғи  қоспалы  маскам....

    13 слайд

    Өз шашыма табиғаттан алатыным.
    Менің жиі қоданатын табиғи қоспалы маскам.
    Шаштың беріктігіне, өсуіне әсерін тигізеді.
    Үпілмәлік, жожоба майы және зімбір шырынын араластырып, оған В және С витаминдерін тамызамын. Қоспаны жақсылап араластырып, шашымның түбіне массаж жасай отырып жағамын да 40-45 минутқа дейін орап қоямын. 45 минуттан соң шашымшы жылы сумен жақсылап жуамын.




    Заманауи қолданаын сусабындарым.
    ЕLSEVE (қара түстісі) аргенин күші






  • Менің бұрымым- менің  көркім.

    14 слайд

    Менің бұрымым- менің көркім.

  • Шаш туралы  қызықты мәліметтерКішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағында-а...

    15 слайд

    Шаш туралы қызықты мәліметтер
    Кішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағында-ақ өсе береді екен.
    Көбіне аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады – шамамен алғанда 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны – 100 мыңға жуық болса, жирен  шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады еспетеледі.
    Шаштың орташа қалыңдығын есептегенде, 250-350 данасы бір квадрат сантиметрге шақ келеді екен.
    Неғұрлым бас үлкен болған сайын, соғұрлым шаштың саны да көп болуы керек.
    Өмір бойы шашына қайшы тигізбей өсірген адамның әр шашының ұзындығын қосқанда орта есеппен 725 километрді құрайды екен.
    Күніне әр шаш шамамен 0,35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса, өмірінің соңына дейін ол 7,6 метрді құрайды екен.
    Шаш көбіне көктем мен жаз мезгілдерінде тез өседі.
    Ер адамдар бір күнде 40 шашынан айрылса, әйелдердің күніне 70 шашы түседі екен.
    Әлемде шаштың түсуіне қарсы 300000 дәрі құрамдар ойлап табылған. Бұл көрсеткіш басқа ауруларға қарсы дәрілерді де басып озады.
    Шаштың беріктілігін альюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Әйел адамның бұрымы екі жүз шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алады.

  • ТАБИҒАТТЫҢ БЕРГЕН  НӘРІН БОЙЫМА,
ЖИНАП  ӨСТІМ, АҚЫЛЫН ДА  ОЙЫМА.
БЕРГЕН  СЫ...

    16 слайд



    ТАБИҒАТТЫҢ БЕРГЕН НӘРІН БОЙЫМА,
    ЖИНАП ӨСТІМ, АҚЫЛЫН ДА ОЙЫМА.
    БЕРГЕН СЫЙЫМ, КЕҢЕСТЕРІМ БҮГІНГІ,
    ДӘРУ БОЛҒАЙ БҰРЫМДЫЛАР ТОЙЫНДА.

    АРУ ҚЫЗДАР, ТАБИҒАТТЫҢ БЕРГЕН СЫЙЫН АЯЛА,
    ДӘСТҮРІҢНЕН, ӨНЕРІҢНЕН ЕШБІРІН ДЕ АЯМА.
    ҚАЙ ЖЫРАҚТА, ҚАНДАЙ ЕЛДЕ БОЛСАҢ ДА,
    ТІЛІҢ МЕНЕН ДІЛІҢДІ БІЛ САЯЛАЙ.

    АРМАНЫМНЫҢ АСҚАҒЫНА ЖЕТЕЛЕР,
    ТАЛАЙ МАҚСАТ, ТАЛАЙ МІНДЕТ АЛДЫМДА.
    ЖҮРГЕН ШАҚТА ЖЕТЕГІНДЕ СОЛАРДЫҢ,
    “ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ” ДЕГЕН ҮҒЫМ ӘРДАЙЫМ ,
    ЖҮРЕР ДЕЙМІН, ЖҮРЕГІМНІҢ ЖАДЫНДА.


Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2015 1102
    • PPTX 1.9 мбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапабекова Дарига Кылышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11241
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 790 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 846 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе