Инфоурок Биология ПрезентацииПрезентация на тему "Орал өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер"

Презентация на тему "Орал өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Орал өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер""

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Орал өңірінде кездесетін 
дәрілік өсімдіктер

    1 слайд

    Орал өңірінде кездесетін
    дәрілік өсімдіктер

  • Жусан–күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық...

    2 слайд

    Жусан–күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
    Қалақай-шақшашөп тқұымдас көп жылдық өсімдік. Оның сабақтары төрт қырлы, түзу болып жаратылған. Ал, жапырақтары қияқты, шеті тісті келеді де, түп жағы жүрекше тәрізді болып келеді. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Дәрі мақсатында жапырақтары, ұрығы, тамыры қолданылады. Ұрығынан қайнатпа жасап өкпе плевритіне және қабынуына қарсы қолданады. Қалақай препаратын диабет (қандағы қант құрамының көбеюі) ауруын емдеуге қолданады.

  • Мыңжапырақ-күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақст...

    3 слайд

    Мыңжапырақ-күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық облыстарында жазық жерлердегі шалғындарда, ашық ормандарда, жол жиегінде, сондай-ақ, егістік алқаптарда арамшөп ретінде өсетін 11 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні кәдімгі Мыңжапырақ. Оның биіктігі 5 – 20, кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын тәрізді, жиегі тілімденген, жатаған тамырлы. Ақ, қызғылт түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады.
    Сүттіген-сүттіген тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар. Облыстың барлық аймақтарында өсетін 52 түрі бар. Соның ішінде, әсіресе талшық сүттігені (Т. vіrgata) республиканың орманды, шалғынды жерлерінде, егістіктерінде жиі кездесетін арамшөп. Биіктігі 15 – 20 см, тамыры тармақталып, сабағы тік өседі.

  • Мия-бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шө...

    4 слайд

    Мия-бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.
    Итошаған-қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырықтары қарама - қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ сары түсті топталып өседі. Жемісі дефиз ұзынша дән. Тамыз - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында 3 түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі. Итошаған шөбінің құрамында иілік заттар, шырын, эфир майы мен ащы заттар, коратин мен С витамині бар. Емдік мақсатқа өсімдіктің шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды.

  • Қияқшөп-күрделі гүлділер тұқымдасн, екі жылдық немесе көп жылдық өсімдік...

    5 слайд

    Қияқшөп-күрделі гүлділер тұқымдасн, екі жылдық немесе көп жылдық өсімдік. Сабағы бұтақты. Гүл қауашақтары сары, шоқталып өседі. Жемісі - дән. Биіктігі 50 -  125 синтиметр. Маусым – қыркүйек айлар аралығында гүлдейді.Қазақстанның барлық аймақтарында, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Құмды далаларда, қарағайлы ормандарында, өзен аңғарларында өседі. Өсімдіктің құрамында каучук бар. Әлі толық зерттелмеген. Емдік мақсатқа шөбін, шырышын, сабағы мен тамырын пайдаланады.
    Ошаған-бір жылдық сұрғылт жасыл түсті өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді. Үстіңгі беті жасыл. Жемісі - сопақ дән. Биіктігі 30 - 120 сантиметр.Шілде – тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Жеткілікті зерттелмеген. Жапырақтарында йод, алколойд және С витамині бар. Ал дәңдерінде май, шайыр, глюкозид пен йод бар. Ошаған – улы өсімдік.Емдік мақсатта ошағанның жапырағы мен сабағын, жемісі мен тамырын пайдаланады. Жапырағы мен сабағын шілде – тамыз айларында жинайды.
    Бақбақ-көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамырына жақын орналасқан, жапырақтары жылтыр, ұзын, әртүрлі формалы. Еліміздің барлық жерлерінде өседі. Бақбақтың тамыры мен жапырықтарында кристалды татраксин қышқылы, шырын қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин болады.Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары пайданылады. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады.

  • Ақбасқурайдың-халық медицинасында бірнеше түрі қолданылады. Ақбасқурайдың құр...

    6 слайд

    Ақбасқурайдың-халық медицинасында бірнеше түрі қолданылады. Ақбасқурайдың құрамында жүрек гликозидтері мол. Олардың ішінде ең бастысы және әсері күштісі стероидты жүрек гликозиді - эризимин. Сондай - ақ бұл өсімдіктің құрамында эризимозид гликозиді мен басқа да гликозидтер бар. Ақбасқурай - улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалану керек. Емдік мақсатта ақбасқурайдың сабағы, жапырақтары және гүлдері пайдаланылады. Оларды мамыр – маусым айларында жинайды.Ақбасқурай дәрілік өсімдік ретінде өте ерте кезде белгілі болған. Сол уақыттың өзінде - ақ ол несеп жүргізетін және жүрек ауруларына қарсы дәрі ретінде қолданылған.
    Адыраспан түйетабандар тұқымдасына жататын тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесін өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт - сары гүлдері жеке – жеке өседі. Жемісі - қоңыр түсті ірі ұрығы бар, димаметрі 1 см-дей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30 - 60 см-дей, мамыр - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік белдеуінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен елді мекендерге таяу алқаптарда, сондай - ақ құрғақ, тасты беткейлерде өседі. Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан - улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Адыраспан емдік мақсатқа адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан - ежелден белгілі дәрілік өсімдік.

  • Аққаңбақ қалампырлар тұқымдасының өкілі  – көп жылдық өсімдік. Тамыры ұзын, с...

    7 слайд

    Аққаңбақ қалампырлар тұқымдасының өкілі – көп жылдық өсімдік. Тамыры ұзын, сабағы бұтақты келеді. Жапырақтары ұсақ сүйір. Өте майда ақ түсті гүлдері шоғырланып өседі. Биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Батыс Сібір мен Орта Азияда кездеседі. Негізінен құмды далаларда, қайыңды ормандарда өседі. Әсемдік өсімдік ретінде де өсіріледі. Аққаңбақ тамырының құрамында едәуір мөлшерде сапониндер болады. Ал жалпы құрамы әлі толық зерттелмеген..Оның шөбінен жасалған тұнбаны аздаған мөлшерде бауыр ауырғанда ішеді.
    Жолжелкен жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатын-көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады.
    Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады.
    Аққайың кәдімгі қайын тұқымдасының өкілі, сыртқы қабығы ақ түсті, орман ағашы. Жапырақтары үш бұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанның далалық және орманды аймақтарында өседі. Аққайынның бүйірінде шайыр, эфир майы, бетулоретин қышқылы, сапониндер, илік заттар, жүзім қанты, С витамині және фитонциттер, ал жапырағында бетулоретин қышқылы, илік заттар, сапониндер, гипотезид, тритерпен спирті,эфир майы,каротин, С витамині және фитонцидтер бар. Емдік мақсатта аққайынның бүрлері мен жапырақтары, кейде шырыны қолданылады.

  • Балқарағай қарағайлар тұқымдасына жататын–қыста қылқан жапырағы түсіп қалатын...

    8 слайд

    Балқарағай қарағайлар тұқымдасына жататын–қыста қылқан жапырағы түсіп қалатын, биіктігі 30 - 35 метрге дейін жететін ағаш. Діні түзу, төменгі жағы әдетте конус тәрізді жуандау болып келеді. Қабығы қызғылт, тұрақты тұрқы жуан. Жапырағы қылқанды, жіңішке, ұзындығы 13 - 45 миллиметрдей. Балқарағайдан алынған скипидарды ревматизмге, жөтелге, миозит, невралагия, ишиас ауруларына қарсы қолданады. Микробтарға қарсы қолдану және жағымсыз иісті келтіру үшін оны жоғары тыныс жолдары қабынғанда, бронхит, бронхоэктаз және өкпе гангренасы кездерінде ингаляция жасауға да пайдаланады
    Есекмия бұршақ тұқымдасына жататың-жапырақтары сыңар, әрі түкті, биіктігі 10 метрге жуық ағаш. Бұтақтарының ұшына ірі шашақ болып бірігіп шыққан гүл шоқтары ұсақ, ақшыл - сарғыш түсті. Есекмияның құрамында әсіресе рутин өте көп, сондықтан оның гүл шоқтары қазіргі кезде рутин алатын негізгі шикізат көзі болып саналады.Емдік мақсатқа есекмияның піскен жемісін пайдаланады.
    Жалбыз ерінгүлділер тұқымдасына жататын шөптесін көп жылдық өсімдік. Құрамында эфир майы, сондай ақ алкалоидтары мол деп танылған жапырақтары пайдаланылады. Жалбыз тұнба ретінде қабынуға қарсы және нәзік қош иісті дәрі ретінде стоматитте, қызыл иек қабынғанда, тістер ауырғанда, ауызды және тамақты шаю үшін қолданылады

  • Көктерек биіктігі 30 метрге дейін жетеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында...

    9 слайд

    Көктерек биіктігі 30 метрге дейін жетеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында кең таралған.Көктеректің құрамында илік заттар, эфир майы, алма қышқылы және популин, май, салицин сияқты ащы глюкозидтер, саликоз ферменті бар. Емдік мақсатқа оның бүрлерін, жапырағын, жас бұтағының қабығын пайданылады.

    Үйеңкі-әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді.
    Зирек бөрі қарақаттар тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Қазақстанның таулы аймақтарында кездеседі. Мамыр, маусын айларында гүлдейді.
    Зирек алколойдтарға бай. Тамыр қабығы мен жапырақтарынан берберин алколоидың алады. Зирек тамырларының қабығын суға салып жасаған тұңбамен шеменді және сары ауруға қабаттаса жүретін бауыр және бүйрек ауруларын, әсіресе өтке тас байлануын, құян, ревматизм және радикулит ауруларын емдейді.

  • Жоңышқа– бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімд...

    10 слайд

    Жоңышқа– бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.
    Күнбағыс күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Күнбағыс майы дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады.

    Емен – діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді.Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0,6-1 метрге жетеді. Қабығы мен жаңғағы емдік мақсатта қолданылады. Ал, жас жапырақты бұтақтарынан сыпыртқы жасап, моншада пайдаланады. Діңі мықты болғандықтан, әдемі де қымбат есіктер мен едендер осы емен ағашынан жасалынады.

  • 2.4  Кейбір ауру түрлеріне арналған емдік шаралар.Мамыр айының басында жаңа к...

    11 слайд

    2.4 Кейбір ауру түрлеріне арналған емдік шаралар.
    Мамыр айының басында жаңа көктеп шыққан жоңышқа жапырағынан шөшіре немесе манты дайындап жесе, ішті басады. Пайдалану мөлшері 6-15г. Ахуалға қарай болады.
    Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады.Соған орай кейбір ауру түрлеріне арналған дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін атап өтуімізге болады.
    Денені куаттандыру үшін: жаңа көктеп шыққан жоңышқаның жапырағын шекер қосып жаншып жеп тұрса, қанды көбейтеді, денені қуаттандырады.

  • Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін: 
1. ақбасқурайдың 1 қасық шөбін екі жарым ст...

    12 слайд

    Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін:
    1. ақбасқурайдың 1 қасық шөбін екі жарым стакан қайнаған суға салып 2 сағат тұндырады, сонан соң сүзіп тазартады. Оны 1 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Ақбасқурайдың препараттарын ішкен кезде аса сақ болған жөн.
    Жүрек ауруына:
    1. Көктемде қара жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып,жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ бүйрек, бауыр, өт қабыну ауруларына да ем.

  • Қан қысымы: 
1. 2 стакан бүтін, ішінде  дәні  бар итмұрын жидегі  және 1 стак...

    13 слайд

    Қан қысымы:
    1. 2 стакан бүтін, ішінде дәні бар итмұрын жидегі және 1 стакан кәдімгі бөріқарақат жидегі қажет. Жидектер тым кеуіп, түстері де оңып кеткен болса, олардан жөнді дәрі-дәрмек жасалмайды. Жидектерді мүмкіндігінше майда етіп, кофе ұнтатқышқа салып ұнтақтаған дұрыс. Араластырылған жидектің 2 ас қасық ұнтағын тармосқа салып, үстіне 0,5 л қайнап тұрған су құямыз да, түні бойы тұндырамыз. Таңертең сусынды өткізіп, және шамалы тұндырып аламыз. Сусынды күні бойы қалағаныңыз бойынша ішіңіз. Бұл тұнбаны қан қысымын өлшей отыра күнделікті жасап ішу керек. Қан қысымы төмендеген сайынқабылдау мөлшерін азайтып, ал көтерілген кезде керісінше көбейтіңіз. 10 күндік курстармен ішіп отырыңыз.
    Тамақты емдеу:
    1. Шалфейді тазылап жуып, 2 ас қасығын 0,5 л суға қайнатамыз.Оның буына тамағымызды 30 мин-тай ұстаймыз. Осылай күнделікті жасап отыруымыз керек.
    2. Кепкен бақбақтың грамын ұнтақтап, бес сағатта бір рет ішеді немесе лайықты мөлшердегі бақбаққа шекер қосып қайнатып, күніне үш рет ішеді.

  • Тіс ауруы (флюс-тіс түбінің ісінуі): шалфей, шайшөп, және еменнің қабығын алы...

    14 слайд

    Тіс ауруы (флюс-тіс түбінің ісінуі): шалфей, шайшөп, және еменнің қабығын алып, 3 ас қасық шалфейді және 4 ас қасық шайшөпті алып араластырамыз.Осы қоспаның 3 ас қасығын термосқа салып, үстіне 1л қайнап тұрған су құямыз, 1-2 сағат тұндарамыз. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін тұнбаны сүзгіден өткізіп, шөгіндінің де суын сығып, тұнбаға қосамыз. Дайын болған тұнбамен әр сағат сайын түбі ісінген тістерді шаямыз.
    Бөртпе: итошағанды қою қылып (1,5 ас қасық шөпті бір стакан суға) бұқтырып, 45 минут тұндырамыз. Осы тұнбамен 3 апта бойы күніне 5 уақыт сүртіп тұрамыз.

  • 15 слайд

  • Назарларыңызға рахмет!

    16 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 898 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2015 3314
    • PPTX 28.3 мбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байболатова Айдана Байболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5009
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 462 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 167 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции