Описание презентации по отдельным слайдам:
Сабақтың мақсаты: -Ай мен жердің ара қашықтығы, айдың толысуы, ғарышкерлердің зерттеуі, күннің тұтылуы, айдың тұтылуы туралы оқушыларға мағлұмат беру; -Оқушылардың өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру; -Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
АЙ Күнді айналған уақытында Күн сәулесі оның біраз бөлігіне түсіп сыртқы Пішінін өзгерткен сияқты болып көрінеді. Ал күн сәулесі Айдың бізге көрінбейтін Жағына түскенде түні бойы бізге көрінбей кетеді. Бұл фазаны- Жаңа ай дейді немесе қазақтар ай туыпты деп те атайды. Бұл кезде ай Орақ тәрізді болып көрінеді.
Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін Зиянды сәулелерден және ұсақ ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше Қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрдың құрамында Нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды Матадан тігеді. Ғарышкер скафандрды кигенде терлеп кетпес Үшін ішінде ауа алмасып тұратын жағдай жасалған.
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
Номер материала: ДБ-366482
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |