Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем 2 класс

Презентация по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем 2 класс

Скачать материал

                                      Сабақ жоспары

                                      Поурочный план

                                      The plan of the lesson

Күні/дата/date: 08.10.13

Сынып/класс/class: 3 «Б»

Пән/предмет/subject: Қазақ тіл

Тақырып/тема/Theme: « В дыбысының емлесін қайталау»

Сабақтың үлгіс/тип урока/type of lesson: қайталау сабақ

Сабақтың түрі/вид урока/king of the lesson: дәстүрлі

Сабақтың әдісі/методы: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгіме, ойын, жұптық жұмыс.

Сабақтың мақсаты/цели урока/objectives:

                       А) білімділік/образовательная/educational: В дыбысының айтылу  

                            ерекшелігін байқату; в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп,

                            ол сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту; балаларды в әріпі бар  

                            сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру;

                      Ә) дамытушылық/развивающая/developing: Оқушылардың ойлау, есте    

                           сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту; жазу каллиографиясын 

                           сақтап жазуын, сөздік қорын арттыру;

                      Б) тәрбиелік/воспитательная/ bringing – up: Оқушыларды шапшаңдыққа,

                          ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өз бетінше ізденіп еңбектенуіне тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/оборудование/recourses: презентация, «Ғажайып В дыбысы» елі, Эвкалипт ағашы, троллейбус, трамвай, велосипед суреттері.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру, дүниетану, орыс тілі.

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы

   I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме оқушылар!

  II.Психологиялық дайындық: Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып, бойымызды тіктеп алайықшы! Енді бәріміз бірге:

Қатар- қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Түп- түзу болып тұрайық.

1-      қатар жай отыр,

2-      қатар сен де отыр,

3-      қатар тез отыр.

Жарайсыңдар! Балалар көңіл-күйлерін қалай?

   III. Үй тапсырмасы: Балалар өткен сабақта « Ээ дыбысын» пысықтаған болатынбыз. Қане,ки балалар сол өткен тақырып бойынша қорытындылап өтсек. Балалар жалпы қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? ( 37дыбыс, 42әріп). Соңын ішіндегі Ээ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?(дауысты). Ээ дыбысы сөздің қай буынында келеді? (сөздің басынды, ортасында). Алдынғы сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық?(эстрада, аэроклуб, экспедитор, аэроплан, экскаваторшы, эмблема, электр, этаж). Анықтамаларын атап кетейік. Кім бізге этаж, электр сөзіне мысал келтіріп кетеді? Енді осы этаж деген сөзге ауызша дыбыстық талдау жасап өтейік.

Э- дауысты, жуан,ашық,езулік.

 Т- дауыссыз, қатаң. 

А- дауысты, жуан, ашық,езулік.

Ж- дауыссыз, ұян.

 Өте жақсы. Өткен сабақты жақсы түсінген екенсіңдер.Ендеше сабағымызды бастайық.

   IV. Сабаққа кіріспе: Балалар алдынғы сабақта Ээ дыбысын бақыласақ, бүгін «В дыбысының» айтылу ерекшелігін бақылайтын боламыз. В дыбысы қандай дыбысқа жатады? (дауыссыз, ұяң). Кім бізге мысал келтіреді? (Киев, волейбол, ваза,автобус дегеніміз не? ). Әрбір сөздің қандай мағынаны беретінін сұрау. Бұл аталған сөздердің бәріде қай тілден енгенін білеміз бе? Орыс тілден енген екен.Сендер биылдан бастап орыс тілін өтіп жатырсыңдар иа, алдағы уақытта көптеген жаңа сөздермен танысатын боласыңдар. Бұл сөздердің бәрінде де В әріпі бар. В әрпінің сөз ішіндегі орнын анықтайықшы? (Киев – сөз соңында; волейбол, ваза - сөздің басында; автобус - сөзінде сөздің ортасында келіп тұр. Бұдан шығатын қорытынды не? В дыбысы сөздің барлық буынында келе береді.

  Балалар осы Қостанай облысы бойынша ішінде В дыбысы бар қандай аудандарды, ауылдарды білесіңдер? (Василевка, Буравестник, Боровской, Буденовка, Владимирова, Веденка). Өте жақсы балалар. Сендер, білесіңдер ме, балалар, неге біз тек В әріпі бар сөздерді атап жатқанымызды? Себебі, біз бүгін «Ғажайып В дыбысы» еліне саяхатқа шыққалы жатырмыз. Сиқырлы поезға бірнеше вагондарды тіркеп алып саяхатқа аттанамыз.

  Бүгін біз  В әрпін әлемдегі сиқырлы вагондардың көмегімен жолда кездесетін тапсырмаларды орындайтын боламыз. Ал ендеше жолға шығуға дайындалыңдар?

Ал, балалар жүрелік

Асықпай ғана мінелік

Ғажайып В - ның сырларын,

Бүгінде оқып білелік.

Ал, ендеше, балалар,

Жылдамырақ жүрелік.

  Ал, балалар, сиқырлы вагонға жайғасып отырып алыңыздар. Саяхаттаған адамның алдынан небір қызық, жұмбағы көп әлемдер кездеседі ия?! Ендеше біздің де жолымызда

« Жұмбақтар әлемі» күтіп тұр екен. Бұл жерде бізге бірнеше жұмбақтарды шешуге тура келеді, шешуін тапсақ қана бұл елге кіре алады екенбіз. Дайынбыз ба? Дайын болсақ бастайық.

1. Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,                     2. Бір атым бар –құлын болып тумаған,

 Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. ( Вагон)          Құнан болып өспеген. ( Велосипед)

 

3.«Хош келдіңіз» -ұраны,                                     4.Ауырғанда күш беретін,

 Бір сөнбейді шырағы.                                             Ақыл қосар менің сана - бойыма.

 Жұрттың бәрін қарсы алып,                                  Дәрігерлер оны жазып береді,

 Шығарып сап тұрады. (Вокзал)                           Ішкен сайын,ішкім келе береді.(Витамин)

 

5.Балаларға ұнайтын                                           6. Поездардың тұрағы,

Ең әдемі көлікпін                                                    Үп - үлкен боп ғимарат

Ал, балақай, айта ғой,                                             Жол бойында тұрады. (Вокзал)

Мініп көрді мені кім? (велосипед)

  Өте жақсы. Ендеше оқулығымызды ашалық. В әлеміндегі кезекті тапсырмамызда өлеңді оқып, жатқа айтуымыз керек.

  

V. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Үш-төрт оқушыдан жатқа сұраймын.В дыбысы бар сөздерді атау.

Қане,ки балалар бәріміз ары қарай жылжиық.

Мен тағы да жылжимын

Қалыспаңдар балалар

Жолда келе жатқанда

Жан - жағыңа қараңдар

Қарап едік алысқа

Өсіп тұрған алып бір

Түсті көзіміз ағашқа.

  Балалар анау тұрған қандай алып ағаш екенін көргілерің, білгілерің келе ме? (Эвкалипт ағашының суреті ілініп тұрады). Бұл ағащтарын жайлы естігендерін бар ма?Білгілерің келсе оқулығымыздағы  2- жаттығуға назар аударайық. Мәтінді оқимын, түсіндіремін. Алғашқы екі сөйлемін оқушылар көшіріп жазып, в әрпі бар сөздердің астын сызады.

  

VI. Сергіту сәті

  Жақсы. Ендеше әрі қарай В дыбысы әлемінің ғажаптарының сырын ұғуға асығайық.

3-жаттығуға назар аударайық. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Үй ішінде - бөлме,

Бөлме іші - көлде.

Түрлі ұсақ - балық,

Жүзді сайран салып. (Аквариум)

 Аквариум дегеніміз не, білеміз бе? Аквариум сөзі де орыс тілінен енген екен. Бұл сөздің қазақшасы қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? Аквариум - қолда балық өсіруге арналған су құйылған шыны ыдыс. Өте жақсы балалар, ал енді осы жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрап көрейікші. Мысалы:1. Мен аквариумнен түрлі балықтарды көрдім. 2. Арман аквариумдегі балықтарға жем берді.

 Балықтарға не үшін жем береді? Себебі оларды жем беріп асырамаса өліп қалады, оның ішіндегі суында белгілі бір уақыттан кейін тазарту керек екен.

Ал, балалар жүрелік

Вагонға тез - тез мінелік

Айналып өтіп бұл жерден

Келесі елге жетелік.

   Балалар, біздің алдымыздан кездескен ел « Жоғалған әріптер» елі деп аталады екен.

Бұл жерде бізге қандай тапсырма беріліпті. Ол үшін оқулықтағы 4 - жаттығуға қарайық.

 

 VII. Тақтамен жұмыс.

 Тақтаға 3 оқушы шығып жазып, в дыбысы бар сөздердің астын сызады.Біз жаңағы әріптерін жоғалтқан сөздерді дұрыс жаздық па, мына суреттерге қарап тексерелік.

Троллейбус, трамвай - екеуі де көлік. Бұлар қалада жүретін көліктер, себебі екеуі де электр тоғымен жүреді.

Троллейбус - сөзінде б дыбысы жазылады.

Трамвай - сөзінде в дыбысы жазылады.

 Өте жақсы балалар, бұл тапсырманы да жақсы орындадық. Әрі қарай жылжиық. Саяхаттап келе жатқанда үлкен поезда, вагон ішінде отыра бермейміз ғой, ия? Кей жерлерді жаяу жүріп аралап келейік. Жаяу жүргенде неге мінген қолайлы? Велосипедке мінген тиімді. Себебі майы таусылып қалады деп қорықпаймыз. Бірақ дұрыс айдамасақ, құлап жарақат алуымызда ғажап емес. Сондықтан жол ережесін сақтап айдауымыз керек. Ал велосипед сөзінің қандай мағына беретінін білесіңдер ме?

 «Велосипед» - сөзі «жел аяқ» деген ұғымды білдіреді екен. Велосипедтің қандай түрлерін білесіңдер? (слайдта велосипедтің түрлері көрсетіледі). 

 VIII. Дәптермен жұмыс.

 Бұл жайында 6- жаттығуда берілген екен. Қане, ки жаттығуға қарайық.1) Мәтінді оқыту.2) В әрпі бар сөздерді тапқызу, дәптерге жаздырту.

Велосипед, автомобиль, трамвай, автобус. Бұл сөздердің бәрінде де В әрпі бар.

Жұптық жұмыс. Ендеше үш қатарға үш сөз беріледі, әр жұп бірлесе отырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды.

 1 қатар: велосипед ;

 2 қатар:трамвай;

 3 қатар: автобус.                                              

Жұмыстарын жинап алу. Осы велосипедтен әлемдік жарыстарға қатысып жүрген қазақстандық азаматтың есімін білесіңдер ме? Винакуров.

  Александр Николаевич Винокуров 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстанның және Астана велокомандасының ең белгілі велошабандозы. 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Сендерден де сондай чемпион шығады деп сенемін.

 

IX. Қорытынды .

  Балалар, саяхатымыз сәтті болды деп ойлаймын. Балалар бүгін қайда саяхатқа шықтық? Көп нәрсені білдік, В әрпі бар сөздерді дұрыс жазуды үйрендік. Қандай сөздермен таныстық? Аквариум, трамвай деген не екен? В дыбысы сөздің қай буынында келеді? Өте жақсы.Бүгінгі сабақты жақсы түсінген екенсіңдер. Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


  

X. Бағалау.  Нақты және толық жауап берген оқушыларға «өте жақсы», белсенді қатысқан оқушыларға «жақсы» деген бағалар қойылады.

 

 XI.Үй тапсырмасы.  7-жаттығу. Велосипед суретіндегі тірек сөздермен сипаттау мәтінін құрастыру.

 

                                                                                 

                                                                                  Пән мұғалімі: Токушева А. Ж______                                                                                                                  

                                                                                            Әдіскер: Кенжегарина А. А_____


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем 2 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 184 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2017 529
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досмағамбетова Айдана Төлегенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13184
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Здоровый образ жизни и основы физической культуры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе