Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / Презентация тыныс алу мүшелері

Презентация тыныс алу мүшелері



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология
 Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Мақсаты: 1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы түсінік беру; 2. Ойлау, сал...
 Тыныс алу жүйесі
«Миға шабуыл» Адамның тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдығуына қандай фак...
Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын...
Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Өте жұқпалы ау...
Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі ин...
Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа...
Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бе...
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам ме...
Үйге тапсырма: §41 оқу. Тақырып бойынша тест құрастыру. «Темекінің тыныс алу...
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Описание слайда:

Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу

№ слайда 2 Мақсаты: 1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы түсінік беру; 2. Ойлау, сал
Описание слайда:

Мақсаты: 1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы түсінік беру; 2. Ойлау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын дамыту; 3. Жеке бас гигиенасын сақтауға, өзін – өзі бағалауға тәрбиелеу;

№ слайда 3  Тыныс алу жүйесі
Описание слайда:

Тыныс алу жүйесі

№ слайда 4 «Миға шабуыл» Адамның тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдығуына қандай фак
Описание слайда:

«Миға шабуыл» Адамның тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдығуына қандай факторлар себеп болуы мүмкін?

№ слайда 5 Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын
Описание слайда:

Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары әсер етеді. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін.

№ слайда 6 Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Өте жұқпалы ау
Описание слайда:

Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, жүйке жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар  тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін.

№ слайда 7 Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі ин
Описание слайда:

Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады. Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпе сияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болуы кереқ Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән. БРОНХЫ ӨКПЕ ЗАҚЫМДАЛҒАН САУ БРОНХА

№ слайда 8 Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа
Описание слайда:

Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді. Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін. АСҚЫНҒАН БРОНХЫ САУ БРОНХЫ

№ слайда 9 Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бе
Описание слайда:

Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай Баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, т.б. органдарға шабуы мүмкін. Сондықтан баспаның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет.

№ слайда 10 Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам ме
Описание слайда:

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда жұғады.Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен ауруы мүмкін. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады.

№ слайда 11 Үйге тапсырма: §41 оқу. Тақырып бойынша тест құрастыру. «Темекінің тыныс алу
Описание слайда:

Үйге тапсырма: §41 оқу. Тақырып бойынша тест құрастыру. «Темекінің тыныс алу мүшелеріне зияны» буклет дайындау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров110
Номер материала ДБ-090782
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх