Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Программа "Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі"

Программа "Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі"

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ











«Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі»

10-11 сыныптары үшін






Бағыт: Жаратылыстану-математикалық

Профиль: физика - математика











Құрастырғандар:

Орыспаева Г.А.

Ахмер орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі,

Нарбинова Г.И.

42 орта мектебінің физика

пәнінің мұғалімі






ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

2013

Түсінік хат


Физика пәнінен есептерді шығару әдістемесі курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары мектептің жоғары буын оқушыларына профильдік оқыту негізінде құрылған. Курс 10-11 сынып оқушыларын физика пәнінің негізгі бөлімдерін меңгеруде толық дайындауға есептелген.

Курс 2 жылдық оқытуға арналған – 10-11 сыныптарға

Бағдарлама бойынша сағат саны – 68.

Аптасына 1 сағат, оқу жоспарына сай.


Курстың негізгі мақсаттары:


  • физика пәніне және физикалық есептерді шығаруға қызығушылықтарын дамыту;

  • негізгі курста алған білім және біліктіліктерін жетілдіру;

  • физикалық есептердің берілу шарттары, оларды топтастыру және шығару әдістері мен амалдарын қалыптастыру.

Бұл курс бағдарламасы мемлекеттік міндетті білім стандартына сай және мектеп бағдарламасының физика пәнінен профильдік оқыту мазмұнына сәйкестендірілген. Ол пән мұғалімінің оқушылардың алған білім және білік дағдыларына бағыттайды. Ол үшін бағдарлама бірнеше бөлімдерге бөлінген. Бірінші бөлім оқушыларға физикалық есеп туралы жалпы мағлұматтар, өмірдегі, техникадағы, ғылымдағы есептің мәні туралы мәлімет береді, есеппен жұмыс істеу түрлерімен таныстырады. Оқушылар есепті құрудың негізгі әдістерін және оларды түрлендірудің үш-төрт негіздерін білу қажет.

Бірінші бөлімде есептерді шығаруда орындалу ретімен, физикалық құбылыстарға талдау, есептің шығарылуын дауыстап айту, алған жауабына талдау жасай білуіне көп көңіл бөлінеді. Егер бөлімінің басында көрнекілік үшін механика, молекулалық физика және электродинамикадан есептер қолданылса, кейін 11 сынып бағдарламасының бөлімдерінің есептері қарастырылады. Қайталау кезінде теориялық материал қалай жүйеленсе, есептерді шығару әдістері де солай жүйеленеді. Әсіресе оқушылардың кәсіптік қызығушылығымен байланысты, сонымен қатар пәнаралық мазмұндағы есептерге көп көңіл бөлінеді. Есептер мен жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көз-қарастарына және әдістеріне: қоғамға қажеттілігіне және есептің берілуіне, физика тарихынан есептерге, есепті шығаруда математиканың рөліне, есепті шығаруда физикалық құбылыстардың жүйелі талдауымен таныстыруына және т.б. көңіл бөлу.

Бірінші бөлімді оқытуда сабақты өткізу түрлері: мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың ойлары, есеп шығарудың нақты мысалы, эксперименттік есептердің ұжымдық қойылымы, есепті құрудағы жеке және ұжымдық жұмыстар, үздік есеп құруға сайыстар, әр түрлі есептер жинақтарымен таныстыру және т.б. Нәтижесінде оқушылар берілген есепті түрлендіріп, қарапайым есептер құрастырып, есепті шығару жолдарын түсіндіре және орындай білуі қажет. Күрделі есептерді пән олипиадаларына дайындық ретінде қарастыруға болады.

Мұғалім есептерді таңдауда оқушылардың нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушыларға үй тапсырмасының берілуі де қарастырылады. Жартыжылдық қорытынды бойынша оқушылардың білім, білік деңгейлері «сынақпен» бағаланады.







































Курстың мазмұны

Физикалық есептер. Есептерді топтастыру (4 сағ)

Физикалық есеп дегеніміз не. Физикалық есеп құрылымы. Физикалық теория және есептерді шешу. Оқытудағы және өмірдегі есептің мағынасы.

Есептерді мазмұнына, талаптарына, берілу тәсілі мен шығарылуына қарай топтастыру. Барлық түрдегі есептерге мысалдар.

Физикалық есептерді құру. Есептерді құрудағы қойылатын негізгі талаптар. Физикалық есептерді құрудағы тәсілдер мен тахникасы. Есептердің барлық түрлеріне мысалдар.


Физикалық есептерді шешу тәртібі мен тәсілдері (6 сағ)

Физикалық есептерді шешудегі жалпы талаптар. Физикалық есептерді шешу кезеңдері. Есептің мәтінімен жұмыс. Физикалық құбылыстарға талдау; есепті шығару жоспары. Жоспарды орындау. Есептеулер жүргізу. Есептеулерге арналған есептеу техникасын қолдану. Шешімді талдау және оның маңызы. Шешімін рәсімдеу.

Физикалық есептерді шешуде және рәсімдеуде кездесетін жалпы қателіктер. Есептерді шешу мысалдарын оқып үйрену. Есептерді шешудің түрлі әдістері мен тәсілдері: алгоритмдер, ұқсастықтар, геометриялық тәсілдер. Түрлі әдістер, графикалық шешулер және т.б.


Динамика (8 сағ)

Механика есептерінің координаттық шешу тәсілі. Динамиканың негізгі заңдарына есептер шығару: Ньютон заңдары, тартылыс заңдары, серпімділік, үйкеліс, кедергі күштері. Материялық нүктенің қозғалысы, денеге түсірілген бірнеше күштің әсері.

Физикалық жүйелердің тепе-теңдігін анықтайтын есептер. Салыстыру принципіне есептер: әр түрлі инерциалды санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысына кинематикалық және динамикалық сипаттағы.

Түрлі есептерді таңдау, құру және шығару: мәтіндік, эксперименттік, сандық, сапалық, техникалық және өлкетану, әскери- техникалық мазмұнындағы. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу.


Сақталу заңдары (8 сағ)

Механика есептерінің түрлері: кинематика, динамика және сақталу заңдарың қолдану. Реактивті қозғалыс және импульстің сақталу заңдарына есептер. Жұмысты және қуатты анықтауға есептер. Энергияның айналу және сақталу заңдарына есептер.

Есептер шығаруда түрлі әдістерді қолдану. Берілген нысандар мен құбылыстарға есептер құру. Шығарылған есептерді өз ара тексеру. Олимпиада есептерімен танысу және шығару әдістері.

Жоба есептері: акселерометр моделі, Фуко маятнигінің моделі, өздігінен қозғалатын арбалар жобасы, салмақсыздықты бақылайтын құрылғылар жобасы, авто тербелмелі жүйелер моделі және т.б.


Газ, сұйық және қатты денелердің құрылысы және қасиеті (6 сағ)

МКТ -ң негізгі қағидаларына және теңдеулеріне сапалық есептер. Идеал газ тақырыбына: МКТ-ның негізгі теңдеуіне, молекула жылдамдығын табуға, изопроцестердегі газ күйлеріне.

Бу қасиеттеріне есептер: Менделеев - Клапейрон теңдеуін қолдану, будың кризистік күйі. Беттік қабаттар қасиеттеріне есептер; беттік керілу күшінің жұмысы, капилярлық құбылыстар, сабын көпіршіктеріндегі қысымы. Ауа ылғалдылығын анықтайтын есептер.

Қатты денелердің механикалық қасиеттеріне есептер: абсолюттік және салыстырмалы ұзаруы, жылулық ұлғаюы, беріктік шегі, серпімділік күші.

Сапалық және сандық есептер. графикалық және эксперименттік есептер, тұрмыстық мазмұндағы есептер.


Термодинамика негіздері (6 сағ)

Термодинамиканың бірінші заңына есептер. жылу қозғалтқыштарына есептер. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелерге бару.

Жоба есептер: газ термометрінің моделі, берілген қысымға сақтандырғыш қақпақ моделі; жылу машиналар моделі; жұқа капилляр радиустарын анықтауға практикалық жобалар.


Электр және магнит өрістері (5 сағ)

Әр түрлі әдістермен электр өрісін сипаттайтын есептер: зарядтың сақталу және Кулон заңдары, күш сызықтары, кернеулік, потенциалдар айырымы, энергия. Конденсаторлар жүйесін құруға есептер.

Магнит өрісін және оның әрекетін сипаттайтын есептер: магнит индукция және магнит ағыны, Ампер, Лоренц күштері. Электрометр, соленоид және басқа құралдар қолданыумен эксперименттік сапалы есептер шығару.


Әр түрлі ортадағы тұрақты электр тогы (9 сағ)

Күрделі тізбектегі кедергіні анықтауға арналған есептер: электр тізбегін сипаттау, тізбек үшін Ом заңы, Джоуль – Ленц заңы, электр тізбегіне өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау, Кирхгоф ережесі, ЭҚК-ні есептеу. Тізбек бөлігінің кедергісін өзгерткен кездегі электр құралдарының көрсеткіштерін анықтауға эксперименттік есептер.

Металл, электролит, вакуум, газ, жартылайөткізгіштердегі электр тоғын сипаттайтын есептер: заряд тасымалдаушылардың, құбылыстардың сипаттамасы және т.б.. сапалы, эксперименттік, мәтінді, техникалық мазмұнымен, аралас есептер.

Жобалы есептер: сұйқты берілген температураға дейін жылыту құрал, элетромагниттік релесі бар құралдың моделі, өлшеуіш приборлардың моделі, «қара жәшік» моделі.


Электромагниттік тербелістер мен толқындар (14 сағ)

Электромагниттік индукция құбылысына есептер: электромагниттік индукция заңы, Ленц ережесі, индуктивтілік.

Айнымалы тогын сипаттайтын есептер: айнымалы тоғының сипаттамалары, электр машиналар, трансформатор.

Электромагниттік толқындардың қаситеттеріне есептер: жылдамдық, шағылу, сыну, интерференция, дифракция, поляризациясы.

Геометриялық оптикадан есептер: айналар, оптикалық аспаптар. Салыстырмалылық теориясына есептер және оларды шығару мысалдары. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу.

Жобалы есептер: белгілі сыйымдылығымен жазық конденсатор, әр түрлі тербелістегі генераторлар, электрэнергияны қашықтықтарға жеткізу моделі және т.б.


Кванттық физика (4 сағ)

Стефан-Больцман және Вин заңдарына есептер. Рентген сәулелерінің медицинада қолданылуына жоба қорғау. Жарықтың қысымы. Жобалы есептер: жарықтың кванттық есептер.

Атомдық физика (4сағ)

Бальмер формуласын қолдануға арналған есептер. Де Бройль толқындары. Сызықтық емес оптика. Радиактивті ыдырау заңы. Радиактивті заттың активтілігі.




















Оқу материалының мазмұнын таңдау мен ұйымдастыру ұстанымдары


  • мазмұн міндеттерінің уақыт тексеруінен өткен классикалық физика деңгейімен сәйкестігі, физикалық теориялардың нақты заңдары, фундаментальды физикалық заңдары, физиканың әдістемелік ұстанымдары, сонымен қоса эксперименттік, теориялық және есептеу физикасының қолданылу негізінде жүзеге асырылатын әртүрлі бөлшектер дәрежесіндегі оқытылатын нысандардың физикалық және математикалық модельдерін шешу үрдісінде құрылым мүмкіндіктерімен сәйкестігі;

  • мазмұны мен формасының физика бойынша мемлекеттік бағдарлама талаптарының міндеттеріне сәйкестігі;

  • есептер қаралатын бақылаудағы құбылыс зерттеуінің шарттарын талдауға оқыту мүмкіндігі;

  • міндеттер мен әдістер мазмұны арқылы олардың шешілу шеңбері болатын адекватты стильдегі ойлау, табиғат құбылыстарын оқудағы ғылыми қатынас және ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру мүмкіндігі;

  • ғылыми дүниетанымдарын және өмірлік жағдаяттарын дамыту.

Ұсынылатын курс мұғалім мен оқушы әрекетінің келесі кезеңдері қадағаланатын оқытудағы коммуникативті зерттеу қатынасына бағытталған: мұғалім мен оқушының физикалық мәселелі жағдаят құрудағы немесе тақырып бойынша міндеттер таңдау әрекеттері бойынша бірлескен жұмысы → табылған мәселелі жағдаятты талдау → мәселелердің физикалық бөлімдерін нақты формулалау → болжамдар шығару → модельдер әзірлеу (физикалық, математикалық) → бақыланатын құбылыстың эксперимент кезінде даму нәтижелерін болжау → болжамдарды тексеру мен түзету → шешімдерін табу → шешімдерді тексеру мен талдау → физика курсынан оқыған бұрынғы тақырыптар, сонымен қоса басқа жаратылыстану – ғылыми циклы пәндері бойынша тақырыптар және оқитын тақырып бойынша басқа мәселелер (міндеттер) қою және шешу үшін алынған нәтижелерді қолдану бойынша ұсыныстар мағыналық бағалау.


Оқыту құралы

Қолданбалы курсты оқытудағы негізгі оқыту құралдары болып:

  • Физикалық аспаптар.

  • Графикалық кесінділер, сызбалар және т.б.

  • Дидактикалық материалдар.

  • Электрондық оқулықтар.

  • Ақпараттық құралдар (түрлі сайттар, энциклопедия, газет, журнал. . .).

  • Жоғары сыныптарға арналған оқу құралдары.

  • Физикадан оқу құралдары, есептер жинағы.


Өздік жұмыстарды ұйымдастыру

Өөздік жұмыс оқушылардың өз бетімен нақты физикалық заңдар мен теорияларды, іргелі физикалық заңдарды, физиканың методологиялық ұстанымдарын, сонымен қатар оқушылардың профильдік білім алуына бағытталған әртүрлі есептер жинағынан эксперименттік, теориялық және санау әдістерін қолдана отырып шығарылған дидактикалық есептер кешенін құру.


Білім сапасын меңгерудегі аралық аттестациялау

Аралық аттестация жазбаша бақылау (тест) жұмыстары ретінде алынады. Тексеру жұмыстары нақты бір тараудың бөлімінен алынған бірнеше есептерден құралады. Курсты өту барысында алған білімдерін бақылап және бекітіп отыратын оқыту және тексеру тесттік тапсырмалары жоспарланады. Оқушылардың білім білік бағалары орындалған практикалық және зерттеу жұмыстары нәтижелері, эксперименттік, теориялық және санау есептерін қорғауда қатысқандықтарымен анықталады.


Қорытынды аттестация

Курс қорытындысы оқушылардың нақты физикалық теория заңдылықтарын, іргелі физика заңдарын, теориялық және есептеу физикасының практикалық қолданылуын білуімен сынақ арқылы аяқталады. Оқушылардың біліктілік дағдыларын әртүрлі берілген есептер арқылы тексеріледі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

  • есеп шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану, негізгі алгоритмдер бойынша білімдерін кеңейту;

  • таным қызығушылықтарын, интелектуалды және шығармашылық қабілеттерін өз беттерімен білім ала отыру тәжірибесі негізінде жаңа ақпаратты талдау және бағалауды дамыту;

  • оқушының кәсіптік іс-әрекетіндегі немесе профильдік оқытудағы өзін-өзі анықтауы;

  • Физикалық, математикалық зерттеу әдістемелері және физиканың дүниетанудағы рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыру.












Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойлатын талаптар:


Оқушылар білу қажет:

  • физикалық құбылыстарды талдау;

  • шешімдерін айта білу;

  • алған жауаптарына талдау жасау;

  • берілген есептерді топтастыра білу;

  • қарапайым есептерді құра білу;

  • қиындығы орта деңгейдегі есептерді шығарудағы алгоритмін тәртіппен орындау және әрбір кезеңдерін түсіндіре білу;

  • есеп шығаруда тиімді жолын таба білу;

  • кіріктірілген есептерді шығара білу;

  • аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б. түрлі әдістермен есептерді шығара білу;

  • өзін-өзі бақылау және бағалау әдістерін меңгеру.


Негізгі түсініктер

Физикалық оқыту есептері. Физикалық теория – физикалық есептерді шешілу және қойылу көзі ретінде. Есептерді топтастыру. Физикалық есептерді шешу кезеңдері: физикалық, математикалық, шешімдер талдауы. Физикалық есептерді шығаруда қолданылатын математикалық тәсілдерге қойылатын талаптар; есепте қарастырылатын құбылысқа адекваттылығы; қарапайым методологиялық ұстанымның пайда болуы тиімділік ретінде; оқушылардың математикалық дайындығына сәйкестігі. Физикалық заң. Іргелі (негізгі) физикалық заң. Физиканың методологиялық ұстанымдары: (бақылау ұстанымдары, түсіндіру ұстанымы: көрнекілік, математикалық модельдік түсіндіру ретінде, математикалық модельдеу түсінік ретінде; қарапайымдылық; толеранттылық; әлемнің физикалық бейнесі ұстанымының біртұтастығы; физикалық теорияның біртұтас ұстанымы ретінде; сақталу ұстанымы, әйкестік ұтанымы, толықтыру ұстанымы). Физикалық ұқсастық әдістері, өлшем талдаулары, ұқсастығы. Нақты объектілер модельдері. Есептерде қарастырылатын математикалық модельдер құбылысы мен физикалық модельдер өзара байланысы.

Физика курсы тақырыптары бойынша эксперименттік, сандық, сапалық есептері: механика, молекулалық физика және термодинамика, электр құбылыстары, оптика, тербелістер мен толқындар, атом және атом ядросы құрылысы; физикадан мемлекеттік бағдарламаға сәйкес профильдік орта білім беру үшін оларды шешу әдістері.








Тақырыптық жоспар


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

теор

практ

Тексеру түрі


10 сынып






  1. Физикалық есеп. Есептерді топтастыру.

4




Физикалық есеп деген не? Физикалық есептердің құрылымы. Физикалық теория және есеп шығару. Оқу кезінде және өмірдегі есептердің маңыздылығы.

1

0,8

0,2

Сынақ

Физикалық есептердің талабы, мазмұны, шешімі бойынша топтастыруы. Әр түрлі есептерді шығару мысалдары.

1

0,5

0,5

Талдау

Физикалық есептерді құру. Есеп құруына қойылған негізгі талаптар. Есеп құруының әдістері. Әр түрлі есептерді шығару мысалдары.

1

0,5

0,5

Талдау

Есеп құруының әдістері. Әр түрлі есептерді шығару мысалдары.

1

0,2

0,8

Тест


  1. Физикалық есептерді шығару әдістері мен ережелері

5




Физикалық есептерді шығаруда қойылатын талаптар. Физикалық есептерді шығару кезеңдері. Есеп мәтінімен жұмыс.

1

0,7

0,3

Сұрақ-жауап

Физикалық құбылыстың талдауы; шығару жоспары. Есептің шығару жоспарын орындауы.

1

0,7

0,3

Сұрақ-жауап

Сандық есеп. Есептеуде техниканы қолдану. Шешуін талдау және оның маңызы. Есеп жазу шарты.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Физикалық есептер шығаруда және жазу шартын орындауында типтік қателер. Есеп шығару мысалдарын зерттеу.

1

0,2

0,8

Сынақ

Әр түрлі шығару әдістер мен тәсілдер: алгоритмдер, ұқсастық әдісі, геометриялық тәсілдер.

1

0,5

0,5

Талдау


  1. Динамика және статика

7




Механикадан есептерді координаталық тәсілмен шығару.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Динамиканың негізгі заңдарына есеп шығару: Ньютонның, қарсылық, кедергі, серпімділік, тартылыс күштер үшін заңдар.

1

0,5

0,5

Есеп шығару

Бірнеше күштердің әсерімен материялық нүктенің, нүктелер жүйесінің, қатты дененің қозғалысына есеп шығару.

1

0,3

0,7

Сынақ есептері

Физикалық жүйенің тепе-теңдік күйінің сипаттамаларын анықтауға есептер.

1

0,3

0,7

Сынақ есептері

Салыстырмалылық принципіне есептер: әр түрлі инерциалық санақ жүйесіндегі дененің қозғалысының сипаттамалары.

1

0,5

0,5

Есеп шығару

Әр түрлі мазмұндағы есептерді таңдау, құру және шығару: қызықты, экспериментті тұрмыстық, техникалық және өлкетанымдық, әскери-тұрмыстық мазмұнымен.

1

0,4

0,6

Талдау

Есеп құруға мәлімет жинау мақсатымен экскурсия.

1

0,8

0,2

Сараптама


  1. Сақталу заңдары

8




Механикадағы есептерді жіктеу: сақталу заңдарына, динамика, кинематика жолдарымен есеп шығару.

1

0,5

0,5

Талдау

Реактивті қозғалыс және импульстің сақталу заңына есептер.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Жұмыс пен қуатты анықтауға арналған есептер.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Механикалық энергияның сақталу және түрлену заңына есептер.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Бірнеше әдіспен шығаратын есептер. Берілген объектілер немесе құбылыстарға есептер құру.

1

0,5

0,5

Талдау

Механикадан халықаралық және республикалық олимпиадаларының есептерімен таныстыру.

1

0,6

0,4

Талдау

Жобалы есептер: акселерометр моделі, Фуко маятнигінің моделі, өздері қозғалатын арбаларын жасау жобасы.

1

0,3

0,7

Эксперимент

Жобалы есептер: салмақсыздықты бақылауға арналған қондырғы, автотербеліс жүйенің моделі.

1

0,3

0,7

Эксперимент


  1. Газ, сұйық және қатты денелердің құрылысы және қасиеттері

6




МКТ-ің негізгі қағидаларына және негізгі теңдеуіне сапалы есептер.

1

0,7

0,3

Талдау

Идеал газды суреттеу есептер: МКТ-ің негізгі теңдеуі, молекулалардың жылдамдығын анықтау, изопроцестегі газдың күйін сипаттау.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Будың қасиеттеріне есептер: Менделеев-Клапейрон теңдеуін қолдану, кризистік күйін сипаттау.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Беттік қабатының құбылысын суреттеу есептер: беттік керілу күштің жұмысы, капилярлік құбылыстар, ауаның ылғалдылығының сипаттамаларын анықтауға арналған есептер.

1

0,3

0,7

Талдау

Қатты денелердің сипаттамаларын анықтауға арналған есептер: абсолют және салыстырмалы ұзаруы, жылулық ұлғаюы, беріктік шегі, серпімділік күші.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Сапалы және мәтінді есептер. Сапалы есептер шығаруда ауызша диалог. Графикалық және эксперименттік есептер, тұрмыстық мазмұндағы есептер.

1

0,1

0,9

Тест


  1. Термодинамика негіздері

4




Термодинамиканың бірінші заңына аралас есептер.

1

0,6

0,4

Есеп шығару

Жылулық қозғалтқыштарға есептер

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Жобалы есептер: газ термометрінің моделі, белгілі қысымдағы қорғау клапанның моделі.

1

0,5

0,5

Жоба

Жобалы есептер: сигнал беруге қолданған газ процестерінің жобасы, жылулық машинаның моделі.

1

0,5

0,5

Жоба








11 сынып






  1. Электр және магнит өрістер

5




Тарау есептерін шығару жолдарын сипаттау: жалпы және әр түрлі; мысалдар және шығару жолдары.

1

0,6

0,4

Талдау

Электр өрісін суреттеуге әр түрлі есептер: зарядтың сақталу заңы және Кулон заңы, күш сызықтары, кернеулік, потенциал айырымы, энергия.

1

0,4

0,6

Есеп шығару

Конденсатор жүйесін сипаттауға арналған есептерді шығару.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Магнит өрісін және оның әрекетін сипаттауға әр түрлі есептер: магнит индукция және магнит ағыны, Ампер күші және Лоренц күші.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Электрометр, магнит зонды және басқа құрал-жабдықтардың пайдалануымен сапалы және эксперименттік есептерді шығару.

1

0,1

0,9

Эксперимент


  1. Әр түрлі ортадағы тұрақты электр тогы

9




Күрделі электр тізбегінің кедергісін есептеу әдістері. Тұрақты электр тогының электр тізбегін сипаттауға әр түрлі есептер: Ом заңы, Джоуль-Ленц заңы, тізбектей және параллель жалғау заңдары.

1

0,4

0,6

Талдау

Есеп шығаруда Кирхгоф ережелерімен таныстыру.

1

0,4

0,6

Есеп шығару

Тізбек бөлігінің кедергісін анықтауға, тізбек бөліктерінің кедергілерін өзгерткенде электр аспаптардың көрсеткіштерін анықтауға эксперименттік есептерді құру және шығару.

1

0,4

0,6

Есеп шығару

ЭҚК бар тізбек бөлігін есептеуге арналған есептер шығару.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Жартылайөткізгіш, газ, вакуум, электролиттердегі тұрақты электр тогын суреттеуге есептер: тасымалдаушыларды сипаттау, нақтылы құбылыстарды сипаттау және т.б.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Сапалы, эксперименттік, мәтінді есептер; техникалық мазмұндағы есептер; аралас есептер.

1

0,2

0,8

Тест

Жобалы есептер: берілген температурадағы сұйықты жылытуға арналған қондырғы; электромагниттік релесі бар автомат қондырғының моделі.

1

0,3

0,7

Жоба

Жобалы есептер: жарық түсіру моделі мен жобалар; өлшеуіш аспаптардың моделі.

1

0,3

0,7

Жоба

Жобалы есептер: «қара жәшік» моделі

1

0,4

0,6

Жоба


  1. Электромагниттік тебелістер мен толқындар

12




Электромагниттік индукция құбылысын сипаттау әр түрлі есептер: электромагниттік индукция заңы, Ленц ережесі, индуктивтілік.

1

0,5

0,5

Талдау

Айнымалы электр тогына есептер: айнымалы электр тогының сипаттамалары.

1

0,4

0,6

Есеп шығару

Айнымалы электр тогына есептер: электр машиналар, трансформатор.

1

0,4

0,6

Есеп шығару

Электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттауға арналған есептер: жылдамдық, шағылу, сыну, интерференция.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттауға арналған есептер: дифракция, поляризация.

1

0,4

0,6

Есеп шығару

Геометриялық оптикаға есептер: айналар, оптикалық схема.

1

0,5

0,5

Есеп шығару

Салыстырмалы теориясына есептерді топтастыру және оларды шығару мысалдары.

1

0,6

0,4

Талдау

Трансформатор, дыбыс генераторы, осциллографтың қолданыумен эксперименттік есептерді шығару.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Есеп құруға мәлімет жинау мақсатымен экскурсия.

1

0,8

0,2

Экскурсия

Жобалы есептер: берілген сыйымдылығымен жазық конденсатор.

1

0,5

0,5

Жоба

Жобалы есептер: әр түрлі тербелістегі генераторлар.

1

0,5

0,5

Жоба

Жобалы есептер: электр энергиясын жеткізу моделі.

1

0,5

0,5

Жоба


  1. Кванттық физика

4




Стефан-Больцман және Вин заңдарына есептер.

1

0,1

0,9

Есеп шығару

Рентген сәулелерінің медицинада қолданылуына жоба қорғау

1

0,3

0,7

Жоба

Жарықтың қысымы.

1

0,1

0,9

Есеп шығару

Жобалы есептер: жарықтың кванттық есептер.

1

0,1

0,9

Тест


  1. Атомдық физика

4




Бальмер формуласын қолдануға арналған есептер.

1

0,2

08

Есеп шығару

Де Бройль толқындары. Сызықтық емес оптика.

1

0,2

0,8

Есеп шығару

Радиактивті ыдырау заңы. Радиактивті заттың активтілігі.

1

0,3

0,7

Есеп шығару

Курс бойынша қорытынды сабақ

1

0,5

0,5

Сынақ

Есептер шығару үлгілері:

1. Массасы m болат құйманы судан қатаңдығы k арқанмен а үдеумен көтереді. Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Арқанның х ұзаруын табыңдар. Судың кедергі күші ескерілмейді.


Берілгені Шешуі:

m m

k ma=kx-mg-p2gV2

a x=)

p1-су тығыздығы

p2-болат тығыздығы x=(p1g+p1a+p2g)

Т/К: Х-?


2. Ауырлық күші оның Жер бетіндегі мәнінің 36°/о –ын құрайды Оның Жер бетінен биіктігі (Жердің радиусы 6300 км)


Берілгені

Fn=0.36F

R=6300км

h-?







Шешуі

Fn=

G

36(R+h)2=100R2

6(R+h)=10R

h=


3.Абсолют қара дененің сәуле шығаруының қуаттылығы 17,3 Вт-қа тең. Осы дененің бет ауданын 3,05 hello_html_46504a44.gif-ге тең деп алсақ, онда hello_html_m29436f20.gif кезіндегі температураның мәні



Берілгені

Ф=17,3Вт

S=3,05 м2

T-?



Шешуі:

R=


4.Колба ішінде 0°С температурада су бар. Колбадағы ауаны сорып, суды булану жәрдемімен қатырады. Егер сырттан келетін жылу болмаса, судың буланатын бөлігі (rсу = 23∙10hello_html_5e4bf04.gifДж/кг; λ = 3,3∙10hello_html_5e4bf04.gifДж/кг)



Берілгені

r=23Дж/кг

Дж/кг





Шешуі:

Q1=r mбу Q2= мұз

мұз=mcy-mбу


5.Жиілігі 450 Гц, жылдамдығы 360 м/с толқынның таралу бағытындағы бір-бірінен 20 см-ге қалатын екі нүктесінің фаза айырмасы


Берілгені

см

Гц

м/с


T/K



Шешуі:

=


6.Зарядтары q және -2q болатын нүктелік зарядтардың арақашықтығы 6а. Зарядтарды қосатын түзу бойында өріс потенциалы нольге тең болатын нүктенің q зарядтан қашықтығы (k = 9∙109 Н∙кг2/Кл2)


Берілгені:

q

-2q

R=6a

r1-?






Шешуі:

-

2r1=r-r1

r1=


7.Массасы 2 т ұшақ горизонталь бағытта 50 м/с жылдамдықпен ұшып барады. 420 м биіктікте ол двигателін өшіріп, төмендей бастады да, 30 м/с жылдамдықпен аэродром жолына келіп жетті. Ұшақ қалықтап төмен түскенде ауаның кедергі күшінің жұмысы (g = 10 м/с2)



Берілгені:

m=2m=2 . 103кг

hello_html_651dc989.png

h=420м

Ак -?











Шешуі:

Ак = Е12

Е1=mgh + E2=

Ak=m(gh+










8. 39,2 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған жебенің көтерілу биіктігі және 5 с кейінгі орын ауыстыруы мен жүрген жолы (g = 10 м/с2 )

Берілгені: Шешуі

V0 = 39.2м/с H = hello_html_m49bb384a.gif

t = 5c

H, y, l y = V0t - hello_html_m5dd933e2.gif


l = H + (H – y) = 2H – y = 2 . 78,4 – 73,5

=83,3м


9. Аялдамадан шыққан автобус үдемелі қозғала үшінші секундта 2,5 м жол жүрсе, оның бесінші секундтағы жүрген жолы


Берілгені: Шешуі:

S3-S2=2,5м S3-S2= hello_html_6aa5fa55.gif - hello_html_m4dd0828e.gif2)

S5-S4=? a = hello_html_5be15476.gif

S5-S4= hello_html_m10bcfb19.gif

S5-S4 = hello_html_m72a70a3d.gif


10. Екі поезд бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүрді. Бір поезд үдемелі қозғалып, жолды 0,03 м/с2 үдеумен жолды жүріп өтсе, екіншісі 18 км/сағ жылдамдықпен бірінші жартысын және 54 км/сағ жылдамдықпен екінші жартысын жүреді. Әр поездің жүрген жолы


Берілгені: Шешуі:

S1=S2 S1=hello_html_m320a3064.gif

a1=0,03м/с2 S2=Vорт . t = 22,5t

V1=18км/сағ=5м/с Vорт = hello_html_5448b685.gif

V2=54км/сағ=15м/с S1=S2

T/K S1, S2 0,015t2=7,5t

0,015t2-7,5t=0

t(0,015t-7,5)=0

t=0 t=hello_html_3526a333.gif

S=7,5м/c . 500с = 3750м = 3,75км


11. Судың ішіндегі адам, су бетінен 14,72 м биіктікте орналасқан дыбыс көзінен шыққан дыбысты 50 мс өткен соң естиді. Адамның суда орналасқан тереңдігі (ауадағы дыбыс жылдамдығы; hello_html_1f22fca6.gif; судағы дыбыс жылдамдығы hello_html_m17f0e038.gif)

Берілгені: Шешуі:

tауа = tсу h = hсу + hауа

h = 9,35 h = Vсуtсу + Vауаtауа = Vсуtсу + 5Vауаtсу

Т/К hауа tсу= hello_html_m1d4a5048.gif

Һауа =һ – һсу = һ – Vcy

hello_html_77282ba2.gif




12. Су ішіндегі адам мен су бетінен жоғары орналасқан дыбыс көзінің арақашықтығы 9,35 м. Дыбыс адамға суға қарағанда ауда 5 есе ұзақ жетеді. Дыбыс көзінің орналасқан биіктігі (ауадағы дыбыс жылдамдығы; hello_html_1f22fca6.gif; судағы дыбыс жылдамдығы hello_html_m17f0e038.gif)




Берілгені: Шешуі:

Һауа = 14,72м hcy = Vcy . tcy

t = 50мс = 0,05с t = taya +tcy = hello_html_m3b86d86c.gif

Т/К: һсу tcy = t - hello_html_2c0baff1.gif

hcy = Vcy (t - hello_html_m2225c49b.gif= 1483 (0,05 - hello_html_m1a2d0e25.gif


13. Су астында 5 м тереңдікте, екі жағы бекітілген шыны трубканың төменгі аузы ашылды. Осы кезде трубкаға 1,95 г су енді. Трубка көлемі 2 см3, атмосфералық қысым 105 Па болса, бітеу шыны трубканың қысымы (g = 10м/с2 ; ρсу =103 кг/м3)


Берілгені: Шешуі:

Һ = 5м P1V1 = P2V2

m=1,95г=1,95.10-3кг P1V1= (Pcy + Pa)V2

V=2см3=2.10-6м3 P1 = hello_html_m628d173d.gif

P=105Па P1=hello_html_1632a121.gifПа

g=10м/с2

hello_html_37620ebb.gifcy=103кг/м3

T/K: P1


14. 20 нКл, 5 нКл нүктелік зарядтар бір-бірінен 50 см қашықтықта орналасқан. Олардың арақашықтығын 5 есе арттыру үшін электр өрісінің атқаратын жұмысы (k = 9∙109 Н∙кг2/Кл2)


Берілгені: Шешуі:

hello_html_m53d4ecad.gifq1= 20нКл А= Wp1-Wp2=q(1- 2)=q (hello_html_m5e950bd9.gif-hello_html_m607b3fd3.gif)= kq1q2hello_html_ma448f8e.gif

q2=5 нКл

r1=50см

r2=5r1

k = 9∙109 Н∙кг2/Кл2

т/к А



15. Өте ұзын жылуизолияциялы құбыр ішінде,бірдей екі поршень арасында температурасы Т0 1 моль біратомды газ бар(суретті қараңыз). Поршеньдер массасы m.Бастапқы мезетте поршеньдер бір бағытта 3ϑ және ϑ жылдамдықпен қозғалған болса, газ қандай максимал температураға дейін қызады?Поршеньдер жылу өткізбейді. Газ массасын поршень массасымен салыстырғанда ескермеңіз.


Берілгені: Шешуі:

1мольhello_html_76be5857.png



Жүйе 2 поршень және температурасы Т0-

Болатын 1 моль газдан тұрады.

-?


Жүйенің бастапқы энергиясы ;

-поршеннің кинетикалық энергиясы; -поршеннің кинетикаылқ энергиясы;

-газдың ішкі энергиясы; 3-газ молекуласының еркіншілік дәрежесі.

газ«-болғандықтан. Газдың алған кинетикалық энергиясын ескермеуге болады.

Жүйенің соңғы қалыптасқан энергиясы W2 есептелік. 3-шар газ арқылы -шармен серпімсіз соқтығысады: ;

; Бұдан ;

Сақталу заңы бойынша ;

;

Жауабы:




16. Нәрсе мен экран арасында жұқа жинағыш линза орналастырылған. Линзаны қозғай отырып, экранда нәрсенің анық кескіні болатын екі жағдайды анықтайды.Бірінші жағдайда экрандағы кескін өлшемі h1=2,0 мм, екінші жағдайда h2=4,5 мм болса, нәрсенің өлшемі қандай?





Берілгені:

h1= 2.0мм

h2= 4.5мм

H-?




hello_html_m31cdf4e9.png

Шешуі:

;линзалардың

1-2 жағдайындағы

ұлғайту коэффиценті. Мүшелеп көбейтеміз.

; f1=d2; f2=d1 кескіннен кері затты салу жолымен дәлелдеуге болады.

Бұдан немесе : жұқа линзалар үшін.

Бұдан ;

; және теңдіктері шығады.

;


Немесе ; мұндағы - линзаның 1-ші 2 жағдайдағы ара қашықтығы.

;: мм

Жауабы: H=3мм


17. Магнит индукциясы В магнит өрісі мен ауырлық күші өрісінде , көлбеу жазықтықпен қозғалған дененің максимал жылдамдығын анықтаңыз.Дененің массасы m, заряды q. Магнит өрісі көлбеу жазықтыққа параллель және ауырлық күші өрісіне перпендикуляр. Жазықтықтың көлбеулік бұрышы α. Дене мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффиценті µ < tgα .


Берілгені: hello_html_138a8937.png

В

M

q

?

Шешуі:


Денеге үш күш әсер етеді:



1 Ауырлық күш

А) -күшін тудырады.

Б) күшін тудырады.

2. Лоренц күші Fл; Бұл денені бетке қысады. Дене бетпен қозғалады бетке -бағытта қозғалмайды. Сондықтан ; немесе ;

Дене есептің шарты бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. a=0 Олай болса

0. Бұдан ;










































Оқушыларға арналған әдебиеттер:


  1. А.Б.Мәженова. Физика есептерінің жинағы. 9-11 сыныптар

  2. Б.Дүйсембаев, Д.Қазақбаева. Физика анықтамалық құрал.

  3. Баканина Л. П. и др. Сборник задач по физике: Учебное пособие для углубленного изучения физики в 10-11 класс, М.: Просвещение, 1995.

  4. Балаш В. А. Задачи по физике и методы их решения. М.: Просвещение, 1983.

  5. Всероссийские олимпиады по физике. 1992—2001 / Под ред. С. М. Козела, В. П. Слободянина. М.: Вер-бум-М, 2002.

  6. Гольдфарб И. И. Сборник вопросов и задач по физике. М.: Высшая школа, 1973.

  7. Кабардин О. Ф., Орлов В. А. Международные физические олимпиады. М.: Наука, 1985.

  8. Кабардин О. Ф., Орлов В. А., Зильберман А. Р. Задачи по физике. М.: Дрофа, 2002.

  9. Ланге В. Н. Экспериментальные физические задачи на смекалку. М.: Наука, 1985.

  10. Малинин А. Н. Сборник вопросов и задач по физике. 10—11 классы. М.: Просвещение, 2002.

  11. Меледин Г. В. Физика в задачах: Экзаменационные задачи с решениями. М.: Наука, 1985.

  12. Перелъман Я. И. Знаете ли вы физику? М.: Наука, 1992.

  13. Слободецкий И. Ш., Орлов В. А. Всесоюзные олимпиады по физике. М.: Просвещение, 1982.

  14. Черноуцан А. И. Физика. Задачи с ответами и решениями. М.: Высшая школа, 2003.















Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:


  1. Д.Қазақбаева, Ш.Кәрібаева. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жолдары. Физика және Астрономия, №1, 2006ж.

  2. С. Муканова. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11-х классах общеобразовательных учебных заведений. Алматы, РОНД, 2005г.

  3. Аганов А. В. и др. Физика вокруг нас: Качественные задачи по физике. М.: Дом педагогики, 1998.

  4. Бутырский Г. А., Сауров Ю. А. Экспериментальные задачи по физике. 10—11 кл. М.: Просвещение, 1998.

  5. Каменецкий С. Е., Орехов В. П. Методика решения задач по физике в средней школе. М.: Просвещение, 1987.

  6. Малинин А. Н. Теория относительности в задачах и упражнениях. М.: Просвещение, 1983.

  7. Новодворская Е. М., Дмитриев Э. М. Методика преподавания упражнений по физике во втузе. М.: Высшая школа, 1981.

  8. Тульнинский М. Е. Качественные задачи по физике. М.: Просвещение, 1972.

  9. Тульнинский М. Е. Занимательные задачи-парадоксы и софизмы по физике. М.: Просвещение, 1971.

  10. А.П. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы. «Мектеп», Алматы, 1983.

  11. Г.С. Смолина, А.С. Тулеуханова, Физика, методическое пособие для абитуриентов, Усть-Каменогорск, 2004.















2

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.10.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров449
Номер материала ДБ-231378
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх