Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыРазработка на тему новый год

Разработка на тему новый год

Скачать материал

Кажикова А.Т. Өлеңті ЖОББ мектебі жанындағы «Бөбектер» шағын орталығы

 

«Қош келдің,  Жаңа жыл» жаңа  жылдық  мерекеге  арналған сценарий.

(музыка ойнап тұрады, ортаға  балалар  шығады)

Тәрбиеші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Құрметті  балалар, ата – аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа  жыл» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл- күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Кәне, балалар, кім  тақпақ  айтады  келіңдер  ортаға:

Еркежан

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Дәуіт

Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылды енді,

Қарсы алайық бәріміз.

Қарақат

Жылдың әнің бастайық,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Камила

Аппақ тонға малынған,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Азиза

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы , арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

Диана

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Тәрбиеші :Балалар, біздің мерекеге  Сайқымазақ та қонаққа  келіпті.

(Сол кезде Сайқымазақ келеді)

Сайқымазақ: Армысыздар, балалар!

Көңіл-күйлерің жақсы ма, қымбатты достар? Сендермен кездескеніме мен өте қуаныштымыз. Мен сендерге бір ойын ала  келдім ойнаймыз ба?

Балалар: Иә.

Сайқымазақ: Балалар сендер қыста қандай ойындар ойнайсындар?

Балалар: Шана, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.

Ендеше сол аққаланы құрастырып көреміз ме?

Балалар: Иә.

Сайқымазақ: Өте жақсы балалар, енді әрі қарай мерекемізді бимен  жалғастырайық. Би: « Барбарики»

Тәрбиеші: Балалар  мына ортамызда  тұрған  не?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Дұрыс  айтасыңдар, балалар. Енді  біздің  шырша тойына кімдер  жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Тәрбиеші: Кәне ,балалар,  барлығымыз  Аяз ата мен Ақшақарды ортаға  шақырайық.

Барлығы: Аяз ата , Ақшақар – 3рет

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар?

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарын жарық болсын!

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ата- аналар?Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша?

Балалар, шыршаның шамы әлі  жанбаған ба? Шырша шамын жағайық.

Барлығы:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарынды жарқырат – 2рет

Тәрбиеші: Балалар, шыршамызға арнап тақпақ айтып берейік.

Барлығы:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы.

Көз тоймайды қарса!

«Аппақ, аппақ  қар аппақ» әні (Музыкалық аспаптармен)

Тәрбиеші: Балалар бүгін  сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де келіпті.

Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға «Ормандағы  жаңа жыл» ертегісін сахналап берейік.

(Қонжық - Ілияс, Есек - Еркежан, Қоян - Қарақат, Түлкі - Дәуіт, Кірпі - Диана)

«Ормандағы  Жаңа  жыл» ертегісі

Тәрбиеші: Қонжық, Есек, Қоян, Түлкі  Жаңа  жылды қарсы алуға Кірпінің үйіне жиналыпты.

Қонжық: Бүгін  Жаңа  жыл ғой!

Түлкі: Біздің  шыршамызда  жоқ.

Есек: Шыршасыз түк те қызық емес.

Кірпі: Онда далаға шығып шырша іздеп келейік. Сол шыршаның бізде тұрғанын елестете алмаймын.

Есек: Шыршаны қалай табамыз, орманың іші қараңғы болып кетті ғой.

Түлкі: Қардың қандай қалың екенін көрдіңдер.

Қоян: Қалай десеңдер де, бәрібір шырша іздеуге барамыз.

Есек: Айда жоқ аспанда.

Кірпі: Бірде – бір жұлдыз көрінбейді. Қолымызбен сипалап іздейміз бе?

Есек: Шыршалардың барлығы үлкен, ол кірпінің үйіне сыймайды ғой.

Түлкі: Кішкентай шыршалар қардың астында жатыр.

Қонжық: Иә, оны қалай аламыз.

Қоян: Шыршасыз бұл қандай Жаңа жыл.

Кірпі: Мен сендерге шай қайнатайын, барлығымыз шай ішейік.

Тышқан: Кірпі сенін сағатың істемейді Жаңа жылдың келгенін қалай білеміз.

Есек: Мен күнде сағат 12.00-де  ұйықтаймын. Менің ұйқым келгенде Жаңа жыл да келеді.

Қонжық: Жарайды, онда   солай  істейміз.

Кірпі: Достар, шыршамыз жоқ  деп уайымдамай-ақ қойыңдар. Оны да ойлап таптым. Бір бұрышқа орындық қойып мен соған шығып тұрамын. Ал сендер менің инелеріме, қолдарыма ойыншықтар ілесіңдер.

Түлкі: Кірпі сен не деген ақылдысың.

Кірпі: Мен дайынмын ойыншықтар сандықтын ішінде.

Қоян: Қонжық , сағат  неше болды.

Түлкі: Қараңдар, қараңдар, Есек қалғи бастапты 12-ге 5 минут қалыпты.

Қоян: Онда бес  минуттан соң 12 рет соғу керек қой. Оны қалай істейміз.

Қонжық: Ол үшін алақанды үш рет соғамыз.

Түлкі: Ал, ендеше бастайық, уақыт болды.

Барлығы: « Бам, бам,бам» - деп алақандарын 3 рет соғу керек.

Аяз ата: Рахмет балалар, өнерлі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, қол ұстасып жүріп ән салайық.

«Аппақ, аппақ, жапалақтап» әнін орындайды.

Ақшақар: Балалар, менімен би билегілерің келе ме?

«Ақшақар»  биі

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың баратын  жерлері көп болғандықтан, олар  асығып отырған сияқты.

Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп  отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар.

Тәрбиеші: Жаңа  жыл  бәріміздің отбасымызға  жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Барлығы:  Жаңа жыл құтты болсын!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка на тему новый год"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 618
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кажикова Айсулу Тулеутемировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3318
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методическая деятельность в дошкольном образовании

Методист дошкольной образовательной организации

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 169 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 533 человека

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и практические основы проведения творческих занятий с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе