Инфоурок Биология КонспектыРазработка по биологии на тему "Тұқымқуалайтын аурулар"

Разработка по биологии на тему "Тұқымқуалайтын аурулар"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

 

 

          Тақырыбы: 

U12_02_05Адам генетикасы және

оның әдістері.

Тұқым қуалау аурулары.

 

 

 

 

 

Пән мұғалім: Машрапова Л.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ: 92

Сабақтың тақырыбы: Адам генетикасы және оның әдістері. Тұқым қуалау

                                         аурулары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің әдістерімен таныстыру; тұқым қуалайтын ауруларының пайда болуын болжау және ерте анықтау үшін қажетті генетикалық білім негіздерімен таныстыру.

Міндеттері:

1.     Білімділік: Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам организміндегі хромосомалардың арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқуларды толық ажырата білу.

2.     Тәрбиелік: оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдылықты ояту; өз ата-тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарын құруға үйрету.

3.     Дамытушылық: ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету.

Сабақтың әдісі: тірек-сызбалар арқылы және деңгейлік тапсырмалар беру  

                              арқылы оқыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Технология: сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтамен слайд шоулар көрсету, шежірелік карталар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Рефлексия.

         Сәлеметсіздер ме, балалар!

         Қане балалар бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық. Біздерде бүгін сайыскер 4 топ білім сынағынан өтеді.

         І топ – «Хромосомалар» тобы

         ІІ топ – «Гендер» тобы

         ІІІ топ – «Генотип» тобы.

ІV топ – «Фенотип» тобы

 

ІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық (өткен сабақты пысықтау).

1.Қызығушылығын ояту (миға шабуыл) кезеңі, 1-2 мин

1.     Адамдағы хромосомалар саны қанша?

2.     Жынысты қалай анықтайды және аутосом дегеніміз не?

3.     Гомозигота және гетерозигота ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).

4.     Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?

5.     Мутация дегеніміз не?

6.     Мутацияның себептері қандай?

 

*Бұл кезеңде оқушылар жалпы генетика туралы ойларын білдіреді мысалдар келтіре отырып жаңа білім алуға дайындалады.

         

!!! Мұғалім: Сонымен балалар! Хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады, осы аурулар тұқым қуалайды дедік. Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана емес, сол сияқты адамзат бойындағы дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан ұрпаққа таратып осы өмірге дейін жетелеп келген.

«Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі» деп қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. Осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз.

 

**Мұғалім тақтада жаңа тақырыптың аты және оның мақсат-міндеттерімен оқушыларды таныстырады

 

!!Енді балалар, мынандай сұраққа жауап бере қойындаршы! Сендер қалай ойлайсыңдар адам генетикасын зерттеуде қандай қиыншылықтар кездеседі? (осы жерде оқушылар сұраққа жауап берулері керек, сосын мұғалім тақтадан дұрыс жауаптарды көрсетеді).

-         Интерактивті тақтада көрсетіледі –

Слайд №___

Адам генетикасы саласын зерттеуде кездесетін қиындықтар:

1)          генетикалық талдау жасау үшін адамдарды еркін будандастыруға болмайтындығы;

2)          мутацияларды тәжірибе арқылы алудың мүмкін еместігі;

3)          жыныстың кеш пісіп-жетілуі;

4)          ұрпағының аз болуы;

5)          әртүрлі некеден пайда болған ұрпақтардың бірдей жағдай болмауы;

6)          шежіредегі адамның сан жағынан аз болуы және тұқым қуалайтын белгілердің толық анық болмауы;

7)          хромосома санының көп болуы (46).

Көрсетілген қиындықтарға қарамастан соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.

! Генетикада тұқым қуалаушылығын зерттеуде қолданылатын әдістер төмендегідей:

Слайд №___

 

Әдістер:

1.     Генеалогиялық.

2.     Егіздік.

3.     Биохимиялық.

4.     Цитогенетикалық.

5.     Популяциялық-статистикалық.

6.     Иммунологиялық.

!!! Сонымен балалар, сабағымыздың келесі кезеңі - «Мағынаны ажырату».

 

2. «Мағынаны ажырату» кезеңінде төрт топқа бөлінген оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, алгоритм бойынша ассоциация, яғни кластер жасай отырып, жұмыс істейді (алдарына бағдарлар көрсетілген қағаздар беріледі).

Слайд № _____

І топ.  Генеологиялық әдіс

«Жақсыдан жаман туса да,

Жаманнан жақсы туса да,

Тартпай қоймас негізге».

ІІ топ. Цитогенетикалық әдіс.

«Бір биеден ала да туады, құла да туады».

Оқушылар осы әдістің мағынасын толық ашып беруі тиіс.

ІІІ топ.Популяциялық-статистикалық әдіс

«Жеті атаны білмеген - жетесіз».

IV топ. Егіздік әдіспен

Қалған әдістер (Биохимиялық және иммунологиялық) топтағы оқушылардың үлгерім деңгейлеріне қарап қосымша беріледі.

 

Мәтін оқуға 3-4 мин, қорғауға-2мин

 

 

 

 

 


3. Эссе жазу (еркін жазу) оқушылар қағазда жазылған сөздерді бір-бірімен байланыстырып эссе жазады, тақырыптың мазмұнын ашады.

Мұғалім:

Слайд № _____

* Тұқым қуалау ауруларының жіктелуі *

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Слайд №_____ (моногенді аурулар)

Аутосомды-доминантты ауру түрлері:

 

o Марфан синдромы

o  Олбрайт ауруы

o  дизостоздар

o  отосклероз

o  пароксизмальді миоплегия

o   талассемия және т.б..

 

Аутосомды-рецессивті ауру түрлері:

o Фенилкетонурия

o Микроцефалия

o Ихтиоз (жыныспен тіркес қуаламайды)

o Прогерия

 

     Жыныспен тіркес тұқым қуалау аурулары:

o Бұлшықетті дистрофия, А және В гемофилиясы, Леш-Найхан синдромы, Гунтер ауруы, болезни Фабри (рецессивті тұқым қуалау, Х хромосомамен тіркес тұқым қуалайды)

o  фосфат-диабет (доминантты тұқым қуалау, Х хромосомамен тіркес тұқым қуалайды)

 

Слайд № _____ (хромосомалы аурулар)

Геномды мутациялар: Тернер-Шэрешевский синдромы,  Даун ауруы (трисомия 21), Клайнфельтер синдромы (47, ХХУ), «мысық айғайы» синдромы.

 

Слайд №_____ (полигенді аурулар)

Туу себептері:

*    Әртүрлі локустарда орналасқан аллельдердің белгілі бір үйлесімділігі және экзогенді факторлардың әсерінен туындайды;

*    Полигенді аурулар Мендель заңы бойынша тұқым қуаламайды;

 

Полигенді ауру түрлері: кейбір туа пайда болған ісіктер(злокачественные новообразования), дамудағы кемістіктер, сонымен қатар жүректің ишемиялық ауруы ИБС, қант диабеті және  алкоголизм, жырық ерін мен таңдай (Патау синдромы), туа пайда болған жамбастың шығуы, шизофрения, туа пайда болған жүрек кемістігі.

 

**Жиі кездесетін кейбір ауру түрлеріне, себептеріне интерактивті тақтадан көрсете отырып, тоқтала кету (шығармашылық тақырып ретінде оқушы қорғайды).

* Әр топтың  алдына  тұқым қуалау ауруларының жіктелуі мен ауру түрлері жазылған қағаз беріледі (олар оның көшірмесін жасап, әрбір оқушы дәптерінің арасына салып, сақтап қоюы керек).

 

Слайд №_____

Тұқым қуалау ауруларына әкеп соғатын факторлар

(осы жерде оқушыларға сұрақ қойылады «Қандай факторлар тұқым қуалау ауруларына әкеп соғуы мүмкін?»):

1.     Физикалық факторлар (әртүрлі иондалған радиациялар, ультракүлгін сәулелері).

2.     Химиялық факторлар (инсектицидтер, гербицидтер, нашақорлық, ішімдік ішу, кейбір дәрілік препараттар және т.б.).

3.     Биологиялық факторлар (шешек, қызылша, тұмау, эпидемиялық паротит, сары ауру (гепатит) вирустары және т.б.)

 

Слайд №_____

 

Алдын алу шаралары:

v Ата-тегінде тұқым қуалайтын аурулардың болған-болмағаны жөнінде, әсіресе 35-тен асқан әйелдер жүктіліктің алдында  медициналық-генетикалық сараптамадан өтуі керек немесе кеңес алуы қажет.

v Туыстас некені болдырмау.

 

Мұғалім: Балалар, осымен біз тұқым қуалау ауруларының болу себептері оның түрлерімен таныс болдық. Сабағымыздың келесі 3-нші кезеңі – «Ой толғаныс».

 

3. Ой толғаныс сатысы, РАФТ әдісі. 5-мин

Р – рөл, А – аудитория, Ф-форма, Т-тақырып.

Рөл ретінде мұғалім тақырып айтады.

1. Еліміздегі өздеріңе мәлім атақты адамдардың шежіресі туралы, яғни «Шежіре әдісі».

2. Егіздерді салыстырудағы анықтау критерийлерін ашыңдар.

3. Жиі кездесетін тұқым қуалау аурулары.

І-ІІ топ. Аудитория (тақырыпқа сипатамма береді, әдістер туралы топ болып шешеді)

ІІІ-топ. Форма (осы тақырып бойынша хат, өлең, шығарма т.б. жазады).

ІV-топ. Тақырып. (берілген тақырыпты өздерінің шығармашылығына байланысты өзгертуге болады тапсырмаға тақырып қойып қорғайды).

 

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.

Биологиялық диктант – сөйлемді аяқтау

 
 


.

 

1.     Адам генетикасын зерттеуде қолданылатын әдістер - ....

2.     Адам хромосомасын микроскоп арқылы зерттеуге негізделген әдіс -...

3.     Организмдегі зат алмасудың бұзылуын анықтайтын әдіс - ...

          а) генеалогиялық;          ә) цитогенетикалық;           б) биохимиялық.

4. Қант диабеті, жүрек кемістігі аурулары тұқым қуалаудағы  - ...

5. Хромосомды аурулар мыналарға байланысты болады - ...

6. Полидактилия - ...

7. Денеде артық түктің болуы - ...

8. Моносомия Х-хромосома мына ауру түріне тән - ...

ІV.Қорытындылау.

1.     Адам генетикасын генетика ғылымының бір саласы антропогенетика ғылымы зерттейді.

2.     Адам генетикасы саласын зерттеуде кездесетін қиындықтар көптеп кездеседі. Соған қарамастан адам генетикасын зерттеу жұмыстары генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік және популяциялық т.б.әдістерді қолдану нәтижесінде елеулі табыстарға жетті.

3.     Адамның тұқым қуалау аурулары 3-ке жіктеледі: моногенді, хромосомды және полигенді. Олар әртүрлі факторларға байланысты болады.

 

V.Үй тапсырмасын беру.

1) Әрбір бала өз жанұясының шежірелік картасын құру.

2) Адамның тұқым қуалау ауруларына хабарлама жазып келу.

 

VІ.Балаларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по биологии на тему "Тұқымқуалайтын аурулар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 271 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2017 841
    • DOCX 102.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Машрапова Лаура Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Машрапова Лаура Болатовна
    Машрапова Лаура Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4797
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 360 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 329 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 396 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1716 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 167 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов