Инфоурок Информатика КонспектыРазработка урока на тему "Инфобілгірлер"

Разработка урока на тему "Инфобілгірлер"

Скачать материал

Тақырыбы: «Инфобілгірлер» атты білім сайысы 
Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін
нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті
ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге
қызығушылығын арттыру.

 

Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!

«Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермейік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік» деген Абылайханның ойлы сөзімен  бүгінгі “ Инфобілгірлір” атты білім сайысымызды бастайық. 
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген екі топтың оқушылары. Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнур Сабырбекқызы

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулсара Абдилдақызы

____________________________________________________________________

 

Бүгінгі біздің сайысымызға 7,8- сынып оқушылары қатысып отыр. Сайыскерлерімізді ортаға шағырсақ:

Информатика пәнінен

Көрсетер бізге алғырлық

Ой толғайтын жүйелі

«Логика» тобын шақыралық

Ортада «Логика» тобы

 

Компьютерде келешек,

Ұғып, білгіш елгезек

Әр сыныптың білгірі

«Алгоритмге» бер кезек деп ортаға «Алгоритм» тобын шақырамыз.

 

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
1-бөлім Таныстыру.
2-бөлім «Мақал-сөз мәйегі»
3-бөлім «Дешифратор»
4-бөлім Үй тапсырмасы
5-бөлім
««Кім жүйрік?» 
6-бөлім  «Адасқан әріптер»  топ басшылар сайысы


Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде! - демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Ендігі кезекті оқушыларымызға берсек. Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады.

1-бөлім «Таныстыру» бөлімін бастаймыз. Оқушылар өздерін топтарын таныстырады .
1 топ: «» тобы.
 
Топ басшысы:  Әбдікәрім Ғарышбек

Барлықова Жәния

Жұмабек Ақерке

Кабдулла Аружан

Аманкелді Жасұлан


2-топ. «» тобы
Топ басшысы: Нұркамал Ерасыл
Төлеген Мерурт

Сұлтанғазы Каркөз

Есенгабулов Кудайберген

Аяш Іңкәр

Жақсы рахмет.

Топ басшылары келіп шарда алып үрлейміз, қай топ басшысының шары бірінші жарылса сол топ сайысты бастайды.

Жас достарым мұны жақсы ұғайық,

Информатика құрметтеуге лайық.

Тартысайық жарыста, білімменен

Тартысайық қимас біз дос  қөңілменен

Сайысымызда бастайық.  І бөлім «Таныстыру»


Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, -  дей отырып, сайысымыздың  2 – бөлімі «Мақал-сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

Бұл бөлімде мен сіздерге компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беремін, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс табылған мақал 5 ұпайдан есептеледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап бағала.  (Жігітті досына қарап бағала)
2. Байт биттен құралады.  (Теңге тиыннан құалады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
  (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім )
5. Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды. (Досы көпті, жау алмайды)
6. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.  (Күлсең кәріге күл)
7. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады
. (Айдағаны бес ешкі,

                                                                                        ысқырығы жер жарады)
8. Компьютер жаны процессорда. (Балық жаны суда)
9. Веб- дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасаса
 
                                                          (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
10. Білмесең «анықтамадан сұра». (Білмесең білмегеннен сұра )
11. Бір ядролы процессор жақсы, 2 ядролы одан да жақсы.  (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

Мәңгі бақи есте қалар,
 
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып,сайысымыздың  3-бөлімі «Дешифратор» бөліміне де келіп жеттік. Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпайдан есептеледі.
1. Принтердің неше түрі бар ? (3 түрі бар)
2. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (Принтер)
4. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)
5. Компьютер жанындағы өсімдік? (Кактус)
6. Екі санның қатынасының теңдігі (пропорция)
7. Дыбыс шығару құрылғысы? (Колонкалар)
8. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)
9.  Дүниежүзілік компьютерлік желі. (Интернет)
10.
Қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
11. «Компьютердің миы» деп нені атайды? (Прецессор)
12.
Ең үлкен хорда (диаметр)
13. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
14.Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)
15. Ауа мен сұйықтық ретсіз қозғалыс (Броундық қозғалыс)
16. Алғашқы есептеу құралы (есепшот)
17. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама? (Температура)
18. Интернетке қосушы құрал? (модем)
19. Қандай металдардың жылу өткізгіштің үлкен? (Мыс пен күміс)
20. Компьютердің маман (программист)

Информатика 
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі
4-бөлім. «Үй тапсырмасы»

«Компьютер – 2030»

Болашақтағы компьютер

5-бөлім.

«Кім жүйрік?» Алдарыңызда дербес компьютердің құрылғылары берілген. Құрылғыларды дұрыс жалғап компьютерді іске қосу қажет. Жалғанған компьютерде жеке файлдармен жұмыс істеуді көрсетуты қамтамасыз ете алуы тиіс. Қай топ жылдам әрі дұрыс орындаса сол топқа

6-бөлім. «Адасқан әріптер» топ басшылар сайысы
Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, артық сөзді тапса, 3 ұпай қосылады.
1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт-диск, сорецспро – процессор

(«процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)
2. рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология

(«компьютер» артық. пәнге жатпайды.)
3. марамгроп – программа, кымша – мышка, дакротре – редактор, енюм – меню

(«мышка» артық. Ол құрылғы.)
4. енқатпреата – пернетақта, ліже – желі, нтормио – монитор, домем – модем

(желі артық сөз)

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар шешімі дайын болғанша біз көрермендермен
«Бұл кім?»  Тұлғаны тану. Компьютер, олардың құрылғылары жасаған әлем ғалымдарын білесіңдер ме?

Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған.

(Сергей Алексеевич Лебедев)

Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын  „Аналитикалық машина„  жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды.

                                                                                              (Чарлз Бэббидж)

ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады.

                                                                                              (Герман Холлерит)

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.

                                                                                              (Ада Лавлейс)

1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

                                                                                              (Блез Паскаль)

Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған.

                                                                                              (Билл Гейтс)


Білімдіден шығады білгір маман,

Оқы-тоқы білгенің болмас жаман.

Ақпараттық – ғасырың болашағың

Ақыл – ойды жинақта міне соған – дей келе әділ қазылар шешімі дайын болса, сөз кезегін берсек.

 

Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін? - деп алғыс білдіреміз.Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока на тему "Инфобілгірлер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2016 498
    • DOCX 25.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шалгынбаева Жулдыз Сабырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1072
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе