Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку "Қонақжайлық"

Разработка урока по казахскому языку "Қонақжайлық"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 11 «А

Мұғалімі:Исергепова С.Д.

Сабақтың тақырыбы: Қонақжайлық 

Сабақтың  мақсаты: оқушылардың  адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Қонақжай адамға тән қасиеттерді білуге үйрету; үлкенді сыйлауға,кішіпейілдікке,әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

-сөздік қорын және тілін дамытады
-қонақ күту дәстүрі,қонақасы туралы түсінік береді
-қонақты сыйлау іскерліктерін дамытады
-қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбие  алады.

Табыс  критерийлері.

-«қонақжайлылық» туралы алған білімімді іс-жүзінде қолдана аламын

-сыныптастарымды тыңдай аламын

-өз ойымды айта аламын

-жоғары деңгейлі сұрақтар қоя аламын

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, практикалық, ізденушілік

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, бағалау парағы,суреттер

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, география

Күтілетін нәтиже: оқушылар  мәлімет алады, өз ойларын жеткізе алады, ақпараттық құралдарды қолдана алады

Сілтеме:  оқулық 11-сынып,журналдар

 

Ұйымдастыру:

  1. Сәлемдесу.

Армысыздар, құрметті біздің қонақтар,
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келдіңіз бүгінгі біздің сабағымызға,
Бас иіп, сәлем бердік баршаңызға!

Балалар,  бүгін сабағымызда  жақсы,  нәтижелі жұмыс істеу үшін,  бір-бірімізге  жақсы  тілегімізді  айтудан бастайық.

  1. Оқушыларды топқа бөлу.

Кеше үйлеріне қонақ келген оқушылар –бірінші топқа барады

Демалыс күні  қонаққа барған оқушылар –екінші топқа барады

Үйлеріне  қонақ келгенді  жақсы көретін оқушылар  үшінші топқа барады

Бағалау парағын  тарату.

І. деңгей: Білу                                                            

Үй тапсырмасын тексеру:

Бүгінгі  үй жұмысымызды  тексеру мақсатымен  дөнгелек  үстел  өткіземіз.

Үйге қандай тапсырмалар  берілді? Қазақ  пен қонаққа байланысты  мақал-мәтелдер және ырымдарды жазу.  Бүгінгі  дөнгелек үстеліміздің  жүргізуші  Казбек  Оразалин.

Қазақ халқынын  да басқа халықтардың сияқты қазақ пен қонаққа байланысты мақал-мәтелдері, ырымдары  көп. Мысалы,

Қонақ келгенде есікті үй иесі өзі ашады.

Қалай  ойлайсыңдар, неге?

Оқушылар жауап береді.

Топпен бағалайды.- Формативтік бағалау.   Қолпаштау                   

ІІ. деңгей: Түсіну                                                                                 

Ассоциация.

Балалар, енді назарларынды  тақтаға  аударыңдаршы. Бұл суреттер бойынша не айтуға болады? Бұл  суреттер бойынша не ойлайсыңдар?

Қонақжай, қонақжайлық   сөздерін естігенде көз алдарына не елестейді?

Бір парақ  қағазға  жазады.  Әр топтан бір оқушыдан оқиды.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.                   

Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін сабағымыздың  тақырыбы, мақсаты  қандай?

Сабағымызда  не істейміз?

-Жаңа  сөздермен танысамыз, диалог құрастырамыз, қонақжайлық туралы әңгімелесеміз, грамматикалық  тапсырмалар орындаймыз, қайталаймыз.

 «Пирамида»  әдісі  бойынша  жаңа сөздермен  жұмыс жасаймыз.

Сөзден –сөз тіркесін, сөйлем, мәтін құрастыру.

Бірінші топ сөз тіркесін құрастырады?

Екінші топ  сөйлем құрастырады?

Үшінші топ мәтін құрастырады?

Имандылық-мораль

Ықылас-внимание

құт-береке-счастье, благосостояние

сый –құрметке  бөленген-окружен уважением      мәтін  құрастыру

жомарт- щедрый

инабатты-вежливый

қонақжай халықпыз-гостеприимный народ

Бағалау.  Топ бағалайды  

                     

ІІІ-ІҮ деңгей. Қолдану, Талдау

Мәтінді  тыңдау.                                

Мәтін не туралы?

Мәтінмен жұмыс   жасау             

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт-береке» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған.

Қазақ халқы- ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел.Сондықтан қонақты қарсы алып,шығарып салуға ерекше мән берген. Үй иесі шақырылған қонақ, құдайы қонақ деп бөліп жатпай бәріне бірдей сый –құрмет көрсеткен.Ертеректе адамдар көбінесе атпен жүретіндіктен қонақтың атының шылбырын ұстап,аяғын үзеңгіге салғанда екінші қолтығынан демеп атқа мінгізген. Ал, сау болыңдар! Деп үйде қала бермей,далаға бірге шығып қоштасқан абзал. Бұл да қонақжайлықтың белгісі.

Ертеден-ақ қазақтардың болмысының бір негізі – қонақжайлық болған. Қазақтың үйіне күн демей, түн демей тіпті бейтаныс адам да қонаққа келе алған. Оны – құдайы қонақ деп атаған. Оған аса зор ынтасын білдірген. Немесе қой сойып, немесе сыбағалы ас берген.

Қонақ түрлері:
1. Қылқима
 – түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз қонақ.
2. Қыдырма – ерігіп, желігіп, үйден – үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.
 3. Арнайы – алыстан арнайы келген, жақын туған – туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас.
 4. Құдайы — өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам.

  1. Ерулікті қонақ. Көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ.

  2. Құтты қонақ.  Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл бар.

Оқушылар мәтінді оқиды. Жұпта, топта талқылайды.

1,2,3,4  саны  бойынша бөлінеміз. Бірлер бір топ құрайды, екілер-екінші топ құрайды, үштер-үшінші топ құрайды.  Орындарында  қалып өз бөліктерін  басқа  топтарға түсіндіреді.

Постер  жасайды, тақтаға шығып қорғайды. Стикер арқылы бағалайды.

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс жасайды:

Сөйлемдерді толықтырыңдар, соңғы екі сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Менің атым______________ . Менің мекен-жайым: _____________________ Мен қонақты ____________ шақырамын. Мен қонақтарды сағат ________ шақырамын. Қонақтарға сусыннан ______________________ беремін. Жеңіл тағамдардан___________________



беремін. Ыстық тағамдардан ұсынамын. Үстелге ыдыстарды _______________(қалай?) қоямын. Қонақтардың көңілін көтеру үшін ____________________________________ .

Топтар бір-бірін  бағдаршам арқылы бағалайды.        2 мин

 

Критерийлері: 

Бір қате болмаса-жетті(достиг)-жасыл

Бір  қате жіберсе-талпынады(стремится)-қызыл

 

V-VІ деңгей. Синтездеу. Бағалау  

   Мына өлеңді оқып, орыс тіліне аударыңдар.

Қонақ келсе есікке

Жүгіріп шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң қонақты,

Кесір болар нәсіпке.


Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар, сөйлемдер құрастырыңдар.

                    

Дебат.                        

Балаларды топқа бөлу. 1,2 саны бойынша  бөліну

Бүгінгі күні «қонақжай» болу міндетті  ме?

 

Сабақты  қорыту.

Бүгінгі сабақтан  не үйрендің?

Бүгін сабақта алған білімін өмірде саған керек бола  ма?

Саған не қызықты болды?

Сенің тілегін.

Оқушылар  стикер толтырып, тақтаға  іледі.

Бағалау   парағын тапсыру.

Үйге тапсырма   беру.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров25
Номер материала ДБ-296531
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх