Инфоурок Технология Другие методич. материалыРазработка урока по теме художественная обработка древесины

Разработка урока по теме художественная обработка древесины

Скачать материал

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Ою-өрнекті сызып, қию, негізгі бөлшекке жапсыру

 

 

8 сынып

Технология пәнінің мұғалімі Молдашев Ш.М.

 

 

 

Өскемен – 2016 жыл

 

 

 

 

Аты-жөні: Молдашев Шерияздан Маулембекович

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны:өскемен педагогикалық институты

Пед. өтілі: 29жыл

Санаты: жоғары

Шығармашылық тақырыбы: Оқушылардың ұлттық қолөнер бағытында шығармашылық қабілеттерін

Мамандығы: Технология пәнінің мұғалімі

 

 

 

     Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнекті сызып, қию, негізгі бөлшекке жапсыру.

     Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

     Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кестелер, оқулық, үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.

 

Сабақтың барысы:

     І Ұйымдастыру бөлімі:

 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

 2. Екі топқа бөлу.

 3. техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

     Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау:

     1. Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолдандық?

     2. Камотекстің бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдандық?

     3. Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

     4. Камотексті төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықты жүргізу керек?

 

ІІІ Жаңа сабақ

     Өнерді таудың бұлағынан,

     Қойдың құлағынан,

     Апамның киізінен,

     Қошқардың мүйізінен үйрендім.

                                             Ә.Қастеев

 

    Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

«Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнері бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұйқастылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

     Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнері дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

     Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою – өрнекпен безендіру болса, қол өнер – шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

     Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


     Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою – өрнектері.

Ұлттық ою-өрнектерді төрт топқа жатқызады:

    

     1. Жан-жануарлар тектес ою-өрнектер.

 

 

 

 

 

                                 

                                   Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

 

 

 

 


                            

                               Сыңар мүйіз – кең тараған ою-өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.

 

  

 

 

 

                             

                              Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.

 

 

 

 

 

 


                             Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.

 

 

 

 

 


                              

                                Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.

 

     2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою – өрнектер.

 

 

 

 


                                                  

                                                      Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін    

                                   бейнелейтін өрнек.

 

 

 

 

 


                                    

                                Көбелек  - қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбеліктің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.

 

 

 

 


     3. Космогониялық ою – өрнектер.

 

 


                                           

     Жұлдыз – аспандағы жыпылықтаған жұлдыздың  натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

 

 

 

   

     4. Геометриялық ою – өрнектер.

 

 

 


                                    Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

 

 

 

 

 


                               Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 


                                Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың  жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.

   

    Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «Қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «Ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «Ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «Шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

 

     IV Сергіту сәті. Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысып отыр:

 

1. «Нөсер» тобы

2. «Темір» тобы

 

Мақал – мәтелдер жарысы.

 

Мысалы:

Еңбек түбі – береке,

Көптің ісі мереке.

 

Еңбек етсең еріңбей,

Тояды қарның тіленбей.

 

     V Сарамандық жұмыс.

 

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


     Төртқұлақ – өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою – өрнек түріне жатады.

 

     Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою-өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарындаш арқылы сызып, түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою-өрнектерін қайшымен қиып аламыз. Камотекстің бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


     VI Қорытынды.

 

1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.

2.  Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.

 

     VII Үйге тапсырма.

 

    Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою – өрнектерімен салыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока по теме художественная обработка древесины"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 333 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.09.2016 1733
    • DOCX 17.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдашев Шерияздан Маулембекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51118
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 096 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 589 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 360 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 301 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека