Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка внеклассного мероприятия "Табиғат-природа"

Разработка внеклассного мероприятия "Табиғат-природа"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Көк құрақ көлдің сәулеті»

Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылық. Іздену қабілеттерін, өзін-өзі ұстай білу қабілеттерін, тілдерін дамыту.

Білімділік. Экология туралы білімдерін кеңейту. Табиғат туралы түсініктерін толықтыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс «Тапқыр достар сайысы»

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын элементтері, көріністер көрсету.

Сабақтың байланысы: биология, өзін-өзі тану.

Сабақтың көрнекілігі: экран, нақыл сөздер, кеспе карталар, қажетті әріптер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқушылармен танысу, түгендеу.

  3. Сабақтың мақсатын айту.

  4. Экологиялық айлық екенін жеткізу.

Сабаққа кіріспе:

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі слайдта көрсетіледі:

«Біздің Қазақстан әлемдегі жан-жануарлар мен өсімдіктерге,пайдалы қазбаларға бай өлке. Ал, ең негізгісі біздің қымбатты да ардақтымыз- халық. Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Ал осы адамдарды әлдилеп, өз жемісін беретін табиғат. Табиғат-біздің үйіміз. Сол табиғатты қастерлеп, аялау біздің басты міндетіміз».

Енді сайысымызды өлеңмен ашайық.

Келесі кезекте әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар. Сайысқа «Қызғалдақтар» , «Жасыл желек» командалары және біздің көрермендеріміз, уақыт есепшісі Нұрай келіп отыр.


Сайыстың шарты бойынша баға 5 балдық жүйеде қойылады. Жеребе бойынша бастау кезеңін таңдау үшін топ басшыларын ортаға шақырамыз.

(жеребе бойынша ретін таңдайды)

Іске сә т, Тапқыр достар!


Сайысымыздың І кезеңін бастамас бұрын ,қадірлі көрермен, қатысушыларға ақ жол тілейік. (өздері ұстап тұрған әріптен басталу керек)

Мысалы:

А-армандарға жетіңдер

С-сәт сапар т.б.

Ендеше сайыстың І кезеңі «Таныстыру» басталды.

«Қызғалдақ» тобы. Сөз кезегі сіздерде уақыт 2 минут.


ІІ кезең: «Сөз тапқанға» кезеңіне сәттілік

Бұл кезеңде өзіне берілген сұрақ бойынша 1 минут ішінде бірнеше сөз айту керек

Сұрақтар

«Экология » деген не?

«Қорық» деген не?


ІІІ кезең. «Ойлан тап» кезеңінде экранда көрсетілген суретті арқау етіп мақал-мәтел, жұмбақ айту керек.

Уақыт 2 минут (бұлақ,ағаш)


ІҮ кезең. «Сен білесің бе?» кезеңіне жол тартайық. Экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдап, онда көрсетілген сұрақтарға жауап береді.

10б 15

20

15 20 тосын сый

Тосын сый 10


І. 10б ҰТП Катонда қашан құрылды?

15б «Қызыл кітапқа» енген құстарды ата

Тосын сый:

a)Ағаш сындырған баланы көрдіңіз

ә) Сіздің әрекетіңіз

Мимикамен, сөзбен жеткізу сонда Сіз 10 ұпай аласыз

ІІ 15 бал

«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді ата

А) рұқсатсыз балық аулаған адам

Ә) инспектордың әрекеті

(шешімін сөзбен жеткізу)

10б ҰТП-да қандай бөлімдер жұмыс істейді?

20 (І) Құстар, жәндіктер, адам, ешкі.

орманның жойғыштарын тізбек арқылы көрсет.

20 (ІІ) Су өсімдігі, балықшы, балықтар, су жәндігі, өндірістік қалдықтар.

(уландыру тізбегін құр)


Ү. Кезең «Кім жылдам?» кезеңі

өздеріне берілген сөздерді жұмбақтау керек.Ұпай көрерменнің шеше алуына байланысты қойылады.

І ІІ

1.ағаш, бұта 1.Гүл, қалақай

2. бұлақ 2. қоқыс жәшік

3. Улы саңырауқұлақ 3.сынған бұтақ

4. Судан шығып қалған балық 4. балыққа ұмтылған

5. ағаш өсірген бағбан крокодил

5. ағашты кесу, сындыру





ҮІ. Кезең «Қоқыс бол» деп аталады.

Алдына қойылған қоқыс жәшікке қағазды тура түсіру керек! Әділқазылар өз бағаларын есептегенше өздері дайындаған

өлеңдерін оқиды.

Әділқазылар бағасы:

Қорытынды

Табиғатты аялау- бүкіл адамзат баласының міндеті. Табиғат пен адам әрқашан егіз.Президентіміздің қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық жағдайларды сақтауға зор көңіл бөлген.

Ендеше

Табиғатты қорғау үшін бәріміз

Күресейік бір-бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз

Таза ауа үшін терімізді төгейік!




























Бейбітшілік пен келісімге 22 жыл.


«Арман болған сан жылдар Тәуелсіздік,

Келді еліме береке, бейбітшілік.

Азаттық деп қанша ел қиды жанын,

Бақытты болса екен деп болашағым.»

Уақыт –сынап бір орында тоқтамайды. Ойлап қарасақ, сол бір қазақ жастары қан жұтып, күші сан есе көп қызыл зұлымдармен айқасып, кейбіреуінің мәңгілікке көз жұмғанын, кейбіреуінің жараланып, кейбіреуінің түрмеге қамалып, жоғары оқу орындарынан шығарылып, сотталып, қайғы қасірет шеккеніне де 22 жылдан асты.

Желтоқсан оқиғасы мүлгіген қазақтың санасын оятып, ұлттық намысты қамшылады. Ақиқатына келсек, бүгінде жиі айтатын тәуелсіздік деген тәтті ұғымға жетелеген де сол желтоқсан.

Ақиқат әрқашан жеңіске жетеді. Кешегі социализм ошағы КСРО құрылды. Оны құлатқан да халықтардың еркіндік күресіне бастау болған осы қазақ желтоқсаны еді.Ол жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына, ұлттар мен ұлыстардың азаттыққа ұмтылуына, түптеп келгенде әлемдегі күштердің ара салмағын демократияның пайдасына шешті. Түптің түбінде халық жеңді. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалды. Күн сәулетті Астана өмірге келді. Осы тәуелсіздікке алып келген желтоқсанның тарихи заңдылығы бар. Бұл – оқиғаға қатысқандардың ерлігін мойындау жастарға парыз.

«Мың өліп, мың тірілген» қазағымыз биыл ел тәуелсізігінің 22 жылдығын атап өткелі отыр. Осындай қуаныш Қазақстанның әр аймағында болып жатыр.

Сонау ата-бабаларымыз аңсаған тұңғыш тәуелсіз мемлекет құрдық. Әрине бұған дейін де хандықтарымыз, хандарымыз болған. Алайда көшіп-қонып жүрген қазақ елінің не мемлекеті, не тұрақты белгіленген шекарасы болмаған еді. Қазір шекарасы шегеленген, сыртқы- ішкі саясаттарымызды жүргізіп отырған, әлемнің басқа елдері сияқты мемлекетке айналдық. Бүкіл әлемдегі қазақтар 15 миллион десек, Қазақстанда 10миллион қазақ тұрып жатыр. Қалған қандастарымыздың да отанға оралу ойлары бар. Тек қазақтар ғана емес көршілес мемлекеттердің азаматтары да біздің елге қоныс аударуға ниетті. Өйткені, Қазақстандағы экономикалық жағдай, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі көршілерімізге қарағанда әлдеқайда жоғары. Осылардың бәрі-еліміздің басындағы бақыт, ата-баба арманының орындалуы, аталарымыздың төккен қаны мен аналарымыздың көз жасының өтеуі.

20 жыл тарих үшін қысқа мерзім болғанымен, осы жылдар аралығында елімізде қыруар шаруа атқарылды. 20 жылдың ішінде біз мемлекетті дүние жүзіне паш еттік. Елімізге деген дүние жүзінің құрметінің арқасында былтыр 56 мемлекеттің басшыларының басын қосқан Саммид өткізілді. Биыл Ислам конференциясына төреағалық етеміз. Биыл қысқы Азиалық спорттық олимпиада өтті, оған басқа мемлекеттің де спортшылары қатысты. Осының барлығы еліміздің ынтымақ-бірлігін, татулығын көрсетеді. 20 жылда ел экономикасы өсті. Экономиканың өсімі елдегі зейнетақы мен жалақының артуына мүмкіндік тудырып отыр. Бүгінде әлемнің таңдайын қақтырған елдің жаңа астанасы бой көтерді. Бұл қаланы «Назарбаев туындысы» деп те атайды. Астананың күн сайын күш алып, қуттанып келе жатқаны көз қуантады, көңіл жұбатады. Қазақтың даласында әлемнің дамыған мемлекеттерінің астанасымен тайталаса алатын бас қаламыз өсіп келеді. Әлі де өсе түспек. Бабаларымыз жалаң кеудесімен осыншама байтақ мекенді қорғап, ұрпағына мұра етіп қалдырып еді. Енді, міне ХХІ ғасырдың қазағы қала салып, кешегі мәдениеті мен бүгінгі адамзаттық өркениетті ұштастырып, заманға сай дамып жатыр.

Ең бастысы, елдің басы аман, бауыры бүтін. Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт өкілдері бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай береке-бірлікте күн кешуде.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» демекші еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болған 20 жылда Н.Ә.Назарбаев өзінің ел басқаруға лайықты тұлға екенін сөзсіз дәлелдеді. Осы еңбегі еленіп, биылғы жалпыхалықтық сайлау тұсында 95,55 пайызбен жеңіп шықты. Бір нәрсе анық. Елбасының біздің халқымыздың арасындағы абырой- беделі ерекше. Қазіргі билік атына әлдеқандай сын айтылып жатқанда да, Нұрсұлтан Назарбаевтың көгенділігіне, қажыр-қайратына, білімі мен елге қызмет етуге даярлығына ешкім шүбә келтіре қоймас.

Мемлекет басшысы қандай болуы керек?

Қазақ бір-ақ ауыз сөзбен қорытып, былай дейді:

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол ».

Ағылшын қайраткері Маргарет Тэтчер ел басқару туралы былай дейді: «Мен шаршамайынша, кетпеймін. Ал Британияға мен керек болып тұрған кезде мүлде шаршамаймын».

Қазақтың «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші Елбасының саяси қарсыластарынан оқ бойы озып тұрғаны, Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастыруға ерен еңбек еткені шындық, көздегені ортақ құндылықтар қалыптастыру,бұл ұлттық саясаттылығымыздың өзегі.

Осындай көреген саясаттың арқасында Қазақстан тұрақтылық, бейбітшілік аймағы болып қалып отыр.

Кезінде Кенесары хан туын тіккен Арқа төрі бүгінде ұлтымыз үшін ғана емес, әлемдік деңгейде үлкен сөз айтатын, үлкен жиындар өтетін үлкен орталыққа айналды. Бүгінде төрткүл дүние назары алаштың астанасы- Астанаға ауған. Әлем қазақтың төріндегі бас қалаға көз тігіп отыр. Әлем 50 жылда емес, небәрі жиырма жылда жаңарған қазақ еліндегі елеулі жиыннан есті сөз күтеді. Бір сөзбен айтқанда, Саммит тәуелсіз қазақты айдай әлемге танытып, жаңа белеске көтерді. Әлем қазақтың береке-бірлігін, достығын танып отыр. Бейбітшіліктің де, бақыттың да, достықтың да белгісі – осы менің туған Қазақстаным. Ұлан-ғайыр даламның ұлы астанасы – Астанада әлем жиналып жатыр. Бұл –болашаққа деген зор сенім, келешекке деген үлкен меже. Әлемдегі асыл дүние- тыныштық. Тыныштықтың кепілі-береке-бірлік.

Осындай бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз, өз елімді мақтан тұтамын. Бүгінгі тойлағалы отырған 20 жылдығын мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Құтты болсын, мейрамың қазақ елім,

Қазақстан-гүлденген туған жерім.

Тәуелсіздік туыңды қолға алып,

Өсіп келед өркендеп менің елім.

Келді еліме береке, бейбітшілік,

Бақытты болса екен деп болашағым.

Қазір, міне көк байрақ желбірейді,

Ел ғана емес, елжіреп жер түлейді.

Әнұраным шырқалса бір жалындап,

Көңілімде мақтаныш тұр толып-ақ.







Сұлтанғазиева Өрік

7 «А» сынып оқушысы

«В.И.Ленин атындағы орта мектеп» ММ

Катонқарағай ауылы

2011-2012 оқу жылы.
















Дихан мен жер.


Мен диқанмын, жерді сүюге, білуге тиіспін. Мен туған жерді жырлайтын өзімше ақынмын. Жетісуды, оның ішінде Көксу, Тентек, Қаратал бойын, жақсы білемін. Өзімнің туған жерім -Малайсары, Жетісу -аса сұлу жер. Қайда барсам да Жетісудан сұлу, әдемі жерді көрмедім.

Диқанның жермен кіндігі бір. Оларды ажыратсаң өледі. Не диқан өледі, не жер өледі. Жер мен диқанның қасиетінің өзі осында. Бұл ғана емес, осы жердің астында қанша жерде тас жатыр, қай жерде қанша су бар, қай жерді қанша суғару керек, қай жерден қанша өнім алуға болады, мен соның бәрін білемін. Оны білмесем, мен диқан емеспін. Менің тарихым- осы туған жерім. Өстім, жүгірдім, еңбек еттім. Барлық тарихым осы.

110 сөз.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-191797
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>