Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ "Эссе" әдістемелік құрал

Сабақ "Эссе" әдістемелік құрал

Скачать материал

 

«Тәрбиеші болу – бақыт!»

 

Тәрбиеші болу үшін,

тәрбиеленген болуың керек. 
С.А.Макаренко

Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым. 

 Тәрбиешінің жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда  кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік  жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды  білемін.

  Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай ,оларды жақсы көремін. Әр істеріне , сөздеріне түсінушілікпен қараймын.

  Әрбір бала біз үшін меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді қажет етпейтін тас. Әрбір меруерт бірегей және бірден-бір сәнді бұйым, тірі табиғат жаратылысынан туған. Бұл табиғаттың ең тылсым жаратылысы. Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей  жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап ,балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі.

  Мен «Еркетай» шағын ортағыда жұмыс істеймін. Жұмыс орыным туралы өлең арқылы айтайың.

Балабақшам базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты!

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін.Менің  нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

Біз балаларымызға ертегімен, өлең жолдарымен, өзіміздің сиқырлы қорымызбен ақыл айтуымыз керек. Балабақшада тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық баулуға, тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев атамыз.  Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болған жоқ. Бұл еңбектен жалықпаймын деп сенемін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ,бәрінен де жарқ етіп,есте қалғаны-біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда- «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім, және жазушы Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары соған дәлел.

 Фариза Оңғарсынова

Тәрбиеші

Ән салғызып, билетіп, ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп, ойната да біледі.

Қызық-қызық ертегілер біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді

Бастап бізді далаға, серуенге де шығады.

Біз шомылсақ жағада байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз, үлкендерге сенеміз.

Бұл тәтені бәріміз сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын, тәрбиеші апайды

"Қамқоршысы баланың" деп ауылда атайды

         Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам,кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін.Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балаларымның маған деген ықыласын,маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

Мен, әрі  суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге халқымның бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 5 жыл болған екен. Сол бес жыл ішіңде әр түрлі семинарларға, конкурстарға қатысып келемін.

Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Осы кісілерден алған ең басты сабағым-балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және  әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

         Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең тәрбиелеу құқыған жоқ», деген екен. Мен кішкентай балаларды өте жақсы көремін, өз балаларым сияқты санаймын.

Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінің ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

 Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» деген өлеңі есіме алып отырып, менің  мамандығымда «Үш бақытымды»  былай дегім кеп тұр.

Әр бір сабақ  мен үшін маңызды, өйткені басқа сабақтардан өзгеше.Оларды өткізу менің бірінші педагогиқалық  бақытым. Екінші бақытым ол менің мектепке дейінгі балаларым. Оларға білім беріп, жақсылыққа үйрету менің үшінші бақытым.
            Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш әкелсе,менің жұмысымда маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен болсам, гүлдің әсем дағы- балалар,ал күлтелері – менің міндеттерім мен әдістерімді теңеймін.Менің тобым сол гүл сиякты жайнайды.

Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ "Эссе" әдістемелік құрал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2018 576
    • DOCX 21.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанабекова Асель Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанабекова Асель Серикбаевна
    Жанабекова Асель Серикбаевна
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28322
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1710 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек