Инфоурок Всеобщая история КонспектыСабақ жоспары "Абылай хан"

Сабақ жоспары "Абылай хан"

Скачать материал

Куандык Арай

Тарих пәнінің мұғалімі

«Тайынша қаласы №2 орта мектебі»КММ

Тайынша қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы

 

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

 1.Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды  осындай  дәрежеге көтерген деректерді ашу;

   2.Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс     істеуге,көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске баулу 

    3.Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

 

 Сабақтың түрі: интерактивті , дәстүрлі емес,аралас 

 Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,талдау, тірек сызбасы,тест,сәйкестендіру тесті,семантикалық карта 

 Көрнекіліктер:Абылай ханның портреті,тірек сызбалар

      Негізгі түсініктер: саяси  және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат,

      Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым-қатынасы.

Сабақтың барысы:

1.       Ұйымдастыру кезеңі

2.       Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    3.Оқушы зейінін сабаққа аудару

 

 Ой шақыру:

 

—  Абылай деген кім?

—  Абылай туралы не білесіңдер?

 

Өткен сабақты қайталау

  «Тұлғалар»   сөзжұмбағын  шешу

 

 1.Кіші жүз ханы кім?(Әбілқайыр)

 2.Әбілқайырды өлтірген кім?(Барақ)

 3. Жоңғарлардың билеушісі,көрнекті қолбасшы (Қалдан Серен)

 4.Нұралы хан кімнің баласы?(Әбілқайырдың)

 5. Орта жүз ханы(Әбілмәмбет)

 6.Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

 Жоспар:

1.Абылайдың жастық шағы

2.  Абылай -аса көрнекті саяси және мемлекет  қайраткері

3.Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері

4. Абылай ханның сыртқы саясатының ерекшеліктері

5.Абылай ханның  Қазақстан тарихында алған орны

 

Абылайдың жастық шағы

 

 Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай

 

Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай(Әбілмансұр) 1711 жылы дүниеге келген. АтасыТүркістан қаласының билеушісі(оның есімі де Абылай) әскери жорықтарда ерекше көзге түсіп, жауына қаталдығы үшін “қанішер Абылай” атанған. Абылайдың 13 жасында ауылын жау шауып, әке-шеше,туыстарынан айрылған бала әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Ол алғаш Түркістан аймағын паналады. Осындағы үйсіннің атақты биі, кейіннен ұлы жүздің бас биі атанған Төле бидің малын бақты. Абылайдың алба –жұлба кейпіне қарап Төле би оны Сабалақ деп атап кетті.Мұнда Сабалақ деген атпен жүрген ол  біраз уақыт өзінің хан тұқымынан екенін

жасыруға  мәжбүр  болды.

 

Абылай

 

Жоңғарларға қарсы күресте қатардағы сарбаз ретінде қатысып , көзге түсті. 1731 жылы жоңғарларға қарсы шайқаста ол, Абылай

атасының есімін ұран қылып жауға шауып, өзінің ерекше ерлігімен қиын жағдайдан қазақ жасақтарын құтқарып қалады. Осыдан кейін ол Абылай атанып кетеді.Осы кезден бастап қазақ  батырлары , билері мен сұлтандары қарапайым малшы болып жүрген ,қара халықтың арасында өсіп тәрбие алған Абылайдың шығу тегін анықтады.

 

Абылай-аса көрнекті мемлекет қайраткері

 

Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты-мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу.  Абылай үш алып елдің  ортасында дипломатиялық шеберлікпен қазақ елін және мемлекетін қорғауда дұрыс жолды таңдай білді және үлкен саясатта алғырлық танытып, айтарлықтай жеңістерге жетті. Абылай қазақтың бөлшектеніп кеткен жерлерін  қайта біріктіру мақсатын жүзеге асыруды нақты қолға алды.

 

Овал: Абылайдың саясаты
 

 


Овал: Сыртқы саясаты

Овал: Ішкі саясаты

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Ішкі саясаты

 

Саяси әлеуметтік

 

 Шаруашылық

 

 Мәдениет

 

 

 

 

 

 

 

                       Абылай ханның ішкі саясатының   ерекшеліктері

 

 Абылай қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды.Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады.Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне шек қойды.Жергілікті билердің бытыраңқылыққа бағытталған  іс-әрекеттерін тежеу үшін аймақтарды  басқаратын сұлтандарды өзі тағайындады. Және олардың өзіне бағынуын талап етті.Егін шаруашылығын дамытуды қолдады. Қазақ халқының дәстүрін,мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді.

 

           Абылай ханның сыртқы саясатының   ерекшеліктері

        Абылай патша үкіметімен де, Цинь империясымен де бейбіт қатынастарды сақтауға күш салды.

Іс жүзінде олардың екеуіне де бағына қоймаған ол , өзінің бодандықты мойындайтынын мәлімдеумен болды.

 Бұл қазақ халқын күшті жаулардан қорғау үшін Абылайдың қолданған айлакер саясаты еді.Осылайша ол , патша үкіметімен қақтығыста Қытайдан қолдау тапса , ал Қытаймен қарым-қатынас ауырлап  кеткенде Ресейдің қолдауына сүйеніп отырды.Қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Еділді  Қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. Қытаймен арадағы кикілжіңді келіссзбен шешуге тырысты.

 

 Жылдар сөйлейді:

—  1711-1781 жылдар – Абылайдың өмір сүрген жылдары

—  1731 жылы жоңғарларға қарсы соғыста жеңіске жетті.

—  1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге бодан болуға келісім беруі

—  1743 жыл Абылайдың жоңғарлардың тұтқынына түсуі1762 жыл-II Екатерина патшайымға өзінің бағынышты болатынын мәлімдеп ант беруі.

—  1757-1760 жылдар –Қытайдың билігін мойындауы

—   1770 жыл –қырғыздарға соққы беруі

—  1771 жыл- Абылайдың   үш жүздің ханы болып сайлануы

—  1778 жылы-Ресей патшасының  Абылайды орта жүздің ханы етіп бекітуі

    Сәйкестендіру тесті

   - Абылайдың шын аты                              Уәли

  -Абылайдың өмірі мен ерлігін

  жырлаған жырау                                      Қалдан Серен  

  -Абылай түйесін баққан би                      Әбілмәмбет

 -Абылайдың әкесі                                      Әбілмансұр 

 -Абылай кімнің тұтқынына                      Төле

 түсіп қалды? 

        -Абылай өлтірген батыр                             Әділ

        -Абылай  кімнің орнына                              Шырыш

         хан болып сайланды?                                  Бұхар

    

Сөйлемді толықтыр:

·         1770 жылы ... соққы беріп,олардың оңтүстіктегі қазақ жеріне үздіксіз жасайтын барымталық  жорықтарына  тыйым салды.

·         Орта жүздің ханы ... дүние салған соң оның орнына ... емес, Абылайды хан сайлады.

·         Абылайды  Түркістандағы  ... кесенесіне жерледі.

·         Абылай  жекпе –жекте Қалданның ұлы ... өлтіреді.

·         Абылайдың бас мирасқоры ... сұлтанды Ресей мемлекеті  орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруда табандылық көрсете алмады.

 

 Сабақты қорытындылау:

 Абылай ханның Қазақстан тарихында алған орны қандай?

 

Түйін:

 Абылайды үш жүздің өкілдері орта жүздің  ханы ғана емес,барлық қазақтың билеушісі деп тануы  -оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін,Ресей  және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді.

 

        Алыстан орыс-қытай-ауыр салмақ,

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,

Артында ор,алдында көр, жан-жағы жау,

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.

                                      Мағжан Жұмабаев

   Сен мұны білесің бе?

Абылай күйші болған.Оның “Ақтолқын”, “Алабайрақ”,”Бұланжігіт”, “Қайран елім”,

”Дүниеқалды” ,Шаңдыжорық т.б  күйлері бар.

Абылайдың  12 әйелі ,30 ұлы мен 40 болған.

Үйге тапсырма:

«Абылай- қолбасшы», «Абылай-дарынды дипломат» тақырыптарына эссе жазып келу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Абылай хан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2017 4644
    • DOCX 22.7 кбайт
    • 51 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арай Куандык Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арай Куандык Куандыковна
    Арай Куандык Куандыковна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26352
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 466 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 20 регионов