Сабақ жоспары "Кәдесыйлар мен әшекей бұйымдар" (8 сынып)

Предпросмотр материала:

,Сабақтың тақырыбы: «Кәдесыйлар мен әшекей бұйымдар».

Сабақтың мақсаты:

А) Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жобалап   көрсетуге ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу

Ә) Оқушылардың кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбекке икемділігін дамыту. Тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасау.

Б) Еңбектене білуге , тиянақтылық деңгейін көтеруге баулып, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, компьютерлік тақта, презентация, т.б.

Құрал- жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, желім, картон, гипсті ұнтақ, су, т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ

http://www.kyzdaralemi.kz/images/photos/162/13.jpgҚазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап  алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.

http://www.kyzdaralemi.kz/images/photos/162/14.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік.

 Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. 
Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі.

Беті көлемді құдағи жүзіктерде істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған. 

http://www.kyzdaralemi.kz/images/photos/162/17.jpghttp://www.kyzdaralemi.kz/images/photos/162/16.jpg

 

 

 

 

http://www.kyzdaralemi.kz/images/photos/162/15.jpghttp://www.kyzdaralemi.kz/images/photos/162/18.jpgҚазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.  

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі. 

http://www.on.kz/userdata/36888/user_photos/single_medium/7351/73d70c62c55081300313cc608d42e9dd.jpgКәдесыйлар: Бұл бұйымдар әртүрлі қонақтарға берілетін сыйлық болып келеді. Осы сыйлықтар арқылы шетелдік қонақтар қазақ халқының өнерімен ғана танысып қоймайды. Сонымен бірге салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, қазақ халқының мәдениеті туралы да ақпараттар алады.

http://img25.olx.kz/images_slandokz/74147035_8_644x461_kazahskie-natsionalnye-suveniry-.jpghttp://img27.olx.kz/images_slandokz/74147035_4_644x461_kazahskie-natsionalnye-suveniry-moda-i-stil.jpg

 

 

 

 

 

Сыныптық жұмыс.

Гипстен кәдесыйлық жасау. Ол үшін гипсті суға езе отырып арнайы ыдыстарға құямыз. Гипс қатқаннан кейін оның бетін ысқылап, тегістейміз де әшекей суреттер саламыз. Салынған сурет бетін лакпен жылтыратамыз.  Кәдесыйға берілетін бұйымды аяқтаймыз.

Сабақты қорытыныдылау: Сабақ соңында оқушылар жұмыстары тексеріледі, талқыланады, бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Сабақ жоспары "Кәдесыйлар мен әшекей бұйымдар" (8 сынып)

  • DOCX

Файл будет скачан в формате:

  • DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Шобанова Анара Сарсенбаевна

Учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 92510
  • Подписчики: 8
  • Всего материалов: 42
  • 92510
    просмотров
  • 42
    материалов
  • 8
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Шобанова Анара Сарсенбаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Выберите инструмент

~140

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: