Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Мәнгілік ел: Бір ел - бір тағдыр."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары "Мәнгілік ел: Бір ел - бір тағдыр."

библиотека
материалов

Күні: 12.05.2016

Сынып: 10

Тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Сағатының мақсаты: Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

  Тәрбие сағатының барысы:

1.Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы  шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

1. Ұйымдастыру. (мұғалімнің кіріспе сөзі)
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.
2.Қызығушылығын ояту. (бейне фильм) президент жолдауынан үзінді
Оқушылардың пікірін тыңдау
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Топтық жұмыс.

1 тапсырма: Оқушылар Қазақстанның жетістіктерін жазады.

Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:

1991 жыл.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл.

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.

1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993 жыл.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

1994 жыл.

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1995 жыл.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

2001 жыл.

2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.

2011 жыл.

2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл -Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған

2 тапсырма: Постермен жұмыс:-оқушыларға берілетін тапсырмалар

 1-топ:Мәңгілік ел

2топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.

3 тапсырма: Тақырып бойынша акроөлең құрастыру.

 «Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Сабақты бекіту:

- Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер? 
-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?
-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?


Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
 
Мен жанбасам лапылдап,
 
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!





Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров487
Номер материала ДБ-080494
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх