Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Отбасы өмір айнасы"

Сабақ жоспары "Отбасы өмір айнасы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiм


Тақырып: «Отбасы өмір аясы»


Құндылық: Дұрыс әрекет


Қасиеттері: Жауапкершілік, тәртіп, сүйіспеншілік


Мұғалiм Ермуханова Айнур Гафуровна

Класс 11 Оқушылар саны 19


Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасылық өмірді ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

  • Оқушыларға сүйіспеншілік, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды сүйіспеншілікке, жауапкершілікке баулу.

  • Оқушыларды сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Кітаптар, қаламдар, ақ қағаздар, жұмыс дәптерлері, түрлі-түсті бояулар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«ОТБАСЫҢА АДАЛ БОЛҒАНЫҢ,

ОТАНЫҢА АДАЛ БОЛҒАНЫҢ»

Нақыл сөз

Оқушылар қане барлығымыз осы дәйексөзді жаттап алайық хормен айтамыз!

Енді қатармен оқып көрелік.

Барлығымыз жұмыс дәптерлерімізге жазып алайық.

Енді осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?



Әңгiмелеу :

«Бақытсыз бай»

Аңыз әңгіме

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүріпті. Оның туысқаны, баласы жинаған малы мен мүлкі және ақшасы екен. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Бай бір күні жалшысының үйіне есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.

Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, — деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді “мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.

Сонда жалшысы:

Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құла ниектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді. Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.

Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…

  • Е дұрыс әрекеттің қасиеттері қай кейіпкердің бойынан көре алдыңыздар?

  • Өмірде осы әңгімедегі кейіпкерлерді кездестірдіңіздер ме?

  • Отбасы бақытын дүние мүлікке айырбастауға болады ма?

Балалардың берген жауаптарынан кейін қорытындылаймын.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Бауырластарыма»

Армысыңдар, бауырлар, бармысыңдар!

Ағаларым - асқар тау, қарлы шыңдар.

Жеңгелерім –жанымның жайлауы еді.

Інілерім-шым болат шалғысыңдар.

Сіңлі, келін – періште тілеулесім,

Барлығың да әйтеуір бармысыңдар?!

Бар болыңдар, сендер болсаң, туардай іркіт күнім,

Қашар менің жанымнан сылтып мұңым.

Мен сендердің шөлдегі бір түп гүлің,

Сендер барда самғайды бүркіт-жырым.

Сендер бар да сезбеймін, сездірмеймін

Иығымның, жанымның жыртықтығын.

Тағдырыма жазылмай кемел несіп,

Жалғыздықтың бейнетін келем кешіп.

Шыбын жаным шырқырап, ертеңгі күн,

Не болар деп ел деген ерен бесік.

Менде арман жоқ – алдымда тілек тілеп,

Сендер жүрсең, қаумалап, елеңдесіп.

Ф.Оңғарсынова

Оқушылардың жазған мақал-мәтелдері топ-топ бойынша тақтаға шығып оқылады.


Топпен ән айту.

Ал енді балалар барлығымыз ән шырқайық!!!

Ән : «Ата-ана парызы»

Әні : Әбдіғапар Темірханов

Сөзі: Салауат Исақаев



ЖАСТЫҚ ШАҒЫҢ ЖАЙНАП ӨСКЕН,

АТА-АНАҢНЫҢ АРҚАСЫ.

АТА-АНАҒА ҚАМҚОР БОЛАР,

ҰЛ-ҚЫЗЫНЫҢ БАРШАСЫ.

БІЗ СІЗДЕРГЕ ҚАРЫЗДАРМЫЗ,

БІЗГЕ АППАҚ ПЕЙІЛІҢ.

ӨЗДЕРІҢДЕЙ ЖАН БЕРЕ АЛМАС,

СӘБИІНЕ МЕЙІРІМ.

Қайырмасы :

ТІРШІЛІКТІҢ БЕСІГІНДЕЙ,

АСЫЛ АРАЙ ТАҢДАРЫМ.

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ.

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ



ТАЛ ШЫБЫҚТАЙ ҚЫЗЫҢ ӨССІН,

ЖІБЕК МІНЕЗ ЕСІЛІП.

ҰЛЫҢ БОЛСЫН ЕЛ ҚОРҒАНЫ МЕРЕЙІҢДІ ӨСІРІП,

АТА-АНАҢА КІР КЕЛТІРМЕЙ,

ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫҢ

ҮШ АРҚАЛАП МЕККЕГЕ АПАРСАҢ ДА

ӨТЕЛМЕЙДІ ҚАРЫЗЫҢ

Қайырмасы :

ТІРШІЛІКТІҢ БЕСІГІНДЕЙ,

АСЫЛ АРАЙ ТАҢДАРЫМ,

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ



БҰЛ ӨМІРДЕ ОРЫНДАЛСЫН, АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ!


Үй тапсырмасы:

80-82 беттердегі №18 сабақтар Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан берілген үзіндіні түсініп оқып келу.


Тыныштық сәтiн.

Оқушылар бір сәт көздеріңді жұмып, осы сабақ барысында алған шынайы әсерлеріңді, айтылған дұрыс әрекеттерден шыққан ойларыңды жүректеріңе түйіп алыңдар.

Жаймен көздеріңді ашуға болады, сабағымыз аяқталды, қош сау болыңдар.












Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров244
Номер материала ДВ-157232
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх