Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабақ жоспары тақырыбы: ЖҰМСАҚ ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ЖАСАУ, ӘШЕКЕЙЛЕУ

Сабақ жоспары тақырыбы: ЖҰМСАҚ ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ЖАСАУ, ӘШЕКЕЙЛЕУ


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

ЖҰМСАҚ ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ЖАСАУ, ӘШЕКЕЙЛЕУ


Сабақтың білімділік мақсаты: ойыншықтар жайында жалпы мәлімет беру. Бұйымның бөлшектерін қосу, әшекейлеу әдістерін жетілдіру;

Дамыту мақсаты: ине шаншымдардың көмегімен өңделген бөлшектерді құрастыру, жіптерді таңдай білуге үйрету. Ойлау қызметін дамыту, білім-біліктерің жетілдіру; материалды есте сақтауға, талдау жасауға, салыстыруға үйрету, есте сақтауға арналған сөз тіректерін пайдалану.

Сабақтың тәрбиелік мәні: оқушыларды көркемдіктанымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға ықтиярлықпен қарауға, еңбекті бағалауға, еңбек және тұрмыс гигиена ережелерін сақтай білуге, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар: қолөнері туралы мақал-мәтелдер, нұсқау карталар, буклет, слайдтар, бейнефильм, оқушылардың жұмыстарының көрмесі.

Пәнаралық байланыстар: тарих (ойыншықтардың шығу тегі), әдебиет (өнер туралы мақал-мәтелдер), бейнелеу (модель, суреттері), қазақ тілі (жаңа терминдер).

Сөздік жұмыс: қуыршақтар (панкалар, бибабо, анималистикалық ойыншық, техникалық және қиялдық ойыншықтар, Барби).

Сабақтың әдісі: саяхат сабағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.

Мына сөзжұмбақты шешіп, ерекше сызық ішіндегі сөзді табайық (сөзжұмбақты шешу).

  1. Матаны алу процесі (тоқу).

  2. Инемен жұмыс істегенде саусақ басына киетін құрал (оймақ).

  3. Матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесі (инешаншым).

  4. Алжапқыш пен орамал киімнің қай түріне жатады? (Өндірістік, санитарлық).

  5. Пішуге, кесуге арналған құрал (қайшы).

  6. Мата тоқитын талшықты, бір жылдық, шөп тектес өсімдік (зығыр).

  7. Жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұратын бір жылдық өсімдік (мақта).

Сонымен ерекше сызық ішіндегі сөзден - ойыншық сөзі шықты.

Ойыншық - халық дәстүрінің бір бөлшегі.

Ойыншықтар - “тәрбиешілер, мұғалімдер”. Сылдырмақтар, пирамидалар, шақпақ ойыншықтар бүлдіршіндерді түр, түс, көлемдік ұғымдарын және қозғалыс және есту қабілеттерін дамытады. Ойыншықтар балаларды ересек өмірге дайындайды. Мысалы, ертеде қарапайым халықтың балалары жануарлардың мүсіндері мен қолдан істелінген қару-садақпен, жібімен, ойыншықсоқамөн ойнаған. Осы балалардан малшылар, аңшылар, өгіншілер өсіп шыққан.

Шаруа қыздары қарапайым қуыршақтарын өздері құндақтап, оларға өздері киімдер тіккен.

Біз бүгінгі сабағымызда ойыншықтар әлеміне саяхаттауды жөн көрдік..

1- саяхатшы ойыншықтың шығу тарихынан, қуыршақ жөнінде мәлімет береді.

Ойыншықтың шығу тарихы

Ойыншық-тарихи кезеңдердің бейне белестерімен тікелей байланысты. Ол сәбидің ақылын, физикалық және танымдық қасиеттерін есіреді. Мысырдың, Германияның және Римнің ежелгі құл иеленушілік қоғамы келесі ұрпақтарға материалдық және рухани мәдениеттің баға жетпес қазынасын қалдырды. Бүгін де, ежелден де бүлдіршінің алғашқы ойыншығы сылдырмақ болды. Ежелгі Греция мен Римде сылдырмақты жаңа туған сәбилерге сыйлаған. Сылдырмақты сылдырлата отырып, жас аналар бесік жырын айтқан. Бұның басқа да наным, сенімдері болған. Алғашқы қауымдық көзден сылдырмақ, тарсылдақ ойыншықтардың дыбысы жат иелерді қуып, баланы қорғайды деген сенім сақталған. Ең ертедегі бізге белгілі ойыншықтар біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Мысыр елінде тіркелген.

Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың бір түрі - қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршақтарихы 4 мыңжыл. Олар жұқа тақтайшадан істелінген, киімді рәсімдейтіндей геометриялық өрнекпен боялған. Қуыршақтардың басы ағаш және жіптен істелінген, моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.

Адамзаттың тарихында ежелден қазіргі кезге дейіңгі мыңжылдықтардағы адам өмірінің өзгермес серігі - қуыршақтар болды.

¥рпақты ұрпақ ауыстырып, дәуірлер етсе де, қуыршақтар адаммен қатар тіршілік етуде.

Қуыршақтарды дайындаумен қатар, есімдеп түрлендіруде ерекше орын алады.

Шығармашылықтың кез келген түрі бұл шығармашылық өнердің түпнұсқасын тек сол істі ұната отырып, сүйіспеншілікпен, жаныңды сала жасауға болады. Оның бет-әлпеті істеуші адамның сезімі мен көңіл күйінің мінездерін керсетеді. Бет-әлпеттері бір үлгіде істелінген қуыршақтар суретшінің қылқаламының кішкентай ғана сызу, бояуларының әсерінен әр түрлі келбетке ие болады. Тек қана шығармашылықпен, оңтайлы қарау ғана жақсы ойыншық істеуге әкеледі, бұл шебердің өзіне де, басқа адамдарға да қуаныш сыйлайды.

Адам қуыршақтан өзін көретін болғандықтан, қуыршаққа маңызды орын бөлінді. Ол ұрпақты жалғаудың нышаны болып саналып, қуыршақпен ойнау үлкендер тарапынан мадақтауға ие болатын.

Егер балалар қуыршақпен көп және ынтамен ойнаса, онда отбасында тоқшылық пен кіріс болады делінген, ал егер өз ойыншықтарына ұқыпсыздықпен қараса, онда бір пәлеге душар болады деген нанымда болған.

Нәрестенің бесігіне «қорғаныш» қуыршақты салған, ол баланың тыныштығы мен ұйқысын күзетеді деп есептеген.

Ересектер қуыршақты өз салтына да пайдаланған. Ертеректе әдемі киінген, бұрымында алқызыл таспасы бар қуыршақтар той дастарқанын безендіріп тұрған.

Қуыршақ көпке дейін бет-әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты, бет-әлпеті бар қуыршақтар жанданып, балаға зақым келтіреді деп санаған. Уақыт өте бұл сиқырлы ұғым ұмытылып, қуыршаққа кез, ауыз, мұрын салып тіге бастады.

Қуыршақ дайындаудың біраз нұсқасы бар, жұмыста қолданылатын техникалық әдістердің әртүрлілігіне қарамай, дененің жасалу әдісіне қарай заттарды 4 типке бөлуге болады:

  • Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар.

  • Сымдық қаңқалы қуыршақтар.

  • Қолжаулық қуыршақтар.

  • Классикалық қуыршақтар.

Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар гипс, фарфор немесе папье-маше сияқты құрылымы қатты материалдан жасалады.

Ойыншықтың негізін тығыз матадан тігілген денесі құрайды. Қаңқасыз ойыншықтардың пішінін толықтыратын материалдарды салумен сақталынады.

1-саяхатшы бізді анималистикалық ойыншық кейіпкерімен таныстырады.

Ойыншық адаммен бүкіл өмір бойы жасасып келе жатыр. Ол адамды қоршаған ортамен таныстырып, оның бос уақытын алады, адам ойының жетістіктерімен таныстырады және адамның қарапайым көзқарасын мейірлендіреді.

Ойыншықтардың кейіпкерін шартты түрде анималистикалық, техникалық, қиялдық және қуыршақтар деп бөлуге болады.

Нақтырақ анималистикалық кейіптегі ойыншықты қарастырайық.

Анималистикалық ойыншық - бұл жануарларды бейнелейтін ойыншық. Анималистикалық ойыншық аңдарды, құстарды, жәндіктерді, қос мекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды және тасбақаларды бейнелей алады. Анималистикалық ойыншықтарды 2 топқа бөлуге болады: шыншыл және ертегілік (қиялдық). Шыншыл ойыншықтар табиғаттағы біз көретін жануарларды суреттейді. Ертегілік анималистикалық ойыншықтар шыншыл анималистикалық ойыншықтардан ерекшеленеді. Мысалы: ертегілік ойыншықтар өздерінің түстерін өзгерте алады (оның мұңды кейпін күшейту мақсатында).

Біздің жануарларды күлкілі ету үшін олардың денелерінің бір бөліктерін үлкейтуге болады. Мысалы: иттің денесінен тұмсығын үлкен қылып жасауға болады. Жануарларды көбіне адамның сипатын: түзу жүрісін, киіне білуін, сонымен қатар адамның бет-әлпетін құбылтуын қоса жасайды. Біз шығармашылық жобамызда анималистикалық ойыншықтарды тігеміз. Оларға әр түрлі қуанышты, таңдану, мұңды, ренжулі және тағы басқа келбетті береміз.

Бұрынғы жылдары кейіпті анималистикалық ойыншықтар әбден ойластырылып жасалған. Мысалы, 20-жылдары ғылыми-зерттеу институтында үй және жабайы жануарлардың барлық ойыншық түрлерін ойлап шығарды. Институттың суретшілері «өмір шындығын» нақты қолдан жасады. Мүсіндер көбіне жануарлар әлемін үйренуші құралдарға ұқсатып жасалғанымен, көңілді болып шықпады. Ойыншық шығарушылар бірнеше мақсатқа жеткілері келіп, балаларды алдандырумен қоса оларды қоршаған ортамен таныстыруды да кездеді. Бөбектерді әлеммен ертегілік түрде таныстыруды көздегенімен, оларға көңілді де қызық болатынын ескермеген еді. Уақыт өте келе ойыншықтарда әзіл, ғажайыптық және жылулық болу керектігі түсінікті болды. Ойыншық өзінің түпнұсқасына дәл ұқсауы талап етіп қойылмады, ең негізін алу жеткілікті болды. Солай халықтық кәсіптегі ойыншықтар «ойыншық» атанды. Қазіргі кезде ертегілер кейіпкеріндей көңіл күйлері жақсы, әзілі мен ойы бейнеленген аңдарды көп ойыншық кәсіпорындары шығарады.

Біз шығармашылық жобамызда ертегілік анимастикалық ойыншықтарды жасап шығаруды көздедік.

Оқушылар өздерінің шығармашылық жобаларын қорғайды.

3-саяхатшы.

Ойыншық - халықтық қолөнер дәстүріні бір бөлшегі.

Баяғы замандарда көбіне ойыншықтарды отбасында жасады, кейде жәрмеңкелерден алды. Халықта ойыншық сәбиге денсаулық пен амандық әкеледі деп саналады.

Бүлдіршін ойыншықпен ойнап қана қоймай, оны өзі істеп көруге тырысты. Бұл оны еңбекке, шығармашылыққа итермеледі, қолдан істелінген ойыншықтың артықшылығы да осында болды. 5-8 жастан бастап балалар ойыншықтарды өздері істей бастады; олар ағаштың бүршіктерінен, бұтақтардан, жапырақтарды ораудан, гүлдерден жасады, жіптерден де тоқып өрді.

Ойыншықтарды жанын сала, ынтамен үлкендер де жасады. Оларды жасауға әр түрлі материалды: қайыңның қабығын, шыбықтарды, мата қиындыларын қолданатын, кейде ағаштардың түбірлерін де қуыршақ қылып безендіретін. Сабаннан қызық қуыршақтар шығатын. Оларды «қырқындылар» деп атаған. Оларды сабаннан бұрап, қол жасап, алжапқышпен әшекейлеп, ашық түсті орамал таққан.

Ағаш қуыршақтар - «панкаларды» ағаш шеберлері балтаның дәл соққысының нәтижесінде әзірлеген. Бет - әлпетін келтіру аса шеберлікті талап еткен, күрделі ою мен суреттерді салмаған. Ойыншықтарда нақтылық онша болмаған.

«Панка» қуыршақтары - анасы, қызы рөлдерінде қолданылған. Пішіннің шарттылығы ойыншыққа әмбебаптық қасиет әкелді.

Қуыршақ-ойыншықтардың ең алғашқысы. Оның тарихы ежелгі заманнан белгілі. Басында қуыршақ әдет-ғұрыптық ңышаны ретінде, соңынан балалардың ойыншығына айналды. Біздің заманымызда әр түрлі қуыршықгар бар. Бірақ қолдан жасалған қуыршақтар ерекше танымдылыққа ие. Өз қолыңнан жасалған, қиялың мен жаныңды салып істеген ойыншық өте сүйікті ойыншық болып қала бермек.

4-саяхатшы жаңа заман қуыршағымен таныстырады.

Жаңа заман классикалық қуыршағы балаға тән үйлесімділікке ие. Оның беті бал-бұл жайнап, үлкен көздерін ашып, жұмады. Оған баланың киімін де кигізеді.

«Барбидің» пайда болуымен қуыршақ әлемінде түбірлі өзгерістер болды. Ол әрбір қыздың арманы мен мұратына айналады. «Барби» қуыршақтарын сату басқа ойыншықтардың үлесімен салыстырғанда ең жоғарғы сұранысқа ие деп есептелінеді.

«Маіеl» компаниясының иелерінің бірі Руд Хендлер қызы Барбараның картоннан (қатты қағаздан) жасалған трафарет мүсіндерімен ойнап отырғанын көреді. Рөлдік жағдайларға сәйкес қыз қуыршаққа әр түрлі сәнді киімдерді кигізді. Хендлер қуыршақтарға бұрынғы сәби кейіпіндегі емес, оған үлкен адамның кейпін бере жаңа қуыршақ түрін шығаруды көздеді. Бұл қуыршақгардың өз мамандығы, өз өмір ағымы болуы мүмкіндігін көрсетті. Сондықтан да жаңа қуыршаққа мерекелік сәнді киімдер, күнделікті киімдер, тұрмыстық заттар және т.б. заттары керек болады.

Бастапқыда қуыршаққа бір бейнені табу керек болды. «Маіеl» компаниясы Лиля бишіден мүсіндерінің көшірмесін жасау құқығын сатып алды. Содан кейін қуыршақтың бейнесі жасалынды. Хендлер оны қызының құрметіне «Барби», деп атады.

Әрлендірушілер (дизайнерлер) қуыршақтың бейнесін өзгертіп, қуыршақ сәнді тенденцияларды көрсететін, бүкіл елге танымал топ-модельдердің үйлесімділіктерінің көшірмесін жасау керек деген қорытындыға келеді. «Барби» 1958 жылы пайда болды, ал қуыршақ ісінің мамандары одан әйел затының стереотипінің бейнесін көреді. Қыздар жаңа ойыншықты қуанышпен қабылдады. Өйткені оның сырт киімі әдемілік пен әсемдікті тануды білдірді. Бірақ «Барби» өз заттарының арасында ғана тіршілік етеді. Ол үшін жиһаз, үй, бассейн, автокөлік, досы және шексіздікке дейін заттар да жасалды. «Барби» тұтыну қоғамының өкілі. Ол өте әдемі, бірақ жансыз. Американдықтар үшін оның жансыз болғаны маңызды емес. Олардың көбі ақшаға достық пен махаббатты сатып алуға болады деп сенеді.

  1. Сабақтың сарамандық бөлігі.

Диафильмді талдау арқылы ТҚЕ қайталау.

Жұмбақты шешу.

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниені жалғыз кезді.

Әлемді өзі түгөл киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

Ертеде тігің тігетін шеберге ең қажетті құрал- ине болғандығы белгілі. Сондықтан да қазақтар «Тігіншіні инесі асырайды», «Шебердің инесі де, күймесі де алтың» деуі соны меңзегеннен туған.

Оқушылар жұмыс істеп отырғанда баяу әуен қосу керек.

  1. Бөлшектердің орнын белгілеу (көздері, құлақтары, құйрығы).

  2. Түйреуіштердің кемегімен белгіленген орынға қадау.

  3. Қол тігіс «көмкеру» тігісімен ойыншықтар бөлшектерін қосу.

  4. Бөлшектер екі бөліктен тұрғандықтан олардың симметриялы болуына көңіл бөлу керек.

  5. Оқушылар әшекейлеу жұмыстарын орындайды.

  6. Мұғалім жұмыс сапасына бақылау жасайды, нұсқаулар береді.

Қорытынды шығару.

Қағазға мына сұрақтарға жауап жазыңдар.

  1. Мен нені білдім?

  2. Не үйрендім?

  3. Не үйренгім келеді?

Сабақ соңында орындалған жұмыстар бағаланады.

Жұмыс орнын, кабинетті жинастырады.

Пайдаланылған әдебиет:

Интернет жүйесінен алынған ақпараттар: «История возникновения игрушек».




Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров216
Номер материала ДБ-330850
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх