Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Жалпақ құрттар"

Сабақ жоспары "Жалпақ құрттар"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сабаққа деген белсенділіктерін арттыра отырып, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктерін бір-бірінен ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, карточкалар, сөзжұмбақ, салыстырмалы кесте

Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат, карточкалар, Постер, стикерлер, маркер

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу. Түстер бойынша топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.

Ә) Психологиялық дайындық. Оқушыларды сабаққа дайындау.

Оқушылар, бізге бүгін қонақтар қатысып отыр, өзімізді таныстырып өтейік. Алдымен өз есімдеріңіздің бірінші әріпінен басталатын сын есімнен тұратын сөзді есімімізге қосып айтайық. Мен бірінші өзімнен бастайын Жайдарлы Жанат. Ары қарай ........

Жақсы балалар, жарайсыңдар!

Енді біз сабағымызды күнделікті ұранымызбен бастайық

Қатар қатар тізіліп, оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп, түп-түзу боп тұрайық

Жақсы оқып сабақты, әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа – нақ дайындалдық бәріміз

II.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материал бойынша сұрақтар қою

«Лездік сұрақтар»

  1. Барлық жануарлар әлемі неше дүние тармағына бөлінеді?

  2. Біржасушалы жәндіктер дегеніміз не?

  3. Көпжасушалы жәндіктер дегеніміз не?

  4. Дене құрылысының ортақ белгісі бойынша жануарларды неше топқа бөлді?

  5. К.Линней жануарларды қандай жүйелік топтарға жіктеді?

  6. Біржасушалы жәндіктерге қандай жәндіктер жатады?

  7. Пелликула дегеніміз не?

  8. Хроматофор дегеніміз не?

  9. Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін талшықты жәндік қалай аталады?

  10. Судағы ағзалы қалдықтарды қорек етіп, суды тазартуға үлес қосатын талшықты жәндік?

  11. Кірпікшелілердің цитоплазмасында неше ядро болады және олар қандай қызмет атқарады?

  12. Ішекқуыстылар деп аталу себебі не?

  13. Ішекқуыстылардың жалпы саны қанша?

  14. Ішекқуыстыларда неше қабат болады және олар қалай аталады

  15. Ішекқуыстылар типінің неше класы бар және олар қалай аталады?

  16. Регенерация дегеніміз не?

  17. Ішекқуыстылардың тыныс алу мүшелері

  18. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар?

  19. Табақша тәріздестер класына жататын денесінде табан бөлігі жоқ көпжасушалы жәндік қалай аталады?

  20. Медуза құлағы деген не?


1 – топ Ішекқуыстыларға тән негізгі ерекшеліктерді белгіле:


Иә

Жоқ

Дұрыс пікірлерді ата



Көпжасушалы жәндіктер



Денелері екі жақты симметриялы



Үш қабаттан тұрады



Регенерация құбылысы дамыған



Жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіледі



Екі қабаттан тұрады



Мезодерма пайда болады



Денелері сәулелі симетриялы



Орталық және шеткі бөліктерден тұратын жүйке жүйесі бар



Қорек қалдығын шығаратын тесігі болмайды



Тыныс алу мүшелері өкпе және желбезек


2 – топ

Қандай жасушалар эктодерманы, ал қайсылары энтодерманы құрайтынын анықта.


Эктодерма

Энтодерма


































1) Атпа жасушалар; 2) Жүйке жасушалары; 3) Аралық жасушалар; 4) Безді жасушалар; 5) Асқорыту жасушалары; 6) Жыныстық жасушалар; 7) Тері-бұлшықет жасушалары; 8) Сезімтал жасуша

3 – топ Биологиялық диктант

  1. Денесінде бір ғана қуыс болатын, екі қабаттан тұратын көп жасушалы жәндік ________________________________ деп аталады.

  2. ______________ жабын мен қозғалыс қызметін, ________________ ас қорыту және қозғалыс (қоректі бұлшықеттер қозғалысқа келтіреді) қызметін атқарады.

  3. Ішекқуысты жәндіктер негізгі 3 класқа жіктеледі:________________________________,____________________________, _______________________________________________.

  4. Ішекқуыстылар денесі ___________________________болады.

  5. Ішекқуыстылардың көпшілігінде _____________________құбылысы дамыған.

  6. Ішекқуыстылар __________________және_________________ жолмен көбейеді.

  7. Теңіз суында тіршілік ететін ішекқуыстылар _____________деп аталады.

  8. Актинияларды __________________деп те атайды.

  9. ________________ - пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын дарақ.

  10. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар_______________ деп аталады.


III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Слайдтарды пайдалана отырып, баяндау әдісімен түсіндіру

Жалпақ құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты- аралық қабат мезодерма (грекше «мезос»-аралық, + «дерма»-тері) орналасады. Алайда денесінде қуыс болмайды. Ішкі құрылымы онша күрделі емес, мезодерма қабаты жұмсақ дәнекер ұлпадан тұрады. Жалпақ құрттардың басым бөлігі паразит құрттар. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология (грекше «гелминс» - құрт, ішекқұрт, «логос»-білім) деп аталады.

Жалпы саны 15 мыңнан аса түрлерді біріктіретін жалпақ құрттар 5 класқа жіктеледі. Біз тек теңіздерде және тұщы су қоймаларында мекендеп, көбінесе денесін қаптаған ұсақ кірпікшелердің жәрдемімен қозғалатын кірпікшелі құрттар класына, сыртқы пішіні мен ішкі құрылысы кірпікшелі құрттарға ұқсас болғанымен паразиттік өмір сүретін сорғыштар класына, өзіндік асқорыту мүшесі жоқ, паразиттік жолмен тіршілік ететін таспа құрттар класына ғана тоқталамыз. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталады.

Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы - денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралықжасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі пайда болады. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы – эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Жүйке жүйесі дененің бас бөлімінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Жалпақ құрттардың типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларында болмаған жаңа жүйесі бар. Ол зәр шығару яғни қажетсіз заттарды бөлу жүйесі деп аталады. Бұл бұған дейін тірі ағзаларда болмаған.

Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тынысалу жүйелері мүлде жоқ. Бүкіл денесімен тыныс алады. Асқорыту мүшесі екі бөліктен құралған: жұтқыншақ, ішектің ортаңғы бөлігі. Артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды. Қосжынысты (гермафродит) жәндіктер.

Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзіп, қимылдайды. Қимылын реттейтін бұлшықеттер болады. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер, аралыққабат қимылға қиғаш бұлшықеттер, ішкі қабат қимылын бірыңғай салалы бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Мыс:ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап – сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді.

Сорғыш құрттар класы. Қоректік денеге сорғыштармен жабысады. Екі сорғышы болады: аузында және бауырында. Осы сорғыштардың көмегімен денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Денесінде кірпікшелері болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштармен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп аталады. Ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі мал, үй хайуанаттары, т.б, кейде адамда аралық иесі –кіші тоспа ұлу денесінде тіршілік етеді.

Таспа құрттар класы. Бұлар адамның және жануарлардың ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделгендердің бірі- сиыр цепені. Ересек цепен-адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның яғни сиырдың денесінде жармасып алып тіршілік етеді.

IV. Сабақты бекіту.

Кестеге жалпақ құрттар типі қандай кластарға бөлінетінін жаз және әрбір класқа тән ерекшеліктерді ірікте.

Кластары




























  1. Сорғыштары мен жабысып алатын қармақшасы жоқ;

  2. Даму айналымы күрделі, иелерін ауыстырып отырады;

  3. Сулы ортада тіршілік етеді, еркін жүзіп қимылдайды;

  4. Үлкендерінде сезім мүшелері дамыған;

  5. Денесі жапыраққа ұқсайды;

  6. Әдетте ауызында және құрсағында сорғыштары болады;

  7. Адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін жәндік.

  8. Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталған;

  9. Ас қорыту мүшесі бар;

  10. Денесі ұзын таспа тәрізді, дене мүшелеріне бөлінбейді;

  11. Ас қорыту мүшелері болмайды.


Ә) Анаграмма

1. Б У Р А Ы Ғ О Р Ы Ш С –

2. Г Е М Р А Ф Р О Т И Д –

3. Қ Т А Р Ұ Р Т –

4. М З Е Р О Д Е М А –

5. Г М Е Л Ь И Н О Л О Т И Я Г –


Б) Сөзжұмбақ шешу «Құрттар» сөзі

1. Денесінде бір ғана қуыс болатын, екі қабаттан тұратын жәндік

2. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы

3. Жойылған немесе зақымдалған дене бөлігінің қалпына келуі

4. Ішекқуыстылардың сыртқы қабаты

5. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым қалай аталады?

6. Теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар?

7. Табақша тәрізді ішекқуыстылардың құлақты медуза деген түрін басқаша қалай атайды?


V. Сабақты қорытындылау

Кестеге ішекқуыстылар типі мен жалпақ құрттар типінің бір-бірінен айырмашылығы мен ортақ белгілерін жазу.

Ішекқуыстылар типі Ортақ белгілері Жалпақ құрттар типі


VІ. Үй тапсырмасын беру. § 42. оқу және кесте толтыру


VIІ. Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділіктеріне және жинаған ұпайларына қарай бағалау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров191
Номер материала ДВ-455985
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх