Инфоурок Химия Другие методич. материалыСабақ жоспары:Металдардың адам өміріндегі маңызы, Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

Сабақ жоспары:Металдардың адам өміріндегі маңызы, Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

Скачать материал

 «Қаракөл орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

 

Химия пән мұғалімі: Сәнтәй Мангінұр     

9- сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы, Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Металдардың адам өміріндегі маңызы, Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы тақырыбын түсіндіру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың байқағыштығын, сабаққа қызығушылығын дағдыландыру

Тәрбиелік: Белсенділікке тәрбиелеу

        Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақты жүргізудің әдісі:  Түсіндіру, сұрақ жауап

Көрнекілігі: Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі

Сабақ барысы:

 I.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

Оқушы: Сәлеметсіз бе ?!

Мүғалім: Кезекші оқушы сынып сабаққа дайын ба ?Сабақта кім жоқ ?

Оқушы: Сынып сабаққа дайын. Бүгін оқушылар түгел.

Мұғалім: Жақсы, отыр. Мүғалім кабинеттегі қажетті нәрселердің болуын (бор,сүрткіш, әр оқушының кітап, дәптер, бар-жоқтығын тексереді, Сыныптың тазалығына назар аударады).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тесть түріндегі сұрақтар бердім. Бұған сұрап әрі кейбір түсініксіз жерлерді түсіндіргенім үшін 15 минут кетті.

1.Кәдімгі шыны құрамына қандай заттар кіреді?

a)       Na2O×SiO2

b)      Na2O×CaO×SiO2

c)       K2O×CaO×SiO2×CaO×SiO2

2. Металл карбанатын қышқылмен өңдегенде не түзеді?

a)       CO(газ)

b)      O2(газ)

c)       CO2(газ)

3.Ауада көмірсутекті жаққанда не түзіледі? CxHy + O2 = ?

a)       CO, H2

b)      CO2, H2

c)       CO2, H2O

4.Қандай зат құрғақ мұз деп аталады?

a)       CO(газ)

b)      CO2(қатты)

c)       CO2(газ)

5.C – Si – Ge – Sn – Pb қатарында элементтердің бейметалдық қасиеті:

a)       әлсірейді

b)      артады

c)       артады, сосын кемиді

6.массасы 10,6г натрий кабонатын тұз қышқылымен әрекеттескенде, қ.ж түзілген CO2 газының көлемі қандай?

a)       22,4л

b)      44,8л

c)       2,24л

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Осыған дейін үлкен тарауды аяқтадық. Яғни «бейметалдар» тарауы болатын. Олай болса бейметалдар периодтық жүйеде қалай орналасқан екен? Бір бейметалды периодтағы орны бойынша сипаттап беріңіз.

Ж: Be – At қарай көлбеу жүргізгендегі сол жақ бұрыштық кеуде тұсына орналасқан. Мысал ретінде Si – ді сипаттасам: Si – IV топ, III периодтың негізгі топшасында орналасқан бейметалл. Реттік нөмірі 16 болғандықтан, электрон саны да 16, протон саны да 16, ал нейтрон саны да 16.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру барысы.

Оқушылар біз осыған дейін кейбір металдардың күнделікті өмірде қолданылып жүргенін жақсы білеміз. Яғни металдар адамзат қоғамына ертеден белгілі болған екен. Адамзат қоғамы металдарды қолданып, игеруіне байланысты тарихтағы дәуірлердің аты металл аттары бойынша аталыпты.

Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуді игеріпті. Соның мысалы ретінде Түркістаннан табылған Тайқазанды және Есік қорғаннан табылған Алтын адамды айтуымызға әбден болады.

Қазіргі кезде ядролық реакциялардың көмегімен табиғатта кездеспейтін көптеген радиоактивті  жасанды элементтер алынып жатыр. Сондай – ақ таңғажайып синтетикалық заттардың сан алуан түрі дүниеге келгеніне қарамастан металдар өз маңыздылығын жойған жоқ. Қазіргі кезде металдар түрлі конструкциялық материал болып отыр. Олар автомобильдерде, ұшақтарда, ракеталарда, станоктарда кеңінен қолданылады. Техникада 40- астам металдар қолданылады.

Металдардың қосылыстары литосфера мен биосфераның негізін құрайды. Литосфера: алюминий, темір, кальций, магний, натрий қосылыстарынан тұрады. Ал биосферада да орасан зор қызмет атқарады. Кальций сүйек ұлпасының негізін құрайды, темір қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Міне, металдың маңызы өте зор екеніне көзіміз жетті.Бірақ, металдарды албаты қолдансақ пайданың орнына зиян тигізуі де мүмкін. өйткені кейбір металдардың тұздары улы. Мысалы: қорғасын, кадмий, стронций, сынап тұздарын айтуға болады. Сондықтан металдарды қолдануға көңіл бөлуіміз керек.

Ал енді металдардың периодтық жүйедегі орнына келіп тоқталсақ, Be – At қарай көлбеу жүргізгендегі астыңғы жақтағы s және p, қосымша топ элементтері және лантаноидтар мен актиноидтар болып келеді.

Металдарды элемент ретінде периодтық жүйеде:

*      Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.

*      Тотығу дәрежесі оң.

*      Күшті тотықсыздандырғыш.

*      Атом радиусы бейметалдарға қарағанда үлкен.

*      Негізгі топшада орналасқан металдың сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.

*      Периодтық жүйенің 80 пайызын алады.

*      Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астыңғы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7- дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиет көрсетеді. Бұлар d-элементтер.

*      Электр терістілігі бейметалдарға қарағанда аз.

*      Металдардың кристалдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс металдық байланыс деп аталады. Металдық байланыс оған тапталғыш, созылғыш қасиет береді. Металдардың кристал торында электр өткізгіштігі әр түрлі болады. (Cu, Ag, AIжақсы,  Hg – нашар өткізеді).

Осы маңызды сипаттамаларды түсіндірген соң, оқушыларды тақтаға шығартып мына кестені өздеріне жаздырттым.

Бейметалдар

Металдар

Be – At қарай көлбеу жүргізгендегі сол жақ бұрыштық кеуде тұсында

Be – At қарай көлбеу жүргізгендегі астыңғы жақ

Атомдық радиусы кіші

Атомдық радиусы үлкен

Электронды қабылдауға бейім келеді

Электронды беруге бейім келеді

Тотықтырғыш

тотықсыздандырғыш

 

 Енді бүгінгі тақырыптағы жаңа ұғым Металдық байланыспен танысамыз.

Металдық кристалдық торлы затқа барлық металдар жатады. Оның түйіндерінде (1-сурет) металл иондары болады, олардың арасындағы электрондар ортақ пайдалануға түседі және металдық кристалл торының арасында еркін, ретсіз қозғалып жүреді. Металдардың валенттік электрондары қозғалғыш болғандықтан физикалық қасиеттеріне әсер етеді. Оған электрөткізгіштігі және металдық жылтыры жатады. Қаттылығы мен балқу температуралары әр түрлі, мысалы, сынаптікі 39°С, вольфрамдікі 3410°С.

Сілтілік металдар балауыз тәрізді өте жүмсақ, ал вольфрам жөне хромды егеумен де еңдеуге келмейді.

metkr


            V. Жаңа сабақты пысықтау.

Бүгінгі өтілген сабағымызды қорытындылау ретінде бір неше оқушыдан жоғарыдағы кестедегі металдардың өзіне тән сипаттамасы сұралады. Тағы екі оқушыдан бүгінгі жаңа ұғым МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС туралы сұралады.

1.Металдар электронды бере ме әлде қосып ала ма?

Ж: Оңай береді.

2. Металдар қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

Ж: Оң тотығу дәрежесін көрсетеді.

3.Металдар қандай қасиет көрсетеді?

Ж: Тотықсыздандырғыш.

4. Металдық байланыс дегеніміз?

Ж: түйіндерінде металл иондары болады, олардың арасындағы электрондар ортақ пайдалануға түседі және металдық кристалл торының арасында еркін, ретсіз қозғалып жүреді.

VI Үй тапсырмасын беру  қайталау және есеп.

VII Бағалау сабақ аяқталды сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары:Металдардың адам өміріндегі маңызы, Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2017 1496
    • DOCX 30.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сантай Мәңгінұр .. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сантай Мәңгінұр .
    Сантай Мәңгінұр .
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7594
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 476 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 356 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек