Инфоурок Алгебра Другие методич. материалыСабақтан тыс іс-шара "Математика саз әлемінде"

Сабақтан тыс іс-шара "Математика саз әлемінде"

Скачать материал

Математика саз әлемінде

Жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар, өнер-білім сүйгіш жас достар.

Бүгінгі біздің  « Математика саз әлемінде» атты  кешімізге қош келдіңіздер! 

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

 Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз жырлағандай сайысымызды ашуға рұқсат беріңіздер.

 

Сайысымыздың шарттарымен таныстыра кетсек, 

1.      Сәлемдесу , таныстыру.

2.      Сандарға байланысты әнді тауып, бір шумағын айтып беру керек

3.      Математикалық жұмбақтарды шешу

4.      Математикалық мақалдар айту (ішінде сандар болу керек)

5.      Математикалық айтыс

6.      Математика ,  физика пәндеріне арналған ән шумақтары

 

Жүргізуші:

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып , деп әділ қазылар алқасын сайлап алайық

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден 
Жеңімпаз болу шарты сол 
Еңбектен жалықпай 
Сәт сапар тілеп бәріңе 
Сайысты біздер бастайық 
Көрсетіңдер білімді 
Қалмаңыздар жасқанып. 

Ал енді топтарымызды ортаға  шақырайық,

Қарсы алыңыздар!

І-топ «Сәулем-ай»                  ІІ- топ «Үкілім-ай»

Жүргізуші:

Математика сырлары, 
Қызықтырды біздерді 
Ойынға бірге қатысуға , 
Шақырамыз сіздерді. 
Білмеймін деп қысылма, 
Талабың болса бабында 
Өнерлінің ырысы, 
Жарқырап жатыр жолында .

1.Таныстыру сайысы.

Жүргізуші:

 

Оқушылар  сөз кезегін алады,

Таныс болған әндерді  салады.

Әр топтың  ән  өнерін көрейік,

2- сайысқа кезек берейік.

Сандарға байланысты әнді тауып, бір шумағын айтып беру керек (сандар қағазға жазылып, жасырын болу керек оқушылар  кезекпен санды таңдайды) мысалы: 1; 2; 5; сияқты

Жүргізуші:

 

Қиыннан қиысады сөз сарасы,

Мақалдың  бар болар сан-санасы,

Әдебиет пәнінің бір өзінде,

Бар екен  сандарға да қатыстары

3.Математикалық  жұмбақтарды шешу:

 Жүргізуші:

Математикалық жұмбақтар.

информатикалық атаулар мен ұғымдар

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық кезек бізде дей отырып

Математикалық-информатикалық жұмбақтарға кезек берейік.

 

1.«Ас -адамның арқауы»

Ал компьютердің асы? (электр тоғы)

 

2.  Үлкен кіші сандарды сен

Ажыратқын келсе егер

Қандай таңба қояр едің

Қане ойлан куәгер (теңсіздік)

 

3.Ақпаратты сақтап таратқан

Жұртты өзіне қаратқан (монитор)

4. Патшаларға мола болған

Геометрияға мұра болған. (пирамида)

 

5.Тетігін баса алаңсыз,

Жазады қалам қағазсыз (компьютер)

 

6. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)

7.Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын

Ең қажетті құралмын

Білсеңдер,қане айтыңдар (тінтуір)

 

8. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар достарым пікір демейді. (бөлшек сан)

 

9. Нүктеден екі сәуледен

Құралған айтшы бұл не екен? (бұрыш)

 

10. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)

Ендігі кезекті жанкүйерлерге берейік____________________________________

4. Тапсырма. Математикалық  мақал - мәтелдегі қажетті санды табу керек.

1. (2) жарты –(1) бүтін.

2. 100 - ден біреуі шешен -(1000)- нан біреуі көсем.

3. (7) рет өлшеп (1) рет кес.

4. (1) кісі қазған құдықтан, (1000) кісі су ішер.

5. (30) Тістен шыққан сөз, (30) рулы елге жайылады.

6. Жігіт адамға (70) өнерде аз.

7. (6) ала болса, ауыздағы кетеді. (4) түгел болса, Төбедегі келеді.

8. (50) жылда ел жаңа (100) жылда қазан.

9. (100) сом ақшаң болғанша (100) жолдасың болсын.

10. Бесік баласы (5) түлейді.

11. (90) ауыз сөздің ,Тобықтай түйіні бар.

12.Білгенің бір (9 ),білмегенің ( 99 )

 

Жүргізуші :

Құлақ сал құрметті  көрермен
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
5.Өс, өркенде қанат жайып кемелден - деп айтыс өнерін тамашалыңыздар

5-ші сайыс:Математиткалық айтыс  (топ басшылар айтысады)

Руслан

Ассалаумағалейкум халқым менің

Иіліп сәлем беру салтым менің.

Математика апталығы құтты болсын

Ойлары оқушылардың жаңалыққа толсын.

Әрқашан еңбектері жемісті боп

Ежелгі гректердей мықты болсын.

Талай ғалым тер төккен біздер үшін

Оқып , білсін , үйренсін ғылым үшін

Үйреніңдер білімді ,іздеңіздер.

Ал достым айтыскер Аяжан деген

Екеумізде әр топтың басшысымыз

Жауап берші бірнеше сауалыма

Хабарың барма сенің тарихи мәліметтен.

Сүйікті алгебра пәніміз

Қай уақытта әлемге әйгілі болған

Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған

Білсең кім, айтшы достым аты –жөнін.

Аяжан

Ассалаумағалейкум халқым менің

Иіліп сәлем беру салтым менің

Басталды міне апталықта

Жыр –шашуды мен дағы ала келдім

Ат қойдық тобымызға «Үкілім-ай» атты

Зерделеп отырсын деп әрбір затты

Бұл топта есепші мен әншілер бар

Кеудесі алаулаған, жалындаған

«Зерденің» әрқашанда орны бөлек

Баршаңа басын иіп тұрар ерек.

«Зерекпен» енді міне сайысуға

Дайын тұр көкке ұшатын қырандай боп.

Ал достым сауалыңа жауабым дайын менің.

Сұрадың алгебра жайлы мәліметті.

Айтайын мәлім етіп жауабын бұл сұрақтың

Алгебра пәніміз IX ғасырда әйгі болған

Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған

Білсем мен әл- Хорезми болған еді.

Қарсылас Русланжан қалың қалай?

Отырмысың айтысуға жаның қалмай

Білсең сен сұрағыма жауап берші

Пифагор кім, неліктен ғылымда аты қалды?

 

Руслан

Жауабыңа сүйсіндім замандасым

Сен де оңай беріспес жеңісті қолдан дедім

Сауалың орынды, ізденгенің көрінді

Кім білмейді атақты Пифагорды

Теоремасы үшбұрышқа қойылды

Ашқан жаңалық теоремасы үшін

Ертеде 100 өгіз де сойылды.

Жауабыма толса көңілің

Азда болса сұрағыма уақытыңды бөлгін.

Хабарың барма сенің теңгелерден

Ақын , жырау, күйші, батыр бейнеленген.

Қазақтың төл ақшасы теңгелерден

Айтшы білсең 20 мен 10 теңгеде

Бейнеленген кім 100 теңгеде?

Аяжан

Сауалыңа жауабым дайын құрбым,

Кім білмейді қазақтың төл теңгесін

Кім білмейді Абайдай ұлы ақынды

Бейнесі бедерленген 20-қ төл теңгеде

Алгерамен әлемге әйгі болған

Төл теңгеде бейнесі жарқыраған

Әл- Фараби есімін кім білмейді

1 теңге мен 100 теңге белгісінде аты қалған

Білгенімді жасырман , айтайын ойды анығынан

10 теңгеде бейнесі бар шоқ жұлдызымыз Шоқан аға ғой.

Жауабым көңіліңе ұнаса

Сауалым бар өзіңе ұнаса

Біз міне 21-ғасыр ұрпағымыз

Ойлансаң ой тоқтатып, өткен күнге

Бабалар ерте кезде санауды

Есептеуді қалай білді?

Руслан

Бабалар ерте кезде санағанда

Есепшотты ұсақ таспен , алмастырған

Кейіннен тәжрибе толыққан соң

Абакты есеп шоттай ойластырған.

Аяжан

Жарайсың, айтыскер ақын құрбым

Жүйріктігің айтыста көрінді тым

Осыменен аяқтайық енді біз

Келесі кездескенше аман болыңызшы, сіз.

6-шы сайыс:  Математика және физикаға арналған  ән шумақтары

ФИЗИКА («Ана туралы жыр» әнімен )

Әлемдік тартылыс

Күшін сен сыйладың

Ауырлық,үйкеліс

Күшін сен сыйладың

Сыйладың сен маған

Тұрақты сандарды

Ом менен Нютонның

Әртүрлі заңдарын

Электр қуатын сыйладың сен маған

Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған

Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған

Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

 

МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнімен)

Мектепке келдім,ұстазды көрдім,

Жазу,сызу мен санау ұйрендім.

Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек

Сырына оның үніліп көрсек

Математика - бар ілім басы,

Математика- ғылым патшасы.

Математика-өмір тірегі

Математика- шәкірт жүрегі.

Сенсіз дүкенге бара алмаймыз

Сенсіз үйлерді сала алмаймыз

Сенсіз уақытты біле алмаймыз

Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

 

Жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. 
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. 
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт- деп сайысқа қатысушы оқушыларымызды қошеметтеп қояйық.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, барлықтарыңыз да біздің ұстаздар сияқтысыздар.

Біз сіздерге жақсы көңіл- күй сыйлап, сіздердің естеріңізде қалғымыз келеді.

 

Ұстаз деген – сөйлер сөздің сәні,
Ұстаз деген – осы өмірдің мәні.
Жалпы қауым тәлім алып одан
Ұстазына бас иеді бәрі!
Ұстаз деген – тәрбиеші тұлға
Білім берген ұлға және қызға
Құрметтейді сыйлап, ардақ тұтып
Шәкірттері бөлеп ән мен жырға –дей отырып сіздерге

_________________________________________________________________________

 

Жүргізуші:

Ұстазым, асыл ардағым
Сіңірген бақыт бұлағын
Ұстаздар айтқан ақылын
Жүректен ұғып тұрамын

 

Кезекті сөзді қазылар алқасына берейік!

 (жеңімпаз командасын марапаттау)

Жүргізуші: Осымен «Математика саз әлемінде » атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ші сайыс 1-топ Таныстыру Ауырмайды жүрек әнімен

Бисмилла деп бастаймыз сөздің басын

Амандасып алайық қарсыласым

Бүгінгі сайысқа келген қауым

Қалайсыздар біз бастаймыз

Ауырады жүрек ауырады

Алгебраны егер білмесек

Ауырады жүрек ,ауырады

Физиканы егер білмесек

Ауырады жүрек ауырады

Кестесін де сызып білмесек

Аристотель, Ньютон, Әбу-насыр

Солардың ізімен келеміз

Ауырмайды жүрек ауырмайды

Бүгінгі сайыста жеңбесек

Ауырмайды жүрек ауырмайды

ҰБТ-дан тек «5» алсақ

Ауырмайды жүрек ауырмайды

Мұғалімдердің үмітін ақтасақ

 

 

2-топ таныстыру АЛГЕБРА МӘҢГІ  ӘЛЕМДЕ 

1.Бүгінгі мына жарыс охо-хоу

Талайдың арманы еді охо-хоу

Алгебра ең керегі охо-хоу

Білесің достым

2.Жетелеп алға мені охо-хоу

Ерекше пәндер еді охо-хоу

Геометрия егізі еді охо-хоу

Білесің достым

Қ-сы

Ай-ай-ай-ай,чип,чип,чип

Чип,чип,чип аха

Чип,чип,чип,чип

Алгебра мәңгі  әлемде

3.Бүгінгі мына жарыс охо-хоу

Тамаша болар еді охо-хоу

Ойнаймыз да  жеңеміз охо-хоу

Бүгінгі жарыста

4.Ұғыншы сенде осыны охо-хоу

Физика  бірге жүреді охо-хоу

Математика мәңгі әлемде охо-хоу

Түсінші достым

Қ-сы

 

 

 

 

 

 

3. Тапсырма. Математикалық  мақал - мәтелдегі қажетті санды табу керек.

 

1. ( ) жарты –( ) бүтін.

2. (     )    - ден біреуі шешен -(       )- нан біреуі көсем.

3. (   ) рет өлшеп (   ) рет кес.

4. (   ) кісі қазған құдықтан, (         ) кісі су ішер.

5. (    ) Тістен шыққан сөз, (   ) рулы елге жайылады.

6. Жігіт адамға (     ) өнерде аз.

7. (        ) ала болса, ауыздағы кетеді. (      ) түгел болса, Төбедегі келеді.

8. (      ) жылда ел жаңа (         ) жылда қазан.

9. (        ) сом ақшаң болғанша (        ) жолдасың болсын.

10. Бесік баласы (      ) түлейді.

11. (     ) ауыз сөздің ,Тобықтай түйіні бар.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс іс-шара "Математика саз әлемінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2017 583
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейдеходжаева Салима Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 10737
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1370 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 216 человек

Курс повышения квалификации

Организация учебно-исследовательской деятельности учащихся как средство развития познавательной активности при обучении математике в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе