Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақтың тақырыбы: Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ»

библиотека
материалов

hello_html_16a13803.gifhello_html_m47029796.gifhello_html_5f7dec04.gifhello_html_172d815d.gifhello_html_a0fd3.gifhello_html_m79b25cc5.gifhello_html_m1eb5ea17.gifhello_html_7c84d9b.gifhello_html_m6443a117.gifhello_html_6d88ea2e.gifhello_html_630db906.gifhello_html_m7228225d.gifhello_html_6866da02.gifhello_html_2ccbd6f4.gif Досова З.Т.

50 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні:қазақ әдебиеті 5-класс

Сабақтың тақырыбы: Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ»

Мақсаты: а) оқушыларға өлең авторы туралы мағлұмат беру, халқымыздың бірегей ұлы Абылайдың ақыл- парасаты мен өнегелі өмірінен мәліметтер беріп, мысалдар арқылы дәлелдеу;

ә) оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке,

тарихымызды білуге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

а) өлең бойынша өз көзқарасын қалыптастырады.

ә) өлеңдегі Абылай бейнесіне орай жақсы мінез- құлық, іс- әрекеттерін талдау арқылы өзінше ой қорытады.

б) жаңа ұғымды өзі іздеп табуға үйренеді.

Типі: аралас

Түрі: СТО сабағы

Әдістері: СТО стратегиялары

Көрнекіліктері: слайдтар, «Көшпенділер» фильмі

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы I .ұйымдастыру

Психологиялық тренинг:

Мен әдемімін

Мен сүйкімдімін

Мен білімдімін

Мен бақыттымын

Мен қиындықты былай женемің.

II. Қызығушылықты ояту

II.Үй тапсырмасын тексеру. Ж. Молдағалиев «Ар-ұят туралы»

1- топ: Ар ұят- адамгершіліктің жемісі» ой толғау.

2- топ: «РАФТ» стратегиясы. Жас жігітке хат

3-топ: «Тәуелсіз зерттеу» Ж.Молдағалиевтің кең тараған өлеңі. (1 оқушы «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқиды)

Оқушыларға сұрақ қою.

-Біз қандай елміз?

-Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болды ма?

(таспадан ән тыңдау)

III. Мағынаны ашу

Балалар, біз ақын, драматург Қ. Шаңғытбаевтың «Сабалақ» өлеңімен танысамыз.

«Жоба-плакат»

Алдымен осы өлең авторы туралы мәліметпен танысайық. Алған мәліметтерді «Жоба-плакатқа» түсіреміз.

1-топ: Қ. Шаңғытбаев кім?

2-топ: Ақын шығармалары

3-топ: Әдеби тұлғалар және Қ. Шаңғытбаев.

«Сабалақ» өлеңімен танысу (оқушылар оқиды)

V

-

+

?






Аңырақай шайқасы туралы мәлімет беру.

1. XVIII ғасыр қазақ елінің сыртқы жағдайы

2. Жүз жылға созылған жоңғар шапқыншылығы

3. 1729 жылғы «Аңырақай шайқасы» қазақ елінің үлкен жеңісі.

«Еркін жауап» стратегиясы.

Аңырақайдағы қазақ- қалмақ соғысы қалай суреттелген?

Сарбаздар қатары сиреп қалғанын аңғарған қазақ ханы қандай күйге түсті?

Қалмақтарға тосыннан тиген қазақ жауынгерлерінің майдан даласындағы ерліктерін айт.

(«Көшпенділер» фильмі көрсетіледі.

Өлең құрылысына талдау (ауызша)

IV. Ой толғаныс

«Хат» ойыны арқылы оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне қояды.

V. Қорытынды

- Біз, қазақ, ұзақ жылдар бойы «тәуелсіздік» сөзін сағындық және тәуелсіздікке қол жеткізу үшін біраз сарылдық. Қашан да елі үшін, жері үшін тамған ердің маңдай тері ұмытылмақ емес. Отан үшін от кешіп, болашақ үшін өмір қиған, кейінгіге ерлігі мен өнегелі іс қалдырған ерлердің мерейі аласармас биік.

VI.Үйге тапсырма

1.Абылай хан туралы мәлімет жинау

VII. Бағалау. Бағалау парағы арқылы
























Досова З.Т

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні:қазақ тілі 5-класс

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер.

Сабақтың мақсаты: Сөзжасам тарауы бойынша жаңа сөздердің жасалуы туралы мәлімет бере отырып, жұрнақ арқылы жасалатын жаңа сөздердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы меңгерту.

Дамытушылық: Шығармашылық белсенділіктерін,өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік , елге адалдық қасиеттерді дарыту,тілге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері,зерттеу жұмыстары, мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ – жауап,шығармашылық жұмыстар,оқулықпен жұмыс,тренинг,т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба-кесте, электронды оқулық, кеспе қағаздар, үнтаспа

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту.

1.«Жылылықты сезіну»тренинг:

Оқушылар бір-бірлерінің қолдарының үстіне екінші оқушы қолын қояды.

-Қандай реакция байқалды?

-Алақан арасында жылылық пайда болды.

-Ол жылылық қалай пайда болды? Ненің жылуы?

-Қолдың жылуы,жүректің жылуы,көңілдің жылуы...

Демек,жылылық-қолдың жылуы-бұл сөздің негізгі түпкі мағынасы,қөңілдің жылуы,жүректің жылуы-сөздермен тіркескенде туған жаңа мағынасы.

2.Өткен сабақты пысықтау:

Сөзжасам бөлімін еске түсіре отырып,топқа бөліну

Кеспе,сауыт-сайман,Ақтөбе,қол шана,түс,ер,тасқын,өрмек,білім,егін,ыдыс-аяқ,сары май,Үштөбе,құрбы-құрдас,Сырдария,қара торы,көрпе-жастық,шаш,ара,егін,көкқұтан,өнеркәсіп,алыс-жақын

Сөздер топтамасын таратып,әр сөздерді тиісті ұяшықтарға орналастыру арқылы өз топтарына бөлінеді.

-Қазақ тілінде сөздер қалай жасалады?

-Сөзжасам дегеніміз не?

Оқушылар жауаптары тыңдалады.

Электронды оқулықтан сөздердің жасалуына байланысты ережелерді тыңдау.

ІІ Үй тапсырмасы бойынша жұмыс

-М.Шахановтың «Отырар»дастаны бойынша лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерді тауып,ең көп сөздер жинақтамасын анықтау.

-Топтық бағалау

ІІІ Мағынаны тану

1.Электронды оқулықтан жұрнақ арқылы жасалған сөздердің жасалу жолын тыңдау:

-Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда,жаңа мағыналы сөздер жасалады.

-Түбір сөз бен одан жасалған туынды сөз арасында мағыналық байланыс болады.Мысалы, бал сөзінен балшы, балгер деген сөздер жасалады.Ал бал сөзінен бала деген сөз жасалмайды. Себебі олардың арасында мағыналық байланыс жоқ.

2.Оқулықпен жұмыс

365-жаттығу. Бір түбірге әр түрлі жұрнақ жалғау арқылы бірнеше туынды түбір жасаңдар: көр-ік-сіз,көр-ік-ті,көр-ме,көр-гіш,көр-іс,көр-ін,көр-ген-сіз,көр-ген-ді.

І топ-сез,біл. ІІ топ-жаз,әдеп. ІІІ топ-айт,бол. ІҮ топ-жас,сана. Ү топ-оқы,көз.

3. Электронды оқулықпен жұмыс: 73-тапсырма

Сөздерді құрамына қарай түр-түрге бөліп орында:

От,жазушы,көйлек-көншек,аққу,қора,әпер,малшы,әуежай,итмұрын,күрек,белбау,құрт-құмырсқа,төбешік,су,сүт,күн,аспан,кемпірқосақ,жер жүзі,күн сәулесі,көқ ала,он алты

77-тапсырма

Негізгі түбірден,туынды түбірден жасалған сөздерді айырып жаз,жұрнақтарды дефис арқылы ажырат.

Тайғанақ,құрғақшылық,жинамалы,өріс,жатырқағыш,

сүзгі,елеулі,ерлік,тоқтышақ,

таныс,ұтымды,жасанды,шығарма,борасын,шашыраңқы

ІІІ Ой толғаныс

М.Шахановтың «Төрт ана»өлеңін тыңдау

Шығарма –сезім /тыңдау-қабылдау-ойлау-жазу/

І топ-Тілім және Мен ; ІІтоп- Отаным және Мен ; ІІІтоп- -Тарих және Мен; ІҮтоп- Туған жерім және Мен ;Ү топ-Анам және Мен

Шығармаға қойылатын талаптар:

-Шығарма-сезіміңе өзіңше ат қойыңдар.

-Мәтіндегі ой сақталып, туынды сөздерді пайдалану

-Шығарма тұжырымды,қысқа болсын,өлеңнен керекті жерлерден үзінді алуға болады.

Бағалау: әр топтың жинаған белгісінің көптігіне орай топтық бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма:

-М.Шахановтың «Отырар » шығармасынан біріккен сөздер теріп жазу;

-367-368-369-жаттығулар.





Досова З.Т.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні:қазақ әдебиеті 8-класс

Сабақтың тақырыбы: Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесін талдау

Сабақтың мақсаты: 1. Шығарманы оқып – талдау барысында ұлттық сананы қалыптастыру.

2.Топпен жұмыс істей білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау

3.Ата - анаға махаббат,сүйіспеншілік сезімін дамыту, жат қылықтан жирендіру.

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: «Топтастыру», «тәуелсіз зерттеу» «кубизм» стратегиялары, «жуан-жіңішке сұрақтар».

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті,интерактивті тақта, «Ағайындылар» көркем фильм үзінді.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу.

Ой шақыру: 1.«Қонақтар» әңгімесі қандай мәселені көтерген?

2.Қандай тақырыпта ой қозғайды?

Шығарма кейіпкерлерінің бейнесін топтастыру.

Ерғабыл қарт





Сапабек



Тома





Сапарбектің анасы




Мағынаны тану: «Кубизм» стратегиясы

Талда. Баласын тағатсыздана күткен әке мен шеше.

1. -Кәрілік!Е-е,жарықтың-ай! Уһ!- деген ой неге мазалады?

2. «Қара арғымақ арыса,қарға адым жер мұң болар-,»деп неге қамықты?

Дәлелде. Өз үйіне өзі қонақ болған Сапарбек

1. Сапарбекті қандай азамат деп бағалайсың?

2. «Әке жолын қуса, менің жолымды қусын. Ие болсын мына шаңыраққа!-» деген сөзге қалай қарайсың?

Суретте. Алыстап кеткен балалық.

1.Қарт Ерғабылдың балалық және жастық шағын суреттеп бер.

2.Келіні Томаның киім киісі шай құюы, отырысы ұнай ма?

Салыстыр. Үзілген үміт

1.Қимай қоштасқан ана мен Ерғабыл қарттың реніші туралы не айтасың?

2.Қала тәрбиесі мен ауыл тәрбиесі арасындағы айырмашылық қандай?

Пікір. Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің.

1.Бар кінәні Сапабекке аудару дұрыс па?

2.Сапабектің ата – анасына суық болуының себебі не?

3.Жеңісбекті ата-әжесіне тастамай кетуін қалай қарайсың?

«Ағайындылар» көркем фильмінен үзінді.

Әр топ фильм туралы өз ойларын ортаға салады.

Ұсыныс. Ата – ананы сыйлау – адамзаттың парызы.

1.Осы шығарманы оқи отырып, ата-ана, тәрбие туралы қандай ұсыныс жасайсыңдар?

2.Парыз бен ұлттық сана - сезімнің қандай жақындығы бар?

«Тәуелсіз зерттеу» стратегиясы.

1.Абайдың қарасөзінде ата-ана туралы не айтылған?

2.Хадистерде ата-ана туралы не айтылған?

3. Ата Заңда ата-ана туралы не айтылған?

Ой толғаныс. Шығармашылық жұмыс.

1. Авторға хат.

2. Ата – ана қадірі. (эссе)

Мұғалімнің сөзі: Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңдіріп, «Ата – ананы сыйлау - адамзаттың парызы» деген сөз бар. Олай болса, үлкеннің де кішінің де парызы, міндетті борышы –әлпештеп, аялап өсірген ата – анаға деген құрметті естен шығармау керек.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Ұшқан ұя ұлағаты» тақырыбында шығарма жазу .

















Досова З.Т

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні:қазақ тілі 8-класс

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөзге байланысты орын тәртібі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Төл сөз бен төлеу сөздің байланысын, өзара қатысын, ерекшеліктерін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық қасиеттерге , қазақ халқының тілі мен дәстүрін, өнерін, әдебиетін қастерлейтін азамат етіп тәрбиелеу.
.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру, сөздік, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: мәтін жазылған кеспелер, слайдтар, ағаштар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Топқа бөлу:

Ы.Алтынсариннің шығармаларынан үзінділер жазылған кеспелер алады. Сол шығарма бойынша сәйкестігіне қарай топтасу.

Ағашқа ұқсас сызба көрсетіледі. Оқушылар мұның не нәрсе екенін айтады. Әр топ үшін 1-1 тал белгіленеді. Сабақ барысында орындаған жұмыстары бойынша сол талға жапырақтар іліп отырады.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

159-жаттығудың 2-бөлімінен төл сөзі бар сөйлемдердің тыныс белгісін орнына қойып жазу. Әр топтан 1-1 оқушы оқиды.

Тыңдап отырған оқушылар сол сөйлемдерге сәйкес сызбаны көрсетеді.


ІҮ. Жаңа сабақ:

Біз төл сөздер туралы толық түсініп болдық деп ойлаймын. Енді төлеу сөз туралы ұғым алайық.

Слайдтан төлеу сөздің анықтамасы оқылады.

Төл сөз бен төлеу сөзге арналған мысалдар оқылады.

Злиха айтты:

Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің, - деді.

Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.

Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілтейін, - деді Злиха.

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «Сабыр» деген, - деді.

Төл сөздерді бөліп оқу.

Төлеу сөзге айналдыру.

Злиха оның неге мәз болып келе жатқанын, төбесіндегі шөптің бұнікінен жеңіл еместігін, өзінің де мұнан күшті еместігін айтып таңданды.

Бәтима өз жәшігінің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салып алғанын айтты.

Злиха ол шөптің атын сұрап, ауырын жеңілдеткісі келетінін айтты.

Бәтима шөптің аты «Сабыр» екендігін, Злиханың қолына түспей ме деп қорқатынын айтты.

Әр топ 1-1 сөйлемнен дәптерге жазып алады.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырған кезде болатын өзгерістерді талдау.

Сабақ басындағы оқылған мәтіндерге қайта оралайық. Барлығына ортақ ерекшелік байқадыңдар ма? Осы шығармалар туралы не айтар едіңдер? / Шығармалар Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен алынған./

Осы мәтіндердегі төл сөзді сөйлемдерді табамыз.

Әр топ берілген сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырады да дәптерге жазады.

Кітаппен жұмыс: 161- жаттығу.

1-топ:

Ентігін басқан Нұрмағамбетке жұрт алғысты жаудырып қоршап тұрған кезде:

Балуан, сені Паң шақырады, тез жүр! – деді бір жігіт.

2-топ: Паң Нұрмағамбет балуан Нұрмағамбетті қарсы алдына шақырып алды да:

Жай қолыңды! – деді.

3-топ:

Жігітім, жарайсың. Күшіңе сүйсіндім! – деді Паң.

Әр топқа бірнеше сөйлемнен беріледі.

Тапсырма:

Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазу.

Сөз тұлғасына талдау.

Тақтада жұмыс:

Кеспеде берілген төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазу.

Баяндауышы мен бастауышын табу, тұлғасына талдау.

Слайдпен жұмыс: «Даналық ағашы» ойыны.

Бүгінгі сабақтан алған білімдері туралы сұрақтар әзірлейді. Әр топ өз сандықшаларына салады. Келесі топ сол сұрақтарды шетінен алып жауап береді. Дұрыс жауап берілген сұрақ ағашқа ілінеді.

Қорыту:

Әр топ өз ағаштарына қарап, «Біздің ағашымыз» тақырыбына эссе жазады.

Жұмыстарын тыңдау.

Кездескен төл сөз, төлеу сөздерді табу.

Бағалау:

Топтың еккен ағашының жапырағының көптігіне қарай бағаланады.

Үйге: 161-жаттығу.Төлеу сөзге айналдыру.



























Досова З.Т.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пәні:қазақ әдебиеті,10-класс

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал-ақын,

Біржан әндері

Мақсаты:а)Біржан салдың сол заманның бай,болыс-билеріне бас имеген ақын екендігін, Біржан әндерінің белгілі бір жағдайға ,тақырыбыпқа байланысты туатындығын ұғындыру;

ә)Өнерді құрметтеуге,эстетикалық сезім,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

б)ойлау,танымдық қасиеттерін дамыту,өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру;

Күтілетін нәтижелер

1.Ұсынылған мәселе бойынша өз көзқарасын жеткізе біледі;

2.Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады.

3.Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі көрінеді.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі:іздену:зерттеу сабағы

Әдістері:СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс:тарих,музыка

Көрнекілігі:слайдтар, «Біржан Сал» фильмінен үзінділер,ән жазылған таспа

Барысы: І Ұйымдастыру

«Мақал құрастыру» әдісі арқылы оқушыларды топтарға бөлу.

ІІ Қызығушылықты ояту

«Тәуелсіз зерттеу»

Үйге берілген тапсырма «Әнші Біржанның ақын Абаймен шығармашылық байланысы» туралы өз ойларын ортаға салады.

-Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті?

-Ақын трагедиясы неде?

ІІІ Мағынаны ашу

1)«ЖИГСО» стратегиясы

Топтарға мәтіндер бөліп беру.

1-топ «Ақтентек» әнінің шығу тарихы

2-топ «Жанбота»әнінің шығу тарихы

3-топ «Ләйлім шырақ»әні туралы

Мұғалім қосымша түсіндірмесі:

1.Біздің заманымызға Біржанның барлығы 60-тан астам әндері жетіп отыр.

2.Жамбас сипар лириканың керемет үлгісі

«Қазақ әдебиетінің тарихы:ХІХғ.ІІжарты (1850-1900)»

А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» еңбектерінен мысалдар келтіру.

(слайдтар арқылы түсіндіру,әндерін тыңдату)

2.Оқушыларға өлеңдерін оқыту.

3. «Талдау»

Оқушыларға өлең құрылысына талдату,ерекшеліктерін аңғарту.



ІV Ой толғаныс

«Хат»ойыны арқылы оқушылар сұрақтар құрайды,жауаптарын табады.

V Қорытынды

Біржанның ақындығы,әншілігі,композиторлығы біздің мәдени жұртшылығымызға толық танылған,жаңа мәдениетіміздің сарқылмас асыл қазынасы.

(кинодан үзінді)

VІ Үйге тапсырма:Айтыстары туралы мәлімет жинақтау

VІІ Бағалау






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров353
Номер материала ДВ-341558
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх