Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Таза сақта тіліңді Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілін дәріптеу. Қазақ тілін шұбарламай, таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер мен мақал – мәтелд
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сабақтың тақырыбы: Таза сақта тіліңді Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілін дәріптеу. Қазақ тілін шұбарламай, таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер мен мақал – мәтелд

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Таза сақта тіліңді

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілін дәріптеу. Қазақ тілін шұбарламай, таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер, музыкалық орталық, интербелсенді тақта.

Сабақ түрі: театрландырылған сабақ.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен амандасу. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

...Қасиетті қазақ тілінің болашағы жоқ

дегендердің көмейіне құм құйылсын.

Ғабит Мүсірепов.

-Балалар, сендерді Тіл мерекесімен құттықтаймын! Бұл – барлығымызға ортақ мереке. Биыл міне тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін де емес.

Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күні өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.

Бұл – жалғыз Қазақстанға ғана емес, жалпы барлық елге, бүкіл мемлекеттерге ортақ шарт. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке киімім көк, тамағым тоқ болсын деп емес, керісінше, ең алдымен ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан да кез келген мемлекет өзінің территориялық салт- дәстүрін, ана- тілін айрықша ыждағаттылықпен қорғайды.

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт- дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Ана тілінде сөйлеу, ана тілін құрметтеу ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні – ер азаматтың ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата- бабасындай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді тәңірінің ұлы сыйындай көруінде.

Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып- қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп – былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да, ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі – шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, ижымдасып жатыр. Өзінің тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.

Шәкәрім Құдайбердіұлы.

II. Көрініс «Таза сақта тіліңді!»

«Волгодоновка - Астана» маршруты. Қалаға жүргелі тұрған автобустың қасына ақ жаулықты әже келеді.

Әже: - Балам - ай, мына мәшине Астанаға бара ма?

Балалар: - ия, әже, Астанаға барады. Әже автобусқа отырады. Автобуста қыздар орыс тілінде әңгімелесіп отыр:

- Девочки, сегодня праздник. Давайте погуляем!

- Может, в парк пойдем?

- Давайте лучше пойдем на концерт.

Өрімдей қазақ қыздарының орысша сөйлеп отырғандарына жақтырмай қараған әже:

- Әй, балаларым, сендер өздерің қазақсыңдар ма? Орысша шүлдірлеп отырғандарың не? Ұят емес пе? Егемендік алғанымызға да міне 25жылдай уақыт өтті.Енді қазақша сөйлеу керек. Өз тілімізде сөйлей алмасақ біз кімге үлгі боламыз?

- Кешіріңіз, әже. Біз қазақша сөйлей аламыз (күледі).

- ә- ә, жақсы онда. Ой, айналайындар, өз тілдеріңе құрметпен қараңдар.

Автобус тоқтайды. Әжені немересі күтіп алады.

Немересі: - ой, бабуля приехала! (Қуана қол шапалақтайды)

Әже: - тәйт әрі! Бәбүләсі несі?!

Немересі күліп: - Әжетайым менің! (бетінен сүйеді)

- Әже, бүгін мереке ғой, мен сізді қыдыртайын. Конгресс - Холлда концерт болып жатыр. Жүріңіз, сонда барайық.

Әже: - Ой айналайын, жүр ендеше. Екеуі Конгресс - Холлға кіріп концерт көреді.

Сахнада концерт.

Атамекен әнімен сахнаға Бахтиярова Рабиға шығады.

Тіл туралы өлеңдер оқу.

О, туған тіл!

Айым:

О, туған тіл! Дүниеде

Сен болмасаң не етер ем?

Аңмен бірге аң болып,

Шаңмен бірге шаң болып,

Ұстағанның қолында,

Тістегеннің аузында

Олжа болып кетер ем.

Нұрсұлтан:

Сені берген атамнан,

Сені үйреткен әжемнен,

Қалай айналмаспын мен!

Сенен алған намыспен

Қырқып түсер қылыштай

Қалай қайралмаспын мен!

Ерлігімді мұқалтпай,

Елдігімді жұқартпай,

Еңсемді еркін ұстауды

Қалай ойланбаспын мен!

Айдос:

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?!

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

Қазақтың халық биі «Қаражорға».

Концерт аяқталады.

Немересі: - әже, шаршаған шығарсыз. Енді үйге қайтайық.

Әже: - Ой, балам – ай, сенің арқаңда жақсы демалып қалдым, көп жаса қарағым! Қаланың адамдары тек орысша сөйлейді екен десем, олай емес екен. Соған қуандым. Өз тілдеріңді таза сақтаңдар, айналайын. Орысша да білгендерің жақсы ғой әрине (күледі)

Немересі: - Әрине, әже. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген сөз бар мес пе?

Әже: - Ой, айналайын! (Қолтықтасып шығып кетеді)

III. Қорытынды.

«Мың бір мақал...» Тіл туралы мақалдар айту.

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров95
Номер материала ДВ-455695
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх