Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСценарий новогоднего утренника: Кел, Жаңа жыл!

Сценарий; Кел, Жаңа жыл

Скачать материал

Ұлпақарлар биі

1-Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар!-

Қояндар мен марғаулар,

Қонжықтар мен түлкілер,

Перілер мен қарақшылар!

2-Жүргізуші: Қане, достар келейік

Қол ұстасып жүрейік.

Бір - бірімізге күлімдеп,

Ән әндетіп, билейік!

1-Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл қуаныш, бақыт әкелсін!
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

Кел,балалар,келіңдер
Тамашаны көріңдер.

2-Жүргізуші:

Қадірменді балалар!

Ашық аспан төгіп тұр,

Қар жамылған дала, қыр

Есік ашып келіп тұр

Аңсап күткен жаңа жыл! –дей отыра құттықтау сөзін мектеп директорына береміз

1-жүргізуші:

Ақ көңілім айналады аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда,-дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

Ән (оқушылар әні)

2-Жүргізуші:  Рахмет!  Ән  көңілімізді көтеріп жіберді. Солай ма балалар?  Олай болса ертегілер әлеміне саяхат жасайық.

1-Жүргізуші: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Аяз ата қайда?  Аяз ата жоқ. Ақшақар да жоқ. Оларсыз қалай Жаңа жылды қарсы аламыз?

2-Жүргізуші:  Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға не болғанын білу үшін сіздерді таңғажайып оқиғаларға толы орманға шақырамыз!  Көрдіңдер ма балалар орманда әртүрлі шыршалар бар екен. Олай болса осы шыршаға арнап ән айтып, би билейік.

Би: Нияра, Мөлдір, Малика, Асель

1-Жүргізуші: Шыршалар әртүрлі болады екен ұзын, қысқы, үлкен, кішкентай. Олай болса «Шырша» ойынын ойнайық.

2-Жүргізуші: «Шырша»  шарты: егер мен ұзын десем қолдарыңды көтересіңдер, қысқа десем түсіресіңдер. Үлкен десем созасыңдар, қысқа десем қолдарыңды бір-біріне жақындатасыңдар. 

1-Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Шыршаның артынан қоян ceкіріп шығады.

Қоян:-  Сәлеметсындар ма балалар! Неткен әдемі балалар! Біздің орманға қош келдіңіздер. Жаңа жылдарың құтты болсын! Қәне, көңілденейік, би билейік. Менің кішкентай көжектерім, бөбектерім келіңдер, менің жаныма жиналыңдар. Орман көркін көтерейік. 

Би:  (барлық оқушылар)

Түлкі: Мында не болып жатыр?  Балалар көріп тұрмын. Орманда не істеп жүрсіңдер? Не іздедіңдер?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақарды іздеп жүрміз.

Түлкі: Сендер бұл үлкен орманнан Аяз ата мен Ақшақарды табамыз деп ойлайсыңдар ма?

Аю: Әй, қу түлкі –ай. Балаларды алдағың келіп жүр ғой. Аяз ата мен Ақшақар шаршап  келе жатыр алыстан. Маған хабар жеткіз деген. Міндетті түрде жетеді.

1-жүргізуші: Олай болса түлкі, аю сендерде бізге қосылыңдар. Бізбен бірге Жаңа жыл тойын тойлаңдар. 

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілікұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Келесі кезекте тамаша бір биге берейік.

Би (барлық оқушылар)

2-Жүргізуші: – Ой мынау  кім?

Қатыгез ханшайым: Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасындар. Ол келсе қуанасыңдар. Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді. Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады. Ал кәне, менің сол жаман шалдан қай жерім кем. Мен одан әлдеқайда артықпын. Кәне балақай айтшы мені Аяз әже деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Қатыгез ханшайым:

-О. Енді бұл менің мерекем. Жылда өзім келем.

Қарға: Ал мен болса Ақшақарррмын! Қаррр!

1-Жүргізуші:

Қатыгез ханшайым, Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен. Сіз оларды қайдан алдыңыз? Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?

Осы кезде залға Олоф келеді.

Қатыгез ханшайым тығылып қалады.

2-Жүргізуші: Ой мынау Олоф қой! Олоф  сәлеметсін бе. Саған не болды?

Олоф: Аяз Ата осы мерекеге келе жатқан. Жолда қатыгез ханшайым мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.

Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр. Мені іздеуге жіберді. Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)

1-Жүргізуші: Аяз атаның заттары осында. Тек қапшығы жоқ.

Олоф: Қалайша жоқ. Заттары кәне?

2-Жүргізуші.: Қатыгез ханшайым! Кәне бері келіңізші?

Қатыгез ханшайым: Жоқ-жоқ. Мен ештеңе бермеймін. Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам!

Қарға: Ал мен болса Ақшақаррр боламын! Қаррр! Бермейміз! Қаррр! Қаррр!

1-Жүргізуші:

-Енді не істейміз

Аю: Қазір мен мына достарыммен оларды ұстап алып бәрін алып береміз.

Барлығы Қатыгез ханшайымды қуады. Ол қашады.

Сосын ұстап алады да бәрі жабылып Қатыгез ханшайым мен қарғаны алып келеді

Қоян:

-Кәне Қатыгез  Оловқа Аяз атаның заттарын қайтар. Әйтпесе біз сені ешқашан бұл жерден жібермейміз.

Қатыгез ханшайым: Ойбай жоқ олай болмайды, Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)

Қарға: Қаррр! Қаррр!

Олоф: Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?

Қатыгез ханшайым: Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

Қарға: Жоқ бізде! Жоқ!

Түлкі: Ұстаңдар. Ол өтірік айтады. Көмектесіңдер балалар.–деп балалар тағы қуады

Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.

Аю: тез айт Аяз атаның қабы қайда?

Қатыгез ханшайым: Түу жарайды. Болмадыңдар ғой Мен оны бір жерге тығып кеткем. Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Аю: Қазір біз Олофпен бірге барып, мына Қатыгез  тыққан жерден  Аяз атаның заттарын тауып алып келеміз. Ал қане тезірек.

Қоян: Балалар мен сендерге бүгін жаңалықтар әкелдім

Егер жаңалық сендерге ұнаса алақай дейсіңдер, ұнамаса ой-ой дейсіңдер.

§  Бүгін бізде жаңа жыл мерекесі

§  Жаңа жыл мерекесіне көңілді қыздар келді

§  Бұл мерекеге тәртіпсіз ұлдар келді

§  Кешіріңіздер ұлдар тәртіпті екен

§  Барлық қыздар жақсы оқиды екен

§  Жаңа жыл мерекесінен кейін демалысқа шығамыз

§  Демалыс 1-ақ күн болады екен

§  Жоқ 10 күн демаласыңдар

§  Мерекемізге қазір Аяз ата келеді

§  Аяз ата қапшығымен әкеледі

§  Жоқ Аяз ата көп-көп сыйлықтар әкеледі.

Қоян:

Өте жақсы ойнайды екенсіңдер. Рахмет сендерге. Ал енді мерекемізді жалғастырайық.

1 - жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.. Олар орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! - деп айғайлап шақырады

2-жүргізуші: (Аяз ата мен Ақшақар кіре жатқанда оқылады)

Аппақ тонға оранып,           

Базарлықты мол алып,

Келеді алыс сапардан          

Аяз ата оралып

Қалып едік сағынып,           

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,  

Шыршаларға шам іліп.

Аяз ата:

Амансыңдар ма, балалар!

Алыс-алыс таулардан,

Орман, тоғай,баулардан,

Асу-асу белдерден,

Өзендерден, көлдерден

Алыс сапар жол шегіп,

Келіп жеттік сендерге.

Ақшақар:

Алыс-алыс, алыстан,

Көз жетпейтін ғарыштан,

Ақшақарл келді асығып

Өздеріңмен табысып.

Армысыздар, балалар. Өздеріңді сағынып келдік.  Жаңа жылдарың құтты болсын!

1-жүргізуші: Армысыз Ата! Армысың Ақшақар! Біздің жаңа жылдық думанымызға қош келдіңіздер!

Ақшақар: Аяз ата, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Бірақ шыршамыз жанбай тұр ғой. Қане, көркін келтірейік. Бұл ертегі әлемінде бәрі де мүмкін болады. Шыршамызды одан әрі көркемдетіп, жандырып көрейікші. 
Аяз ата; Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Ақшақар: Олай болса менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамдарын жағайық.
Балалар: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
(3 рет) айтылады. Шырша шамы жағылады.

2-жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар ! Бүгінгі Жаңа Жылдық мерекемізбен құттықтап,  балаларыңыз келіп отыр. Олай болса өз өнерімізді көрсетейік.

Аяз ата: Иә, қымбатты достарым, мен сендердің мына әсем шырша тойларыңа арнап қоржынымды сый-сияпатқа толтырып келдім.

Ән: (оқушылар әні)

Ақшақар: Қәне, менің кішкентай ақшақарларым, келіңдер, тұрмайық, би-билейік.

Би:

Ергежей 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!
Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.
Ергежей 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік.
Ергежей 1: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңыз да, біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.
Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін жауап бересіңдер.
Ергежей 2: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік.
2 Жүргізуші:
Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Оларға несін ренжисіз. Оданда бұларда да өнер бар екен біздің оқушылар Сіздің көмекшілеріңіздің өнерлерін тамашалау. біздер үшін ең жақсы сыйлық. Қане оқушылар сендер Аяз атамыздың көмекшілерінің өнерін тамашалағыларың келеме?
Оқушылар : Иә
Аяз ата: Жақсы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар.
(Ергежейлердің өнер көрсетіледі)
Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.
1 Жүргізуші: Рахмет сендерге. Сендердің де өнерлеріңді тамашаладық. Енді алыстан ат терлетіп келіпсіңдер, біздің оқушылардың да өнерін көріңдер

Тақпақтар

1-жүргізуші: Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталып кеткен сияқты. Бізбен бір жыл бойы бірге болып, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген, біз үшін үлкен қуаныш болған Ескі жыл доңыз жылына рахмет айтып, құрметпен шығарып салайық.

Доңыз: Иә, достарым! Сендермен қоштасар кез келді.

Алуан жақсылық куәсі

Боп өткен жылдардың бірімін.

Халқыма мол ырыс әкелген,

Жарқ еткен жақсылық жылымын

Ұстаздар үміті ақталған

Ерекше еске алар жыл болдым.

Тәуелсіз елімнің ұрпағы

Қуантып шаттыққа бөленген.

Ал, достым, Жаңа жыл төрге ен

Мол ырыс өзіңе тілер дос.

Аттаған қадамың құтты боп

Халқыңды қуантып үлес қос.

Балалар: Қош бол ескі жыл!

Түлкі: Ей, құрбылар, жарқын жақсы адамдар!

Жаңа жыл келеді! Жыл келеді! Қараңдар!

Жаңа жыл(тышқан):

Жақсылыққа бағыттаған

Тышқанмын мен Жаңа жыл!

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Доңыз жылының мерекесін,

Мерекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

2-жүргізуші:  Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа жылда алдағы    

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы      

Жақсы дәстүр көбейсін.

Балалар: - Қош елдің, Жаңа жыл!

Жаңа жыл: - Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма? 
- Қысы-жазы  суға  толы. Ол  не?
Түлкі(алдына  шығып): - Мен білемін.  Ол горшок !
Жаңа жыл: -  Таппадың, ол құдық.
-    Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не?
Балалар: -  Қоян.
Жаңа жыл: - Қыс бойына жатады,
                        Тәтті ұйқыға батады.  Бұл не?
Балалар: - Аю.
Аяз Ата:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар!
Тышқан: Балалар, көңілдеріңді түсірмеңдер. Мен сендер бір жыл бойы бірге боламын.  Думандарыңды бір жыл бойы бірге тамашалаймын.

1-Жүргізуші:

Ерлерім, ел намысын түйіп белге,

Келеді қолым жетіп биіктерге.

Тілегі қабыл болып Атамыздың

Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елімізге! –дей отыра бізде үйге қайтатын уақыт таяп қалған секілді. Орманда қызықты бірақ қайтуға тура келеді.

2-Жүргізуші: Қане, өз елімізге қайтарда Жаңа тышқан жылымызбен бірге жолда әндетіп жүрейік.

1-Жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2-Жүргізуші: Құрметті ата-аналары осы шыршаны безендіруге ат салысқандарыңыз үшін мектеп әкімшілігі атынан үлкен рахмет айтамыз.  -Жаңа 2020  жыл - Тышқан жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Жүргізушілер: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!  Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий новогоднего утренника: Кел, Жаңа жыл!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 234 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2020 511
    • DOCX 26.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тохтанова Рухия Махмутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тохтанова Рухия Махмутовна
    Тохтанова Рухия Махмутовна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 19356
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и дизайн: взаимовлияние и современные тенденции

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе