Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий литературного-музыкального вечера на тему "Поэзияның асқар шыңы -Мұқағали"

Сценарий литературного-музыкального вечера на тему "Поэзияның асқар шыңы -Мұқағали"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Поэзияның асқар шыңы -Мұқағали» атты ақын

М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
Түрі: Поэзия кеші.
Көрнекілігі: ақын суреті, кітаптары.
Ернар ( 8 а)1-жүргізуші: Қайырлы күн кұрметті көрермендер!
Айым(8 а) 2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевқа арналған «Поэзияның асқар шыңы -Мұқағали» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!
Бүгін менің туған күнім ой, бәле−ай
Мына адамдар енген жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім -ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны- ай.
2-жүргізуші: Артына өшпес мұра қалдырған Мұқағали ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасайық:
1-оқушы 5 а сынып.Мирас
Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 
2-оқушы 6 а сынып Ануарбеков Бекзат
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
1-жүргізуші:
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.
Сел жырым ақтарылса арнасынан,
Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар.
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар

Ән: 5а сынып Әдина «Саржайлау»

2-жүргізуші: 
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
1-жүргізуші: Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.
«Қарасаз» «Қазақстан» «Отан туралы» «Елім барда»

Өкен Айбол, Төлеуғазина Әдия, Бекболатова Іңкәр, Рахымберді Аида

2-жүргізуші: Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған.

Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір

Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.

Ән: «Көнеміз ғой»

1-жүргізуші: «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.

2-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды. Енді поэмаға кезек берейік.

Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»

1-жүргізуші: Махаббат деген – ақырет
Жүректі қайғы даты жеп,
Қапаста қалдым шырақсыз.
Қас пен көздей жақын ек,
Жер мен көктей жырақпыз.
Ән: « Бақыт деген»  5 а Бекболатова А
2-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

5в-Адия

6б-Карина

8 б-Амина

9б- Гончарова Юлия «Үш бақытым»

1-жүргізуші: 
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. 
Ән: «Мен деп ойла» Аида және Раушан

2-жүргізуші:  Махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Музыка ойнап, сахнада «Махаббат моналогы» оқылады.

Тогамбаев Нұрсұлтан 8 а, Рахымберді Аида 7 б
1-жүргізуші:

Махаббат бар ма? – дейсің. 
- Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.

Ән : Б.Нұрсара Махаббат туралы өлең

2-жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе – 
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, 
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.

«Менің анкетам» журналист – Ернар 8а, Мұқағали –Айбол

1-жүргізуші: Мұқағали атамды бүкіл қазақ біледі
Атам болған поэзияның тірегі
Мұқағали атаммен бірге соғады
Әрқашанда қазақтардың жүрегі!-дей келе

10 а сынып оқушысы Ахмер Диасты «Көкөрік» әнімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Рас, ақынның таңдамалылары да, ол туралы естеліктер де жарияланып жатыр. Келесі кезекте Мұқағали шығармашылығын зерттеп, пікір білдірген зиялы өкілдер тобына берсек.
Оқитындар: Өтебайұлы Жұмаш.- 7 б Валиулин Аян
Ә.Кекілбаев.- 5 б Т. Алмас
Мұқағали -ұлт ақыны. Оның өлеңдерінде қазақ қаны атқақтап, қара көздер жүрегі лүпілдеп соғып тұрады, ұлттық намыс отайлап көрініс береді.Бізге сонысымен құнды, сондайлығымен нәрлі.Ұлттық белгілер неғұрлым көп болса, соғұрлым сапалана түспек.Бірақ жадағай ұран салған жалаң ұлтшылдықтан сақтану қажет.
Мақатаев жырлары адамдарғы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның туған ауылына Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына- баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар.Олардың бояу әлемі мен әуен сазды да, ақын көкірегінің толғаныс -тебіреністен жасалған; бәрі де адамның өз демі, тынсындай шынайы, табиғи.
1-жүргізуші:

Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,

Мен болмасам болмайын, сол аман ба?

О, тәңірім неткен жан қайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?

Ән: « Сенің көзің.» Досжан 10 а

2- жүргізуші:

Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім
Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Табыт үні. 7 а Айдана
2-жүргізуші: Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресіңде.
Бірі итеріп кеудеден, бірі шалып, 
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?

«Фариза қыз» Б.Нұрсара 11а
1-жүргізуші: Фариза, Фаризажан, Фаризақыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том – том болып дүкендерде тұрмасақ та, 
Подвалдағы архивтен табылармыз . . .

Ән: «Есіңе мені алғайсың» Дәуренбек 7б

2-жүргізуші:
Жас толқын жатырқамай қабылдайтын ақынның өз өлеңдерін болашаққа аманат еткен күнделiктерiнен үзiндi тыңдайық.
Күнделігінен:
Оқитын: 
Мұқағали бейнесінде: 8 а Ернар
Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты :
«- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамау-ларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді.Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.Сонымен, достар, бүкіл менің жазғаным, бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитек-тоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!».

1-жүргізуші: 
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге. 
2-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!

Ән: «Күрең күз» Салтанат 6а
1-жүргізуші: Осымен «Поэзияның асқар шыңы -Мұқағали» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!





























































  1. 1-оқушы 5 а сынып.Мирас
    2-оқушы 6 а сынып Ануарбеков Бекзат

  2. Ән: 5а сынып Әдина «Саржайлау»

  3. «Қарасаз» «Қазақстан» «Отан туралы» «Елім барда» Өкен Айбол, Төлеуғазина Әдия, Бекболатова Іңкәр, Рахымберді Аида

  4. Ән: «Көнеміз ғой»

  5. Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»

  6. Ән: « Бақыт деген»  5 а Бекболатова А

  7. 5в-Адия 6б-Карина 8 б-Амина

  8. Ән: «Мен деп ойла» Аида және Раушан

  9. «Махаббат монологы» Тогамбаев Нұрсұлтан 8 а, Рахымберді Аида7 б

  10. Ән : Б.Нұрсара Махаббат туралы өлең

  11. «Менің анкетам» журналист – Ернар 8а, Мұқағали –Айбол

  12. 10 а сынып оқушысы Ахмер Диасты «Көкөрік» әні

  13. Өтебайұлы Жұмаш.- 7 б Валиулин Аян Ә.Кекілбаев.- 5 б Т. Алмас

  14. Ән: « Сенің көзің.» Досжан 10 а

  15. Табыт үні. 7 а Айдана

  16. «Фариза қыз» Б.Нұрсара 11а

  17. Ән: «Есіңе мені алғайсың» Дәуренбек 7б

  18. Мұқағали бейнесінде: 8 а Ернар «Менің күнделігім»

  19. Ән: «Күрең күз» Салтанат 6а Рысалды 7а














57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДВ-330900
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх