Инфоурок Другое Научные работыСценарий по русскому языку на тему "Ана тілі - жүрек үні 2016"

Сценарий по русскому языку на тему "Ана тілі - жүрек үні 2016"

Скачать материал

 

 

КМҚК «Аққайың» ясли бақшасы

 

 

 

 

 

 

 

«Ана тілі – жүрек үні»

(ашық шара)

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Ахметова А.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015  оқу жылы

 

Тақырыбы:   «Ана тілі – жүрек үні»

 

Мақсаты:   Балаларға тіл туралы түсінік  бере отырып, білімдерін арттыру, мақал – мәтел, жұмбақ, тақпақтар айта отырып, сөйлеу мәнерін дамытуға баулып, ана тіліне деген сүйіспеншілік оятуға тәрбиелеу.

 

Тәрбиеші:   Қазақ елі   - Ұлан байтақ. Әр елде, сол елдің негізгі халқы белгілі бір ұлт  өкілі тұрады. Ол ұлттың өзінің ана тілі болады. Ал біздің Қазақстанның негізгі халқы да, қожасы да қазақ халқы, ана тілі – қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тіліміз де – қазақ тілі. Қазақстан Республикасының елбасы – Н.Н. Әбішұлы.

   1992 жылы 4 маусымда - Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев, «Қазақстан Республикасының туы, Елтаңбасы, мемлкеттік әнұраны туралы  Заңға қол қойыды»

Тәрбиеші:  

Рәміздеріміз – елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші

Әнұран, Көгілдір ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

 

Мемлкеттік әнұран – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Тәрбиеші:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Мектепалды даярлық «Ұлан» тобының  «Ана тілі – жүрек үні» ашық шарамызды бастаймыз.

Тәрбиеші: «Ырыс алды - ынтымақ» дейді, қазақ халқы. Оқу үйрену, еңбек ету, армандау үшін гүлдене бер, менің Қазақстаным.

Ән:  Қазақстан.

 

Тәрбиеші:  Ал енді, тіл туралы тақпақтар айтып берейік.

1.     Сәлем бердім, саған елім

Тал бесігім туған жерім

Сәлем бердім бәріңізге

«Қазақ тілі» дегендерің

Тәуелсіз Қазақстанның

Бал тілді бүлдіршінімін

Мерекесін тілімнің

Тойлаушының бірімін.

2.     Тілім барды айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін

Өшсе тілім менде өшемін

Әр адам өз ана тілін құрметтесе

Ол ешқашанда жойылмайды, жоғалмайды.

3.     Қазақстан халқының

Қазақ тілі тірегі

Ана тілде айтылар

Әнұраны жүрегі

4.     Ана тілім асылым

Ардақтаймыз бәріміз

Ана тілім асылым

Мадақтаймыз бәріміз

5.     Қазақ тілім – ана тілім

Тамыры терек – баба тілім

Құтты болсын мерекең

Бал татыған бал тілің

 

Тәрбиеші:  

Елдің туын ұстаған,

Ел намысын ұштаған

Қалың қазақ пір тұтқан

Қасиетті үш бабам

 

Қош келдіңіздер қасиетті аталар.

 

Төле бидің тапқырлығы

Автор:  Бір аңызда Төле би «Түлкі» есімді жігіттің сұрақтарына былайша жауап береді.

Жігіт:  - Ата алаш деген кім?

Төле би: - Алты алаш – Алаша ханның балалары:  Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған.

Жігіт: - Үш жүз дегеніміз кім?

Төле би: - Үш жүз дегеніміз қазақтың ағайынды үш баласы  (Ұлы жүз. Орта жүз, Кіші жүз)

Жігіт: - Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарайды?

Төле би: - Ай, балам – ай, сағынысып көрісумен тарайды.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім

Ұқпасқа айтқан сөз жетім

Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы

Балаң жақсы болса, жан мен Тәннің пырағы

Әйелің жақсы болса – бірінші иланың

Екінші жиғаның,  үшінші ырысың.

 

Қазыбек  бидің  шешендігі

Автор:  Қазыбек бидің  алдына бір бала үшін екі ана дауласып келіп жүгінеді.

Ананың  бірі:  - мына баламды есін білмейтін күнінде жоғалтып алып едім, оны осы әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, білмеймін, әйтеуір бағып – қағып жүр екен. Бүгін танып сұрасам, «өз балам»  деп бермейді.

Екінші ана:  Бала өзімдікі, өзім таптым жоқ бермеймін.  Өзім бағып – қағып өсіргенде.

 

Автор:  Қазыбек  би екі ананың сөзін тыңдап болған соң, біраз ойланып отырады.

Қазыбек би:  Бірің  балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығаралық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан екеуіңе бұл баланы қақ бөліп берейін, осыған ие болыңдар.

Автор – дейді де,  - Баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтере бергенде, баласын жоғалтқан әйел:

Ана :  - Ойбай биеке – ай! Қайда  жүрседе  тірі болсын, шаба көрмеңіз!

Қазыбек би:  Бала  мына жоғалтқан  әйелдікі,  өйткені ол баланың  тірлігін  тілеп тұр, баласын  өзіңе бер.

Қазыбек  бидің толғауы

Өркенің өссін десең кеішіл болма,

Кесапаты тиер еліңе

Елім өссін десең, өршіл болма

Өскеніңді өшірерсің

Басыңа іс түскен пақырға қастың қылма

Бүгін сағы сынды деп

Жақыныңды басынба

 

Әйтеке би мен Бұқар жырау

 

Автор:  Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып, Әйтеке би барады.

Бұқар жырау:  Бірден  онға дейінгі  санның  мағынасын  маған  ешкім айтып бере алмады.  Әйтеке  би  сен  айтып берші.

Автор:  Сонда Әйтекенің  берген жауабы.

Әйтеке би:

Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман

 

 

 

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман

Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман

Бес дегеніңіз – белсеніп шапқан жау жаман

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман

Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жан жаман

Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз

Он дегеніңіз – О дүниеге өткеніңіз.

 

Автор: Қарт жырау бас бидің жауабына риза болып қалыпты.

 

Тәрбиеші:

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз

Атаның өсиетін – балаға

Бабаның  қасиетін – балаға

Айтып тарата білген елміз.

 

Нұрдәулет:

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!

Алихан:

Қазақпын мен қазақтың  бөлшегімін

Қажеті не басқаның өлшемінің

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын

Енді міне жетеді көпке үнім.

Дінмұхамед:

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр – әнім

Ана тілім – елдігім,

Ана  тілім -  ерлігім,

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес теңдігім.

Ән:  «Ана тілім асылым»

 

Тәрбиеші: Тіл туралы мақал – мәтелдер айтайық:

1.     Көз жетпеген жерге сөз жетеді

2.     Өнер алды қызыл тіл

3.     Балдан тәтті бала бар

Қылыштан өткір тіл бар

Удан ащы әдепсіз адамның

Аузынан шыққан сөз бар

4.     Тіл қылыштан өткір

5.     Тауып сөйлеген күміссің

Таппай сөйлесең  мыссың

6.     Тіл тас жарады

Тіл жармаса бас жарады

7.     Тіл тиексіз.

 

Тәрбиеші:  Балалар, Тәуелсіздік алғалы бері тіл туралы көптеген кедергілерге, қиындықтарға кездесіп келеміз.

-         Балалар сол қиындықтан мүдірмей өтеді деген үміттеміз, сол үшін ерінбей, жалықпай ана тілімізді жақсы білуге тырысамыз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді үйрену – әр адамның ісі болып саналмақ.

-         Қорытындылау.

 

  

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий по русскому языку на тему "Ана тілі - жүрек үні 2016""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2016 641
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Алмагуль Мухабдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10810
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой