Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыШеберлік сабақ: " Мен және менің әлемім! "

Шеберлік сабақ: " Мен және менің әлемім! "

Скачать материал

Қызылорда облысы

 

Қазалы ауданы

 

Б.К.Мергенбаев атындағы

 

№226 гимназия педагог-психологы

 

Есбергенова Шынар Айымовна

 

 

 

 

 

 

«Мен және менің әлемім !» 
 Қатысушылар: гимназия  мұғалімдері 

Өткізілу уақыты: 26.03.2016ж.   уақыты : 15.30

 Мақсаты:  
 Педагогтардың   ішкі  
«Мен»  әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық  күшін дамыту  арқылы   өзін –өзі   реттеу , кәсіби қызметте жетістікке жетуге дағдыландыру

 Міндеттері: 
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге   көмектесу; 
- ұжымдағы  өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 
- кәсіби қызметте  белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; 
- мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, өздерін  ұстай  білуі, ерік-жігерін және мінезін  қалыптастыруда  өзіне талаптар қойып, өз-өзі реттей білуі.

Әдістемелік   ресурстар : Үнтаспа « Волшебная  композиция», «Автопортрет» жаттығуыларына , «Мен кіммін?» жаттығуына , «Жүйрік ой»жаттуғалына арналып дайындалған  бланкалары, фломастерлер, ватмандар, қарындаштар, қағаз,  « Ақау құмыра»  тәлімдік   аңыз әңгімеге арналған слайд-шоу  


Жұмыстың  барысы: 
Құрметті әріптестер!!!

Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға  арналған шығармашылық жұмысымызды әуенді терапия  арқылы Нұрға бөлену сәтімен бастағалы отырмын.  Жағымды күйге ену тыныштық сәтіне  ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1.     Әуенді терапия сағаты  http://images.vector-images.com/clp/186406/clp103420.jpg

Жағымды күйге ену.  « Нұрға бөлену »

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұрды бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат пен Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

-Қандай сезімде болдыңыздар?

Ойларыңызбен бөлісіңіздер.

2.      «Автопортрет» жаттығуы. http://us.123rf.com/450wm/antoshkaforever/antoshkaforever1107/antoshkaforever110700036/9929346-person-with-a-bubble-to-speech.-vector-sign..jpg
Нұсқау: әр қатысушыға  қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б. 
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 
http://prv2.lori-images.net/stilizovannye-chelovechki-podderzhivayuschie-diagrammu-0000227702-preview.jpg  3. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар  кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. 
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады. 
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу


http://ic.pics.livejournal.com/parus28/20001490/742411/742411_1000.png4. «Мен кіммін?» жаттығуы Қатысушыларға ақ парақ алып, оның көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1-қатарға «Мен – қандай мұғаліммін  ?» деген сұраққа  мұғалімнің  кәсіби сапаларын жазады; 2-қатарға «Мен – қандай мұғалім болғым келеді?» мұғалім қандай кәсіби сапаларға ие болу керек; 3-қатарға сол жақтағы көршісі «Ол – қандай мұғалім?» ол мұғалім қандай кәсіби сапаларға ие екенін жазады. 
Талқылау: 
Талқылау барысында мына мәселелерге көңіл аударған жөн

- Қаншалықты адам өзін жақсы біледі ?
- Өзіне деген қатынасы 
- Өзіндік «Мен-тұжырымдамасы» басқалардың айтқанымен сәйкес келе ме?


http://fotohomka.ru/images/Nov/02/6800a0663a79985d928c829f2fe86ac8/mini_2.jpg5. «Ең – ең» жаттығуы Мұғалімдер 2 шағын топқа бөлінеді.

 Мақсаты: Мұғалім мен оқушының бір-бірін жағымды  қабылдай  білуі. Мұғалімдер 2 шағын топқа бөлінеді.

1 топ –    Мұғалімдер бейнесі .

2 топ –    Оқушылар бейнесі.

 2 топқа ватман қағазы, фломастер беріледі.

Тапсырма:  Мұғалімнің  моделін  жасау. 
1 топқа: Мұғалім деген мамандыққа қандай талаптар қоясыңдар? 
2 топқа: Оқушылардың  көзқарасымен   мұғалім қандай болу керек?

Берілетін уақыт: 3- минут . Топтар өз жұмыстарын қорғау.
Талқылау: 
- Тапсырманы орындау барысында қандай сезімде болдыңыз? 

- Уақытты басқара алдыңыздар ма?

6. Сергіту ойыны: http://brand-life.org/wp-content/uploads/2012/03/Fotolia_2204087_Subscription_H.jpg

Бүгінгі шеберлік сабақта  сіздер үшін  маңызды нәрсе айтылды, соның ішінде бір сергіту ойынымен бөліскім келіп отыр.

Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз.

Талқылау:

-         Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба?

-         Кімнің суреті нұсқауға сай  болды?»

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол тренинг барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған :).

7.  « Ақау құмыра»  тәлімдік   аңыз әңгіме.

 

8. Қорытынды бөлім. 
9) «Жүйрік ой» жаттығуы http://otpp.ucoz.ru/ehkzamen-voprosy.jpg
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 
1. Маған   қажет қасиеттер, мыналар................................................................ 
2. Сол  қасиеттердің  кейбіреуі  менің бойымнан табылады. Олар: ................ . ...........................................................................................................................
3. Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар.. .........
4. Менің жанымнан мына адамдардың  табылғанын  қалар едім, себебі................................................................................................................... 
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз. 

http://blog.cntiprogress.ru/wp-content/uploads/2013/07/36.jpg10) «Қайта байланыс» жаттығуы 
Мұғалімдер  шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Тренингте ең бірінші не ұнады? 
- Не ұнаған жоқ? 
- Өзің жаңадан не білдің? 
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
в)  қатысушыларға  рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.

Қорытынды сөзім : Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі руханилық пен жоғары адами қасиеттердің биік принциптерімен ылғи да ұштастырылса, жеке мүддені  жұрт мүддесімен орайластырып,педагогикалық қызметте  адал қызмет ету, оларға  ылғи «менің кәсіби парызым» секілді ізгі ниеттерден туындап жатса, оның осы саладағы  тыныс-тіршілігі  мазмұнды да жемісті болады. Өйткені борыш пен жауапкершілік, парыз бен қарыз, ар-ұят, намыс сезімінің болуы өзін-өзі тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиыншылықтарға төзуіне және оларды жеңе білуіне, әркез жарқын да шат-шадыман өмір сүруге жету жолындағы күресіне демеу болып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шеберлік сабақ: " Мен және менің әлемім! ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 2200
    • DOCX 173 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбергенова Шынар Айымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбергенова Шынар Айымовна
    Есбергенова Шынар Айымовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9262
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогика и психология в системе специального образования

Преподаватель специального образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Депрессивные состояния в подростковом возрасте

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек