Инфоурок Другое СтатьиҮштілділік құзіреттілікті қалыптастырудың жолдары

Үштілділік құзіреттілікті қалыптастырудың жолдары

Скачать материал

ҮШТІЛДІЛІК ҚұзЫРЕТТІЛІКТІ қалыптастыруДЫҢ жолдары

 

Мамедярова Роза Момыновна

                                                                      қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                                                               «№23ЖББОМ» КММ

                                                                                                    Қарағанды қаласы

                                                                                    Айнакулова Дана Нурпейсовна

                                                                                 Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

                                                                                  Н.Гоголь атындағы орта мектебі                        

                                                                            қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

            Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Өркениеттің маңызды қоры болып табылатын көптілділік Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясат деңгейінде жүзеге асуда. Көптілділік - мемлекеттің және оның жеке тұлғаларының халықаралық қатынастарда қуатын арттыратын басты құралы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақ халқына Жолдауында «Қазіргі жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы, талабы мен таланты жетік, өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел, орыс тілдерін жетік білетін маман болуға ұмтылуда.» дейді көрегенділікпен.

Бүгінгі білім беру жүйесі жетілген заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, кең жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп болашаққа аса терең біліммен қадам жасап, білімнің сан қилы құпиясына үңіліп, өзінің қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, көп тілді меңгерген  құзіретті ұрпақ тәрбиелеу білім беру жүйесіндегі аса қажетті мақсат болып отыр.

Бәсекелесуге қабілетті елдер қатарына апаратын баспалдақтардың бірі – үштілділік.

Қазақ елі бүкіл әлемге үш тілді: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілін пайдаланатын мәдениеті жоғары ел ретінде танылуы қажет.

          Адам баласының рухани байлығы,  тәрбиесі мен білімі - бәрі де тіл арқылы жетіледі. Тіл – аса маңызды қарым-қатынас құралы. «Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» дегендей, әр бала рухани бай, ойы таза, ой-өрісі кең. Сондай ұрпағымызға үштілділікті қажетті деп ұғындыру - ұстаздың ең басты міндеті.

 Үш тілде білім берудің оқушыға қиын екендігін ұмытпаған жөн. Берілген білімді меңгеруі үшін талантты оқушыларға керекті жағдай жасап, олардың жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету қажет. Ағылшын тілі балаларға 1 сыныптан бастап жеңіл бағдарламамен, тек ғана шет тілі пәні ретінде оқытылады. Ал 6-7 сыныптарда оқушы басқа да пәндерді бұл тілдерде толық меңгере алады. Бұл кезең тіл игеруге өте тиімді уақыт. Бұл бастапқы дайындық кезеңдерде оқушылар ағылшынша үйренумен қатар, оқитын пәндердің терминологиясын  да үйренеді.[3,19б.]

      XI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы әйгілі шығарма «Кабуснамада»  «Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі - сөз, сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Ей, перзентім, сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу үшін әрекет істе. Шешен кемеңгерлердің кеңесінде болып, сөзді сөйлей білудің өнерін үйрен. Қай кезде  болсын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Сөз үйренуден жиренбе»  делінген.[4с,7б].   

         Бүгінгі ғылым мен техниканың озған заманында  сенімді, сауатты сөйлеу өнерін меңгеру әрбір адамға ауадай қажет. Бірінші сыныпта сауат ашу пәнінен берілетін білімді зерделеп, саралап, оқушы жадына сақтауға, алған теориялық білімін тұрақтандыруда мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі - тілдік талдаулар.         

Осы тұрғыда  Н.А. Оразақынова: «Сатылай кешенді талдау дегеніміз-оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшеліктері бар және балаға білімді ғылыми негізге сатылай, жүйелей кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалап, қолдана білуге машықтандыратын оқыту» - дейді. [1с, 287б].   Жаңашыл педагогтың төл технологиясын өз тәжірибемде қолданып,  оның тиімділігіне көз жеткізіп келемін. Оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерінің бірі сатылай кешенді талдау сызбаларын негізге ала отырып, «Фонетика», «Дыбыс», «Дауысты дыбыс, оның түрлері», «Дауыссыз дыбыс, оның түрлері» т.б.тақырыптарынан алған теориялық білімдерін дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру арқылы бекітеді. Балалар математикалық тәсілмен «Фонетика» сөзіне талдау жасап, мінездеме береді. Мысалы:  Фонетика, Phonetics. «Фонетика» сөзіне қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түсінік береді.

Берілгені: Фонетика O= □+∆

Шешуі: Фонетика =8O=4□(о, е,и, а) +4 ∆(ф,н, т, к). фонетика сөзінде сегіз дыбыс бар, оның төртеуі – 4□(о,е,и,а) дауысты дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай, еркін шығады. Ал 4 ∆(ф,н,т,к) дауыссыз дыбыстар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден  шыққан ауа ауыз қуысында әр түрлі кедергіге ұшырап шығады.

         Фонетика сөзіндегі 4□(о, е,и, а) сөзіндегі дауысты дыбыстың 2□(о, а)екеуі  тілдің қатысына қарай  жуан дауысты, себебі, бұл дыбысты айтқанда тіл кейін шегініп, үсті сәл дөңестенеді. Ал, екеуі  (е,и) жіңішке дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тіл ілгері қарай созылады.

а) Тілдің қатысына қарай 4 □(о, е, и,а) =__2□ (о,а)  жуан □

                                                                    2□ (е,и) жіңішке □

       Фонетика сөзіндегі 4 □(о, е, и,а) дауысты дыбыстың 3(о,а,е) жақтың қатысына қарай ашық  дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылады да ауа еркін шығады. Ал, 1(и)қысаң дауыстылар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда жақ сәл ғана ашылады да ауа қысылып шығады.

ә) Жақтың қатысына қарай 4 □(о, е, и,а) =__3□ (о,а,е ) ашық  

                                                                             _1□(и,е)  қысаң □    

    Фонетика сөзіндегі 4 □(о, е,и,а) дауысты дыбыстың біреуі (о)  ерін мен езудің  қатысына қарай еріндік дауысты дыбыс, себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін сүйірленіп ілгері қарай созылады. Ал, үшеуі (е,и,а)  езулік дауысты, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда езу тартылып, ерін кейін қарай  жиырылады.

б) Ерін мен езудің қатысына қарай 4 □(о, е,и, а) =_1□ (ө) еріндік□_

                                                                                      3□ (е,и,а) езулік  □

     Осындай математикалық тәсілмен мінездеме беру арқылы оқушылар сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беру дағдысын игереді.

     Еркін жазу стратегиясы бойынша оқушыларға мәтін беріледі. Онда әр түрлі жеке, жұптық жұмыс, топтық түрлерін орындау көрсетілген.

      Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтіндегі негізгі ойды анықтау арқылы дұрыс жауапты белгілейді. Өздеріне ұнаған төрт немесе бес буынды сөздің біріне немесе асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жасап, ауызша баяндайды.

       Мысалы: Тегінде қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үшін әдебиетті білу - жалпыға ортақ шарт. Әр адамның жақын досы - бала күннен өмір досы – кітап болған-ды. Сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады.

Дұрыс жауабын белгілеңіз

А)Мамандығыңа байланысты болмаса әдебиет кітабын оқудың қажеті жоқ;

В)Кітап оқу арқылы адам интеллигент дәрежесіне жетеді;

С)Әр адам мамандық иесі болу керек;

Д)Әдебиетті оқу үшін интеллиген болу керек.

Е)Әр адамның жақын досы – өз мамандығы.

Осы берілген мәтіннен балаларға ең ұнаған сөйлемді үш тілде түсіндіреді. Сабақ барысында әдебиетпен, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс орнап, оқушылар жүйелі сөйлеуге, басқаның пікірін сыйлауға, ұлттық дәстүрді қадірлеуге дағдыланады. Бір сабақта бала сөздік қорын бір сөзбен немесе бір сөйлеммен үш тілде молайтты. Бұл үлкен жетістік.

Мысалы: Адамның ең жақын досы- кітап. Самый близкий друг человека – книга. The best friend of humanis a book.

 «Кітабымен» деген сөзге оқушылардың жасаған фонологиялық талдау  үлгісі:

1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына                                                            қарай – аралас буынды сөз. Себебі, бұл сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар (а,ы) жуан дауысты және (і,е)жіңішке дауыстылар.

2.Бұл сөз: кі-та-бы-мен болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. кі-та-бы-мен  а.б.  а.б.    а.б.    б.б.   

Бұл сөз 3 жағдайда буын жігіне сәйкес тасымалданады

3. Кі-

    та-

    бы-

   мен                                                              

4.Кі-та-бы-мен

Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады, сондықтан бұл сөзде екпін - мен  буынындағы е дауысты дыбысына түседі.

5.Кітабы –мен сөзіндегі соңғы буын жуан, оған  - мен көмектес септік жалғауы жалғанып, буындар үндеспей тұр. Көмектес септігі – мен буын үндестігіне бағынбайтын қосымша.

6. Кітабы + мен сөзінде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасындағы ықпал.

Сабақ барысындағы әр түрлі тақырыптық жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушы өзін-өзі реттейді,  қорытындылайды, бағалайды. Ауызекі сөйлеу, тыңдау әдебі артады. Бірін-бірі сыйлауға, біріне-бірі сын айтуға, өзіндік көзқарасын білдіруге төселеді.

Оқулық, интернет - білім алудың қайнар көзі. Оқушының  жүйелі жұмыс жасауын, саналы ойлауын, сауатты сөйлеп, сауатты жазуын  қалыптастыратын қуатты құрал. Баланы іздендіру, өз бетінше еңбек ету арқылы жетістікке жетуге  дағдыландыру барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру өте тиімді тәсіл. Сабақта алған білімдерін нақтылауда түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық, диалектологиялық, синонимдік, фразеологиялық т.б. сөздіктермен, зерттеу жұмыс  жасатудың ықпалы зор.                                                                                                                             

Түйін сөз: Көптілді және көпмәдениетті құзыреттілікті игерген түлек - мемлекеттің өз мәдениетімен қатар әлемдік мәдениетін танитын, халықаралық достық пен бірлестіктің артуына кепілдік күш салатын азамат. Атақты тіл білгірі, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан тусын?» деген ойлы пікірі бүгінгі әрбір ұстазға үлкен ой салары сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» «Нұрлы жол- болашаққа жол» Жолдауы

2.     Н.Ә. Назарбаев. «100 нақты қадам-ұлт жоспары.

3.     »Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. (монография). Алматы, 2007. –287 б.

4.     Қ.Қ.Жунусханова Көп тілді білім беру аясында мемлекеттік тілді дамытудағы қазақстандық іс-тәжірибелер. Әдістемелік құрал. Алматы, 2015 

5.     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

6.     Н.Оразақынова, Н.Әміреев Қазақ тілі сөз мәдениеті,  10-сынып оқулығы Алматы, Мектеп, 2010ж – 28 бет.

7.      Г.Қосымова Қазақ тілі  шешендік өнер, 11-сынып оқулығы Алматы, Мектеп, 2015ж – 7 бет.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үштілділік құзіреттілікті қалыптастырудың жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2016 883
    • DOCX 48.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамедярова Роза Момыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамедярова Роза Момыновна
    Мамедярова Роза Момыновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71066
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 25 регионов

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе