Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы9- сынып оқушыларына арналған шығармалар

9- сынып оқушыларына арналған шығармалар

Скачать материал

Шығарма «Біржан мен Сара» айтысы ақындар айтысының асқақ үлгісі.

                                       Айтыс –ат бәйгесімен пара-пар.

                                                                                 С.Мұқанов

                                                                                                                              

Жоспар:

1.Сөздің мәні айта білсе ашылады.

2. «Біржан мен Сара айтысы»- ақындар айтысының ішіндегі үздігі

а) Біржан мен Сара - өшпес өнер иесі.

ә) «Біржан мен Сара» айтысының қазақ ауыз әдебиетіндегі ерекшелігі.

3.Қос саңлақтың шешен сөздері- бүгінгі күнге дейін үлгі.

       Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу кезендері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Қазақтың айтыс өнері- ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бұл- өнер жарысы, сөз сайысы. Ақындар айтысы- айтыс жанрының кейінгі даму кезенінің жемісі. Ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі олар өлеңді тапан астынан шығарып, сұрауларға жауап беріп отырады. Бірін-бірі сүріндіру үшін өмір құбылыстарын жұмбақтап айта алатын болған. Бұнын өзі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты қажет етумен қатар, елдің шежіресін, тарихын, ел жайын, сол елдің салт-дәстүрін толық білуді талап етеді.

         Біржан мен Сара айтысы- өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрін де, яғни қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысын толық қамтиды. Бір жағынан, бұл шаршы топта сөз толастырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақыннын да айтысының үлгісі болып саналады.

         Біржан да, Сара да- көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге құмар болған. Өнер жолында түскен табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ әнші-ақын, сол Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанды. Біржан көптеген ән шығарды. Біржанның даңқы әуелде әнмен танымал болған. Әнді әрі шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. Біржан мен Сара айтысындағы асқақ, өз сөздердің түп тамыры да осы қысқа-қысқа ән мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы- бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тындайтын өлеңі болады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Сара жастай әкеден айырылып жоқшылық тақсіретін көп тартады. Сара көптеген ақындармен айтысқа, сөз сайысына түсіп, жүйріктерге алдырмаған. Оны мына өлең жолдарынан анғаруға болады.

         ...Мінеки, он сегізге биыл шықтым,

           Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.

Біржан мен Сара айтысынын тақырыбы- әйел тендігі.Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттеледі. Қалың мал-қазақ әйелдерін мықты шырмауы еді. Айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылығын айқын да ашық білдіреді. Біржан Сараның осындай аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқындаған діни ұғымдарды айқын ашып айта біледі.

    Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы болса, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, ру басыларын, би-болыстарын дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі.

     Халық айтыстары,негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін табуға құрылады. Осы өнерімен тең түскен Сараны Біржан сүріндіру үшін Есімбек сияқты ел билеушілері жаны да , тәні де кемтар Жиенқұлға атастырып қойғандығын айтып, күйінің нашарлығын тілге тиек етеді. Сара Біржанға бар өнерін салып бақса да Жиенқұлға келгенде мүдіре береді,топ алдында жеңілгенін мойындап,өз басының мұңын,ішкі күйінішін жырға қосады. Өз басының мұңды халін ғана емес, қазақ қыздарының мұң шерін білдіреді. Осы айтыста екеуі де өздерінің адамгершілік ,ақындық сипаттарымен көріне біледі. Біржан да , Сара да үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді қапысыз тани біледі.

    Өлшеусіз талант, әрі әнші екі ақынның шешендік өнері-өзінің көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі.

   Бүгінде сөзге жүйрік, ойы ұшқыр ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен таныла бастады. Бұл кезеңдегі айтыс халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін, қазіргі таңның өзекті мәселелерін тілге тиек етеді.

    Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, өрісі кеңейе түсетіне кәміл сенемін.

 

                                           Шығарма

Ыбырай салған ізбенен.

                                                                Ғажап-ау,Ыбеке,осы мықтылығың,

                                                                Жарқырап тағы қайта шықты күнің.

                                                                Басыңнан сырып тастап уақыт жүгін,

                                                                Тапжылмай тас тұғырда тұрсың бүгін.

                                                                                                 Ғ.Қайырбеков.

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім:

«Мектеп-кеме, білім-теңіз.»

ІІ.Негізгі бөлім:

А) Аты аңызға айналған балалар әдебиетінің атасы...

Ә) «Өнер – білім бәрі де, оқуменентабылған»

Б) Даламның алып қоңырауын қаққан алғашқы ұстаз.

ІІІ.Қорытынды бөлім:

Еңбегінен танылсын,ердің алып тұлғасы.

 

Қазақтың байтақ даласының байлығын еркін билеу үшін патша шенеуніктеріне көмекші бастықсымақтар даярлау үшін, патша үкіметі қазақ даласында мектептер ашты. Бірақ қазақ балалары білім алсын, халқы мәдениетті болсын деген мақсат патша үкіметінің ойына да келген жоқ еді. Осы мектепке Балғожа би немересі Ыбырайды да оқуға береді.Ыбырай Алтынсарин мектепті бітірген соң, Орынбордағы Шегаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шегара комиссиясы төрағасы В.В.Григорьевтің бай кітапханасынан Ыбырай кітаптар алып оқып,ұлы адамдардың ағартушылық еңбектері және өмірімен танысады. Ыбырай ендігі күнде қазақ даласында мектеп ашуға бел буып, адамдар арасында үгіт жүргізіп, оқудың мән-маңызын түсіндіреді.

   Әрбір көзі ашық сауатты адам көбейе берсе, өз елінің мәдениетін көтерумен қатар,оның шаруашылық экономикасының өзгеруіне де, жаңаруына да ықпал жасар еді деп ойлайды Ыбырай. Осы мақсаттарды іске асыруды көздеп,орыс-қазақ мектептерінде сауат ашу, хат танумен қатар,балаларға техникалық ілімдерді үйрететін пәндердің де жүрілуін талап етті. Мектепте қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды да Ыбырай өз міндетіне алды.

    «Надан жатқан, бірақ әлі азғындық жолға түспеген,пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз»-деп көзі ашық ел азаматтарына үндеу салған.Осы пікіріне байланысты Ыбырай «Әй, жігіттер!» деген өлеңінде:

Әй,жігіттер, үлгі аламыз

Азған елдің ішінен.

Алыс-алыс қашыңыздар,зияндасты кісіден,-деп ел ішін қарапайым халықты осындай іріткі салушы топтардан арылтып алып, өнер-білімге,жаңа мәдениетке шақыру керек екенін айта білген.

     Орыс халқының XІX ғасырдағы классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып,дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін,алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрады. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Атап айтсақ, И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Л.Толстойдан «Полкан деген ит»,орыс хрестоматиясынан «Үш ұры», «Аурудан аяған күштірек», «Әке мен бала», «Асыл шөп» сияқты көптеген шығармаларды аударды.

     Балаларды өнер-білімге, оқуға шақыруда Ыбырайдың ұран салып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын «Кел, балалар,оқылық»  өлеңі әрбір бала үшін қымбат.Бұл өлеңде алдымен сауат ашу,оқыту мәселесін бірінші орынға қояды да ,баланы оқытумен бірге тәрбиелеу керектігін түсіндіреді.Оқың өлеңдері мен әңгімелерінің қайсысын алсаңыз да,саналы азамат, тәртіпті, үлгілі кісі болу жақтары айтылып отырады. «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде де өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды мәдениетті халықтар қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады.Ғылым табыстарын мадақтайды.

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып,жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды,-деп, техникалық білім алуға да шақыра білген.

Ыбырай сонымен қатар өз шығармалары арқылы отырықшылық тұрмыстың артықшылығын түсіндіреді. Оны «Киіз үй мен ағаш үй», Қыпшақ Сейтқұл» деген әңгімелерде баян етсе, еңбекке баулу мақсатында «Дүние қалай етсең табылады», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» , «Әке мен бала» әңгімелерін ұсынады.Бұл әңгімелерде еңбектенсең ғана ойлаған мақсатыңа жетесің дегенді қызықты мысалдармен суреттеп береді.Сонымен қатар балаларды ұқыптылыққа, мейірімділікке,әділдікке,әдептілікке үйрету үшін «Бір уыс мақта», «Шеше мен бала», «Полкан деген ит» т.б әңгімелерімен бірге достық, жолдастық қарым-қатынас жайлары жөніндегі «Ақымақ дос», «Жаман жолдас» әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор. Бұл әңгімелердің негізгі идеясы жаман әдеттен, нашар жолдастан аулақ жүруге үйретеді.Парасатты жақсы адам әрқашан барлық жағынан кіршіксіз таза, ізгі ниетті болуға тиісті. Опасыз, тұрақсыз болмауға шақырады. Достың да досы бар. Кейбір достар ерекше қамқорлық көрсеткен боп өзіңді отқа итереді. Өтірік қамқорсып, біреудің қолымен от көсеп отыратын достар да болады. Сырты момын, іші қу, аңқаусыған ақымақ достар да кейде күтпеген жерден опық жегізеді. «Сақтықта қорлық жоқ» деген халықтың данышпандық мақалы бар ғой, осындайдан сақ бол деп үйретеді.

Қазақ даласының алып қоңырауын қаққан алғашқы ұстаз-Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 175 жыл толды.

Үміт еткен көзімнің нұры ,балам,

Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам,-деп немересінен көпті күткен Балғожа бидің үміті ақталғаны қашан...Бүгін, міне , тәуелсіз ел ұрпақтары, осы Ыбырай атамыздың өнегесімен өсіп-өніп келеміз.Халқымызға еңбегімен танылған алып тұлғаның есімі ұрпақтан-ұрпаққа жетері хақ.

 

 

 

 

 

 

Жыр алыбы-Жамбыл.

                                                                   Менім пірім Сүйінбай,

                                                                   Сөз сөйлемен сыйынбай.

                                                                                            Жамбыл.

Жоспар:

І. Өлең өнердің үздігі,

   Жыр жұлдызы Жамбыл.

ІІ. Қазақ гомері-Жамбыл Жабаев.

А) Жамбыл шығармаларының салмақты бөлігі-айтыс, дастандар.

Ә) Екі ғасырды жырлаған ақын.

ІІІ. Жыр алыбының өнерпаздық жолы бүгінге жеткен мұра.

Өлең-жырдың шебері болған қазақтың көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтің ақындық жолы баршаға үлгі.Өмірінің қиындығына қарамастан жүрегі елім деп соққан ақын бала кезінен өлең жазған.Оның  уытты өлеңдері халықтың тұрмыс-тіршілігіне, бай мен кедейдің арақатынасы жайлы болған.Өзінің жырлары арқылы сол замандағы ел арасында кеңінен жайылған парақорлық пен  ұрлық, патша үкіметінің озбырлығын,ел басқарып отырған надан болыстардың іс-әрекетін ашық жайып салып отырған. «Заманның айғақ ақыны кім айтар Жамбыл болмаса»,-деп өзі айтпақшы, Жамбыл шындықты айтуды ақындық парыз деп санайды.Сондықтан да,

Шындық пенен аныққа,

Сайрайтын бұлбұл табылар.

Халықтың сүйген ақыны

Бұлбұл болып табылар,-деп, алған бетінен, әділеттік бағытынан қайтпаған ақын болса керек.

Жамбыл шығармашылығының салмақты бөлігіне айтыстарды жатқызамыз. Ол өзі айтыстың асқан шебері болған ақын. Өз заманында ешкімге дес бермей, жеңілудің не екенін білмеген.Атақты Сарбас,Досмағамбет, Құлмамбет ақындармен айтысы соның дәлелі бола алады.Әсіресе Құлмамбетпен айтысы Жамбылдың ақындық атын көкке жайған айтыс болды. Бұл айтыста Жамбыл өзінің білімінің Құлмамбеттен әлдеқайда жоғары екенін көрсете білгендіктен айтысты жеңіп шығады.Яғни халық тарихын жақсы білетінін аңғартып, халық мүддесі мен ел мүддесінің атынан сөйлейді.Оның барлық айтыстарынан тапқыр ой мен көркем тілді,ащы сатираны ,болашаққа болжай көз тіге білген ақын сарынын байқауға болады. Сол себепті де ол айтыстың жүлде бермес жүйрігіне айналған.

Туған елге, туған жерге деген біртұтас сүйіспеншілік сезімін ақын өзінің дастары арқылы жеткізген.Ол «Отанды қорғау-парызың,борышың» деп көрсете отырып, халықтың арманын жырлаған ақын.Оған айған «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр»дастандары.

Жамбылдың есімі қазақ халқы үшін,қазақ поэзиясы үшін аса қымбат.Ол екі ғасырды жырлаған ақын. Халық басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуді өзіне парыз санаған ақын.Ол халықпен бірге жасаған ақын: қуанса қуанған, күйінсе күйінген.Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезіндегі айбынды жырларының майдандағы жауынгерлердің рухын көтеруге өз септігін тигізгені баршаға аян.Мысалы, «Ата жаумен айқастық» өлеңінде:

Асқар таудай еліме,

Байтақ жатқан жеріме

Шапты фашист дегенде,

Ашуменен аралас

Жыр да келді көмейге,-деп қаһарман халықтың жауға деген ыза-кегін суреттейді.Ол елдің күшіне, жауынгерлердің ерлігіне сенеді және жауды шаншып тастауға ұран тастайды.

Жаныштап басын жыланның,

Салайық, халқым, табанға,-дейді Жамбыл сендіре.

Жамбылдың қай шығармасын алсақ та ,оның халық мүддесіне қызмет еткені көрінеді. Өз Отанын шын сүйген, шығармаларымен елін қызғыштай қорғаған ақын Жамбылдың мұрасы кейінгі ұрпаққа аманат болмақ.Оның жырлары арқылы Отаншылдыққа, елге қызмет етуге, халқыңа адал болуға үндейді.

 

   Шығарма : Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым.

                                                      Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба

                                                      жолымен алдық деп ойлаймын...

                                                                                Н.Ә.Назарбаев

Мен қазақпын,биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен де мың тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім,-деп Молдағалиев ақынымыз жырлағандай:

... Қайран қазақ елі...Бұл өмірде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» заманды басынан кешіп, қойша қырылған репрессия жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осындай қиыншылық заманға тап болуы қырғынға ұшырауы, қуғын-сүргінге түсуі үлкен соққы болғаны баршамызға мәлім.

  1991 жыл- еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.Сол сәттен бері 25 жыл өте шықты. Қазақстанның тәуелсіздігі-бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ

Мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жетістігі мен асқан асуы. Тәуелсіздік-бұл бүгінгі өмір емес,сонымен қатар ертеңгі өміріміз-Қазақстанның болашағы,оның мүмкіндіктері мен мақсаттары.Тәуелсіз болу-өз тағдырына жауап беру деген сөз. «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз,еркін мемлекет екенін бірлен аңғаруға болады.Бүгінде біз қанатын кеңге  жайған егеменді елміз. Сол жағымыздағы мақтаныш сезіммен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып,көк туымызды желбіреткен тамаша мемлекетпіз.Алпауыт елдердің алдында әлем жұртшылығы бас июде.

   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 25 жылда еліміздің биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты.Ерең еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай елбасымыз болғанына мақтанамыз.

   Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей,ата-анамның арқасында ойнап-күліп қуаныш пен шаттыққа толы күндерім, еркін білім алып,ерікті елдің ұланының бірі болып өсіп келемін. Елбасымыз «Алдымызда асу-асу белдер бар,ұлт жолында ұйытқи соққан желдер бар. Бел де талар,жел де беттен қағар.Бәріне көну керек,бәріне төзу керек,жас ұрпақ!»-деп айтқандай, біздер ,жас ұрпақ,тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел азаматы, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті-туелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті-сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай қанатты,

Мен жастарға сенемін-деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа,жастарға үлкен сенім артты емес пе? Елімнің ертеңінен, болашағым нұрлы да әсем болатынына мен кәміл сенемін.Мен тәуелсіз елдің патриоты болғанымды мақтан тұтамын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "9- сынып оқушыларына арналған шығармалар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 462 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 6841
    • DOCX 26.2 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Фаткуллина Данагуль Сайлаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9196
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе