Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты "Қош бол, құтты Әліппем"

Сынып сағаты "Қош бол, құтты Әліппем"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем

Мақсаты: оқушының  тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқушыларды елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайдтар, кеспе әріптер, «Диплом», асықтар, жалаушалар

Сабақтың барысы: Кіріспе: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор: Нұрай
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп. 
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере: Темірлан
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Ендеше шапалақ ұрып қошаметпен биылғы жылы Әліппемен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық (күй: «Сарыарқа»)

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, негізі - Әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларыңыз тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Мұғалім: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың. Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай екен

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен - деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

Барлығы: «Біз өмірдің гүліміз»

Кіріспе. Тақтадағы суреттер және слайдтар бойынша жұмыс.

Оқушыларға тақырыпты оқыту, Әліппе оның алғашқы бетіндегі Елбасының «Арнауын» бірнеше балаға оқыту. Әліппе сөзімен жұмыс

Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ:

Ә - әлемді

Л -легімен
І – ізгілік
П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз
Ендеше әлемді паш ету сендердің қолдарыңда екен, ол үшін қалай оқу керек?

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не
? Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!

Олай болса сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық Әліппе! Әліппе! Әліппе!(фанфар)

Талшын: Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы: 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

2-сұрақ : Алғаш балаларды оқу білімге шақырған кім?

3 - сұрақ Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды? Мұғалім: - Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып тыңда. Бұл әнімізді өзіңізге арнаймыз

Ән «Әліппе» бәрі

Мұғалім:
–    Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету – біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
–    Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз

Бастарында («Әліппе» сөзі құралады)

Алуа: Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдықпен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым

Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

Ақназар: Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым. Қарақат: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулғымыз Әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз. Мирас: Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.

Ө. Дастан: Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен? Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

А. Дастан Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз

Мектепке біз барамыз.

Ендеше назарларыңызға «Буги, буги» биі

Ақторғын: Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе. Айдана: Біз жазамыз «ана» деп

Біз жазамыз «дана» деп

Біз жазамыз «бала» деп

Біз жазамыз «Отан» деп.

Дияс: Биік-биік таулар деп

Қаһарманды ел қазақ деп

Болашағы ғажап деп. Үміт: Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

(«Отан» сөзі әріптерден құралған)

Барлығы ән «Мұғалім – ол біздің»

Нұрсұлтан: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе.

Ерке Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Нұрай: Ер жігіттің үш жұрты болады демекші,

Әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті. Аяулым: Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар. Алуа Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар Аружан: Қайын жұрты: ъ, ь белгілері. Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік

Толғанай: Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

«Апа», «ата» сөздері,

А әрпінен басталған Әлібек: «Ә» деген әріп мен болам,

Әділдікке шақырам.

Әдепті бол әрқашанда,

Қасыңда болам сонда ғана.

Бекәлі: «Б» әрпінен бастап ұстазың,

Бүлдіршін дейді сүйкімді.

Қуанып сен үшін ата-анаң

Балапаным дейді сүйікті. Құралай: Барлық әріп бағалы.

Айттық әділ- бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

Әріптерден «Мәңгілік ел» сөзі құралады

(Ь белгісі) Мұхаммед: Анам менің, әкем

Атам менен апам да

Шопан, ұшқыш, ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе. (ъ белгіс) Ербұлан: Күндерге күн ұласты.

Жылжып-жылжып ай асты.

Ойдағыдай бітірем

Мен бірінші сыныпты.

Би: «Қамажай»

Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті Әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан «Еңбегі сіңген білімгер» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз

Талшын (Әліппе) Сендерге де рахмет, балалар! Мен балалар, араларыңда мені күнде оқып, ішімдегі өлеңдерді жаттап жақсы айтқан балаларға арналған «Дипломым» бар еді, қазір соны апайларыңа тапсыруға рұқсат етсеңіздер.

Оқуда зейінді болыңдар

Еңбекте бейімді болыңдар

Ақ жол болсын қарақтарым

Айдай болсын қабақтарың

Күнделіктерің беске толсын

Қош бол менің балаларым!

Бәрі: Қош сүйікті Әліппе!

Біз саған ақ жол тілейміз!

Хор: «Қош бол құтты Әліппем»

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой - деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек

Аружан: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ана тілін қарсы алу (фанфар)

Ерәлі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым. Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер? Бастарындағы әріптен «Қазақстан» сөзін құрату

Алуа: Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Қ Нұрай: Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

А Нұрсұлтан: Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

З Толғанай: Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

Қ Мирас: Оқу инемен құдық қазғандай.

С Темірлан: Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

Т Құралай: Оқу- білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

А Ербұлан: Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

Н Ақназар: Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Әлібек: Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Үміт: Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілдің құрметіне Грузин биі «Лезгинка»

Бастарындағы әріптен «Елбасы, Отан» сөздері шығады

–    Алуа «Осы біз қандаймыз?»
1. Талабы биік таудаймыз
Әлібек
2. Жанып тұрған шырақпыз
Ербұлан
3. Біз шеберміз
Айдана
4. Мың бұралған бишіміз
Ерке
5. Өнерліміз, білімдіміз
Нұрай
6. Қазақ тілін көркемдетеміз
Дияс
7. Бабаларға тағзым етеміз
Бекәлі
8. Аналарға бас иетін
Аяулым
9. Елтаңбасымен еңселі Ақторғын
10. Туымен тұғырлы Толғанай
11. Әнұранымен әйбатты Қарақат

Бәрі: Біз қазақ елінің болашағымыз

Мұғалім: Біздің балалар, Әліппені оқумен қатар, ағылшын тілін де ақырындап меңгеріп келе жатыр, кезекті осы ағылшын тіліне берейік бәрі ағылшын тілінде ән айтады, заттардың атауын атайды.

Сөзжұмбақтар мен тест бойынша жұмыс. Мұғалім: Балалар қане мына сөзжұмбақтарды шешіп жіберелік, бұнда тура оқысаң да, кері оқысаң да мағынасы өзгермейтін сөздер бар. Үш қатарға сөзжұмбақ пен қатар математика пәнінен тест тарату, жазып болған соң оқыту, тексеріп тақтаға ілу. Дұрыс жазған қатарды мадақтау.

Мұғалім: Бағанадан біз балалардың өнерін тамашаладық ал енді кезекті ата – ана, ата – әжелерге берелік.

Асықтардағы номерлер бойынша дайындалған тапсырмалармен жұмыс.

  1. Бата беріңіз

  2. Оқу – білім туралы мақал – мәтел немесе жаңылтпаш айтыңыз

  3. Өнер көрсетіңіз

  4. Олжа (Сыйлық беру)

Қорыту. Балаларға мектеп басшысының «Диплом» табыстауы және құттықтауы, ата – аналар мен қонақтар сөзі




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров108
Номер материала ДВ-449433
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх