Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты, тақырыбы: "Қазақ қызына тән құндылықтар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тәрбие сағаты, тақырыбы: "Қазақ қызына тән құндылықтар"

библиотека
материалов









ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА

ТӘН ҚҰНДЫЛЫҚТАР











Орындаған:

Елмағамбетова Гүлсім Итемгенқызы













АСТАНА 2015ж





Жоспар:





Кіріспе:


Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі


Негізгі бөлім:


1)
Қыздың қасиеті ар, намыс, ұятында!

2) Әшекей арқылы мінезді анықтауға болады

3) Қыз, әйел – ұяттың ұясы


Қорытынды:


Ертеңін ойлаған ел азбайды













Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында «елге көрік болатындай өссе екен» деген ізгі тілек жатқандай. Елдің көркі болу үшін ел аңсаған жақсы қасиеттердің бәрі адам бойынан табылуы тиіс. Қазақ қызы дегенде, көз алдымызға шолпының сыңғыры келеді. Ата-салтын, әдет-ғұрпын ақыл-таразысына салып, ата өсиетін берік ұстанып, ана әлдиінен нәр алған, ұлттық үрдісімізді қатаң сақтаған қазақ аруларының бойындағы бар асыл қасиет қазіргі бойжеткен, жасөспірім қыздарымыздың бойтұмарына айналуға тиіс.Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсінсек, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз көңіліңе жақын» - дегені бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті болып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Десек те, көрікті де қылықты қыздарымыз жаһандану үрдісінен қалмай, ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болуы керек. Әр кезеңнің өз тәрбиесі бар. Ерте кезде қыздарды әдет-ғұрыппен, салт-дәстүрмен, мақал-мәтелмен астарлай, сезім, түйсік арқылы тәрбиелесе,  ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуі мүмкін. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді.Қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны ләзім. Осы орайда Қадыр ақын: «Қыздың сыры шөлдің суы сияқты, Тереңде ғой, тереңде ғой, тереңде»десе, Мұхтар Шаханов: «Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске, Шын сұлулық тереңдікте емес пе?» дейді. Барлығының түйіні бір тереңдік. Ол – ақыл, ол – парасат, ол – ұстамдылық. Қазақ қызының бойында осы тереңдік табылуы шарт. Ақыл, парасат, ұстамдылық үйлесім тауып, бір арнада тоғысқан кезде ғана адами бақыттың биігінен көрінуге болады. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы. «Қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулерді қыз баланың ұқыптылығы, шеберлігі деп біледі. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігіне жанының нәзіктілігіне әрі іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсіреді.
Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі бүгін отбасында еркелеп ұстап отқан қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.
Дана халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз баланы оларадан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айырықша көңіл бөлген ата-аналар ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп еркін өсірген. Ата – ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. “Қызды қымтап ұстаған ұялмайды” дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтығы шоқытырмай өсіруді парыз санайды. Олардың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан “қыз бен жылқы жаудікі” деп қыз тәрбиесіне мейлінше сақ қарайды. “Қыз баққаннан қысырақ баққан оңайлығын” жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің жауапты екенін де ұмытпаған. Сөйте тұра қызды жағадағы құндыздай күтеді.

Қыздың қасиеті ар, намыс, ұятында!

Қыз деген – басына үкі тағып, үлпілдеп өсіп, ерке күн кешкен, өзге босағаны аттамаған, етегін жел ашпаған бүлдіршін. Ата-бабаларымыз мынадай тәрбиелік ұғымдарды ұстанған: жалаңаяқ, жалаңбас жүрмеу, еркек алдынан кесе өтпеу, үлкендердің әңгімесіне араласпау, молдас құрып жүресінен отырмау, балаға шаңқылдап ұрыспау, қатты дауыстап сөйлемеу, әдепті биязы болу, келіп түскен келін босағасын құрметтеу сияқты ұғымдарды үйретіп жат елге келген келін дұрыс ұрпақ әкелу үшін дала төсіндегі салт пен дәстүр негізін көп пайдаланған

Селк етіп секем алып қарадың-ау,

Қай таудың киігі едің қарағым-ау?

Төбеңде шыр айналып бала қыран,

Мүйісте мергені бар қала мынау,

Сондықтан секем алып қарадың-ау, - деп Мұқағали ағамыз жырлағандай, бұзық жолға жол сілтейтіндерден қорғаштап, қамқорлық көрсетіп, бұзылған қыздар қатары дегенге жеткізбеу керектігі көпшілікті ойландыратыны анық. Қасиет - адамға қатысты қолданылғанда, адамның өзіне тән адамдық (жақсы немесе жаман) белгісі. Жақсы қасиеттер (имандылық, ізеттілік, т.б.) адамда тәрбие арқылы қалыптасатыны педагогикалық тұрғыдан қарастырылған. Ал, қыздарға тән негізгі қасиет – іскерлік, шеберлік, инабаттылық, ізеттілік, т.б. Қыз аларда оның қасиеттерін былайша сынаған: Қыздың тектілігін әртүрлі жолдармен тексеру. Мәселен, бойжеткеннің көшкен жұртына зер салып қарауы мүмкін. Сондай-ақ, қыз көруге келгенде сол шаңырақтың көсеуіне көңіл аударады, егер көсеудің екі жағымен от көселсе, онда “шешесі салақ” – деп бойжеткенді көрмей-ақ жүре беретін көрінеді.Қалыңдықтың ақылдылығына аса назар аударған:

Ақылды әйел ізде, - іздесең сен есті болса,

Төрт құбылаң тең келер”. /Баласағұн/

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар.

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма”. /Абай/

«Қыз қырық үйден тәлім алады» демекші, әр үйден: біреуінен тамақ пісіруді, бірінен жүк жинап, үй реттеуді, бірінен өзін ұстауды, біреуінен өз ара жағымды қарым – қатынастарын, біреуінен аула жинақылығын, т.б. үйрену де бұрынғыдан келе жатқан тәлім жолы. Қыз бала көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек – сезімталдық, ептілігімен, өнерпаз әрі сөзге ұсталығымен, жарасты әзілге шеберлігімен көзге түсіп, «пәлен деген қызды – ай шіркін!», «түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі – ай!», «шешесінен аумай  қалған үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағынан өнер тамады, әуезінің өзі қандай әдемі, сөзі қандай дәмді! » деп тамсандырады. Ал мұндай жақсы атақтың қыз болашағы үшін маңызы зор. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды», - делінген. Ұят – әдепті белден басып өте беретін, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға өте жарасатын қымсыну, тартыну, қызару, имену деген ойына кіріп – шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата – ана, бауыр – туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл – желпі қарауға мүлде болмайды. Қыздың, демек, болашақ ананың қолынан іс келуі, - міндетті жағдай. «Салақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Олақтан салақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем – кестесімен көркем» т.б. мақалдардың мәні осында. Киім тіге білу, дәмді тамақ пісіре білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, онсыз отбасының тіршілігі толыққанды бола алмайтын басқа да осы сипаттас істер қыздардың қадірін асырады. Бұларды ұсақ – түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән – мәнісін арттыратын, бір – біріне ризашылығын, сүйіспеншілігін нығайтатын – нақ осылар. Мұның тағы бір аса маңызды жағы, мүмкін ең маңызды жағы шығар, келешекте өзінің де ұл – қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі – өнеге көрсете алатын болуы.

Әшекей арқылы мінезді анықтауға болады

Киім мен денеге арналған бояулар сияқты әшекейлер де иесі жайлы көп мағлұмат бере алады.Талғаммен таңдалған әшекей қыз баласының өзін-өзі бағалауында ешқандай қолайсыздық жоқтығын білдіреді. Ағаштан жасалған әшекейлерді көбіне білімге құмар, өнерлі, қызығушылығы мол қыздар таңдайды. Мұндай аруды бағындырғысы келетін жігіт өтірік алдағысы келсе, өте абай болғаны жөн. Бар құпия ашылған кезде мұндай қыздар ештеңеге қарамай кетіп қалады. Көп жағдайда тылсым күштердің көмегіне мұқтаж болып жүреді. Әдетте, олар достары мен жолдастарының қиналыс, мұқтаждығынан хабардар. Өйткені, достары бастарына іс түскенде сондай жанның қолдауын қалап, өз проблемасын ашық айтқанды ұнатады. Олар тыңдап, біреудің қайғыларына ортақтаса алады.
Киізден жасалған сырға, моншақ пен білезіктерді жайлылық пен ыңғайлылықты жақсы көретін арулар тағады. Мұндай әшекей иелері өте эмоционалды болып келеді. Сезім мен ішкі түйсігіне бағынып шешім қабылдауға құмар. Жандары нәзік, сезімтал, олар құшақтағанды,қол ұстасқанды жақсы көреді.
Пластмассалық әшекейлерді ұқыпты, үнемшіл және өмірге шынайы көзқараспен қарайтын қыздар жақсы көреді. Олардың өз пікірі бар және керек кезде өз сөзінде тұра алады. Біреудің қысым жасағанын ұнатпайды. Жаңа танысуларға әрдайым ашық және ғашықтық пен махаббатты жиі шатастырады.
Металдан жасалған, көлемі өте үлкен емес әшекейлерді өзін қорғансыз сезінетін қыздар таңдайды. Олар сыртқы әдемілігі үшін емес, жан сұлулығын бағалап сүю керек деген ойда жүреді. Оларды жаулап алу үшін гүл, конфет, қымбат сыйлықтар сияқты әдемі бұйымдар емес, шынайы сезім керек. Болаттай берік әшекейлерді алдына мақсат қойып, оған жетуді ғана көздейтін қыздар таңдайды. Олар басқалардың пікірін ескермейді. Бисерден жасалған әшекейлерді жайнақы мінезді, әсершіл, басқа біреудің ықпалына оңай бағына кететін қыздар тағады. Авторлық қолөнер әшекейлерін өзін ерекше санайтын, тәуелсіздігін көрсеткісі келетін арулар тағады. Мұндай арулар қыз балаға жат, жаман әдеттен аулақ болуды қалайды, көп адам жиналатын қоғамдық жиындардан қашқақтайды. Мінездерінде эгоистік басым және өзгелерге жоғарыдан қарауы да мүмкін. Өзгелерден ерекше, бірақ сәнді киінуге құмар және екінші жартысын таңдағанда да талғампаз келеді.
Винтажды әшекейлерге («тарихи» бұйымдар) балалық шағын қатты сағынатын қыздар құмартады. Олар - тым әсершіл, романтикаға жаны жақын жандар. Олардан ардақты ана және адал жар шығады. Салт-дәстүрлерді жіті ұстанады, отбасының берекесіне көп мән береді. Жиындарда отбасылық  салт бойынша тағамдар әзірлеп, дастархан жасағанды жақсы көреді.
Классикалық әшекейлерді жұмысбасты, өзіне қарауға шамасы жоқ қарапайым қыздар таңдайды. Кез-келген киіммен жарасып тұратын әшекейді (әмбебап) үнемі тағып жүре бергенді қалайды. Олар - қалыптасқан ережеге байланысты әрекет ететін арулар. Кейде бір қарағанда қарапайым әшекей сияқты көрінетін қымбат әшекейді өзінің әлеуметтік дәрежесін көрсету үшін тағуы мүмкін. Мұндай арулар өзінің бағасын біледі және оның бағасы жайлы жария етуді қаламайды. Әшекейсіз ару. Әшекей - әйел адамның өзіне деген назары мен өзін-өзі бағалауының айғағы. Өзін жақсы көретін әйел өмірді де, басқаны да жақсы көре алады. Әшекейсіз жүру  «төрт құбыласы түгел болмай» жүрген жанға тән болып есептеледі.

Қыз, әйел – ұяттың ұясы

Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады. Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады.
Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы   жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді.
Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар. Қыздарымыз ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы. Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба?-деп, қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз жаңа дүниелер арқылы қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымызды жоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама? Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады. Қыздарымыз жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.
Күнделікті жол үстінде тілі мен сипаты бұзылмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апа-сіңлілерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау - уақыт талабы.

Ертеңін ойлаған ел азбайды

Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз - әсем. Сөзі өткір, өзі пысық, өрескел-дікті сүймейтін, болмашыға күйіп-піспейтін келбетті қыз – сұлу. Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз - әдемі. Дене бітісі жинақты – тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз – ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз – шырайлы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін сабақтай келе, қазақ қыздарының құндылығын қалыптастыруда Тамара Асардың таптырмас бес кеңесін ұсынып отырмын. 1. Қазақ аруы өзінің елінің тарихы мен әдебиетінен хабары бар, ана тілінде төселіп сөйлеп тұрып, басқа тілді меңгере алатын, классикалық киім үлгісінде киінетін, өте таза жүретін, әдеби тілмен сөйлейтін әдемі қыз. 2. Қайсарлық пен нәзіктікті қатар алып жүру адамның өзіне байланысты. Әйел баласы нәзік болуы керек, үлкеннен бәсең, ер адамнан бір саты төмен болуы тиіс. Сонда адам өзінен-өзі нәзік бола түседі. Ал басына қиындық түскенде, өмірге бала әкелерде, үлкен іс бастарда қыз балаға қайсарлық қажет. 3. Қиындыққа да, қуанышқа да төзе білу керек. Менің өмірлік ұстанымым осы. 4. Біріншіден, қиындық кездеспесін, кездессе, Құдайдан төзім сұраймын. Қандай жағдай болмасын, қабылдай білу керек, көне білу керек деп ойлаймын.Көнсең-төзесің,төзсең-озасың. 5. Аруды сұлуландыратын мінезі. Қыр мұрын мен ұзын кірпіктен гөрі  жақсы мінез адамды сұлу қылады. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің қайнар көзі - ұлттық салт-дәстүрлер. Олай болса, ата дініміз бен әдет-ғұрпымызды аялап, азулы елдермен терезесі тең болатын алпауыт елдің аяулы қыздарын тәрбиелеуде аянып қалмайық!










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров367
Номер материала ДВ-310795
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх