Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСынып сағаты."Елдігің мәңгілік болсын,тәуелсіз Елім!"

Сынып сағаты."Елдігің мәңгілік болсын,тәуелсіз Елім!"

Скачать материал

 

Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Сабақтың барысы: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие сағатынан өзгеше, себебі біздің, яғни сіздердің сабақтағы алғырлық, тапқырлықтарыңды байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр. Қане, барлығымыз өз білгендерімізді қысылмай ортаға салайық.
Көрініс. Екі бала ойнап жүр.
Ербол:- Асқар екеуміз доспыз ғой, ия?!
Асқар:- Ия доспыз.
Ербол:- Сен ешкімге айтпа, менде керемет нәрсе бар.
Асқар:- Ол не нәрсе?
Ербол:- Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).
Асқар:- Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?
Ербол:- Папамнан көрсетпей алдым.
Асқар:- Папаңнан? Папаңнан неге аласың, темекі деген жаман нәрсе, денсаулыққа зиянды.
Ербол:- Болса ше? Менің папам неге тартады?
Асқар:- Ой, достым, сенің папаң жас күнінде темекіге әуестенген, сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Ербол:- Ой, достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Асқар:- Жоқ, мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Әйтпесе құримыз, онан да ойынымызды жалғастырайық.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.

- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Қайырлы күн,
- Сабағымызды жақсы оқиық
- Әрқашан күн сөнбесін,
- Аспанымыз ашық болсын.
- Аман болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.
Миржан: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың.
Азизбек: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Жұлдыз: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа айтады.
- Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
Сабрина: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
Исмайл: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
- Автобус көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыс па?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.
- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып, жеу керек?,- Рахмет, сізге деу керек.
- Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін орындайық. ( Буфер арқылы ән).
Сергіту сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай - былай ойнат.
Күндей жайнап алақан,
Қолымызда жалау бар,
Жалауымыз жайнап,
Би билейміз ойнап.
Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз сыныпқа кіреді.(Бастауыш оқушысы). Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым - Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.
- Балалар, бізге Әдемі қыз(бастауыш сыныбының оқушысы) суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.( тақтаға ілдіру).
- Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Азамат қай қалтаға салады екенін көрейік.

- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
- Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?
Жаннұр қандай қалтаға салады екен.
- Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
- Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр.
Бұл қандай бала? Жаман бала.
- Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
- Жақсы. Олжас қандай қалташаға салады екен.
Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.
- Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
- Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
Тәрбиеші: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Жарас: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Әдемі қыз:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет - деп кластан шығып кетеді.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Үміт:
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Қорытынды:
- Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың өлеңін оқып берейін
(Абай атаның суреті) көрсету.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі естеріңде сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты тақырыбы: «Ізгілік – адамгершіліктің белгісі»

Мақсаты: Ізгілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:
1. « Ізгілік - адамгершіліктің белгісі» (ойталқы);
2. Саяхатқа шығу ойыны (сұрақ - жауап)
3. Суретпен жұмыс: «Бойында асыл қасиеттерге толы адамның бейнесі»
4. «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайыс
5. «Өзіңді білуің адамгершілікке жетелейді» тренинг.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Ізгілік – адамгершіліктің белгісі» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі ізгіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Қазір мен осы әдептілік жайлы сендердің ойларыңды осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беру арқылы білгім келіп отыр. Ендеше бірінші бөлімге кезек берелік.

 

                          Алдымен екі топ тақырып таңдайды.
1 «Ізгілік - адамгершіліктің белгісі» атты бөліміндегі тақырыптарды таңдауға кезек берелік.
1. «Сәлем – әдептіліктің белгісі»
2. «Қоғамдық көліктегі әдептілік»
3. «Дастархан басындағы мәдениет»
4. «Мәдени – көпшілік орындардағы әдептілік ережелері»
5. “Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық - аздырар адам баласын” деген ұлы Абай атамыздың нақыл сөзін бүгінгі тақырыбымызбен қалай байланыстырар едіңіз?

 

Қорытындылау.

 

 

 

 

 

Тақырыбы:   Елдігің мәңгі болсын, тәуелсіз Елім!

Мақсаты:
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында елді сүюге деген құрмет орнату

Әдіс-тәсілдері: Жылнама арқылы ел тарихын саралау

Әнұран орындалады.


Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге орай өткізіп отырған «Тәуелсіздік – тірегім » атты кешімізге қош келдіңіздер
Қазақ халқының тарихында ел мен жер үшін , Отан үшін өліспей беріспеген күрестер аз болған жоқ.. Ұлан ғайыр жерімізге тұс-тұстан көз алартып, анталаған жаудан қазақ елінің қайсар батырлары найзаның ұшымен , білектің күшімен атамекенді азат етіп отырды.
Жоңғарлардың шапқыншылығы айрандай ұйып отырған қазақты тарыдай шашты.
Қазақ халқының бастан кешкен қасіретін сөзбен айтып жеткізу өте қиын.
Алашты бір тудың астына біріктірген Абылай хан, қазақтың тура билері Төле, Әйтеке, Қазыбектердің, ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың аңсаған азаттығын алуды көксеген Алаш зиалылары «халық жауы»аталып, атылып кете барды.

Репрессия құрбандары жайлы слайдттар көрсетіледі.

 Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде т ұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

Қазақ халқы Ресейдің қол астында Одақтас он бес республикамен тізе қосып,
Отан үшін қасық қандары қалғанша Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасты.Сыр елінен майданға қатысқан ерлеріміздің жиырмасы «Кеңес Одағының батыры » атанды.


Сахнаға желтоқсанның құрбандары Ербол, Ләззат, Қайрат шығады. Желтоқсан оқиғасын сипаттайтын бейнеүзік көрсетіледі.

Ән- Желтоқсан желі.

1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік.Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған жасампаз бейбітшілік пен келісімнің қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды. Өз шекарамызды еншілеп , шет елдермен байланыс орнаттық.. Алпауыт елдердей ел экономикасы қарыштап дамып келеді.
Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін , тәуелсізбін , еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің .
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты."Елдігің мәңгілік болсын,тәуелсіз Елім!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 622
    • DOCX 25 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугманова Гаухар Нурлыгайновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 69284
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе